Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
441.52 Кб
Скачать

Тақырып 4. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Кәсіпорынның негізгі капиталы.

Тапсырма №4. Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігі, құрамы мен құрылымын анықтау.

Сұрақтарға жауап беру:

1. Кәсіпорынның негізгі құралдарының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.

2. Негізгі капиталдың элементтерінің ерекшеліктері, тіркелген активтер: олардың экономикалық мәні.

3. Салық есебіндегі негізгі құралдарды бағалау әдістері. Негізгі құралдарды қайта бағалау.

4. Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуы. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, жеделдетілген, өндірістік, кумулятивті. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қазіргі кезіндегі амортизациялық саясаты.

5. Негізгі өндірістік құралдарды пайдаланудың көрсеткіштері. Негізгі өндірістік құралдарды тиімді пайдаланудың факторлары және жолдары. Лизинг – негізгі құралдарды жаңарту нысаны ретінде. Оперативті және қаржы лизингі.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Негізгі капитал бұл шаруашылық жүргізуші субьектіге келешекте табыс табу мақсатында өндірістік қызмет үшін қажетті бастапқы капитал.

Бұл капитал кәсіпорынның мөлшерін және жай-күйін анықтайтын негізгі көсреткіш болып табылады. Ол құрылтайшылар құжаттарында қатысушылар салымдарының жиынтығы ретінде немесе акцияларға жүргізілген жазулар сомасына тең тіркелген сомаларда көрсетіледі. Капиталдың шамасы кәсіпорынның қызмет барысында тұрақты болады және кей жағдайларда ғана оның шамасы өзгеруі мүмкін. Капиталдың өзгеруі оның шамасын құрылтайшы құжаттарында қайта бекітуі және қайта тіркеу процедурасымен келістірілген. Капиталдың мөлшеріне өзгерту жөніндегі шешім заңдарда белгіленген тәртіп бойынша қабылданады.

Мына мәліметтерді пайдаланып салық салу мақсатында кәсіпорынның негізгі құрал-жабдықтарының амортизациясын есептеу қажет.

млн.тенге

Көрсеткіш

Негізгі құрал-жабдық топтары

1

2

3

4

5

2007 жылғы 31-желтоқсандағы топтың құндық балансы

4850

1100

1320

1600

2750

2007 жылға есептелген салықтық есеп бойынша амортизациясы

1300

77

198

160

550

2008 жылғы 1-қаңтардағы қайта бағалау кезеңдегі баланс құнының өсу коэффициенті

1,35

1,21

1,38

1,21

1,18

Сатып алынған негізгі құрал-жабдықтар құны

2000

-

-

900

1900

Негізгі құрал-жабдықты сатудан түскен сома

-

600

-

420

280

Негізгі құрал жабдықтарды жөндеуге жұмсалатын шығындар

-

800

-

130

560

Негізгі құрал-жабдықтың 2-тобы бойынша жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шекті норма 15%-ды,4-ші және 5-ші-топ бойынша 25%-ды құрайды. Негізгі құрал-жабдықтар тобы бойынша амортизацияның шекті нормасы мынандай мөлшерде белгіленген: 1-ші топ бойынша – 8%, 2-ші топ бойынша - 10%, 3-ші топ бойынша-7%,4-ші топ бойынша-15%,5-ші топ бойынша-20%.

Бақылау нысаны: сұрақтарды талқылау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Тапсырманы орындау мерзімі: 5 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

2. Зайцев Н. Л. Экономика организации. – М., 2008г.

3. Экономика предприятия: Учебник / Под ред. Н.А. Сафронова – М.: Юрист. – 2007г.