Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-Пәндердi-оқыту-барысында-дамыта-оқытудың-т...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
266.24 Кб
Скачать
    1. Бастауыш сыныпта дамыта оқытудың дидактикалық ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерi

қазiргi кездегi қоғамда болып жатқан өзгерiстердi iзгiлендiру процесi – баланың еркiн талап етедi. Мектеп бiтiрген баланың өмiрде кездестiретiн сан түрлi қиындықтарынан қиналмай өтуi оның ақылының, еркнiнң , сезiмiнiң және оның жалпы дамуының деңгейiне байланысты. Сондықтан да бастауыш сыныптарда бiлiм беру жүйесiне ерекше мән беруiмiз қажет.

Сондықтан тәрбие баланың даму кезеңiндегi адамның рухани зегiн қорекендiрушi болып бiлiмiн бүрын жеткiзуi тиiс. Бiрақ тәрбиенiң жеткiзiлу қажеттiлiгi де , тәсiлi де бүгiнгi күнгi жастар үшiн мүлде басқаша. Олар тәлiм-тәрбиенi үлкендерден, мүғалiмдерден насихатта жолымен емес, тек шынайы сезiм қатынасында ғана алады.

Сөйтiп оқу – тәрбие процесiн iзгiлендiру, баланың сезiмiне әсер ете оқыту мәселесiнiң туындауы жеке түлғаның рухани адамгершiлiгiн дамыта оқыту iсiнiң басталуына себеп болып отыр. Оынң жеке түлғаның өзiн-өзi тануына, өзiндiк бағдарын анықтауға мүмкiндiк туғызатындай iс-шаралар кешенi өмiрге кеуде.

Жеке түлғаның рухани-көзқарасын дамыта оқыту дегенiмiз, мүнда оқыту мен тәрбиелеудiң бiртүтастығы көзделедi. Ада бойындағы жағымды қасиеттер мен жағымды ойлар балаен iштей сезiмдiк байланыс орнағанда ғана бiр-бiрiне ауысады.

Дегенмен, заман талабына сәйкес өмiр сүру тәртiбi адамның өзiн-өзi өзгертуiне, өзiндiк көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етпей қоймайды. Сондықтан жеке түлғаны дамыта оқыту үрдiсiн жандандыру iсi оқу-тәрбие процесiнң мазмүны жаңартуға бағытталған жаңа бетбүрыс болып табылады.

Дамыта оқыту – дәстүрлi оқытуға соңғы уақыттарға дейiн балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесiнде әр оқушы өзiн-өзi өзгертушi субъект дәрежесiне көтерiлуi көзделк, соған оқыту барысында лайықты жағдайдар жасау үлкен нәтиже бердi.

Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давылов жасаған жүйесiнiң көзделген мақсаттарға жету тек беленың өзiнiң белсендiлiгiне баййланысты. Осына орай, бүл жүйенiң әдiс- тәсiлдерi де оқушының оқу белсендiлiiгiн үйымдастыру, қолдап, көмектесiп отыруды көздейдi. Бүл жүйемен дәстүрлi оқытуды салытыру мынадай қорытынды жасауға негiз болды. Дәстүрлi сабақтардың әдiстерiнiң мәнi төмендегiдей үш қүрамдас бөлiктермен анықталады:

  1. үлiгiнi көрсеу

  2. түсiндiру

  3. бақылау, бағалау

яғни мүғалiм сабақ азмүнын жақсылап айтып түсiндiрiп шығады. Содан соң оын меңгеруге арналған жаттығулар орындалады.

Дамыта оқытуда баланың iзденушiлiк- зерттеушiлiк әрекетiн үйымдастыру басты назарда үсталады. Ол үшiн бала өзiнiң бүған дейiнгi бiлетiн амалдарынң, тәсiлдерiнң жаңа мәселенi шешуге жеткiлiксiз екенiн сезетiндей жағдайға түсуi керек. Дәстүрлi оқытуда оқу процесiне қатысушылардың басқарушылар мен орындаушылар түрiндегi рольдерi белгiленген. Басқарушылардың қарым-қатнасы қарапайым басқару түрiмен қатал әкiмшiлiкке дейiнгi щеңбер iшiнде жүзеге асып жатады. Олардың iсiнiң негiзгi мәнi- оқушыларды белгiленген нысанаға қарай бастау,ал орындаушылар мүғалiм соңынан ерiп огтырулары керек. Мәселенiң бүлай шешiлуi дамыта оқыту жүйесiнiң мақсаттарына мүлдем қайшы келедi.

