Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Снарёв(оқу құралы-қаз.) - 3 ЧАСТЬ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
295.94 Кб
Скачать

1.1.4. Сорапты-компрессорлы құбырларды таңдау.

Сорапты-компрессорлы құбырлардың (СКҚ) диаметрі олардың өткізгіштік қасиетімен және жалғастыршы бар құбырмен, сораппен және дөңгелек кабельмен бірге орналасу мүмкіндігімен анықталады. СКҚ диаметрі берілген шарт бойынша құбырлардағы ағыстық орташа жылдамдығы υорт=1,2-1,6 м/с аралығында, ал одан кіші мәндер кіші дебиттерге үшін солайша ұңғыма дебиттерімен таңдалады.

Осыдан шығатыны СКҚ-дың ішкі каналының ауданы, м2:

Ғішкі =Q/86400∙ υорт (1.1)

және ішкі диаметрі

dіш =√ Fішкі ∙104/0,785, (1.2)

мұнда Q -ұңғыма дебиті м3/тәул; υорт- орташа жылдамдықтың таңдалған өлшемі.

Ішкі диаметрдің ең жақыны бойынша СКҚ-дың стандартты диаметрі таңдалады. Егер айырмашылығы үлкен мән болса, онда түзетіледі υорт:

υорт =Q/86400∙Fішкі (1.2')

мұнда Ғішкі - СКҚ стандарты бойынша таңдалған ішкі каналдың ауданы.

СКҚ-дың диаметрі берілген дебит және ПӘК-і 0,94 төмен емес таңдалған құбыр үшін сорапты құбырдың қисықтық жоғалуымен де анықталуы мүмкін (63[27]сурет).

1.1.5. ЭОС-дың қажетті тегеурінін анықтау.

Қажетті тегеурін ұңғыма қасиетінің шартты теңдеуі бойынша анықталады:

Hұст+∆һ+һтргс , (1.3)

Мұнда һст-ұңғымадағы сұйықтықтың статистикалық деңгейі, м; Δһ-дипрессиясыз, м; һқұб-құбырдың үйкелісіне жоғалтатын тегеуріні; һ-ұңғыма сағасының және статордың геодезиялық белгілердің айырмашылығы; һс-сепаратордағы тегеурінің жоғалуы.

Дисперсия бірге тең ағыспен келу теңдеуінің көрсеткіштік дәрежесі арқылы анықталады:

Һ=Q∙106 / K∙ρc∙g, (1.4)

мұнда К-ұңғыманың өнімділік коэффициенті м3/тәул,МПа; ρс-сұйықтық тығыздығы кг/м3; g=0,81 м/с2.

Құбырлардың үйкелісіне кететін тегеурін жоғалуын мына формула бойынша анықтаймыз:

һтр=λ(L+1)υ2орт/ dіш2g, (1.5)

мұнда L – сораптың түсу тереңдігі, м;

L=hст +∆h+h, (1.6)

Һ-сораптың динамикалық деңгейдің астына түсу тереңдігі; l-ұңғымадан сорапқа дейінгі арақашықтық, м; λ – гидравликалық қарсыласу коэффициенті.

λ коэффициентін Re санына және құбырларға қатысты тегістігіне Кs тәуелді анықталады:

Re=υорт∙dіш / ν, (1.7)

мұнда υ – сұйықтықтың кинематикалық тұтқырлығы, м2/с;

Кs=d/2∆, (1.8)

Мұнда А-құбыр қабырғаларының кедір-бұдырлығы тұз қалдықтарымен және парафинмен ластанбаған құбырлар үшін 0,1 мм-ге тең деп қабылданады. (64[27]сурет) график бойынша λ мәнін табамыз. λ-ны табудың басқа тәсілі оны Рейнольдс санымен есептеу болып табылады, ал кедір-бұдырлыққа тәуелді емес.

λ=64/Re, (1.9)

eгер ≤2300.

λ=0,3164/Re0,25, (1.10)

eгер Re>2300.

Сепаратордағы қысымды жеңуге кеткен тегеуріннің жоғалуы

Һссс g, (1.11)

Есептелген һ, һқ және һс мәндерін көрсете отырып формулаға бұрын берілген һст және һт мәндері арқылы берілген ұңғыма үшін қажетті тегеуріннің өлшемін табамыз.

1.1.6. Ортадан тепкіш сорапты таңдау.

Берілген беріліс, қажетті тегеурін және ұңғыманың пайдалану колонасының диаметрі үшін сорапты таңдау батырылмалы ортадантепкіш сораптардың қасиеттірі бойынша өндіріледі. Осыған сәйкес ЭОС-ның қасиеттеріне байланысты сорап тегеуріні беріліс азайғанда үлкейеді, ал ПӘК максималды мәнін қабылдайды.

ЭОС қасиеттеріне қарай отырып белгілі өлшем түрлері болмағандықтан, жұмыс аймағының жалпылама ретінде берілген үш нүкте бойынша ЭОС-тың нақты тегеурінін анықтау үшін құрамыз.

Су қасиеттері үшін құралған кестені ескере отырып сәйкесінше нақты сұйықтың тығыздығы мен тегеурінін ескеріп кесте мәндерін өзгерту қажет.

Нсұйсуρсу/ ρсұй, (1.12)

мұнда Нсұй – тегеуріннің кестелі мәні, ρсу-тұщы судың тығыздығы, ρсұй-нақты сұйықтың тығыздығы.

Нақты сұйықтықтың тұтқырлығын есептеу үшін және ЭОС қасиеттерін қайта есептеу үшін қайта есептеудің белгілі тәсілдерін қолданған дұрыс, мысалы 12-ші.

Ұңғыма мен сораптың қасиеттерін біріктіру үшін екі тәсілді қолданамыз.

1) Ұңғыманың шыға берісінде штуцер орнатады, ол сорап тегеуріні артық шығындайтын қосымша кедергіні жеңеді ΔН=Н – Нс . Дегенмен, бұл тәсіл қарапайым, бірақ үнемді емес болып келеді, себебі сораптың және түгел қондырғының ПӘК-ін төмендетеді.

2) Екінші тәсіл сорапты бөлшектеу мен артық сатысын (ступней) шешуді қарастырады. Бұл тәсіл күрделі, бірақ үнемді себебі сораптың ПӘК-і өзгермейді.

Қажетті тегеурінді алу үшін, сораптан алынатын саты саны тең [27]:

z= [1- Hұ/H]z, (1.12a)

мұнда Н-ұңғыманың дебитіне сәйкес сораптың тегеуріні; Нұ-ұңғыманың қажетті тегеуріні; z-сорап сатысының саны.