
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер
- •Курсты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар.
- •Глоссарий
- •Курстың тақырыптық-күнтізбелік жоспары
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарын жүргізудің тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша сөж тапсырмасын орындау және тапсыру кестесі және пән бойынша соөж мазмұны және өткізу кестесі
- •Дәріс мәтіндері. Есірткімен байланысты қатынастарды құқықтық реттеудің тарихы.
- •1. Есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар ұғымы мен негізгі түрлері.
- •2. Есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың түсінігі.
- •1. Нашақорлық үшін қолданыстағы заң негізінде туындайтын қылмыстық жауаптылық.
- •2. Қр қк бойынша нашақорлықпен байланысты қылмыстар үшін тағайындалатын санкциялар. Жаза түрлері және оларды орындау.
- •3. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны орындауды ұйымдастыру.
- •Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу не қорқытып алу (260-бап)
- •Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-бап)
- •Улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-бап)
- •Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап)
- •Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап)
- •2. Аталған қылмыс құрамдарын ұқсас қылмыстардан өзара ажырату мәселелері.
- •3. Есірткінің заңсыз айналымын және оны теріс пайдалануды бақылау және жолын кесу саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Білімдерді бағалау туралы мәліметтер Білімдерді бағалаудың жалпы шкаласы
1. Есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар ұғымы мен негізгі түрлері.
Нашақорлық - наркомания (грек тілінен «нарке» – мелшию және «маниа» – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр. Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.
Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет.......
Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.
Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек. Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет.
Психикаға есер ету арқылы ықпал ететін, одан әрі адам ағзасын құртып жіберуге әкелетін синтетикалық заттарды немесе табиғи текті заттарды есірткі заттарға жатқызамыз. Дәрігерлік мақсаттарға пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы 9 наурыздағы №186 қаулысында Бақылауға алынатын есірткі заттар, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлар туралы көрсетілген. Ол 72 аталымды біріктіреді. Атап айтсақ, аллипродин, гашиш, анаша, героин, кокаин, пепап, т.б. Жүйкеге әсер ететін заттарға жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының 1998 жылы 9 наурыздағы №186 қаулысына сәйкес адамның орталық нерв жүйесінің дағдарысына әкеліп соқтыратын табиғи және синтетикалық заттар жатады. Жүйкеге әсер ететін заттарға: катинон, меклоквалон, парагексил, этриптамин және т.б. Барлығы 38 түрлі аталым. Есірткі заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды пайдалану үшін сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастау, борышын өтеу мақсатында алу, сыйға алу, табылған затты иелену арқылы құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді жинап алуды таниды. Есірткі заттары немесе жүйкеге әсер ететін заттарды рұқсатсыз көлік құралдарын пайдалана отырып, қасақана іс-әрекет арқылы бір орыннан екінші орынға тасымалдау заңнамаға қайшы болып табылады. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сақтау кінәлінің иелігінде осы заттардың ұзақтығына қарамастан (денесінде, тұрғын-жайда және т.с.с) болуына байланысты кез келген заңсыз әрекеттер жасауды білдіреді. Кінәліден аса ірі мөлшерде есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін заттардың табылуы қылмыстық жауапкершіліктің басталуына әкеліп соқтырады. Мөлшердің көптігі сараптаманың қорытындысына сәйкес тағайындалады. 259-баптың 2-тармағында есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында заңсыз сатып алу немесе сақтау, дайындау, ұқсату, тасымалдау және сатуға, сонымен қатар аталған баптың 1-тармағына сәйкес есірткі заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында көп мөлшерде сатып алу мен сақтауға қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Есiрткiлер - есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде жiктелген, оларды терiс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, ҚР-да бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар. Есiрткi заттар – ҚР-ның заңнамасына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар.