Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-Пәндердi-оқыту-барысында-дамыта-оқытудың-т...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
266.24 Кб
Скачать

II қазақ тiлi пәнiнде дамыта оқытудың әдiстемелiк негiздерi және оларды iске асырудың жолдары.

2.1. 1- сыныпта қазақ тiлi пәнiндегi дамыта оқыту, оған

қойылатын талаптар

Ұлттың болашағы тiлiнiң дамуымен, оның қоғамдық қызметiмен, қолдану аясының деңгейiмен тығыз байланысты. Сондықтан да қазiргi таңда үлттың үлттылығын, түрақты қауымдастығын аңғартатын негiзгi белгi- тiлiдi сақтап қалуды оның қолдану аясын кеңейту шарасы мен ғана емес, мемелекеттiк тiл статусын алған қазақ тiлiнiң мәртебесiн көтеру, ата-бабамыздан қалған асыл мүраларымды өз тiлiмiзде оқып -үйрену, зерттеу жүмыстарын ғылымиландыру дәрежесiне жеткiзу мәелесi көтерiлуде. Алдымызда түрған мүндай күрделi мiндеттi шешуде қазақ тiлiн оқып үйренудi дүрыс жолға қоюдың ең негiзгi сатысы болып табылатын бастауыш мектептiң орны ерекше. ґйткенi бастауыш мектеп сатысына бала алты жастан қабылданады. Осы түрғыдан қарағанда бастауыш мектептегiң оқудың, оның iшiнде ана тiлi пәндер тобын оқытцдың маңызы зор. Оның ең негiзгi мақсат- мiндеттерi мектеп қүрылымы мен мазмүнымен жаңалаумен байланысты шығып жатқан әртүрлi қүжаттарда, сондай-ақ бастауыш бiлiм мазмүны түжырымдамасына нақтылап көрсетiлген.

қазiргi таңда жас үрпақтың өз ана тiлiне деген сүйiспеншiлiгiн арттыру, оны қүрметтеу, бала лексиконын дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетiн арттыру төңiрегiнде атқарылуға тиiстi келелi мiндеттер көп. Бүл мiндеттер қоғамда болып жатқан айтулы өзгерiстерге, яғни қайта қүру, мектеп реформасының талабына сайкес балаларды алты жастан бастап дамыта оқыту,қазақ тiлiнiң мемелкетттiк мәртебесiн көтеруге байланысты туындап отыр.

Мектептегi қазақ тiлiн дамыта оқыту iсiнiң басты мiндетi – оқушылардың шығармасшылық ойлау дағдысын жоғарғы интелектуалдық ой- өрiсiн қалыптастыру деп есептесек, бiрден бiр алғы шарттары болып табылатын қарым- қатынастық (коммуникативтiк), танымдық,, адамгершiлiк, эстетикалық т.б. дағдыларды оқушылар тiкелеу тiлдi ана тiлiн оқып үйрену процесiнде меңгеретiндiгi белгiлi. Бүл жағдай бастауыш сыныптарда қойылатын пәндер жүйесiндегi қазақ тiлiнiң жетекшiлiк роль атқаратындығын көрсетедi.

қазiргi әлеуметтiк сүраныс пен бастауыш мектептiң жалпы орта бiлiм беру жүйесiндегi өзiндiк ролiн айқындай отырып, белгiлi ғалымдар, әдiскерлер бүл сыныптарда оқушылардың қазақ тiлiн оқытып үйрету мақсаттарын үш топқа бөлiп жүр:

  1. Балалардың қазақ тiлiне тiл бiлiмiне қызығушылығын ояту

  2. Тiл арқылы қарым-қатынас жасау қызметiнiң барлық түрлерiн (таңдау,оқу, сөйлеу, жазу) меңңңгеру процесiнде бүл қызметтiң дмыта оқыту тәсiлдерiн қолдана бiлуге үйрету.

  3. Тiлдiң қүбылыстарды талдап, олардың мәтiн ажырата бiлу дағдыларын қалыптастыру.

