Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
441.52 Кб
Скачать

Тақырып 8. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі. Еңбек ақы төлеу

Тапсырма №8. Еңбек ақы жүйесі мен еңбек ақы қорын пайдалану көрсеткіштері

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Еңбек өнімділігінің деңгейі 2 көрсеткіш арқылы анықталады.

  1. Белгілі еңбек бірлігінде өнімді шығарумен анықталады. (таза көрсеткіш)

  2. Еңбек сиымдылығымен (кері көрсеткіш)

в =В/Т

в - белгілі еңбек бірлігінде шығарылған өнім

В - шығарылған өнім көлемі

Т- өнім шығаруға кеткен нақты уақыт.

t= Т/В=1/в кері көрсеткіш.

t- еңбек сиымдылығы

Еңбек ресурстарының сандық сипатттамалары кәсіпорын мақсатын орындау үшін және жұмыстарын атқару үшін жұмысшының кәсіби және біліктілігінің жарамдылық дәрежесін анықтайды. Еңбек қызметіне байланысты кәсіпорын мамандары мамандығы және біліктілік деңгейіне байланысты бөлінеді.

Профессия – бұл белгілі бір теориялық білімдер мен тәжірибелерді талап ететін еңбек қызметінің ерекше түрі.

Мамандық – жұмысшылардың қосымша арнайы білім тәжірибесін талап ететін және спецификалық ерекшелігі бар професссия шегіндегі қызмет түрі.

Жылдық еңбек ақы қоры еңбек сиымдылығы мен күрделілігі негізінде жоспарланады.

Фр= Тпл*Чср*(1+Кд)

Фр - жылдықеңбек ақы қоры

Тпл - жылдық өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығы

Чср - орташа тарифтік ставка (теңге /сағ)

Кд – жұмысшыға төленетін сыйақыны есепке ала отырып, қосымша еңбек ақының коэффициенті (%)

Барлық персоналдардың еңбек ақы қоры келесі формуламен анықталады:

Фр= 12Мм*Чпл*Кср*(1+Кд)

Мм- еңбек ақының төменгі мөлшері

Чпл- өнеркәсіптік өндірістік персоналдардың жалпы саны

Кср- жұмысшылардың орташа біліктілік коэффициенті

Жеке категориядағы жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы жылдық еңбек ақы қорын орташа жылдық санына бөлу жолымен анықталады.

Зср= ФР/12*Рср

Рср- жұмысшылардың орташа жылдық саны.

Еңбек өнімділігінің өсімі % келесі формуламен анықталады:

Птр=Эi*100/Чпл-Э

Эi- жеке фактор боцынша есептелген жұмыстан босатылған жұмысшылардың мүмкін саны.

Мысал.Тікелей мәміле бойынша еңбекақы төлеу негізінде төленген жұмысшының еңбекақысын есептеу керек, А бұйымын дайындауға өңдеу нормасы 20 дана/сағ, 4 разряд бойынша және Б бұйымыныңөңдеу нормасы 12 дана/сағ, А бұйымы бойынша 1000 және Б бұйымы 600 дана дайындалды. Сағаттық тарифтік ставка 4 разряд бойынша 250 тенге.

Шешуі: А бұйымы бойынша: 1000/20=50; 50*250=12500

Б бұйымы бойынша: 600/12=50; 50*250=12500

  1. Кәсіпорынның негізгі цехы 2 млн 500 мың тг. Өнім дайындады. Оның ішінде ішкі өндіріс қажеттіліктерге 150000 тг. Өнім жұмсалды. Қосымша цехтар бойынша сату үшін 470000 тг. Көлемінде өнім өндіріледі, 600000 тг. Соммасы келісім шарт бойынша жөңдеу жұмыстары орындалды. Анықтау керек кәсіпорынның тауарлы өнім көлемі.

Бақылау нысаны: есептер шығару

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Тапсырманы орындау мерзімі: 8 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

  2. Экономика предприятия. Учебное пособие/ Куатова Д.Я. Алматы, Изд.: «Экономика», 2011г.

