
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер
- •Курсты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар.
- •Глоссарий
- •Курстың тақырыптық-күнтізбелік жоспары
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарын жүргізудің тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша сөж тапсырмасын орындау және тапсыру кестесі және пән бойынша соөж мазмұны және өткізу кестесі
- •Дәріс мәтіндері. Есірткімен байланысты қатынастарды құқықтық реттеудің тарихы.
- •1. Есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар ұғымы мен негізгі түрлері.
- •2. Есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың түсінігі.
- •1. Нашақорлық үшін қолданыстағы заң негізінде туындайтын қылмыстық жауаптылық.
- •2. Қр қк бойынша нашақорлықпен байланысты қылмыстар үшін тағайындалатын санкциялар. Жаза түрлері және оларды орындау.
- •3. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны орындауды ұйымдастыру.
- •Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу не қорқытып алу (260-бап)
- •Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-бап)
- •Улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-бап)
- •Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап)
- •Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап)
- •2. Аталған қылмыс құрамдарын ұқсас қылмыстардан өзара ажырату мәселелері.
- •3. Есірткінің заңсыз айналымын және оны теріс пайдалануды бақылау және жолын кесу саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Білімдерді бағалау туралы мәліметтер Білімдерді бағалаудың жалпы шкаласы
Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-бап)
Қылмыстың заты болып құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктер саналады. Бұлар: апиын, индиялық, оңтүстік-манчжурия, оңтүстік-Шу, оңтүстік-архон сорасы, кокаин бұтасы, кат, ҚР өсетін, бірақ өсіру үшін тыйым салынған немесе ол үшін арнаулы рұқсатты қажет ететін өсімдіктер: ұйықтататын көкнәр түріндегі өсімдік, сора тұқымдас өсімдік. Қылмыстың объективтік жағы өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораны, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктер сорттарын өсіру арқылы сипатталады. Егу немесе өсірудің әрқайсысы жеке қылмысты іс-әрекет болып табылады. Егу дегеніміз- құрамында есірткі заттар бар өсімдіктердің тұқымын, көшеттерін кез келген жер учаскесіне (оның ішінде тақыр жерге де) отырғызу болып табылады. Өсіру дегеніміз- құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді күту (суару, арам шөбін тазалау, қатарын жұмсарту) арқылы оны пісіп-жетілу деңгейіне жеткізу болып табылады. Сораны, көкнәрді немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктерді өсіру деп- соларды себуді және көбейтуді айтамыз. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Ол заң өсіруге тыйым салған құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді егу немесе өсіру әрекеттерінің біреуін істеген уақыттан бастап-ақ аяқталған деп табылады. Осындай өсімдіктердің тұқымын жинау есірткі заттарды дайындауға оқталғандық деп бағаланады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмысты саралау үшін тыйым салынған құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді өсіру мақсатының әсері болмайды. Егер кінәлы адам өсірілген өсімдіктерден есірткілік заттарды дайындаса, сақтаса, тасымалдаса, жөнелтсе немесе өткізсе, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы Қылмыстық Кодекстің 259, 262-баптары бойынша сараланады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам.
Улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі-адамдардың денсаулығы. Қылмыстың затына заң улы заттарды, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау немесе ұқсату үшін пайдаланылатын зат, аспаптарды немесе жабдықтарды жатқызады. Есірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауға немесе ұқсатуға арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, ұқсату, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізгені үшін жауаптылық көзделген. Улы заттардың тізбегі арнаулы нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген. Осы улы заттарды дайындауда, ұқсатуға қажетті құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен дайындау, ұқсату, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, заңсыз өткізу осы қылмыстың объективтік жағынан белгілерін түзеді. Дайындау, ұқсату, тасымалдау, жөнелту сақтаудың, өткізудің түсініктеріне Қылмыстық Кодекстің 259-бабында толық тоқталып өткенбіз.
Есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға-химиялық құрылымдары мен қажеттері бар, құрылымы мен қасиеттері жағынан еліртетін, күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін, 1,2,3 кестелерге енгізілген заттарға ұқсас, оларды шектен тыс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшін қауіпті Үкімет қаулыларымен, БҰҰ-ның халықаралық конвенцияларымен есірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін заттар ретінде бекітілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи болып табылатын заттар жатады. Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындауға пайдалану мақсатында қолдан немесе өндірістік жолмен жасалған заттар немесе соған ыңғайланған құралдар (тұрмыстық-шаруашылық бағыттағы заттардан басқа) соларды жасауға арналған құрал және аспаптар болып саналады. Бұл заттардың міндетті белгісі-олардың арнаулы бақылауда болуы болып табылады. Қылмыстың объективтік жағы есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын аспаптарды немесе жабдықтарды заңсыз дайындау сатып алу, сақтау, тасымалдау жөнелту немесе соларды заңсыз өткізгені арқылы көрініс табады. Көрсетілген заттарды, аспаптарды немесе жабдықтарды дайындауды ретке келтіретін арнаулы құқықтық-нормативтік актілер бар. Осыған орай қылмыс құрамының диспозициясы бланкеттік болып табылады. Қылмыс құрамы формальдық, ал заңның диспозициясында көрсетілген улы есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын заттардың аспаптардың немесе жабдықтардың айналым тәртібін бұзған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан-қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Өйткені көрсетілген заттардың айналым тәртібін бұзған адам олардың тәртібін ретке келтіретін нормативтік-құқықтық нормалардың талабын өрескел бұзғанын сезеді және соны бұзуды тілейді. Қылмыстың субъектісі-арнаулы, заңда көрсетілген заттарды дайындау үшін пайдаланылатын заттарды, аспаптарды немесе жабдықтарды өндіруге лицензиясы бар, олардың өндіру тәртібін қатаң сақтауға жауапты лауазымды немесе лауазымды емес адамдар.