Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция 6 Құқық түсінігі (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
08.02.2020
Размер:
137.22 Кб
Скачать

2,21 В. М. Хвостов (1868-1920) (Мемлекеттің пайда болуына септесетін факторлар) в.М. Хвостов. Құқықтың жалпы теориясы. Қарапайым очерк.

Адамдардың қарапайым одақтары қандастық және тайпалық сипатта болды. Ортақ ереже бойынша, олардың мүшелерін біріктіретін байланыс ретінде шынайы немесе ықтималда қандас туыстық аталады. Алайда, мемлекет қандас туыстар одағының жәй ғана сандық өсуі нәтижесінде туған екен деп ойламау керек. Қандас байланыстар адамдардың өте көп жиынтығын біріктіре алмайды, өйткені туыстық топтар жайылған сайын олар өздерімен өздері әлсіздене береді. Мемлекет секілді [35 б.] кең құлашты, берік одақтың пайда болуына басқа факторлар ықпалдасады. Қоғамдық одақтардың ұлғаюына елеулі түрде әсер ететін нәрсе – материалдық қажеттіліктердің өсуі, ал олар еңбек бөлінісін кең көлемде жүргізуге мүмкіндік беретін ауқымды қоғамдық ортада неғұрлым жақсы қанағатттандырылады. Бірақ бейбіт сипаттағы бұл үдерістермен іс бітпейді. Мемлекеттің пайда болуына ықпалдасатын факторлардың ішінде түрліше тайпалық топтарға қатысты және көбінесе әртүрлі мәдени тұрпаттағы жеңгендер мен жеңілгендерді біртұтас етіп біріктіретін жаулап алушылықтың да орны бөлек. Жеңілгендерді бағындырып ұстау қажеттілігі күрделі ұйым мен күшті билік құруды талап етеді. Экономикалық және әлекметтік қатынастарды күрделендіретін, қоғамдық жіктелуді күшейтетін және сонымен бірге әлеуметтік өмірге жеткілікті тұрақтылық беретін фактор ретінде отырықшылық қалыптың маңызы зор. Бұл қалыпқа көшу экономикалық жағдайларға тәуелді; ол әдетте халықтың басты қарекеті ретіндегі егіншілікке көшумен бірге жүреді [36 б.].

2,22 Г.Ф. Шершеневич (1863-1912) Мемлекеттің пайда болу әдістері Құқықтың жалпы теориясы

Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселені екі жақтан қарастырса ләзім. Қоғамның қайнауында мемлекет алғаг рет қалай туғанын зерделеуге болады. Адамзат түгелге жуық мемлекеттік қалыппен өмір сүріп жатқан қазіргі жағдайда [250 б.] жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалай түзілетінін зерттеуге келгенде бұл сұрақ басқаша қойылады. Біз тек мемлекеттің бастапқы пайда болуына тоқталайық.

Дегенмен бұл мәселе де әртүрлі тұрғыдан қарастырылады. Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе мемлекетті негіздеумен аралас сөз болатыны бар. Әрине, логикалық тұрғыдан бұл екі мәселе мүлдем екі басқа, бірақ психологиялық жағынан алғанда олар ортақ тамырларымен сабақтасады. Мемлекеттік билікке не себепті бағыну керек дейтін мәселе түсінігінде оның пайда болуы қалай деген мәселемен байланыстырылады. Мемлекеттің шығуы туралы шыли теориялық мәселеге таза саяси реңк беріледі. Шынында маңыздысы мемлекеттің пайда болуы қандай болғандығында емес, біржақты қорытындыны ақтай алатындай шығу жолын қалай табуда [251 б.]...