Тақырып 9. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

Тапсырма №9. Инвестициялық стратегияны әзірлеу тәртібі мен инновациялық белсенділікті анықтау

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Батыс Еуропа және Жапония елдерінің әлемдік экономикада жетекші орындарын алып қалу мақсатының нәтижесінде «экономикалық жарылыс» болды. Технологиялық көшбасшылыққа таласу өз экономикаларының бәсеке қабілеттілігін арттырып, сыртқы саудада жоғары пайда әкелді.

Бұл кезеңде коммунизм мен капитализмнің бір-біріне қарама-қарсы тұруының нәтижесінде «қару-жарақтар жарысы» басталды. Оның негізі жаңа ғылыми-техникалық революция жетістіктеріне байланысты, нәтижесінде олар «жоғары технологиялар» деп аталды. Бұл бір-бірімен бәсекелес елдердің әскери-өндірістік комплекстерінде теориялық ашуларды тез меңгеруге алып келді. Әлемдік тәжірибеге сай алғашқы инновациялық инфрақұрылым элементтері территориялық ғылыми-өнеркәсіптік комплекстер болып табылды. Сол уақыттарда инновациялық инфрақұрылымның негізгі элементі ғылыми парктер болды. Сонымен бірге ғылыми парктердің келесідей түрлері қалыптасты:

  • технопарктер;

  • зерттеу парктері – жаңашылдықты жетілдіруде тек техникалық үлгісін жасайтын сатысына дейін қызмет етеді;

  • инкубаторлар;

  • технополистер;

Барлық ғылыми парктерді үш модельге байланыстырсақ болады: америкалық модель (АҚШ, Ұлыбритания), жапондық модель (Оңтүстік Корея ж.т.б.) және аралас модель (Франция, Германия ж.т.б.). Америкалық модельдің негізгі ерекшелігі, ғылыми парктер ірі университеттердің немесе ғылыми зерттеу орталықтарының жанынан құрылуы болып табылады. Бұл жерде жерге меншік университеттің немесе ғылыми орталықтың басқаруында болады. Осы территорияда ғылыми зерттеулерге және инновациялық қызметтің дамуына қажет барлық қызмет түрлері көрсетілді. Бірақ, университеттің өзі оның құрылуында тек көмекші роль атқарды. Оның негізгі қызметі кәдімгі жалға берушімен салыстырғанда, қолайлы жағдайда жерді жалға беруге бағытталды.

Кез келген нарықта бір баға түрі бағалық элементтердің қалыптасу үдерісіне байланысты. Құрамдас элементтері бойынша тауар бірлігінің бағасы (Б) былай анықталады:

Б= Өқ +П+ҚҚС + Сү (1)

мұндағы Өқ-тауардың өзіндік құны;

П-пайда;

Сү-делдалдық саудалық үстемесі, ол оның жеке шығындары,

пайдасы және ҚҚС-нан тұрады.

Егер фирма акциздік тауарларды өндіретін болса, онда тауар бағасы мына формуламен анықталады:

Б=Оқ+П+А+ҚҚС+Сқ (2)

мұндағы А-акциз салығы;

Мысалы. «Асем-ай» минералды су өндіретін кәсіпорынның 1литр газды суының бағасын анықтайық. 2009 ж. Кәсіпорынның толық өзіндік құны 10670353 теңгені құрайды, өнім көлемі – 222650 дана.

Тауардың өзіндік құны – 10670353/222650=47,92

Б= Өқ +П+ҚҚС + Сү

Б= 47,92 + 12 + 5,56 + 9,6= 75,16

  1. Кәсіпорын өз құны 7000 тг. Және рентабельдігі 20%болатын жаңа өнімді шығаруды жоспарлайды.Толық шығындар әдісімен жаңа өнімнің бағасын анықтаумыз керек.

  2. Өнеркәсіптік кәсіпорын бірдей бастапқы материалдан өнімнің А, В және С үш түрін дайындайды. Өндірісітік процесті талдау нәтижесінде өнімнің әр түрлі түрін шығаруға жұмсалған шығындар шамамен бір – біріне үйлесімді. Сонымен қатар мынаған қарауға болады, А өнімінің 1т жұмсалатын шығын өніміне В өніміне жұмаслатын шығынның жартысын құрайды, С өнімінің 1т – 1,8 бөлігі жұмсалады. Есеп беру кезңінде А өнімінің 30 мың тг тонна, В өнімінің 21 мың тонна, С өнімінің 44 мың тг өндірілді. Есесп беру кезеңіндегі жалпы шығын 2300 тг. Баламалық көрсеткішінің көмегімен (шартты-табиғи калькуляциялық бірліктің өзіндік құнын пайдаланып) өнімнің әрбір түрінің 1 тонна өндуге жұмсалатын шығынды анықтау керек.

