Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Снарёв(оқу құралы-қаз.) - 3 ЧАСТЬ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
295.94 Кб
Скачать

1.3. Эосқ-ның пайдалану параметрлерін анықтау және трансформатор, кабель таңдау.

1.3.1. Кабель таңдау.

Электроқозғалтқыштың номиналды тоғы бойынша кабель арнасының қимасын таңдайды, осы кабельдегі і жұмыс тоғының тығыздығынан шыға келе:

S=І/i , (1.22)

мұнда І- электрқозғалтқыштың номиналды тоғы, А; i-тоқтың мүмкін тығыздығы, А/мм2.

Кабель таңдау кезінде қоршаған ортаның температурасын және қысымын, мүмкін кернеуді ескеру қажет (1.5 кесте).

Егер өндірілетін сұйықтықта еріген газ болса, онда полиэтиленді және элестоплласты оқшауланған кабель таңдаған жөн, ал мұнайда еріген газды өзіне сіңіріп беткі қабатқа көтерімінде зиян келтірмейді. Ұңғымадағы фтор қойнауқатты оқшауланған кабель активті-коррозия агенттері бар кезде қолданған жөн (1.5 кесте).

Мына формула бойынша кабельдегі қуат жоғалуын (кВт) анықтайды [19, 27]:

ΔPk=3I2RLk∙10-3 (1.23)

мұнда I-электрқозғалтқышты жұмыс тоғы, А; Lk-кабель ұзындығы, R-кабель кедергісі, Ом/м.

R=ρ[1+α(t3+t20)]1/S, (1.24)

мұнда ρ=0,0175 Ом∙мм2/м - t=200C кезіндегі мыстың меншікті кедергісі; α=0,004 –мыс үшін температуралық коэффициенті; tB- сорапты қабылдаудағы температура; S-кабель арнасының көдденең қимасының ауданы.

Кабельдің жалпы ұзындығы сораптың түсу тереңдігіне және ұңғымадан станцияға дейінгі арақашықтықпен қоса кабельді үлкен емес жөндеу қорының ұзындығына тең болу керек:

Lк=L+l+lp (1.25)

1.2.2. Трансформаторды таңдау.

Трансформаторды екі өлшем бойынша таңдау қажет: қуат және кернеу.

Трансформатордың қуаты мынадай болу керек:

Ртр≥ Рәд / η+ ΔРк (1.26)

Мұнда Рәд, η-сәйкесінше электрқозғалтқыштың пайдалы қуаты және ПӘК-і. (1.3 кестесі бойынша). ΔРк-кабельдағы қуат шығыны.

Трансформатордағы екінші орау кезіндегі кернеу өлшемін анықтау үшін кабельдағы кернеу өлшемінің төмендеуін табамыз [27], B:

ΔU=√3(Rk cosφ+ хо sinφ)I Lk (1.27)

Мұнда Rk=R∙103-1 км үшін меншікті актив кедергі, Ом/км; х0-кабельдағы меншікті индуктивтілік кедергі (хо=0,1 Ом/км), cosφ-электрқозғалтқыштың қуат коэффициенті; sinφ-реактивті қуат коэффициенті; Lk – кабель ұзындығы.

Кабельдағы кернеу шығының өлшемі және электрқозғалтқыштағы жұмыстың кернеулердің жиын қосындысы трансформатордағы екінші орамдағы кернеуге тең болу тиіс:

Uтр=Uәд+ΔU. (1.28)

1.3.3. Габаритті эосқ-ның диаметрін және салқындату сұйықтығының қозғалыс жылдамдығын анықтау.

Сорапты агргаттың габаритті диаметрі электрқозғалтқыш, сорап пен сораптан алғашқы құбырлары кермекті жүйе құрайтынын және олардың ұңғымада орналасуы бірыңғай қаралуын ескеріп екі қимада анықтайды[19].

Электрқозғалтқыш сорабының және жазық кабельдің диаметрлері бірінші қимада ескеріледі:

Dmax= Dэл/2+ Dс/2+ һк+ Sк, (1.29)

мұнда Dэқ, Dс-сәйкесінше электрқозғалтқыштың және сораптың диаметрі; һк-жазық кабельдің қалыңдығы; Sк-cорапқа кабельді бекітудегі хомуттың қалыңдығы.

СКҚ-дың муфтасының және дөңгелек кабельдардың өлшемдері екінші қимада ескеріледі:

Amax= Dэқ /2+ Dм/2+dk, (1.30)

Dmax≥ Amax болуы тиіс, қарсы жағдайда СКҚ алдына бірінші кіші өлшем түрін орнатады немесе сол ұзындықта жазық кабель орнатады.

Пайдалану тізбегінің және диаметрлі саңылау арасындағы өлшем мен падалану колонналарың диаметрлері 219 мм үшін Dmax 5 -10 мм кем болмауы керек.

Электрқозғалтқыштағы салқындатқыш сұйықтығының қозғалыс жылдамдығы:

V=Q / 86400·0,785·[ Dі.д2 – Dэл2], (1.31)

мұнда Dі.д-пайдалану тізбегінің ішкі диаметрі, Q-ұңғыма дебиті, м3/тәул.