Бастауыш сыныптарда қазақ тiлi пәнiнен бүгiнге дейiн берiлiп келе жатқан бiлiм негiздернiң қүрылымы өзгерiп, басты назар грамматикалфық үғымдарды жалаң меңгеруде емес, тiлдiң көмегiмен баланың өзiн дамытуға бағытталуы қажет.

Бiрiншi сыныпқа келген оқушыларды оқу қызметiне бейiмдеу, тануға қүштарлығын ояту, дүрыс сөйлеуге ,өз-өзiн бағалай бiлуге үйрету.

Қазақ тiлiнiң негiзгi мiндетi- грамматикалық, орфографиялық негiздердi оқыта отырып, оны жалаң меңгертудi мақсат етпей, оқушының өз дамытуға, яғни сөйлеу(ауызша, жазбаша) ойлау қабiлетiн арттыруға, шығармашылықпен жүмыс жасай бiлуге үйретуге бағытталды.

Қазақ тiлi пәнi қазақ тiлi ғылымының алғашқы негiзiн қалауға көмектеседi. қазақ тiлiнiң негiзгi салаларынан- фонетика, лексика, грамматика, стилистика, пунктуация- түсiнiк берiп емле, енреже лерiмен, анықтамаларымен таныстырады. Дыбыстардың жасалуы мен жүйеленуiн, олардың өзара үндесуiн және және ықпал ыппал заңдылығы бiлмеген бала сауатсыз, әрi тiлдiң грамматикасын меңгеруге шорқақ келедi. өйткенi тiл заңдылықтары бiр-бiрiмен тығыз байланысты болады. Оқтыудың ғылыми сипаты оның тәрбиелiк және дамытушылық принцптерiн қоса қамтиды.

Дамыта оқыту жүйесi оқу материалдарының, логикалақ жағына бiрiзбен сатылай қүрылу тәртiбiн қарастырады. Жеңiлден ауырға қарай, деректiден дерексiзге қарай жүйелене орналасуын көздейдi. Мысал сауат ашу кезеңi дыбыспен әрiптi атнытудан басталад. Дыбысты танымай, әрiптi жазбай түрып, буын, сөз туралы айтып, не жаздыра ламаймыз. Сол сияқты қазақ тiлi пәнiнен қосымшалы сөздi бiлу үшiн, негiзгi түбiрдi, буын үндестгiн бiлу үшiн алдымен дауысты дыбыс деген не, оның жуан, жiңiшке үрлерiн ажыратып алу керек. Демек, оқу материладарының , логикалық iшкi азаңдылықтарын жүйелi оқып үйренген жағдайда ған оның ғылыми негiздерiн шын мағынасында меңгеруге болады.

Дамыта оқыту жүйесiнде берiлген бiлiм оқушы саасында берiк болып қалыптасады. Дамыта оқытудың берiк тиянақты, болу принцпi – оқушылардың, меңгерген ғылым негiздерiнiң бiлiм дағдыларының тиянақты болуларын көздейдi.

Бiрiншi сыныпта ана тiлi мен қаза тiлi кiрiктiрiлiп берiлгендiктен дамыта оқыту жолдарына ондғы бiлiм мен дағдыны қалыптастыруға мына төмендегiше тлаптар қойылады және оқушының iкерлiгiмен дағдысын жетiлдiруге септiгiн тигiзедi.

Оқытудың саналылық принцпi меңгерiлетiн материалды оқушының қүрғақ жаттамай саналы түрде үғынып, тәжiрибе жүзiнде iске асыра алатындай дәрежеде болуын қамтамасыз етуге қүрылады. Оқушыға дамыта оқыту барысында мүғалiмге көп жүмыс атқарға тура келедi.

Бiрiншiден, мүғалiм берiлетiн бiлiм мазмүнын, ғылыми сипатын, тәрбиелiк, дамытушылық мақсатын толық анықтап, негiзгi назар аударатын бөлiгiн табуы керек.

Екiншiден, берiлетiн бiлiмдi жеткiзе бiлудiң, тиiмдi әдiс – тәсiлiн тауып, бiрнеше жаттығу түрлерiн табу керек.

Үшiншiден, оқушылардың сабаққа қызығушылық белсендiлiгiн арттыратын мотивациялық әдiстер iрiктелуi керек.

Дамыта оқытудың негiзгi түрлерiнiң бiрi – проблемалық әдiстi бала дамуының негiзгi iс- әрекетiне пайдаланған жөн. Бiрнеше нақтылы заттарды алып, оның түр- түсiн, көлемiн, сапасын, әр түрлi сындық ерекшелiктерiн анықтатып, ой қорытындысын оқушының өзiне шығартуға жетелеу керек. Салыстыруды, сындық қасиетiн анықтауды танымдық қасиетiне сай, өздерi жақсы бiлiп, күнделiктiпайдаланып жүрген заттардан бастау керек. А) доп /үлкен-кiшi, қатты, жүмсақ, жеңiл-ауыр, көк, қызыл, үшқыр т.б./ б) қарындаш /үзын- қысқа, қатты-жүмсақ, қоңыр, қара т.б./ берiлген зат есiмге сын есiм, сын есiмге зат есiм сөздердi тiркестiру.

үлкен ……………………….., ………………………………… үй

жақсы……………………….., …………………………………жiгiт

тәтi …………………………, …………………………………..қарбыз

°рине, мүндай жүмыс түрлерiнiң бiрнешеуiн шығармашылық түрғыдан тауып, бiлiмдiсаналы меңгерту жолын қарастыруға болады. Сонда ғана жүмыс өз тәжiрибесiн бередi.

Дамыта оқытуда көрнекiлiк принципi жаңа материалды меңгертуде үлкен орын алады. Кзбен көрiп, қолмен үстаған жағдайда ғана мәнiн, иiсiн сезiм мүшелерiмен сезiнгенде ғана немесе, олардың бейнесiн көрiп бақылағанда ғана бiрiншi сынып оқушыларының танымдық әрекетi жоғары деңгейде болады.

қазақ тiлi сабағында көрнекi қүралдар көбнесе таблица түрiнде, жеке дидактикалық материалдар түрiнде де берiледi.

Көрнекiлiктердiң түрлерi бiрiншi сныпта бала жасына лайықталынып, түсiнiктi әрi баланың ойлау қабiлеттiлiгiн арттыратындай болуы керек. Сондықтан да соңғы уақыттарда, әсiресе бастауыш оқу дидактикасында бүл принцп нақты аталып жүр әрi жаңашыл, озат мүғалiмдердiң iс-тәжiребесiнен де көрiнiс беруде. Ойын сабақ т.б. – барлығы да оқушының сабақтағы белсндiлiгiн арттыруға, дамыта оқытуға бағытталған сабақтардың түрлерi.

ойынсыз, музыкасыз, ертегiсiз, қиялсыз толық мәнiндегi ақыл-ой тәрбиесi деген болмайды, - деп атақты педагог В.А. Сухомлинский ойынға ерекше мән берген. Ойын арқылы бала ой дамытатындығын, оқушының бар ынта –ықыласы сабақта болатындығын дәлелдеген. Кiшкентай адамдарды қоршаған ортаны танып- бiлу әлемiне қалай енгiзу керектiгiн өз тәжiрибесi арқылы көрсете бiлген. Ендеше өзiнiң де бала болып, оынң рухани дүниесiне кiре бiлу, не нәрсеге қызығатынын анықтау – ынталандыру принциптерiнiң негiзгi жолы бiрiншi сыныпта Не iстедi?, Не қылды?, қайттi? сүрақтарына жауап беретiн сөздер тақырыбын меңгертуде ойын арқылы өту тиiмдi нәтиже берiп, бала дамуының тиiмдi тәсiлдерi болып табылады. қазақ тiлi оқулықтарының сапалылығы дамыта оқыту негiзiне қүрылып, сапасы жақсарып, әр түрлi формадағы жаттығулармен толықтырылды.

Грамматика, емле, тiл дамыту материалдары үшiн алынған жүмыс түрлерi нақтыланып, сөйлемдер жыл мезгiлдерiне сай адам, жан-жануар, табиғат өмiрiнен алынып, кейбiр мәтiн ер хаықтың педагогика тағылымын үйретуге , оқушыларға үлттық тәрбие беруге қүрылды.

Бастауыш сыныпта оның iшiнде бiрiншi сыныпқа оқылатын пәндер жүйесiнде ерекше орын алатын- қазақ тiлi. Бүл пәннiң жалпы бiлiм алу саласындағы орны жөнiнде оқу- ағарту және әдiстеме мәселелерiне көңiл аударып, қазақ мектебiнiң келешегiн, ондағы оқудың ана тiлiнде жүргiзiлуiн мақсат еткен. А.Байтүрсынов: бастауыш мектепте оқығандар… ең әуелi қазақша толық хат бiлетiн дәрежеде болуын көздеу керек - деген пiкiер айтқан.

Қазiргi уақытта бiрiншi сыныпта оқу жүйесiнде қазақ тiлiн дамыта оқытуға ерекше көңiл бөлiнедi. Мүның өзi оқушыларды түсiнiп оқуға, еркiн сөйлеуге және сауатты жазуға үйретудi көздейдi.

Бiрiншi сынаптарда оқытылатын тiл сабағы осылармен қоса мынадай аса маңызды мiндеттердi де шешуге тиiс:

  1. оқушылардың үлттық және бүкiл адамзатты көзқарас негiзiнде саяси, адамгершiлiк, эстетикалық сезiмдерiн қалыптастыру.

  2. Балалардың айналадағы дүние туралы, адам, табиғат және қоғам туралы алатын нақты бiлiмдерiн байыту.

  3. Логикалық және бейнелi ойлауды жетiлдiру.

  4. Балалар орындауға қажеттi жаңа iс -әрекет түрлерiн: оқу әрекетiн меңгерту, сабаққа берiлген уақытты үқыпты пайдалана бiлу, өздiгiнен орындайтын жүмыстың шамасы келетiн тәсiлдерiн қолдана бiлу.

  5. Сабаққа жән бiлiм көзi – кiтапқа деген ынта – ықыласын арттыру.

Оқу үрдiсiн дамыту – педагогикалық жүйелер қатарында өзiндiк айқын мақсат көздейтiндiгiмен ерекшеленедi және бүл дамыта оқыту әдiсi өз тиiмдiлiгiн көрсетуде. Дамыта оқыту барысында оқушыларды саралау жүзеге асып отырады. Сондықтан саралап оқыту әдiсiнiң өзi әр-түрлi әдiстемелiк қүралдарды қолдану арқылы енген.

Бiрiншi сыныпта қазақ тiлi пәнiн деңгейлiк саралап оқытуға негiздеген технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, өйткенi ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау қабiлетiн, ынтасын, белсендiлiгiн, дағдысын, бiлiс сапасының дамуын қамтамасыз етедi.

Балалардың дамуы, қабiлетi, қабылдауы әр келкi болғандықтан, бiр сыныптың өзiнде үздiктер, жақсы оқитындар, нашарлар пайда болады. Сондықтан, мүғалiм балалармен сабақ және оның барлық кезңдерi: жаңа материлады түсiндiру, үсыну, сабақты қорытындылау, қайталау, бiлiм, бiлiк, дағдыны тексеру барысында саралау жүмысы жүргiзедi.

Жаңа материалды түсiндiру кезiнде мүғалiм мына мәселеге назар аударады:

  1. ең басты негiз, ядро- бiлiм мазмүны, пәннiң теориялық мәнi, тiрек мәлiметтерi. Алғашқы деңгей әрбiр тақырыптың ең негiзгi де басты , қарапайым мазмүнын ашып толық болмағанмен сол тақырыптың бiлуге мiндеттi түтас бейнесiн бередi. Бүл деңгей базалық деңгей ретiнде қабылданған.

  2. қосымша мәлiметет алғашқы деңгейде алған бiлiмдi одан әрi кеңiтiп, делеледеп, тиянақтайды, негiзi мазмүнын нақтылайды, үғымдардың не үшiн, қалай қолданылатындығын көрсетедi. Бүл деңгей мәлiметтер көлемiн арттырып, негiзгi матариалды тереңiрек түсiнуге көмектеседi.

  3. Дамытушы мәлiметтер – материалды бiр шама тереңдетiп, оған логикалық негiз бередi, болашақта шығармашылықпен қолдануға жол ашады. Бүл деңгейде бала өз бетiнше жүмыс iстеуге дағдыланады.

Бiрiншi сыныптың қазақ тiлi пәнiнде бiлiмдi дайын күйiнде беретiн дәстүрлi сабақтар – баладан ыждағатпен тыңдап, мүлтiксiз берген тапсырманы орындауды ғана талап етедi. Мүндай сабақтарда оқушы iзденiсi жоқ. Ал, информация жетпесе, оқушы қобалжиды, толқиды, бар ойын жүмылдырады, белгiсiздi табуқажеттiгi туады – бүл ойлауға үйрететiн сабақатар.

Ойлауға үйрететiн сабақтарды – дамыта оқыту сабақтары деп бiлемiз. Ойлауға үйрету – мүғалiмнiң ең қиын мiндетi. Ал, ойлауға үйрену – оқушының ең қиын мiндетi.

Дамыта оқытуды қолға алып, мүмкiндiгiнше жүзеге асырып отырған себебiмiз – ол баланы өзiн өзi бақылауға, өзiне өзi бақылау жасауға, өз бетiнше дамуға, яғни өзiн өзi тәрбиелеуге үйретедi.

Бiрiншi сыныпқа арналған қазақ тiлi оқулығында үлттық бiлiм жүйесiнiң деңгейiне, даму бағытына байланысты. Жаңа буын оқулықтары: көпдеңгейлi, интеграция (кiрiктiрiлген), дамыта оқыту жүйесi қағидаларына сәйкестендiрiлгендiгi – ерекшеленедi.

Демек, оқулық қүрылымы өзгеше, философиясы жаңа. Егер алғашқы екi ерекшелiгiн кез келген мүғалiм көрiп, байқай алса, үшiншiсiн тек дамыта оқыту жайлы теориялық түсiнiгi болғанда ғана жүзеге асырмақ.

Технологияда проблемалы оқытуға баса көңiл аударылмады. Тақырыпқа сай проблемаларды iздестiру їәм олоарды шешудiң жолдарын игеру, сондай-ақ, ықпалды факторларды зерттеу, модульдердi қүрау, сабаққа қатысты проблемаларды шешудiң түпкi мақсаты да әлдi бiр жаңа үғымды, дағдыны, шеберлiктi меңгертедi деп ойлаймын.

Дәстүрлi және дамыта оқыту жүйесiнiң негiзiнiде белгiлерiнiң салыстырмалы сипаттамасы

Педагогикалық процесiнiң компаненттерi

Мазмүнындағы басымдылық

Дәстүрлi иллюстрациялық түсiндiрме әдiсi

Дамыта оқыту

Мақсаты

Оқушыларда бiлi, бiлiк, дағды қалыптастыру

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетiн дамыту

Бастапқы мазмүн

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Заңдылықтарды, теоияларды, үғымдарды, ережелердi, қорыту

Оқытудың формалары

Жеке, топтық фротальды

Бiрлескен үжымдық iс-әрекет

Оқыту әдiстерi

Ауызша түсiндiру, көрнекiлiк, практикалық

Проблемалық баяндау, iзденушiлiк, зерттеушiлiк

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесiн мүғалiмнiң бақылауы бағалауы

өзiн-өiз бақылау, өзiн-өзi бағалау, рефлексия