Бақылау нысаны: есептер шығару

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Тапсырманы орындау мерзімі: 9 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. 1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

  2. Экономика предприятия. Учебное пособие/ Куатова Д.Я. Алматы, Изд.: «Экономика», 2011г.

Тақырып 10. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары

Тапсырма №10.Шығындар сметасы мен өзіндік құн калькуляциясы.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Өндірістік шығындарға негізгі қор, жанармай, материалдар, шикізат шығындарына кеткен қаржыны жатқызуға болады.

Мақсатты шағындар, негізгі шығындарға тең, амортизациялық аударылымдарға, мотивизациялық шығыстарға, персоналды қамсыздандыруға және тағы басқа қамсыздандыруға келісетін шағындар.

Сондықтан өндірістік шағындар өндіріске кеткен шығындар деген сөздер келесі мәтіндерде синоним ретінде қолданылады.

Өнімді өндірген кезде кететін шығындар, яғни өндірістік шығындар келесідей факторларға байланысты болады:

  • Өнімді өндіру үшін қажетті технологиялардың жұмсалуы және өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы;

  • Табиғи шикізаттардың пайдаланылуы;

  • Өндіріске дайын болу және оны дұрыс меңгеру;

  • Технологияны жаңарту және оны ұйымдастыру, сонымен қатар өнім сапасын жоғарылату, оған деген сенімділікті күшейту және тағы сол сияқты;

  • Өнімді өндірер алдында, оған алдын - ала жоба жасау, яғни ойдан сол тауарды құрастыру, арнайы модель немесе үлгілер жасау, эксперимент жұмыстарын жүргізу және де осы жұмыстарды жүзеге асыратын адамдарға авторлық жұмысына сыйақылар беру;

  • Өндірістік процесті қамтамасыз ету, яғни өндіріске қажетті шикізат, материалдар, отын, энергия, құрал – жабдықтар және басқа да еңбек құралдары, жұмысқа жарамды негізгі өндірістік қорлар, санитарлы - гигиеналық жұмыстарын жүргізу және осылармен қамтамасыз ету;

  • Жұмысшыларға еңбек еткен кезде жақсы жағдай жасау және техникалық сақтандыруды қамтамасыз ету;

  • Өндірісті басқару, яғни фирма немесе кәсіпорында қанша адам жұмыс істейді, ол фирманың құрылымы қандай, және қандай жұмыстарды жүзеге асырып отыр, осы фирмаға кеткен ақпаратты, консультациялық, аудиторлық қызметтерге шығындарды есептеу;

  • Кадрлар дайындау және қайта дайындау;

  • Мемлекеттік қорға кететін шығындарды есептеу, яғни әлеуметтік сақтандыруды мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлу, зейнетақымен қамтамасыз ету, осылардың бәріне белгілі мөлшерде ақша беру;

  • Медициналық сақтандыруды және тағы басқаларымен қамтамасыз ету;

  • Әрине, кәсіпорын қызметінің нәтижесі қаншалықты өнім сатылды (қызмет көрсетілді) содан көрінеді. Ал оның ақырғы нәтижесі сатылған өнім көлемі мен сол өнімді өндіруге кеткен шығын арқылы анықталады.

Жалпы нарықтық экономика жағдайларында, жақсы нәтиже беретін шағындарды қалыптастыру керек. Сондықтан шығындарды басқаруға аса маңызды көңіл бөледі. Кез келген обьектінің басқарушылығына сәйкес, кәсіпорын шығындарын басқару оның барлық қызметінің орындалғанын болжау қажет.

Шығындарды басқару қызметі басқару элементінің циклы арқылы жүзеге асады: жоспарлау, ұйымдастыру кординациялау және реттеу, ынталандандырушы және активизация, есеп және талдау.

