
- •Мазмұны
- •Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •9. Дәріс (лекция), практикалық және зертханалық сабақтар жоспары
- •10. Соөж-ын жүргізу жоспары
- •11. Сөж тапсырмаларын орындау және өткізу графигі
- •12. Курстық жұмыс тақырыптары
- •13. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •13.2. Өзін өзі дайындауға арналған сұрақтар:
- •15. Студенттің білімін бағалау жүйесі
- •15.1. Студенттің рейтингін қою шкаласы
- •15.2 Қорытынды бағаны есептеу
- •15.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару
- •15.4 Академиялық тәртіп саясаты
- •1.1 Қазақстан Республикасы экономикасының ұзақ мерзімге даму бағыттары.
- •1.3 Қазақстан Республикасының мемлекетік өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып2. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу обьектісі ретінде
- •2.1. Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші.
- •2.2. Кәсіпорынның басты міндеттері.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •3.1. Өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері және көрсеткіштер жүйесі.
- •3.3. Өндірістің абсолюттік және салыстырмалы тиімділігі.
- •3.3. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 4. Кәсіпорын ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі. Негізгі капитал
- •4.1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •Кеңейтілген ұдайы өндірістегі негізгі қорлардың рөлі.
- •Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •5.1.Өнеркәсіпті дамыту үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстар маңызы.
- •5.2. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстардың жіктелуі.
- •5.3. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері және тиімді пайдаланудың жолдары
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 6. Айналым капитал
- •6.1 Кәсіпорынның айналым капиталы туралы түсінік, оның құрамы және құрылымы.
- •6.2. Айналым қорлардың құрамы және құрылымы.
- •6.3. Айналыс қорлардың құрамы. Айналым капиталды қаржыландырукөздері.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 7. Еңбек ресурстары
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары және кадрлары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптастыру көздері.
- •Кадрларды бағалау көрсеткіштері.
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 8. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі.Еңбек ақы төлеу
- •8.1.Еңбек ақы төлеудің мәні және қағидалары
- •8.2.Еңбек ақының мәні және оның қалыптасуы
- •Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеудің формалары және жүйелері
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •9.1.Нарық және инвестициялық процесс
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •10.1.Кәсіпорындардың шығындары, олардың түрлері және өндірілетін өнімнің өзіндік құны туралы түсінік
- •10.2. Өнімнің өзіндік құнының түрлері
- •10.3. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы және оның әр түрлі салалардағы ерекшеліктері
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •11.1. Маркетинг және стратегиялық жоспарлау
- •11.2. Маркетинг шешімдерге арналған ақпараттар
- •11.3. Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу
- •Тақырып12. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •12.1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары
- •12.2. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі
- •12.3. Өнім сапасын басқарудың жаңа стратегиясы
- •Тақырып13. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •13.1. Пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде.
- •13.2. Табысты қалыптастыру және тарату тәртібі.
- •Тақырып14. Кәсіпорын қаржысы
- •14.1. Өнеркәсіп қаржысы туралы түсінігі және міндеттері
- •14.2. Кәсіпорындағы қаржы қатынастар көрінісінің нысандары
- •14.3. Кәсіпорынның қаржы қызметінің негізгі қағидалары мен ұйымдастыру бағыттары
- •Тақырып 2. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
- •Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 4. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Кәсіпорынның негізгі капиталы.
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 6. Айналым капитал
- •Тақырып 7. Еңбек ресурстары
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 8. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі. Еңбек ақы төлеу.
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 9. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 10. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа
- •Тақырып 12. Өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа
- •Тақырып 13. Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа
- •Тақырып 14. Кәсіпорын қаржысы
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа
- •Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тақырып 4. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Кәсіпорынның негізгі капиталы.
- •Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •Тақырып 6. Айналым капитал
- •Тақырып 7. Еңбек ресурстары
- •Тақырып 8. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі. Еңбек ақы төлеу
- •Жеке категориядағы жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы жылдық еңбек ақы қорын орташа жылдық санына бөлу жолымен анықталады.
