Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
441.52 Кб
Скачать

Тақырып 6. Айналым капитал

Тапсырма №6.Кәсіпорынның айналым құралдарының айналу көрсеткішін есептеу және талдау.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Айналым қорларының құрылымы жеке өндiрiстiк айналым қорларының элементтерi мен айналым құралдарының ара-қатынасын бiлдiредi, яғни айналым құралдарының жалпы сомасындағы әр элементтiң үлесiн бiлдiредi.

Өндiрiстiк айналым қорларының басымды бөлiгiне шикiзат, негiзгi және көмекшi материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, отын және жанармай сияқты еңбек құралдары жатады. Сонымен қатар өдiрiстiк айналым қорларына құны төмен және тез тозатын заттар, құралдар, арнайы құрылғылар, инвентарь, ағымдағы жөндеуге қажет қосалқы бөлшектер, арнайы киiм сияқты еңбек заттары да жатады. Бұл еңбек заттары бiр жылға дейiн қызмет етедi. Айналыстағы құралдар құнының шектеулiгi өзгерiп отырады, олар негiзгi қорлармен жүргiзетiн бағалау мен оларды сатып алу кезеңiне байланысты.

Сонымен бiрге кәсiпорында бұл еңбек заттарының атаулары мыңға жуық болады, соның нәтижесiнде ол тозу есебiн жүргiзудi техникалық жағынан қиындатады. Сондықтан тәжiрибеде оларды негiзгi емес айналым қорларына жатқызады.

Аталған құралдар мен еңбек заттары өндiрiстiк айналым құралдарының тобы өндiрiстiк запастарды құрайды. Олармен қоса өндiрiстiк айналым қорларына аяқталмаған өндiрiс пен болашақ кезең шығындары кiредi.

Өндiрiстiк айналым қорларын аванстайтын құралдардың негiзгi мiндетi өндiрiстiң үздiксiздiгiн және ырғақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Өндiрiстiк айналым қорларынан басқа кәсiпорындарда айналыс қорлары болады. Оларға қоймадағы дайын өнiм, тиелген тауарлар, кәсiпорын кассасындағы және банк счеттерiндегi ақша-қаражаттары, дебиторлық қарыздар, басқа счеттегi қаражаттар жатады. Айналыс қорларының негiзгi мiндетi айналыс үрдiсiн ресурстармен қамту болып табылады. Айналым құралдарының құрылымы мен құрамы экономиканың әртүрлi саласында бiрдей емес. Олар өндiрiстiк, экономикалық және ұйымдастырушылық тәртiп факторларымен анықталады. Мысалы машина жасау саласында өндiрiстiк цикл ұзақ болғандықтан аяқталмаған өндiрiс үлесi жоғары. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарында басты орынды шикiзат пен материалдар алады (мысалы тоқыма өнеркәсiбi). Сонымен қатар тамақ өнеркәсiбiнде (мысалы сүт, май өндiретiн кәсiпорындар) көмекшi материалдар запасы жоғары.

№ 6 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы –3 балл.

Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 6 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

  2. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

  3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.