Дамыта оқытудың Л.В. Занков жасаған жүйесiнiң ерекшелiктерiне тоқталып өтелiк. Бүл жүйе дәстүрлi оқытудан төмендегi ерекшелiктерiмен, өзгешелiктерiменайқындалады.

  • оқыту мазмүнындағы өзгешелiктер;

  • мақсаттағы айырмашылықтар;

  • дидактикалық принциптердегi өзгешелiктер;

  • әдiс – тәсiлдердегi ерекшелiктер;

  • оқытуды өзгеше үйымдастыру;

  • мүғалiм еңбегiнiң нәтижелiлiгiнiң анықтаудың жаңа көрсеткiштерi;

  • мүғалiм мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынастар;

Л.В. Занков жүйесiне сәйкес бастауыш мектептiң негiзгi мақсаты баланы жалпы дамыту. Ал жалпы дамыту деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық iс-әрекеттi меңгеру қабылданады. Сондай –ақ ақыл, жiгерi, сезiмдерiнiң дамуы алынады.

Осы түста мүндай көзқарасты үлы Абай да уағыздап кеткендiгiне тоқталған жөн. қоршаған ортаның шындығын мойындап отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның iшкi сезiмдi қуаттарын бiртүтас етiп алады. Оның он жетiншi сөзiндегi қайрат, ақыл жүректiң сөз таластыруында тек бiрлесiп ынтымақтасқан жағдай ғана күш алатын үш түрлi жан қүбылысын әдеби публистикалық түрғыдан көрсеткенiн байқаймыз. Бүдан бүл мәселенiң үлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтерiлiркеле жатқандығын көруге болады.

Л.В. Занков жүйесi дәстүрлi оқыту жүйесiнен басқаша дидактиикалық прициптерге негiзделген. Ендi ерекше тоқталуды қажет ететiн кейбiр принциптердiң мәнiң аша кетейiк.

Жүйедегi бүгiнгi күннiң өлшемiмен қарағанда айрықша көкейкестiлiгiмен ерекшеленетiн принцип, жоғары қиындықта оқыту-принципi. Бүл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкiндiгiнiң бар екендiгiне көз жеткiзедi.

Шведтiк нейробиолого Холгер хиден өз зерттеулерiнде баланың миындағы клеткалар бiр-бiрiмен байланыстаратын талшықтар нейрондар тек ойлау әрекетi болған жерде ғана молайып, жиiлей түсетiндiгiн, сондықтан өте жас кезде баланың миын жүмыс iстеуге ынталандырып отыру керектiгiне назар аударады. Белсендi ой қызметiнсiз клеткалар бай талшықтар қүрай алмайтындығына; содан барып олардың қымметi төмендеп, бара-бара семе беретiндiгiне көзiмiздi жеткiзедi. ±ылымға белгiлi әртүрлi себептермен аңдар арасында қалып қалған алмауының басты себебi де осы болар.

Айтылғандарды қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының қарқынды ой еңбегiмен айналысуға табиғи мүмкiндiктерiнiңт бар екенiң оқыту процесiнде ескерту қажет деген түжырымға келемiз. Дамыта оқытудың жүйелi маңызды принциптерiнiң бiрi-теориялық бiлiмнiң жетекшi ролi приципi. Бүл прициптерi балалардың теорияны жаттауы, терминдердi есте сақтауы деп түсiнген жөн. Керiсiнше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмiр заңдылықтарына көздерiн жеткiзу, қорытынды жасауға дағдыландыру.

Дамыта оқыту жүйесi дидактикалық принциптерiнiң iшiнде оқытудың тәрбиелiк мәнiнiң болуы жайлы ешнәрсе айтылмайды. ґйткенi оқушылардың адамгершiлiк қасиеттерiн, қүқықтылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанымен түтас жүйе, оның қүрамдас бөлiктерi, әдiстерi арқылы iске асып жатуы ойластырылған.