- •Тақырып 2. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •Тақырып 4. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Кәсіпорынның негізгі капиталы.
- •4. Есептерді шығару:
- •Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •Тақырып 6. Айналым капитал
- •Тақырып 7. Еңбек ресурстары
- •4.Есептерді шығару:
- •Тақырып 10. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •Тақырып 11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •Тақырып 12. Өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету
- •Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 14. Кәсіпорын қаржысы
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:
өндірістің іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін, шағын кәсіпкерлік субъектісінің пайдалылығын және оның активтерді қолдану мүмкіндіктерін өлшейді;
өнімділік көрсеткіштері, кәсіпорынның қысөа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым құралдарын басқаруды сипаттайтын көрсеткіштер;
қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландырудақолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуекелшілдік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.
Өндірістік іс-әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ көрсеткіштері ағымындағы негізгі өндірістік іс-әрекеттік нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның іс-әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер: өнімді сату нарығының кеңдігі; экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі, кәсіпорынның репутациясы және т.б.
Сандық бағалау 2 бағытта жүргізіледі:
Негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалуының деңгейі;
Кәсіпорын ресурстарын қолданудың тиімділік деңгейі.
Шаруашылық іс әрекеттің тиімділігін көрсететін көптеген абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі маңыздырағы – пайда көрсеткіші болып есеептелінеді.
№ 13 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.
Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау
Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 2 балл.
Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.
СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі –13 апта.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.
Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.
Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.
Тақырып 14. Кәсіпорын қаржысы
Тапсырма № 14. Кәсіпорын қаржысын мәіметтері бойынша өнеркәсіптің тиімділігін анықтап, талдау жасау.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Кәсіпорындардың қаржысын ұымдастырудың қажетті қағидаты — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.
Қаржы резерві дегеніміз - уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған қаржы түрі.
Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің, артуы немесе капитал меншігінің кебеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте, кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы, жеке табыс болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауаларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, несие берілгендегі алынатын тиісті пайыздар және басқа да ақшалай және материалдың түсімдер жатады.
Кәсіпорын экономикасын зерделеудің негізгі объектісіне жататындар:
• кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп ондірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
• өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;
• шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
• өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысың қорландыру;
• өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;
өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
• өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;
• өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға;
• кәсіпорынның жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар;
• кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.
Сонымен, кәсіпорын экономикасы — өндіріс факторларының жиынтығы (меншіктік және қарызгер), өндірістік емес факторлар (бала бақшалар, профилактория және т.б.), айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорындардың есепшоттарындағы ақша қаражаттары, кұнды қағаздар, материалдық емес меншікті қор (патенттер, лицензиялар және т.б.), өнімді сатунәтижесіндегі табыстар немесе зияндар және түрлі қызмет көрсетулер.
№ 14 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.
Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау
Тапсырманы орындауды бағалау баллы –5 балл.
Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.
СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі –14 апта.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.
Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т.РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ
«Бекітемін»
«Экономика» кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.к., профессор Сейдахметов А.С.
_____________________
№ «_____» хаттама
«___» ______________ 2012ж.
КЕ 3302 «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша
пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
5В050600 «Экономика» мамандығының студенттеріне арналған
АЛМАТЫ
2012ж.
5В050600 «Экономика» (бакалавр) мамандығының студенттеріне арналған «Кәсіпкерлік» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар – Алматы. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті: Экономика, 2009.
Құрастырушылар: э.ғ.д., профессор Окаев К.О.
э.ғ.д., профессор Сейтказиева А.М.
э.ғ.к., доцент Куатова Д.Я.
Рецензенттер: э.ғ.д., профессор Тонкопий М.С.
э.ғ.к., доцент Яновская О.А.