Мемлекеттің пайда болуын мынадай үш фактінің біріне саюға болады: 1) таптық жіктелумен бірге жүріп, экономикалық жағынан күштілердің билігін туғызған табиғи ұлғаю; 2) сырттан болған ортақ қауіпке байланысты рулар мен тайпалардың өздері сайлаған көсемдерінің қол астына ерікті түрде бірігуі; 3) біреулердің басқаларды жаулап алуы және жеңілгендер мен жеңгендердің арасындағы тұрақты қарым-қатынасты анықтау үшін билік пен тәртіптің қажет болуы. Мұның қайсысында болсын саяси билік идеясы баяу, тіпті, бәлкім, замандастары үшін елеусіз түрде қалыптасады. Уақытша әскери билік тұрақты іскери билікке, ал содан соң тұрақты азаматтық билікке айналады. Билік органдары көпке дейін өз функцияларына деген көпшіліктің көзқарасын бойларына сіңіре алмайды да өздерінің қызметін жеке шаруашылық және отбасылық өмірдің жалғасы есебінде түсінеді [260 б.].

... Кезегі келіп, қоғамдық орта ережелерінің ішінен бір топ бөлініп шығып, уақыт өте келе ерекше көзге түсетін сипаттарға ие болатыны сонша, енді жаңа бір құбылыстың қалыптасқанына ешқандай күмән қалмайды. Жіктелу үдерісіне не себеп болды, қоғамдық орта ережелерінен құқық нормаларының бқлініп шығуын немен түсіндіруге болады?

Жіктелудің себептері мынадай. Біріншіден, топтың сан жағынан өсуі. Қоғамдық орта шағындау болып тұрғанда әр адамның өмірі мен мінез-құлқы жалпының көз алдында өтеді. Ол өзімен бірге тұратындардың назарынан және сынап-мінеуінен жалтара алмайды. Бірақ жеке құрамның азын-аулақ күшеюі дереу қоғамның жеке адамға ықпалын әлсіретеді, өйткені ортаның назары көп адамдарға шашырайды, сөйтіп әрбір жеке адамның мінез-құлқы, ішінара болса да, қоғамдық бақылаудан тасаланады.

Екіншіден, топтың біртектілігінің бұзылуы. Жеке құрамы тегі жөнінен де, байлығы жөнінен де ешқандай айырмашылығын көрсетпей тұрғанда топ мүдделерінің, көзқарастарының, аңыздарының ортақтығымен күшті. Бірақ жаужаулаушылықтар бұл біртектілікті әлсіретеді. Жеңімпаздар не жеңілгендерді өз жерлеріне әкеп орналастырады немесе өздері солардың ортасына барып орнығып, оларды өздеріне жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бір ғана топтың шегінде әртүрлі кезеңдерде, әрқилы жағдайларда қалыптасқан әу бастағы қарама-қайшы мүдделер қақтығысады. Жеңушілердің көзқарасындағы жаман нәрсе жеңілгендерге жақсы болып көрінеді; алғашқылары терістеген нәрсені кейінгілері мақұлдайды. Ал қоғамдық пікір дейтін өзінің бірлігімен мықты. Сонда барып қоғамдық орта ережелерін күзетудің бұл әдісі әлсіз екендігі анық бола бастайды [501 б.].

Үшіншіден, қоғамдық топтардың өсуі мен олардың біртектілігінің бұзылуы ынтымақтастықты сақтау үшін жасалатын ережелер санын арттыруға соқтырады. өмір қанша баяу жылжығанымен, ережелер саны біртіндеп молыға береді. Олардың бәрін есте ұстау қарттар үшін аса қиынға соғады, ал жазу мен сауаттың жоқтығы бар үмітті адамның жадына артуға мәжбүрлейді. Бәлкім, тіпті неғұрлым жаңа ережелер ескілерімен үйлеспей де жататын шығар. Қоғамдық пікірдің әрекетінде базбір абдыраушылық туып, кейбір мүшелер оны басқалардың есебінен пайдалануға тақ тұрады. Мұндай жағдайда неғұрлым жігерлі амалдарға сүйенетін нормалардың айрықша тобын алға шығару қажеттігі айқын болады.

Құқық нормаларын жіктеу үдерісінің өзі қоғамдық ортада жаңа құбылыстың – билік атынан әрекет ететін соттың тууына себепші болады. Құқықтың ұрығы – саяси билік ұйымдастырған сотты қоғамдық соттан бөлектеуде [502 б.].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]