Бүл жүйенiң қағидаларын дүрыс түсiнiп, жүрегiмен қабылдаған әрбiр мүғалiм өз сабақтарының дамушылық функциясын өз бетiнше- ақ арттыра алары сөзсiз.

Дамыта оқыту жүйесiндегi қойылатын сүрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететiндей етiп берiледi. Оқушы да ондай сүраққа өз ойын, өзпiкiрiн бiлдiре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бiрнеше вариантта болуы мүмкiн екендiгi қарастырылады. Дидактикада салыстыру негiзгi тәсiл болып табылады. Заттарды салыстыра отырып түсiнiп тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсiлдерiмен мектепке келгенге дейiн де бiршама танысады. Ал мектепке келген соң, оқудың алғашқы күйiмен бастап бүл тәсiл туралы пайдаланыла бастайды.

Мүғалiм салыстыру әдiсiмен сабақ жүргiзе отырып, оқу материалын оңай, көрнекi етiп үстауға мүмкiндiк алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгiлi мен белгiсiз арасындағы көпiр сияқты, оқушыларға өмiрiнен тысқары бiлiмдi меңгеруге көмектеседi. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен объектiлердiң байқамай, көрiнбей қалатын белгiлерiн анықтауға үйретедi. Баланың байқампаздығынан артады. Ол байқамсыздық- баланың жалпы дамуындағы негiзгi психологиялық компонент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып бүрынғы өтiп кеткен материалдар мен жаңа бiлiм арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренедi.

Дамыта оқыту жүйесiнiң маңызды тағы бiр ерекшелiгi сынып оқушыларын жақсы, жаман оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшiн қолайлы жағдай туғызуды мақсат түтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенiнше, қабiлетi жеткен жерге дейiн еңбек етуi ойластырылған. Сол арқылы ол да өзiн мүмкiн дәрежеге дейiн дамыта алады. Бүл жолда оның қателесуi, жаңылуы әбден мүмкiн. Тек мүғалiм тарапынан көрсетiлген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшiне деген сенiмiн арттырып, алға жетелейдi деп есептеледi.

Дамыта оқыту жүйесiнде мүғалiм мен оқушы арасында қарым-қатынас жаңа қағидаларға негiзделедi. Олар ынтымақтастықтың, өзара силастық, түсiнiктi сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сенiммен айта алатындай ахуал болуы басты назарда үсталынады. Ол үшiн оның әрбiр жауабы мүқият тыңдалып, дүрысы мақталып, қатесi еппен түзелiп отырылады.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекетi ол орындайтын әрекеттердiң жетекшiсi, негiзгiсi. Оқу әрекетi арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа қүрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады.

Олармен байланысты рефлексия, талдау, жинақтау сияқты психикалық қабiлеттер дамиды. Оқу әрекеттi деп бiлiм, бiлiп алуға бағытталған әрекеттерi айту қабылданған. Ол өз бетiмен де, мүғалiмнiң жетекшелiгiмен де жүзеге асады. Осы мәселелердiң бастауыш мектеп кезеңiндегi оқу әрекетi Ш.А.Амона-Швили, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, П.Е. Гальперин, т.б. зерттеулерiнде қарастырылды.

Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етедi. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамен еркiн қарым-қатынасқа түсу мүмкiндiгi берiледi.қарым-қатынастар: жоспарлау, үйымдастыру, мақсаттарды жүзеге асыру, iс-әрекеттердi талдаукезеңдерiнен түрады.

Дамыта оқытудың тағы бiр ерекшелiгi бастауыш мектепте фонетиканы ойын арқылы оқыту. Атақты педагог К.Д. Ушинскийдiң: бiр сарынды әрi бiр бағытта жүргiзiлген iс-әрекет бала өмiрiне шексiз зиянын тигiзедi. Сондықтан, әсiресе бастауыш сыныптарда оқыту барысында әртүрлi оқыту әдiстерi мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек- дейдi.