Әдістемелік нұсқаулар Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жанындағы Қазақстан Республикасының ЖОО – ның экономикалық мамандықтары бойынша Оқу - әдістемелік бірлестікпен басылымға ұсынылған.
Курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар «Кәсіпкерлік» пәнін оқитын студенттерге арналған.
Әдістемелік нұсқауларда курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оны орындау мен рәсімдеу тәртібі анықталған. Қосымшада титульдық бетті рәсімдеу мысалы келтірілген.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Кәсіпорын экономиканың негізгі басты буыны болып табылады, ал кәсіпкерлік негіздерін білу – білікті кадрларды даярлаудың басты шарты.
«Кәсіпкерлік» курсының мақсаты болып студенттерге кәсіпкерлікті ұйымдастыру ілімін, кәсіпкерлік құрылымның стратегиясын құру әдісін, ұлттық экономика мен шаруашылық субъектінің нақты жағдайында кәсіпкерлік қызметтің дамуы бойынша шешім қабылдауға қажет білім беру табылады.
Курстың міндеттері болып табылады:
- кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мазмұнын қарастыру;
- оның даму тенденцияларын қарастыру;
- нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында ынталандыру мен жүзеге асыру нысандарын қарастыру;
- кәсіпкерлік қызметтің тиімділік проблемаларын қарастыру;
- дамудың қаржы – несиелік тетіктерінің мазмұны мен экономиканың әртүрлі сфераларында бизнесті мемлекеттік қолдауды қарастыру.
Аталған пәнді меңгерудің басты сатысы болып курстық жұмысты орындау табылады, оның мақсаты болып нарықтық экономикасы жағдайындағы кәсіпкерлік аясындағы білімді тереңдету табылады.
Ол мақсатқа қол жеткізу үшін мыналар қажет:
өз жұмысы бойынша анықтамалық, әдебиет, тәжірибелік білімдерін меңгеру;
кәсіпкерлік аясындағы талдауларды өз бетінше жүргізуді үйрену;
қабылданатын шаруашылық шешімдерді негіздеу мен талдаудың технико – экономикалық әдістерін меңгеру;
сәйкес тұжырымдамалар жасау және өз тақырыбы бойынша жетілдіру ұсыныстарын жасау;
экономико – математикалық әдістерді меңгеру.
Курстық жұмысты жазу барысында студент келесідей жұмыс түрлерін орындауы қажет:
а) курстық жұмыстың жетекшісімен біріге отырып тақырыпты таңдау;
б) курстық жұмыс тақырыбы таңдалғаннан кейін қажетті әдебиетті іздестіру (Қазақстан Республикасының заңдары, үкімет қаулылары мен таңдалған тақырып бойынша арнайы экономикалық әдебиет);
в) зерттеу объектісі ретінде зерттеу мен талдау үшін өндірістік кәсіпорынды таңдау;
г) барлық жинақталған материлдарды талдау мен негіздеу негізінде зерттелетін объект бойынша құбылыстарға нақты баға беру, қажетті есептеулерді жүргізу, сәйкес тұжырымдар жасау және жұмыста қойылған міндеттері шешу бойынша нақты ұсыныстар жасау.
Курстық жұмысты орындау құрылымы
Курстық жұмыстың тақырыбыны таңдағаннан кейін, студент мыналарды орындауы қажет:
а) қажетті экономикалық әдебиетті таңдау мен зерттеу;
б) жұмыс жоспарын құрастыру және оны ғылыми жетекшімен сәйкестендіру;
в) тәжірибелік материалы (өндірістік, статистикалық және т.б.) және оны өңдеу;
г) жұмыс мәтінін жазу мен қажетті есептеулерді орындауға дайындалу.
Тәжірибелік материалдарсыз орындалған жұмыстар қарастырылмайды және студентке толықтыру үшін қайтарылады.
Күндізгі бөлімде оқитын студенттер, тәжірибелік материалдарға қол жеткізе алмаған жағдайда, экономикалық әдебиеттерде жарияланған мәліметтер негізінде өз жұмыстарын орындауларына болады.
