Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
441.52 Кб
Скачать

Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:

Есеп №1: Өндірістік кәсіпорында жаңа өнім өндіру обьектісін қаржылындыру ұсынысын қарауда. Өнімнің өміршеңдік кезеңі бес жыл болады деп болжам жасады. Мынадай өткізу көлемі мен баға серпіні, сондай ақ шығын серпіні болжанып отыр.

Көрсеткіштер

1- жыл

2-жыл

3- жыл

4-жыл

5- жыл

Өткізу көлемі, дана

35000

40000

50000

40000

20000

Өткізу бағасы, теңге

80

80

84

84

80

Орташа өзгермелі шығын, теңге

45

46

47

48

49

Анықтаңыздар: таза дисконтталған құнды, табыстылықтың ішкі норма көлемін, күрделі қаржы жұмсалымының өтелімділік мерзімін.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа

Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы. Табыс — төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесематериалдың құндылықты алуды көрсетеді.

Кәсіпорындардың қаржысын ұымдастырудың қажетті қағидаты — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.

Қаржы резерві дегеніміз - уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған қаржы түрі.

Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің, артуы немесе капитал меншігінің кебеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте, кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы, жеке табыс болып қолданылады.

Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауаларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, несие берілгендегі алынатын тиісті пайыздар және басқа да ақшалай және материалдың түсімдер жатады.

Кірістің ішкі мөлшерлемесі (IRR)анықталып, инвестицияның тиімділігін бағалау үшін қолданылады:

(IRR) = і, бұл арада NPV = f(і) =0

Мысал. Акционерлік қоғамға кіретін А және Ә деген кәсіпорындарының - жарты жылдық жұмыстарының қорытындылары келесідей:

Көрсеткіштер

А

Ә

Тауарлы өнім көлемі

250

390

Тауарды шығарудың толық өзіндік құны

200

300

Оның ішінде:

Тұрақты шығындар

Ауыспалы шығындар

60

140

180

120

Табу керек: а) А және Ә өнімінің бір теңгеге шаққандағы үлестік шығынын анықтаңыз.

б) А және Ә өнімдерінің рентабельділігін;

в) қай кәсіпорынның еңбекті негізгі қорларымен қамтамасыз етілуі деңгейі неғұрлым жоғары?

Шешуі:

а) 200:250= 0,8:300 = 0,77;

ә) 50:200=0,25

90:300= 0,3

б) екнші кәсіпорынның, тұрақты шығындарының ауыспалы шығындарына қатысты А кәсіпорнымен салыстырғанда жоғары (тұрақты шығындар, негізінен негізгі өндірістік қорлардың көлемімен анықталады).

№ 14 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару» факультеті

«Экономика» кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

КЕ 3302 «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша

«5В050600 - Экономика» мамандығы

Алматы, 2012 ж.

Тақырып 1. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу

Тапсырма №1.Қазақстан Республикасы экономикасының өңірлік және салалық құрылымын қарастыру және сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтарды талқылау:

1. ІЖӨ,ЖӨӨ саланың даму индекстерін қолдана отырып Қазақстан Республикасы дамуын болжам жасау.

2. Қазақстан Республикасы экономикасының ұзақ мерзімге даму бағыттары. Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.

3. Қазақстан Республикасының мемлекетік өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары. ҚР-сы өнеркәсібінің даму жағдайын талдау.

4. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» және «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы.

5. Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары бойынша ҚР-дағы өнеркәсіпті дамытудың негізгі алғашқы мақсаттары.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Дамыған елдердің қазіргі даму кезеңінің жаңа технологиялық әзірлемелерді жетілдіру мен ендірудің тиімді жүйесіне негізделген инновациялық экономикаға көшуін байқаймыз. Ел экономикасында табиғи ресурстарға бай болу факторы маңызды роль атқарған кезең аяқталып, оның орнына технологиялық дамуды жеделдету мақсатында сол табиғи ресурстарды жоғары тиімділікпен пайдалану мүмкіндігі шешуші рольге ие болған кезең басталды. Өндіріске арзан, әрі білікті емес мамандарды пайдалану кезеңі де аяқталу үстінде. Қазіргі жаңа кезеңде адамның инновацияны қабылдай ала білуі және оны жүзеге асыру қабілеті – басты ресурс болып қалыптасты.

Алдыңғы қатарлы шет елдердің стратегиялық көшбасшылығы көп жағдайда олардың ғылыми-техникалық саласының басымдылығынан көрінеді. Әлемдік нарықта елдің бәсеке қабілеттілігін анықтайтын шешуші фактор – елдің ғылыми-техникалық даму деңгейінің жоғарлылығы болып табылады. Жыл сайынғы Халықаралық бәсеке қабілеттілікті (WCY) анықтауды Халықаралық менеджмент институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) жүргізуі нәтижесінде соңғы жылдары көшбасшылықты бермей келе жатқан елдердің экономикасы жоғары технологиялық өндіріске бағытталғандығын анықтады.