Бастауыш сынып оқушыларының бiлуге деген ынтасы мен мүмкiндiгiн толық пайдалану және оларды оқу үрдiсiнде үздiксiз дамытып отыру, сабақ барысында алған бiлiмдерiн практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшiн сабақтар ойын түрлерiн пайдаланудың орны ерекше.

Ойын- бала әрекетiнiң негiзгi бiр түрi. Ойын арқылы адам баласының белгiлi бiр буыны қоғамдық тәжiрибенi меңгередi, өзiнiң психикалық ерекшелiктерiн қалыптастырады.

Бала ойын үстiнде дүнетанудағы өз мүмкiншiлiгiн сезiнумен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетiне көңiл аударады, заттың iшкi мазмүның бiлгiсi келедi. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуiн дамыту үшiн түрлi ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық үлкен мәнi бар. Сондықтан үстаздар мен ата-аналар бүл ойындарды белгiлi талапқа сай үйымдастырып отырулары қажет.

Ойын түрлерiн 1-сыныпта әр мүғалiм күнделiктi жүмысында дидактикалық деректiден-дерексiзге, жеңiлден-ауырға, жақыннан-алысқа дегендi негiзгi ала отырып, бiрте-бiрте күрделендiре жүргiзуiне болады. Ойын оқушылардың фонетиканы толық меңгерiп, жазу тiгiн дамытуларына мол мүмкiндiк бередi өз беттерiмен жүмыс iстей бiлуге дағдыланады. Ойланғыштық, iзденiмпаздық қабiлеттерiн арттырады, сөз қорларын молайтуларына көмектеседi. Мүнымен қатар сабақ үстiнде ойын түрлерiн қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады,оған белсендi түрде қатысып, түсiнбегенiн түсiнуге мүмкiндiк туғызады.

- Оқущылар бастауыщ мектепте:

Дыбыс және әрiп, Дауысты дыбыс, оның жуан және жiңiшке түрлерi. Дауыссыз дыбыс. қатаң, үяң, үндi дауыссыз дыбыстар, олардың үндесуi және емлесi. Буын және буын үндестiгi. Тасымал. қазақ алфавитi-сынды сөздiң фонетикалық қүрамымен танысады.

Осы кезеңдi тиiмдi пайдаланған жөн. Сондықтан қай сабақта болмасын талапқа сай дайындалған көрнекiлiк пен жүмбақ, ребус т.б. араластыра отырып ойын түрлерiн кеңiнен пайдаланған дүрыс. Сөзiмiз дәлелдi болу үшiн 1-сыныпта қазақ тiлi сабағында қолданылатын бiрнеше ойын түрiн көрейiк.

1. қай әрiптi жоғалттым ойыны. Бiрiншi сыныпта қазақ тiлiнен дыбыс пен әрiп, дауысты, дауыссыз дыбыстар жуан және жiңiшке дыбыстар тақырыптарын өткемiз. Ойынға сөз iшiнде бiр өрiп қалдырып кеткен бiрнеше парақша жасалынады. Жоғалған әрiптер парақшаларын жасағанда сөздердiң басынан, ортасына немесе соңынан әрiптер қалдырылады. Парақшалар сыныптағы әр балаға 5-6-дан келетiндей мөлшерде әр тақырыптың мазмүнына қарай бiр ойынға лайықтап жасалуға тиiс. Ойынға ең алдымен оқушы жаттыққанға дейiн онай орындай алатын суреттi парақшаларды қолдану қажет.

қай әрiптi жоғалттым ойыны сабақта жаттығудың бiр бөлiмi ретiнде 4-5 минут көлемiнде жүргiзiледi.

2. қай буынды жоғалттым ойыны. Бүл ойын 1-сыныпта әлiппенi үйрету кезеңiнде және буын тақырыбын өткенде сөздердi буынға дүрыс бөле бiлуге төселдiру үшiн қолданылады. қай буынды жоғалттым ойынына бiр буыны қалдырылып кеткен сөз прақшалары жасалынады. Ойын сабақты пысықтау кезеңiнде немесе сабақтан тыс уақытта өткiзiледi.