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері болып мыналар табылады:
титулдық бет;
мазмұны;
кіріспе;
негізгі бөлім;
қорытынды;
қолданылған әдебиеттер тізімі;
қосымшалар.
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар
Титулдық бет курстық жұмыстың бірінші беті болып табылады және беттердің жалпы нумерациясынан тұрады. Титулдық бетте номер қойылмайды. Титулдық бет бекітілген үлгіге сәйкес толтырылады (А қосымшасы).
Курстық жұмыстың мазмұны кіріспеден, барлық тараулар мен параграфтардың атаулары мен реттік номерлерінен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, және қосымшалардың нумерациясынан тұрады. Тараулар мен параграфтардың атаулары курстық жұмыстың мәтіні бойынша мазмұндағы атаулармен толығымен сәйкес келуі керек және оларды қысқартып жазуға болмайды.
Кіріспе шешілетін проблеманың қазіргі жағдайы туралы ақпараттан тұруы қажет. Онда курстық жұмыстың өзектілігі, курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, курстық жұмыс орындалатын объект көрсетілуі тиіс.
Негізгі бөлім тараулар мен параграфтардан тұрады. Курстық жұмысты үш тарау негізінде құрастыру ұсынылады, және ол тараулардың әрқайсысы бірнеше параграфтардан тұруы керек.
Бірінші тарау теориялық болып табыалды және таңдалған тақырып бойынша сұрақтар теориясын және оларды тәжірибелік шешу дәрежесін қамтуы керек. Және мұнда тек оқу материалын қарапайым түрде жазуға емес, ғылыми білімдерді шығармашылық, критикалық тұрғыда баяндауға, өз ойын жеткізуге ден қою керек, ол мысалға әртүрлі ғылыми позицияларды қарастыруды, қандай да бір ерекшеліктерді анықтауды, кемшіліктер мен артықшылықтарды анықтауды, есептеу әдістемесін келтіруді қамтиды.
Екінші тару талдау тарауы, онда зерттеудің қазіргті технологиялары мен әртүрлі әдістерді қолданыла отырып, жинақталған тәжірибелік материал талданады, яғни онда кәсіпорынның зерттеу объектісі ретінде алынған кәсіпорынның қысқаша технико – экономикалық сипаттамасы, зерттелетін кәсіпорында қарастырылып отырған мәселе бойынша талдау жасалады, нақты есептеулер жүргізіледі. Сонымен қатар, аталған тарауға сәйкес салалық нарықтың жағдайын сипаттайтын параграф енгізілуі мүмкін. Аталған тарауды жазу барысында автор нақты материалдарды терең зерттеу негізінде жаңа білімдерді синтездеу, сонымен қатар алынған тұжырымдар мен нәтижелерді негіздеу және дәлеледеу қабілетін көрсете білуі қажет.
Үшінші тарау курстық жұмыста жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес тақырып мәселесін бойынша оны ары қарай жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарды қамтуы қажет. Бұл тараудың ерекшелігі, автор мұнда курстық жұмыс тақырыбын ары қарай жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын береді.
Қорытынды жүргізілген зерттеу, сонымен қатар негізгі тұжырымдарды қысқаша сипаттау кезінде алынған теориялық, және тәжірибеліс сипаттағы негізгі нәтижелерді жинақтау түрінде ұсынылуы керек.
Қолданылған әдебиет көздері курстық жұмысты жазу барысындағы қоданылған әдебиет көдері туралы мәліметтерді қамтуы керек.
Қосымшалар. Қосымшада курстық жұмыста айтылған, бірақ қандай да себептер бойынша онда көрсетілмеген мәліметтер көрсетілуі мүмкін. Қосымшада аралық формулалар мен есептеулер, кестелер, нұсқаулар, кәсіпорынның статистикалық және салық есептемесінің бастапқы материалдары көрсетілуі керек.