Шығындардың жоспарлауының негізгі міндетті жоспарлау кезінде материалды,өндірістік және айналым процесіндегі еңбек және басқа ресурстарды үнемдеу арқылы өндірістік шығындарды дұрыс анықтау.

Кәсіпорын шығындарын жоспарлау үшін әр түрлі көрсеткіштерді қолданады. Олардың ішіндегі ең негізгісі ол, 1 дана өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және 1 теңгеге шаққандағы шығыны. Сонымен қатар өткізген өнімнің өзіндік құны жоспарлағанда, шығындар элемент түрінде көрсетілген өнімге кеткен өзіндік құнды құрайтын шығындар сметасы жасалынады.

Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның табыстары мен шығындарының өзара байланысын қамтамасыз ететін және оның қаржылық тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қаржы ресурстарының қалыптасуы мен пайдаланылуы бойынша іс- әрекеттерді жоспарлау.

Қаржылық жоспарлау барысында келесідей есептеулер жүргізіледі:

  1. кәсіпорынның табыстары (пайда) мен шығыстарын жоспарлау;

  2. меншікті айналым қорларына қажеттіліктерді есептеу;

  3. ақша ағымдарын талдау және жоспарлау;

  4. қажетті қаржы ресурстарын есептеу, яғни ішкі және сыртқы қаржыландыру көлемі мен құрылымы, несиелік ресурстарға қажеттіліктер;

  5. кәсіпорынның табыстары мен шығындарының балансын құру.

Зиянсыздық нүктесін анықтау үшін (өндірудің қауіп-ті көлемінің нүктесі, немесе "өлі нүкте") өзіндік құн, өткізу көлемі және табыс арасындағы өзара байланысты көрсететін келесі негізгі теңцеуді пайдалануға болады:

Мысал. Кәсіпорынның зиянсыздық нүктесін анықтау. Өнімді өткізуден түскен табыс – 260000000 тенге, Айнымалы шығындар – 35201000 тенге, Маржиналды табыс – 224799000 тенге, тұрақты шығындар – 12941100 тенге, жиынтық табыс – 211857900тенге.

Маржиналды табыс коэффициенті = 224799000/260000000=0,86

Зиянсыздық нүктесі = 12941100/0,86 =15047790,7тг.

1. Өнімді өткізуден түскен түсім 600мың тг., өнім өндірісіне кететін шығындар 400мың тг., материалдық құндылықтарды өткізуден түскен пайда 15000тг., мүлікті жалға беруден түскен пайда 7мың тг., салықтық төлемдер 80мың тг., кәсіпорынның меншікті капиталының шамасы 1700мың тг.

Анықтауымыз керек: Жалпы табыс, сату рентабельдігі және кәсіпорынның меншікті капиталының рентабельдігін анықтау.

Бақылау нысаны: есептер шығару

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Тапсырманы орындау мерзімі: 10 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

2. Экономика предприятия. Учебное пособие/ Куатова Д.Я. Алматы, Изд.: «Экономика», 2011г.

3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

Тақырып 11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Тапсырма №11. Маркетингтік стратегияны әзірлеу тәртібі және өндірістік қызметін үйлестіру кезеңдері

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

«Бизнес» сөзі табыс әкелетін кез келген іс, қызмет. Бизнес сөзі кәсіпкер түсінігінің синонимі ретінде қарастырылады.

Бизнес – бұл кәсіпкерлер, тұтынушылар, жұмыскерлер, мемлекеттік органдар сынды нарық қатысушылары арасындағы қарым-қатынастар жиынтығы.

Бизнес-жоспар - бұл қандай да бір коммерциялық жобаны жүзеге асыру және жаңа кәсіпорындарды құру үшін жүргізуге қажетті іс-әрекеттердің негізделуін білдіретін құжат. Бизнес –жоспар 3-5 жылға жасалады.

Бизнес-жоспар жасау келесі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді:

1. Істі қалай дұрыс бастау қажет?

2. Өндірісті қалай тиімді ұйымдастыру қажет?

3. Алғашқы табыстар қашан алынады?

4. Қай мерзімде кредиторлармен есеп айырылысу қажет?

5. Мүмкін болатын тәуекелді қалай төмендету қажет?

