Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Снарёв(оқу құралы-қаз.) - 3 ЧАСТЬ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
295.94 Кб
Скачать

1.3.4. Эос қондырғысының электрэнергиясының меншікті шығынын анықтау.

ЭОСҚ-ның энергетикалық жұмысының басты көрсеткіші 1т өндірілетін сұйықтыққа кететін электрэнергия болып табылады, кВт∙сағ/т. Оны мына формула бойынша анықтаймыз:

Э =2,73Н·10-3жалп, (1.32)

Мұнда Н-ұңғымадан сұйықтықтың көтерілу биіктігі, м; η=ηқηсηавтηэқηк – қондырғының жалпы ПӘК-і.

Жабдықтың техникалық берілгені бойынша ηқ-құбырдың ПӘК-і; ηс-сораптың ПӘК-і; ηавт-автотрансформатордың немесе трансформатордың ПӘК-і; ηэқ-электрқозғалтқыштың ПӘК-і анықталады; кабельдің ПӘК-тің ηк кабельдағы қуат шығыны арқылы анықтауға болады:

ηкэқэқ+ ΔРк (1.33)

мұнда Рэқ-электрқозғалтқыштың номиналды қуаты; ΔРк-кабельдағы қуат шығыны.

Тапсырма 22. Пайдалану ұңғымасының және жабдықтардың өлшемі бойынша кабель, трансформатор таңдау және ЭОСҚ-ның габаритін, салқындатқыш сұйықтықтың жылдамдығы мен энергияның меншікті шығынын анықтау.

Берілгені: пайдалану тізбегінің сыртқы диаметрі – 140 мм;

СКҚ-дың өлшемі – 48х4 мм;

Ұңғыма дебиті Q=120 м3/тәул;

Динамикалық деңгей hg=1100 м;

Сорап түрі ЭОС5-130-1200;

Электрқозғалтқыштың түрі – БЭҚ-40-103;

Сораптың түсу тереңдігі – 1400 м;

Сорап қабылдауындағы температура – 500С;

Басқару станциясына дейінгі арақашықтық – 100 м.

Шешуі: 1.3.-кестесі бойынша қозғалтқыштың басты қасиеттерін анықтаймыз: кернеу U=1000 В, тоқ I=40 А, ПӘК 72%, cosφ=0,80, қоршаған ортаның температурасы – 550С, салқындатқыш сұйықтығының жылдамдығы ≥0,12 м/с.

(1.22) формуласы бойынша арна қимасын анықтаймыз:

S=40/5=8 мм2

Сұйықтықта еріген газ бар екенін ескере отырып, полиэтиленді оқшауланған кабель (1.5 кестесі) жұмыс кернеуімен 2500 В, жіберілетін қысым 25 МПа-ға дейін және температурасы 900С мен өлшемі 13,6х33,8 мм КПБК 3х10 мм және КПБП 3х10 мм таңдаймыз.

(1.25) формула кабель ұзындығы:

Lk=1400+100+100=1600 м.

(1.24) формула кабель кедергісі:

R=0,0175[1+0,004(50-20)]-1/10=1,96∙103 Ом/м

(1.23) формула кабельдағы қысым жоғалуы:

ΔРк=3·402·1,96·10-3·1600·10-3=15,05 кВт.

(1.26) формула трансформатор қуаты:

Ртр≥40/0,72+15,05=70,6 кВт

(1.24) формула кабельдағы кернеудің төмендеуі:

ΔU=√3(1,96·0,80+0,1·0,60)40·1,6=180,5 В,

Мұнда сosφ=0,80; φ=arcos 6,87, sinφ=0,60.

Трансформатордағы екінші орамадағы кернеу

Uтр=1000+180,5=1180,5 В.

Осы шартты [7, кесте 20] екінші орамадағы 900-1300 В шектерін және

Dmax габаритті өлшемін анықтаймыз (1.29)

Dmax=103/2+92/2+13,6+1,0=112,1 мм,

СКҚ ескере Amax габаритті өлшем:

Amax=103/2+52/2+29=108,5 мм.

Пайдалану тізбегінің 122 мм, ішкі диаметрі 140 мм, бұдан минималды саңылау 122-112,1=10 мм құрауы мүмкін.

Электрқозғалтқыштағы салқындатқыш сұйықтығының қозғалыс жылдамдығы (1.31 формула)

U=120 / 86400·0,785(0,1222-0,1032)=0,41 м/с

Шыққан жылдамдықтың электрқозғалтқыштың БЭҚ-40-103 қасиеті бойынша салқындатқыштың қажетті жылдамдығына (0,12 м/с) асады.

Электрэнергиясының меншікті шығынын (1.32) формула бойынша анықтаймыз.

Жабдықтың берілген шарты бойынша ηтр = 0,94, ηс = 0,57, ηқоз = 0,72, ηқоз = 0,96 анықтаймыз.

(1.33) формуласынан аламыз:

ηк=40/40+15=0,727.

Сонда ηжабд=0,94∙0,57∙0,72∙0727∙096=0,269.

Электрэнергиясының 1 т өндірілген сұйықтыққа меншікті шығынын (1.32) формула.

Э=2,73·1100·10-3/0,269=11,2 кВт·сағ/т