Курстық жұмысты орындау үшін әдебиет пен басқа да материалдарды іздеу мен олармен жұмыс жасау
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңдарын, үкімет қаулылары, арнайы экономикалық әдебиеттер, ережелер, нұсқаулар, нормативті – техникалық құжаттамалар қолданылуы керек.
Курстық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының газеттерінде, журналдарында жарияланатын мақалалаларды қолдануға болады: «АльПари», «Экономика и статистика», «Промышленность Казахстана», «Транзитная экономика», «Вестник КазЭУ», «Деловая неделя» және тағы да басқа ТМД мен шет мемлекеттердің арнайы экономикалық басылымдарындағы материалдарды қолдануға болады.
Курстық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
Курстық жұмыс А4 (210х297) форматындағы стандартты парақтарда жазылуы керек. Курстық жұмыстың мәтіні мен басқа да элементтері ЭВМ шығарудың басып шығару және графикалық құралдарының көмегімен жазылады. ЭВМ шығарудың басып шығару және графикалық құралдарының көмегімен орындалған курстық жұмыстарда Microsoft WinWord (версия 6.0) редакторы қолданылады, шрифт «Times New Poman», кегль №14. Курстық жұмыстың көлемі 30 – 35 парақ.
Мәтінді парақты түрде жазған кезде келесідей көлемдегі мөлшерлер ұсталынуы қажет: сол жақ - 30 мм, оң жақ – 15 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, төменгі жағы– 20 мм.
«Мазмұны», «Кіріспе»,«Қорытынды», «Қолданылған әдебиеттер тізімі» сияқты курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары, сонымен қатар курстық жұмыс тарауларының атаулары құрылымдық элементтердің атаулары болып табылады. Құрылымдың элементтердің атауларын абзацтан бастап бас әріппен соңына үтір, нүкте қоймай жазу қажет. Атау екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөліп көрсетеді.
Мысал:
Кіріспе
Курстық жұмыстың тараулары жазылу барысында араб цифрларымен көрсетілген реттік номермен белгіленуі керек. Параграфтар әрбәр тарау барысында номерленуі керек. Параграф номері нүктемен бөлінген тарау мен параграф номерлерінен тұрады. Параграф номерінің соңында нүкте қойылмайды. «Тарау», «параграф» сөздері атауларда жазылмайды.
Мысал:
Нарықтық экономика жағдайында еңбекақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Еңбекақы төлеудің мәні және оның қағидалары
Жалақы нысандары мен түрлері
Кіріспе, тараулар, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, курстық жұмыстың қосымшалары жаңа парақтан басталады.
Абзацтар жаңа қатардан жазылады және үш белгіге тең.
Курстық жұмыстың барлық парақтары, соның ішінде сызбалар мен қосымшалар рет – ретімен номерленеді, титулдық парақтан бастап. Парақ номері титулдық бетте қойылмайды..
Парақ номері парақтың төменгі жағында немесе ортасында нүктесіз қойылады. Жеке парақтарда орналасқан сызбалар мен кестелер курстық жұмыстың жалпы номеріне енгізіледі.
Сызбалар
Сызбалар (чертеждар, графиктер, схемалар, диаграммалар, фотоснимоктар) мәтіннен кейін орналасады.
Барлық сызбаларға курстық жұмыста ескерту берілуі тиіс.
Сызбаларды араб цифрларымен барлық курстық жұмыс бойынша жалпы түрде орналастыру қажет.
Сызбалардың атаулары болуы қажет, және егер қажет болса, түсініктемелер берілуі керек. «Сурет» және оның аталуы түсініктемелерден кейін абзацтан бастап жазылады.
Сызбаны бір бетке орындау қажет, егер ол бір бетке сыймасағ оны басқа бетке көшіруге болады.
Сурет пен мәтін арасындағы ара қашықтық 2 интервал немесе 1 «бос қатар» болуы қажет.
