Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
441.52 Кб
Скачать

Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Тапсырма №3. Кәсіпорынның өндірістік тиімділігінің экономикалық көрсеткіштерін анықтау және есептерді шығару:

Есеп№1:2007-2008 ж.ж. 31 желтоқсандағы өндірістік кәсіпорынның табыстылық көрсеткішіне талдау жасау қажет. Есептеу үшін мынадай деректер беріледі:

№ р.с.

көрсеткіш

2007 ж.

2008 ж.

1

өткізілген өнімнен түскен табыс

6464702,6

797610,0

2

өткізілген өнімнің өзіндік құны

416115,2

543560,9

3

Кезең шыгыстары

129407,4

177125,0

4

Жалпы табыс

230287,4

254049,1

5

Негізгі қызметтен түсетін табыс

100880,0

76924,1

6

Таза пайда

82717,3

41632,9

7

Активтердің жылдық орташа құны

286706,1

319694,5

8

Ұзақ мерзімді активтердің жылдық орташа құны

175330,1

234699,0

9

Міндеттемелердің жалпы сомасы

190362,9

186285,5

Есеп №2:Төмендегі деректерді пайдалана отырып, үш кондитерлік фабрика бойынша қор қайтарымы және қор сыйымдылығы көрсеткіштерін анықтаңыздар.

көрсеткіш

1 фабрика

2 фабрика

3 фабрика

Негізгі қаражаттың жылдық орташа құны, мың тенге

421979

312675

256828

Қызметкерлердің тізімі бойынша орташа саны, жан басына

1910

1370

1115

Бір кызметкерге өнім өндірімі

2255

1964

1789

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Қызмет ету тиімділігі- тауар өндіру мақсатында ресурстарды бөлу және қайта өңдеу бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті мына коэффициент бойынша өлшеуге болады- шығудағы ресурстарға кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы.

Адамзат қызметі тиімділікпен тікелей немесе жанама байланысты. Бұл сөздің негізінде ресурс шектеулігі, уақыты үнемеу, қолда бар ресурсан барынша көп өнім алу жатыр.

Тиімділік мәселесі – бұл әрқашан таңдау мәселесі. Таңдау нені, қандай өнім түрлерін, қалай өндіру қажет, оларды қалай бөлу керек, ағымда және болашақта ресурстардың қандай қөлемін тұтыну керек.

Тиімділіктің деңгейі экономикалық өсу, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, инфляция деңгейінің төмендеуі, жұмыс істеу және демалыс жағдайының жақсаруы сияқты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіуге әсер етеді.

Тиімділік көрсеткіштерінің құрамындағы табыстылық көрсеткішін жеке топқа бөлуге болады. Активтердің табыстылық көрсеткіштері және меншік

капиталының табыстылығымен қатар оларға ағымды активтерінің табыстылығы, ұзақ мерзімді активтерінің табыстылығы, негізгі қызмет табыстылығы және қарыз капиталының табыстылығы жатады.

Ағымдағы активтердің табыстылығы = Таза пайда(кіріс)/Ағымдағы активтер;

Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы =Таза пайда(кіріс)/ Ұзақ мерзімді активтер;

Негізгі қызмет табыстылығы=Негізгі қызметтен түсетінкіріс/Өткізілген өнімнің өзіндік құны+кезең шығындары;

Қарыз капиталының табыстылығы = Таза пайда(кіріс)/ Міндеттемелердің жалпы сомасы.

Кәсіпорынның өтімділігін сипаттайтын көрсеткіштер ағымдағы жағдайы мен сыни баға көрсеткіштері болып табылады, олар былай есептеледі:

Ағымдағы жағдай көрсеткіші = Ағымдағы активтер / Қысқа мерзімді міндеттемелер;

Сыни баға көрсеткіші= Ақшалай қаражат+Бағалы қағаз+Дебиторлық берешек/ Қысқа мерзімді міндеттемелер

Кәсіпорынның қаржы орнықтылығын бағалау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылуы мүмкін:

Активтегі қарызға алынған қаражаттың үлес салмағы = Міндеттемелердің жалпы сомасы/ Активтердің жалпы сомасы

Активтегі меншік қаражатының үлес салмағы = Меншік капиталының жалпы сомасы / Активтердің жалпы сомасы.

Өнімнің қор сыйымдылығы, қор қайтарымы, өнімнің еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі өнімнің энергия қайтарымы және энергияның жұмсалуы өндіріс тиімділігінің сараланған көрсеткіштері болып табылады.

Мысал. Жоспарлы жылы өнім көлемінің құны – 265 млн.теңге болды, есептік жылы – 278млн.тенге болды. Жоспарлы жылы 2 мың адам болды, ал есептік жылы 1,5%- ға кеміді. Еңбек өнімділігінің өсуін табыңыздар.

Шешуі. 265000000:2000=132500000 теңге/адам;

2000 – 100%;

Х-1,5%;

2000-30=1970 адам;

278000000:1970 =141116750 теңге/адам

141116750-132500000 = 8616750 теңге/адам.

Бақылау нысаны: есептер шығару

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Тапсырманы орындау мерзімі:4 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

  2. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

  3. Экономика предприятия/ Под ред. Академика В.М.Семенова, 5-е изд. Спб.:Питер, 2008 г.