
- •2,21 В. М. Хвостов (1868-1920) (Мемлекеттің пайда болуына септесетін факторлар) в.М. Хвостов. Құқықтың жалпы теориясы. Қарапайым очерк.
- •2,22 Г.Ф. Шершеневич (1863-1912) Мемлекеттің пайда болу әдістері Құқықтың жалпы теориясы
- •2,23 Е.Н. Трубецкой (1963-1920) (Құқықтың пайда болуы туралы тарихи мектеп) е.Н. Трубецкой. Құқық энциклопедиясы
- •2,24 Н.М. Коркунов (1853-1904) (Құқықтық туралы көзқарастардың психологиялық тұрғыдан алғандағы дамуы) н.М. Коркунов. Құқықтың жалпы теориясы бойынша лекциялар
- •3.1. Сартаев с.С., Нұрпейісов д. «Мемлекеттің белгілері»
- •3.2. Сартаев с.С., Нұрпейісов д. «Мемлекеттің түсінігі»
- •3.3. Сартаев с.С., Нұрпейісов д. «Мемлекет егеменігі мемлекетке тән басты белгі»
- •29. Құқықтың мәні және оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі.
- •30. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Әлеуметтік нормалардың түрлері.
2,24 Н.М. Коркунов (1853-1904) (Құқықтық туралы көзқарастардың психологиялық тұрғыдан алғандағы дамуы) н.М. Коркунов. Құқықтың жалпы теориясы бойынша лекциялар
Құқықтың пайда болуын түсіндіру құқықтыңқалай дамитынын атап көрсетумен шектеле алмайды. Басты әрі ең қиын мәселе құқықтың ең әуелгі пайда болуын түсіндіруге, құқық туралы сананың өзі алғашта қалай пайда болғанын түсіндіруге саяды. Қазіргі болмыста құқық саналы әрекетпен жасалып, дамитынын және сонымен бірге бүгінде бар құқықтың кемшіліктері немесе олқылықтары туралы ойға сүйенетінін білеміз. Ббірақ құқық туралы бастапқы сана қайдан шықты? [112 б.]...
Алғашқы қоғамдағы жағдайлардың біркелкі және қатынастардың қарапайым болуына байланысты ондағы адамдардың өмір салты да, әлбетте, біркелкі болды. Саналы ойдың жеткілікті дамымауына, сезімдердің жұтаңдығы мен тапшылығына, еліктеушілікке бейімделудің күштілігіне қарай алғашқы адамдар көбінесе өзгелердің, әкелері мен аталарының істегенін қайталаумен шектелді. Осыдан барып, олардың әрқайсының бойында бірдей жағдайда жұрттың бәрі бірдей әрекет етеді дейтін сенім орнықты. Адам осындай біркелкі, дағдылы іс-әрекетті күтеді, ол (??)
.....................................................................................................................................егер біреу оған өзі ойлағанынан басқаша әрекет істесе, әдетте мұндай жағдайда өзгелердің істейтінінен бөлек мінез танытса, ол наразылық сезімін білдіреді, ашуланады. өзін алдаған адамды жазғырады, одан өш алуға тырысады. Мұндай қақтығыстар қайталана берген сайын қалыптасқан, дағдылы тәртіптің бұзылуы туралы түсінік одан жапа шеккен адамдар тарапынан болатын жазғыру, ашулану, өштесу туралы түсінікпен орайластырылады. Міне, сөйтіп, салттарды сақтаудың бұрынғы түйсік дәрежесіндегі, санадан тыс, өзінен өзі қалыптасатын үрдісі енді саналы сипат алады. Ендігі жерде салт бейсана дағдыға, әшейін бейімделікке байланысты ғана емес, оны бұзу қандай жағымсыз жағдайға соқтыратынын білгендіктен сақталатын болады. Демек, салттың міндеттілігі туралы сана пайда болады [114 б.]. салт сондай-ақ мүддеге қарай, оны бұзбауға деген ынтаның болуына қарай да сақталады – оны бұзуға байланысты туындайтын ыңғайсыздықтарға, тауқыметтерге жол бермеу үшін сақталады. Міндеттілік туралы осындай сананың пайда болуы бейсана түрде, түйсік дәрежесінде орындалатын қарапайым дағдыны саналы түрде сақталатын, міндетті түрде мойындалатын заңдық салтқа, заңдық нормаларды бейнелейтін бастапқы формаға айналдырады. Сөйтіп, құқықтың пайда болуы белгілі бір мінез-құлық ережелерін міндетті деп санап, саналы түрде орындауға байланысты, бірақ бұл бастапқы заңдық нормалардың мазмұны саналы түрде жасалмайды. Ол бейсана түрде қалыптасатын дағдылармен беріледі.
Құқықтың пайда болуын бұлайша түсіндіру сондай-ақ жұрттың әуелден-ақ құқықты не себепті ықтиярсыз, қажетті тәртіп деп санайтынын, тіпті оның шығуына не себепті құдайлық сипат берілетінін ұғынықты етеді. Адамдардың санасы құқықты қалыптасып, әзір тұрған, бейсана түрде жинақталған салттардың нәтижесі деп біледі. Оның қалай шыққанынтабиғи түрде түсіндіріп бере алмағандықтан, оны құдайдың ұйғарымы дейді. Сөйтіп, құқық жұрттың көзінде адамның еркіне тәуелділігі жоқ, пендешілік озбырлықтан жоғары тұрған объективтік тәртіп мәніне ие болады.
Ежелден қалыптасқан салттарды міндетті деп мойындайтын адам олардың бастапқы түрін мазмұнынан айырып қарамайды. Салтты: түрін де, оның мазмұнын да сақтау тұтастай міндетті саналады. Құқық дамуының алғашқы сатылары шектен тыс түршілігімен (формализм) ерекшеленетіні осыдан.
Әуелде кез келген ескі салт, өзінің мазмұнына қарамастан, міндетті деп саналады. Бастапқыда құқықтың адамгершілікпен, дінмен, әдептілік ережелерімен мидай араласуы осыған байланысты [115 б.].
ІІІ бөлім. Мемлекеттің түсінігі, белгілері және мәні