Мысал:
I II III IV V
годы
1 саты – жаңалықты енгізу
2 саты – өнеркәсіптік игеру сатысы
3 стадия – көтерілу
4 стадия – кемелдену мен тұрақтану сатысы
5 стадия – төмендеу сатысы
1 сурет – Инновациялық өнім өндірісінің өмірлік циклы.
Кестелер
Сандық материал кесте түрінде толтырылуы керек.
Кестені курстық жұмыста сол кесте туралы айтылған мәтіннен кейін немесе келесі парақта орналастыру керек..
Барлық кестелерге курстық жұмыста нұсқаулар берілуі керек. Нұсқауды жазу барысында номерді көрсете отырып, «кесте» деп жазу қажет.
Кестенің аталуын кестеден кейін бір қатарға абзацсыз тире арқылы сол жаққа жазу қажет.
Қатарлары көп болатын кестені келесі бетке көшіруге рұқсат етіледі. Кестенің жартысын келесі параққа көшірген кезде «кесте» сөзін және оның номеру мен атауын бірінші бөліктің астына жазады, ал екінші бөлігінің астына «жалғасы» деп жаза отырып, кестенің номерін көрсетеді, мысалы: «1 кестенің жалғасы».
Егерде курстық жұмыста бір ғана кесте болса, онда ол «1 - кесте» деп белгіленуі керек.
Қосымшаларды есептемегендегі кестелерді араб сандарымен белгілеу қажет.
Әрбір қосымшаның кестесін қосымшаның сандық белгілеуін санның алдына жаза отырып жеке нумерациямен араб сандарымен белгілейді.
Кестедегі қатарлар мен бағаналардың атауларын үлкен әріптермен жазу қажет, ал олардың қосалқы графаларын кіші әріппкен жазады. Атаулардың соңында нүктелер қойылмайды. Қатарлар мен бағаналар атауларын жеке түрде жазады.
Кестені толтыру барысында мәтіндегіден кішкене шрифтті қолдануға рұқсат етіледі, атап айтқанда №12 кегльді қолдануға болады.
Кестенің төменгі срезы арасындағы ара қашықтық 2 интервал немесе 1 «бос қатар» болуы керек.
Курстық жұмыста кестелерді толтыру мысалы:
1 кесте – Авансталғанг капиталдың табыстылық деңгейі
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жыл |
Есепті жыл |
Ауытқулар (+,-) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Таза табыс, мың теңге |
5040 |
6538 |
+1498 |
2 |
Жалпы активтер (авансталған жиынтық капитал), мың теңге |
30512 |
37254 |
+6742 |
3 |
Авансталған капиталдың табыстылығы, % |
16,52 |
17,55 |
+1,03 |
Атаулар мен қосымшалар
Параграфтар ішінде тізімдік атаулар келтірілуі мүмкін.
Әрбір тізбекті атау алдында дефис немесе қажет болған жағдайда курстық жұмыс мәтінінде нұсқаулар келтіріп отыру қажет, немесе алфавиттің әріптік белгілеуін қолдану қажет (ё, э, о, ч, ь, й, ы, ъ әріптерінен басқаларын), олардан кейін жақша қойылады. Тізбектеуді ары қарай бөлшектеу үшін араб сандарын қолдану қажет, олардан кейін жақша қойлады.
Мысал:
а) ___________________________________________________________
б) ___________________________________________________________
1)_______________________________________________________
2)_______________________________________________________
в)____________________________________________________________
«Қосымша» сөзін бар әріппен абзацтан бастап белгілеу қажет және астын сызбау керек.
Қосымсшаларды кестеге немесе графикалық материалға, мәтін мазмұнына түсініктемелер беру қажет болған жағдайда ғана курстық жұмыста келтіріледі. Қосымшалрды мәтіндік, гарфикалық материлдан кейін немесе осы қосымшалар қатысты болатын кестелерден кейін орналастыру қажет.