Қазақстан Республикасында инновациялық ортаның белсенділігін арттырудың қажеттілігі келесі факторлардың әсерінен болып отыр:

Біріншіден, әлемдік қауымдастықта еліміздің жаһандануы мен интеграциялану үрдісі ұлттық экономикамыздың әлемдік шаруашылықта өз орнының болуын талап етеді. Шикізат ресурстары және олардың тек алғашқы өңдеуден өткен өнімдері әлемдік нарықта қалыпты жағдай ұстап тұруға кепіл бермейді. Бұл жағдайдан шығудың жолы ол – жоғары технологиялы өнімдерді шығаруға бағытталған инновациялық экономика құру болып табылады. Инновациялық экономиканың басты міндеті – тек ішкі және сыртқы нарықта тұрақты сұранысқа ие бәсеке қабілетті өнімдермен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге сол өнімнің бәсеке қабілетілігінің жоғары деңгейін қалыпты ұстап тұруын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, тәуелсіздік алғалы бергі тәжірибеміз көрсетіп отырғандай ішкі нарыққа тек шетел инвесторларын тарту арқылы шикізат бағытын басқару мүмкін емес. Соңғы жылдардағы қол жеткізген экономикалық өсу экспортталатын шикізат ресурстарының негізгі түрлеріне бағаның өсуіне және мұнай, газ, түсті және қара металдарды өндірудің көлемінің артуына байланысты болып отыр.

Бұл жерде мақсатқа сәйкес қадам – экономикамыздың салалық құрылымын өзгерту мен шағын және орта инновациялық кәсіпорындарды дамыту болып табылады. Мұндай шаралардың тиімділігі 20 жыл бұрын жаңа индустриалды елдердің ғылыми-техникалық саласының алғашқы даму кезеңінде көрінді. Ал соңғы жылдары олардың экономикасында болған өзгерістер нәтижесі басқаша қарауды талап етеді.

Үшіншіден, Қазақстанды дамыған елдер қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін белгі – ғылыми-техникалық әлеуеттің жоғары болуы. Бірнеше жылдар бұрын жаңа индустриалды елдер өз дамуының индустриалды бағытын бастағанда осы ресурстың болмауы олардың экономикасында да байқалды. Республикамызда жүргізілген реформалар нәтижесінде ғылыми-техникалық әлеуетімізді сақтап қалуға мүмкіндік болғанымен, инновациялық қызметтің дамымауына байланысты отандық ғылыми жетістіктеріміздің толық берілуі жүрмеді.

Экономикамызды диверсификациялау жолымен салалармыздың, отандық кәсіпорындарымыздың инновациялық белсенділігін арттыру жайында Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында баса айтылады (2007 жылғы 28 ақпан):

«Біз әлемдік нарықта жаңа технологиялар мен жаңа экономикамыздың жолсерігі болатын басқарудың жаңа жүйесін – ұлттық инновациялық жүйесін құруды бастадық. Осыған байланысты біздің стратегиялық міндетіміз – бәсеке қабілетті елдер арасынан лайықты орынға ие болу. Сондықтан да мемлекет пен жеке сектор арасында өзара келісілген және ортақ пайда әкелетін серіктестік байланыс орнатуымыз қажет».

Н.Ә.Назарбаев өзінің басқа да баяндамаларында инновациялық жетістіктерді экономикамызға ендіру мен пайдалану мәселелеріне көп көңіл бөлген. Мысалы, «Жаңа уақыт – жаңа экономика» тақырыбындағы баяндамасында былай деп айтады: «Жаңа экономика кең мағынада алғанда – бұл барлық салалар мен сегменттерге өткен инновациялар, ғылыми сыйымды жоғары технологиялар экономикасы. Шикізаттық және индустриалдық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылыми сыйымды және ақпараттық технологияларға негізделген жаңа сапалы құбылысқа өту – соңғы уақытта әлемдік шаруашылықтың маңызды даму тенденциялары болып табылуда».

Бақылау нысаны:сұрақтарды қарастыру және талдау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Тапсырманы орындау мерзімі: 2 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

  2. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

Тақырып 2. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

Тапсырма №2. Кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысандары бойынша тиімдісін анықтау.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Кәсіпкерлікті құрудың өзекті мәселесі – мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтықэкономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай, нарықтық экономиканың басты қасиеті – «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А.Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті жеделдетуші.

Нарықтық экономикаға өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық мәселені шеше алмады. Оны шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.

Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде бөлуге болады:

  • масштабы бойынша шағын, орта және кәсіпкерлік;

  • кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.

Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.

Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.

Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.

Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.

Бақылау нысаны: сұрақтарды талқылау және жоспарлау сызбанұсқасын құру әдістемелерін көрсету

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Тапсырманы орындау мерзімі: 3 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

2. Зайцев Н. Л. Экономика организации. – М., 2008г.

3. Экономика предприятия: Учебник / Под ред. Н.А. Сафронова – М.: Юристь. – 2007.