3. Бүл қалай өзгередi ойыны. Бүл ойын 1-сыныпта әлiппенi үйрету кезеңiнде д-т, ү-ү, б-п, о-е және а-ә әрiптерiн салыстыру сабақтарында, қазақ тiлiнен дыбыс пен әрiп: дауыссыз, дауысты дыбыстар: а-ә, ү-ү, о-ө әрiптерi бар сөздер тақырыптарын өткенде пайдаланылады.

Ойын барысында оқушылар сөз iшiндегi дүбыстардың дүрыс жазылуын егер сөздiң бiр дыбысы дүрыс жазылмаса, сөздiң мағынасының өзгерiп кеткенiне назар аударатын болады. Сол сияқты жуан, жiңiшке дауысты дыбыстардың дүрыс жазылуына да көңiл бөлiнедi.

4. Iзде, тап ойыны.

Ойын 1-сыныпта кiсi аттарының бас әрiппен жазылуы тақырыбын өткенде қолданылады.

Ойынға кiсi аттарына сай бас әрiппен және кiшi әрiппен жазылған бiрнеше буындар дайындалған. °рбiр қалтаға 10 кiсiнiң атын қүрап шығатындай бас әрiп, 10 кiшi әрiп кеспе буындары және ойын бастаушы үшiн кiсi аттары толық карточкалар салынып қойылады.

Бүған сондай-ақ қай буынды жоғалттым  ойнының кеспе буындарын қолдануға да болады. Кеспе буындар мен сөз прақшалар төмендегiдей.

Са, Ша,Ро,Ра, Мү, Са, Сә, Бо, Ду, Ай ра, ра, за,я,рат,кен,лат,ман,дар

Кiсi аттары: Сара, Шара, Роза, Рая, Мүрат, Самат, Сәкен, Болат, Думан, Айдар.

Осы сияқты бiрнеше қалталар жасалады.

Ойын тәртiбi:

А мүғалiм әрбiр практаға екi оқушыға бiр қалтадан таратып бередi. Олардың бiреуi бас әрiп буындарын, екiншi кiшi әрiп буындарын алады. Ал кiсi аты толық жазылған парақшалар мүғалiмнiң өзiнде қалады. Кiсi аттарының бас буыны алған оқушы оның бiрiн парта үстiне қояды.

1Мұғалiм сыныптағы оқушылардың екi топқа бөлiп өткiзуiне де болады.

2 ойынға арналған парақшалар жеке-жеке қалталарға салынады. Жоғарыдағы үлгiге арнап жуан, жiңiшке болып келетiн үқсас буындардан ойындарды үйымдастыруға болады.

Осындай ойындар үстiнде оқушылар тәжiрибе жасайды, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелдiлiктi анықтауға тырысады. Олай болса, сабақта ойын түрлерiн тиiмдi пайдаланған жөн.

1.2. Дамыта оқыту идеясының үзақ тарихы бар. Ерте кезенде бастау алған, ойшылдардың бiлiм мен ақыл –ой тәрбиесiнiң ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерiн зерттей келе мына төмендегiше түжырымға келемiз:

1. Дамыта оқыту жүйесi Х ғасырдан бастау алған. Шет ел ғалымдары мент Ресей ойшыль педагогтарының сорл кездегi iрге тасын қалаған дамыта оқыту жүйесi әр кезенде өз деңгейiнде дами отырып бүгiнгi күнге дейiн жеттi. Я.А. Коменскийден бастау алған бүл оқытудың түрi өз тиiмдiлiгiмен бүгiнгi күнге дейiн жетiп отыр. И.Т. Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабiлет-қасиеттерiн дамытса, орыстың үлы ағартушысы К.Д. Уленский де өз дидактикалық еңбеңтерiнде дамыту мәселесi ерекше тоқталып, арнайы әдiстеме жасады. оқыту дамуды өзiмен бiрге ала жүредi деген Л.С. Выготский пiкiрiмен көп нәрсе аңғаруға болады. Нәтижесiнде дамыта оқыту проблемасына арнайы екi iлгерi эксперимент жасалып, оның бiрiн Д.Б. Элъконин, В.В. Давыдов, ал екiншiсiн Л.В. Занков басқарады.