Егер қосымша біреу ғана болса, онда «Қосымша» сөзінен кейін тире қойылады. Бір қосымшаны нмоерлемейді. Бірнеше қосымшалар болса реттік тәртіпте араб сандарымен нүкте қоймай номерлеу қажет.
Мысал:
Қосымшалар:
1 ___________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Формулалар мен тепе - теңдіктер
Формулалар мен тепе – теңідіктерді мәтіннен жеке бір қатарға бөліп көрсету керек. Әрбір формуланың немесе тепе – теңдіктің төменгі немесе жоғарғы жағында бір бос қатар қалдыру қажет. Егер тепе – теңдік бір қатарға сыймай қалған жағдайда ол теңдік (=) немесе қосу (+), алу (-), көбейту (х), бөлу (:) және басқа да метематикалық белгілерден кейін келесі қатарға көшіріледі, және де мұнда келесі қатардың басында белгіні қайталайды.
Символдар мен сандық коэффиценттер мәндерінің түсініктемелері формуланың астында, формулада көрсетілген ретпен келтіріледі. Әрбір символ мен сандық коэфиценттің белгісін жаңа қатардан беру қажет. Түсініктеменің бірінші қатарын «мұндағы» деген сөзден кейін қос нүктесіз бастай береді.
Курстық жұмыста формулаларды дөңгелек жақшаларда араб сандарымен формула қатарының оң жағына қою арқылы белгілеу қажет..
Мысал:
Кп = Та/ Ко (1)
мұндағы Кп – кәсіпорынның ағымдық жағдайының коэффиценті;
Та – ағымдық активтер;
Ко – тауарлы – материалдық қорлар қысқа мерзімді міндеттемелер
Сандық мәндер
Стандартпен бекітілген шамалардың сандық мәндері шекті ауытқулармен немесе ең үлкен немесе ең кіші шама ретінде берілуі керек.
Мысал:
80 мм ± 2 мм
Сандық мәндерді пайыз түрінде белгілеген жағдайда былайша жазу қажет:
63 % - дан 67 % - ға дейін немесе (65 ± 2) %, былай емес (65 ± 2 %).
Рим сандарын тек ғасырды, бұйымның сортын (категориясын, класын және т.б.) химиялық элементтердің валенттілігін, жыл кварталдарын, жартыжылдықты белгілеген жағдайда ғана қолданады. Басқа жағдайлардың бәрінде араб сандары қолданылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қоланылған әдебиеттер туралы мәліметтерді қолданылу барысында араб сандарымен нүкте қоя отырып белгілеу қажет.
Мысал:
Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа – М.: ИНФРА, 1995.
Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. – Минск: Вышэйшая школа, 1995.
О бухгалтерском учете. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона от 26 декабря 1995, №-2732 // Казахстанская правда, 1996, 5 января.
Учет и анализ в промышленном производстве США. Под ред. Н.Г Чумаченко.– М.: Финансы, 1971.
Қосымша
Қосымшаларды курстық жұмыстың жалғасы ретінде рәсімдеу керек, және оны курстық жұмыстағы нұсқаулардың реттілігіне сәйкес орналастыру қажет.
Әрбір қосымшаны жаңа жолдан бастап жоғарғы жақтың ортасында «Қосымша» деп жазып және оны белгілей отырып, жазу қажет.
Қосымшаның аталуы болу керек, ол симметриялы түрде жеке қатармен бас әріппен жазылады.
Қосымшаларды алфавит әріптерінің үлкен әріптерімен белгілейді, тек мына әріптерді қоспағанда З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ.
Егерде курстық жұмыста қосымша ретінде құжат қолданылса, оны курстық жұмысқа өзгеріссіз енгізеді. Құжаттың титулдық бетінде ортасыда «Қосымша» сөзін жазып номер қояды, ал құжат орналасқан парақтарды курстық жұмыстың жалпы нумерациясына қосады.
Курстық жұмысты қорғау
Аяқталған курстық жұмыс тексеріледі және оған ғылыми жетекшімен қол қойылады және ол кафедраға қорғау алдында комиссияға тексерілуге тапсырылады.