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның рыноктық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты бернесі ретінде қаралады. Осы жағдайға байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы өнім шығарушы кәсіпорынның ішкі және сыртқы рыноктың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге, кәсіпорынның маркетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнімді өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, тауарларды өткізуді тиімді ұйымдстыруды жолға қою, тағы басқа да шаралар жатады.

Маркетинг – бұл шын мәнінде, кәсіпорынның кез келген шаруашылық қызметін басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.

Маркетинг – бұл рынокты талдау, кәсіпорындар қызметінің әр қилы түрлерінің өзара іс қимылдарын қамтитын өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізудегі кешенді жүйе: жоспарлау, баға құрылымы, сату (сатып алу), шикізаттарды жеткізу, өнім (тауарлар) және қызмет көрсету.

Маркетинг – нарық жағдайында іс жүргізудің басты концепцияларының бірі.

Маркетингтің негізгі мақсаты – сатып алу, сату процесінде ең жоғары мөлшерде пайда табуды, сонымен бірге оның міндеті - кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын барынша қалыптастыру және стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету.

Маркетинг қызметі жүйесінде, сол сияқты кәсіпорынның басқа да жеке міндеттері шешіледі:

  • рынок, тауарлар, тұтынушылар және бәсекелестер жөнінде сенімді, дер кезінде және шынайы жарнамалармен қамтамасыз ету;

  • кәсіпорынның тауар өндірудегі мүмкіншілігі;

  • тұтынушыларға ықпал ететін сұраныс, рынок, бәсекелестер.

  • маркетингтің экономикалық мәні мына төмендегі нәтижелілікті тұжырымдайды:

  • тауарлардың бәсекеге жарамдылығын жасау;

  • тауарларды жылжытуды жеделдету;

  • сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру;

  • өндірістің тиімділігі және тауарлар сату.

  • маркетинг қызметі жағдайында рынок екі түрге ажыратылады:

  • сатушы нарығы (рыногы);

  • сатып алушы нарығы (рыногы).

Сатушы рыногы – бұл шын мәнінде, тапшылық рыногы, онда сатушылар үлкен билікке ие болады. Сатып алушы рыногы – бұл шын мәнінде толықтырылған рынок, мұнда сатып алушылар үлкен билікке ие. Өнімге бағдарланған маркетинг, мынадай жағдайда қолданылады, егер де кәсіпорынның қызметі жаңа тауарларды шығаруға немесе шығарылғанды жетілдіруге бағдарланса. Мұның негізгі мақсаты – тұтынушыларды жаңа немесе жетілдірілген тауарды алуға ынталандыру болып табылады.

Бақылау нысаны: сұрақтарды талқылау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Тапсырманы орындау мерзімі: 11 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

2. Экономика предприятия. Учебное пособие/ Куатова Д.Я. Алматы, Изд.: «Экономика», 2011г.

3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

Тақырып 12. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету

Тапсырма №12. Кәсіпорын табысының қалыптасуы мен бөлінуі.

Сұрақтарды талқылау және есептерді шығару:

1. Табыс немесе пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде. ҚР-сының Салық Кодексі бойынша жалпы жылдық табысты есептеу кезіндегі табыстардың түрлері. Табысты қалыптастыру және бөлу тәртібі.

2.Кәсіпорын төлейтін салықтарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорындағы салық салу. ҚР-ның Салық Кодексі бойынша табысты анықтау кезіндегі шегерімдердің сипаттамасы.

3.Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші. Рентабелділік деңгейін көтеру және кәсіпорынның ішкі күштерін пайдалану жолдары.

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Тапсырманы орындау мерзімі: 12 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

2. Экономика предприятия. Учебное пособие/ Куатова Д.Я. Алматы, Изд.: «Экономика», 2011г.

3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

Тақырып 13. Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі. Табыс және өндіріс рентабельділігі

Тапсырма №13. Кәсіпорын табысының қалыптасуы мен бөлінуі.

Сұрақтарды талқылау және есептерді шығару:

1. Табыс немесе пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде. ҚР-сының Салық Кодексі бойынша жалпы жылдық табысты есептеу кезіндегі табыстардың түрлері. Табысты қалыптастыру және бөлу тәртібі.

2.Кәсіпорын төлейтін салықтарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорындағы салық салу. ҚР-ның Салық Кодексі бойынша табысты анықтау кезіндегі шегерімдердің сипаттамасы.

3.Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші. Рентабелділік деңгейін көтеру және кәсіпорынның ішкі күштерін пайдалану жолдары.

Есептерді шығару:

Есеп №1: Кәсіпорынның өнім көлемі (сатылытын) – 3 млн тенге. Сатылатын өнімнің толық өзіндік құны – 260 млн тенге№ Басқа кәсіпорынның жарғы қорындағы үлестік қатысуынан алатын табысы – 100 мың тенге, тауарларды бағалаудан түскен табыс – 50 мың тенге. Кәсіпорын 15 мың тенге сомасында айып төледі. Кәсіпорынның жалпы пайдасын анықтаңыздар.

Есеп №2: Егер негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны 520 теңгеге тең, мөлшерленген айналмалы қорлар -100 мың теңге. Өнімді сатудан түскен пайда 217 мың теңгеге тең болса, өндірістік қорлардың табыстылығы қаншаға тең болады?

Есеп №3: Зауытта жылына 4000 тонна өнім өндіріледі. 1 тонна өнімнің көтерме бағасы – 600 теңгеге, өнімнің бір данасының өзіндік құны – 1 теңге, өнімнің көтере бағасы 70%- ды құрайды. Өнімді сатудан түскен пайда қаншаға тең болады?

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Табыс әрбір кәсіпорынның тиімділігінің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.

Сату рентабельділігі (айналым)

Рсату=

Таза табыс

 100%

Өнім өткізуден түскен түсім

Бұл көрсетікіш өнімді шығаруға кеткен шығындар мен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін сипаттайды.

Активтер рентабельділігі:

Ра=

Таза табыс

 100%

Кезең соңындағы активтер

Бұл көрсеткіш кәсіпорнының барлық мүлігінің (айналым және негізгі капиталының) қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Негізгі капиталдың рентабельділігі:

Рн.к.=

Таза табыс

 100%

Есеп беру кезең соңындағы негізгі капитал – амортизация

Кәсіпорынның негізгі қорларының қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Тиімділіктің салыстармалы көрсеткіштері:

– активтердің айналымдылығы

Ка.а.=

сату көлемі

активтердің жылдық құны

Кәсіпорынның тауарлары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды.

– негізгі капиталдың айналымдылығы

Кн.к.а.=

сату көлемі

негізгі капитал

Негізгі капиталға салынған қаражаттың қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Өтімділік көрсеткіштері:

Жабу коэффициенті:

Кжабу=

ағымдағы активтер

ағымдағы міндеттемелер

Активтердің өтімділік жалпы бағасын береді. Кәсіпорынның ағымдағы активінің қанша теңгесі, ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.

Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициент жабу коэффициенті сияқты есептелінеді бірақ ағымдағы активтердің бір бөлігімен есептелінеді, есептеуден өндіріс запастары алынып тасталады.

1-кесте - Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Есептеу әдістемесі

1. Еңбексыйымдылығы

еңбек саны

шығарылған өнім көлемі

2. Материалсыйымдылығы

материалға кеткен шығындар

шығарылған өнім көлемі

3. Материал қайтарымдылығы

шығарылған өнім көлемі

материалға кеткен шығындар

4. Қор қайтарымдылығы

шығарылған өнім көлеміне

негізгі өндірістік қорлардың орташа құны

5. Қорсыйымдылығы

негізгі өндірістік қорлардың орташа құны

шығарылған өнім көлеміне

6. Сату рентабельділігі

Пайда

100

Өткізуден түскен түсім

7. Өнім рентабельділігі

Өткізуден түскен түсім

Өнім өндіруге және өткізуге кеткен шығындар

8. Өнім рентабельділігі

Өткізуден түскен түсім

негізгі өндірістік қорлардың орташа құны

Кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның айналым құралдарының жағдайымен тікелей байланысты, сондықтан да кәсіпорындар оның ең тиімді қозғалысы мен пайдаланылуына мән береді.

Айналым құралдарын пайдаланудың тиімділігі экономикалық көрсеткіштер жүйесімен, ең алдымен айналымдылығымен сипатталады.

Айналым құралдарының айналым ұзақтығы мына формуламен анықталады:

О = С: (Т/Д)

Мұндағы, О – айналым ұзақтығы,

С – айналым құралдарының қалдығы,

Т – тауарлы өнім көлемі,

Д – периодтағы күн саны.

Айналым ұзақтығының қысқаруы айналым құралдарын пайдаланудың тиімділігін көрсетеді.

Айналым құралдарын қолданудың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер мыналар болып табылады. Айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті, ол тауарлы өнім көлемін айналым құралдарының қалдығына бөлу арқылы анықталады.бұл жағдайда айналымдылық коэффициенті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым айналым құралдары тиімді қолданылады.

Табыс алу үшін қолданылған табыс пен капитал қатынасы арқылы табылатын капитал рентабельділігі шаруашылық жүргізушы субьектісі қызметі тиімділігін сипаттайтын ең басты және ең көп қолданыстағы көрсеткіш болып табылады.

Бақылау нысаны: сұрақтарды талқылау және есептерді шығару

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Тапсырманы орындау мерзімі: 13 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

2. Экономика предприятия. Учебное пособие/ Куатова Д.Я. Алматы, Изд.: «Экономика», 2011г.

3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

Тақырып 14. Кәсіпорын қаржысы

Тапсырма №14. Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері

Сұрақтарды талқылау және есептерді шығару:

1.Кәсіпорынның қаржылық ресурстары. Кәсіпорындағы қаржы қатынастар көрінісінің нысандары. Кәсіпорынның қаржы қызметінің негізгі қағидалары мен ұйымдастыру бағыттары.

2.Қаржы механизмі: құрамдық элементтер, құқықтық, нормативтік тетіктер және ақпараттық қамтамасыз ету.

3. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері. Қаржылық жоспарлау. Несиелер, оларды берудегі негізгі қағидалар. ҚР-ның банк жүйесі, негізгі ерекшеліктері.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы. Табыс — төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесематериалдың құндылықты алуды көрсетеді.

Кәсіпорындардың қаржысын ұымдастырудың қажетті қағидаты — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.

Қаржы резерві дегеніміз - уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған қаржы түрі.

Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің, артуы немесе капитал меншігінің кебеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте, кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы, жеке табыс болып қолданылады.

Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауаларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, несие берілгендегі алынатын тиісті пайыздар және басқа да ақшалай және материалдың түсімдер жатады.

Кәсіпорын экономикасын зерделеудің негізгі объектісіне жататындар:

• кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп ондірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;

• өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;

• шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;

• өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысың қорландыру;

• өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;

• өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;

• өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;

• өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға;

• кәсіпорынның жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар;

• кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.

Сонымен, кәсіпорын экономикасы — өндіріс факторларының жиынтығы (меншіктік және қарызгер), өндірістік емес факторлар (бала бақшалар, профилактория және т.б.), айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорындардың есепшоттарындағы ақша қаражаттары, кұнды қағаздар, материалдық емес меншікті қор (патенттер, лицензиялар және т.б.), өнімді сатунәтижесіндегі табыстар немесе зияндар және түрлі қызмет көрсетулер.

Бақылау нысаны: сұрақтарды талқылау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 8 балл

Тапсырманы орындау мерзімі: 14,15 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

2. Экономика предприятия. Учебное пособие/ Куатова Д.Я. Алматы, Изд.: «Экономика», 2011г.

3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару» факультеті

«Экономика» кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

КЕ 3302 «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша

«5В050600 - Экономика» мамандығы

Алматы, 2012 ж.

Тақырып 1. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу

Тапсырма №1. Өнеркәсіп салалары мен оларды индустриялық- инновациялық дамыту тетіктерін негіздеужәне сұрақтарға жауап беру:

Сұрақтарды талқылау:

1. 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі бағыттары туралы пікірталас ұйымдастыру.

2. Дамыған мемлекеттердегі экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері бойынша ғылыми негізделген баяндама дайындау.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды. Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык - жоспарлылык болып табылады. Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:

1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау; 2. жоспарлы кезең экономикасыпың сандык жәңе сапалык сиппатамаларын белгілеу; 3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;

4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қаркыны мен пропорцияларын аныктау.

№ 1 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы-2 балл

Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 2 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.