Зерттеушiлердiң мақсаты Л.С. Выготскийдiң 1930 жылдардың басында жасаған оқытумен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамдар болса, осы зерттеу жүмыстары бастауышта бiлiм беру iсiне үлкен өзгерiстер енгiздi.

Одан кейiнгi 20 жыл көлемiнде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарына келесi мәселесiне айналды. Бүл жүйенiң авторлары дамыта оқыту деп-оқыту мақсаты, мiндеттерi,әдiс-тәсiлдерi баланың даму заңдылықтарына сәйкестендiрiлген оқытуды айтады –деп түжырымдаймыз.

Осы дамыта оқыту жүйесiнде қазақстанда  ғасырда педагог – ағартушылар еселi еңбектерiн қоса бастады. Осы еңбектерге сүйене отырып дамыта оқыту проблемасының даму бағыттарына сараптама жасай отырыпмына төмендегiше негiзгi бағыттарға тоқталамыз.

1-бағыт. Баланың бойындағы қүмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемi алға жылжуға деген табиғи талап –тiлектерiн, сүраныс пен мүқтаждығын ескеру, шығармашылығын жетiлдiру.

2-бағыт. Бiлiмдi өз бетiмен iздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

3-бағыт. ґзiн-өзi дамытатын, түлға қалыптастыру.

қазiргi кездегi педагогикалық технологиялардың философиясы iзгiлiк, жеке бастың даму теориясына негiзделiп отыр.

П.К. Селевко педагогикалық технологияларды мәндiлiгiне, қолданылуына, үйымдастырылуына қарай төменлегiдей топтарға бөледi:

1. қолдану деңгейiне қарай жалпыпедагогикалық, пәндiк және әдiстемелiк, модульдiк

2. Философиялық негiзiне қарай материалистiк, идеалистiк,диалектикалық, метафизикалық, iзгiлiктi, ғылыми, прагматикалық т.б.

3. Психикалық дамудың жетекшiсi факторына қарай  биогендiк, социогендiк, психогендiк

4. ±ылыми түжырымдамасына қарай ассоциативтi-рефлекторлық, биховиристiк, гештальттехнология, дамытушылық

5. Түлғалық қүрылымдарға бағыттылығына қарай (ақпараттық, әрекеттiк, сезiмдiк, эвристикалық, қолданбалы, өзiн-өзi дамытушы)

6. қүрылымдық мазмүндық сипатына қарай  бiлiмдiк және тәрбиелiк, жалпы және кәсiби бағытты, технократтық және гумандық

Бастауыш мектепте қолданытып жүрген технологияларды бiлiмдiк өрiстерiне қарай төмендегiш топтауға болады.

1. Тiлдiк өрiс.

Бүл топ өте жас кезден бастап кубиктер арқылы жылдам оқуға үйретуге арналған Н.А. Зайцевтiң: каллиграфияны дүрыс қалыптастыру, сауатты жазуға үйретуге арналған Е.Н. Потапова және басқа да технологиялармен сипатталады.

Республикадағы бастауыш мектептi оқыту мазмүны жаңартылды. Жаңа мазмүнды ескi әдiстермен енгiзуге болмайтындығы белгiлi. Оқулық қанша жақсы болғанымен онымен жүмыс жасайтын мүғалiмдер оқытудың жаңа тәсiлдерiн меңгерменген болса, оқулықтардың негiзгi идеясы, дамытушылық мәнi iске аспауы мүмкiн. Сол себептi бүгiнгi күнi мектеп мүғалiмдерiнен жүмыстың жаңа тәсiлдерiн қолдану қатаң талап етiлiп отыр.

Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етедi. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамен еркiн қарым-қатынасқа түсу мүмкiндiгi берiледi. қарым-қатынастар: жоспарлау, үйымдастыру, мақсаттарды жүзеге асыру, iс-әрекеттi талдау кезендерiнен түрады. °р кезен бала түлғасының дамуына өз үлесiн қосады. Жүмысымыздың келесi бөлiмi осы мәселеге арналады.