Курстық жұмысты қорғау кезінде студент:
а) қысқаша (5-10 минут) түрде жұмыстың мазмұнын, есептеулерді орындау әдістерін баяндауы қажет;
б) комиссия мүшелерімен қойылған барлық сұрақтарға жауап беруі.
Комиссия бағаны бес баллдық шкала бойынша қояды.
А қосымшасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т.РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша
тақырыбы:____________________________
Орындаған:
5В050600 «Экономика» мамандығының
Күндізгі (сырттай) оқу бөлімінің
студенті _________________________
Ғылыми жетекші:__________________
Қабылдаған: ______________________
Алматы, 2012ж.
Курстық жұмыс тақырыптары
Ескерту: 2 рубеждік бақылауға дейінкурстық жұмыс (жоба) өткізбеген студент сәйкес пән бойынша емтиханға жіберілмейді.
Өнеркәсіптік кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру
Кәсіпорында еңбекті ынталандыру жүйесін жетілдіру жолдары
Өндірістің табыстылығын арттыру жолдары
Өндірістік кәсіпорында өнім сапасын басқару
Өнім сапасын көтерудің экономикалық тиімділігі
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру тетіктері
Кәсіпорында фирмаішілік жоспарлауды ұйымдастыру
Нарық жағдайында кәсіпорын қызметін жоспарлауды ұйымдастыру
Кәсіпорынды дамытудың экономикалық стратегиясын қалыптастыру
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттары
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары
Айналым құралдарын басқаруды жетілдіру
Кәсіпорынның айналым құралдарын пайдалану тиімділігін арттыру
Нарық жағдайында кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорында еңбек өнімділігін жоғарылату жолдары
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру
Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау
Өндірістік кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыруды жетілдіру
Өнеркәсіптік кәсіпорында кәсіпкерлік тәуекелдікті төмендету бағыттары
Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігі
Өндірістің инновациялық белсенділігін көтеру жолдары
Өндірістік кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін арттыру
Өндірісті реконстукциялау мен жаңартудың экономикалық тиімділігі
Өндіріске жаңа техниканы енгізу мен пайдаланудың экономикалық тиімділігі
Кәсіпорынның материалдық емес активтерін пайдалануды жақсарту
Бәсекелік ортада кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру
Кәсіпорында өнімді дифференцияциялаудың экономикалық тиімділігі
Нарық жағдайында кәсіпорын өніміне баға белгілеу
Кәсіпорында логистикалық қызметті ұйымдастыру тиімділігі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маркетингтік жүйенің тиімділігі
Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын дамыту және оның тиімділігі
Кәсіпорынның экспорттық стратегиясын қалыптастыру және жетілдіру
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары
Өндірісте шығындарды басқаруды жетілдіру
Акционерлік қоғам қызметінің экономикалық тиімділігі және оны бағалау
Өнеркәсіпте инновациялық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыру және дамыту
Өнеркәсіпте венчурлық кәсіпкерлікті дамыту тетіктері
ҚР-да шағын шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық тиімділігі
Шағын және орта бизнес инфрақұрылымын жетілдіру жолдары
Өндірістік кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі
Нарық жағдайында өндірісте кәсіпкерліктің франчайзингтік жүйесін дамыту
ҚР-ның өнеркәсіптерінде әлеуметтік әріптестікті дамыту
Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі
Кәсіпорынның өнімді өткізу қызметін ұйымдастыру және тиімділігін арттыру
Кәсіпорында еңбек күшін пайдалану тиімділігін арттыру
Кәсіпорын мүлкін бағалау және пайдалану тиімділігін жоғарылату
Кәсіпорынның кластерлік жүйеде қызмет ету тиімділігін арттыру
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы тәжірбиелік және ілімдік аспектілер
Кәсіпорынның бәсекелес стратегиялардың қалыптасуы