Қорытынды
Бастауыш
мектепте қазақ тiлiң грамматикасын,
емiлесiн, оқытуда ерекше ескерiлетiн бiр
жай – оқушылардың сауатты болу қамы.
Бiрiншi сыныпта кейбiр тақырып бiрден осы
мақсатқа бағындырылып өтiлетiн болса,
кей тақырыпты оқытуда орфографиялық
ережелердi оқушыларға бiлдiру қосымша
мiндет болып саналады.
Егемендiгiн
алған елiмiзде жаңа ғасыр алдында оқытудң
жаңа жүйесi қалыптасуда, ертеңгi күнге
бағытталған рухани жаңарудың iрге тасы
қалануда.
Осындай
жаңалқтар оқушылардың ақыл-ойын,
шығармшылығын дамыту мәселелерiн шешедi.
Бiлiмнiң сапасын көтередi.
Дипломдық
жүмысымдағы айтылған ойлар, келтiрiлген
түжырымдамаларды зерделеп, тәжiрибеге
енгiзу мүғағалiмдерден, әдiскерлерден,
педагогикалық оқу орындарындарының
оқытушыларынан үлкен шығармашылық
еңбектi талап етедi. Ең бастысы дамыта
оқытуды әр мүғалiм түсiнуi, жүрегiмен
қабылдауы, солай жүмыс iстегiсi келуi
арқылы психологиялық- педагогикалық
дайындықтан өту қажеттiлiгiн сезiнууi
керек.
Егер
менiң дипломдық жүмысымдағы көрсеткен
педагогикалық жүйелер осындай қажеттiлiктi
туғызып жатса, алға қойған мақсаттардың
орындалғандығы .
ХХI
ғасырға бағытталған мектеп, оқу орындары
бар, демек, болшақ бар, үмiт бар деп
қорытындылағым келедi.
55