Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
441.52 Кб
Скачать

Тақырып 4. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Кәсіпорынның негізгі капиталы.

Практикалық (семинар) сабақ тапсырмасы: Сұрақтарғажауап беру және есептерді шығару:

  1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.

  2. Кеңейтілген ұдайы өндірістегі негізгі қорлардың рөлі.

  3. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.

  4. Салық есебіндегі негізгі қорлардың бағалау әдістері.

  5. Негізгі қорларды қайта бағалау.

  6. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, жеделдетілген, өндірістік, кумулятивті.

Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:

Есеп№1..Бастапқы құны 8500 мың тенге болатын жол төсейтін кран пайдаланудың пайдалы қолдану мерзімі 20 мың сағатқа есептеледі. Он жыл пайдаланғаннан кейінгі оның жойылу құны 500мың тенгені құрайды.

Алғашқы үш жылда пайдалану 1500,1900 және 2200 сағатты құрағандағы, өндірістік әдіспен кранның жыл сайынғы амортизация сомасын анықтаңыздар.

Есеп№2.Пилорамның баланстық құны оның бастапқы және оны пайдаланудың үшінші жылдың аяғындағы ағымдық құны бойынша анықтау керек. Бастапқы құны 125 мың тенгені құрайды, ағымдағы (нарықтық) құны -110 мың тенге, пайдалану мерзімі – 5 жыл, амортизациясы шоғырланбалы әдіспен есептеледі.

Есеп№3. Мына мәліметтерді пайдаланып салық салу мақсатында кәсіпорынның негізгі құрал-жабдықтарының амортизациясын есептеу қажет.

млн.тенге

Көрсеткіш

Негізгі құрал-жабдық топтары

1

2

3

4

5

2010 жылғы 31-желтоқсандағы топтың құндық балансы

4850

1100

1320

1600

2750

2010 жылға есептелген салықтық есеп бойынша амортизациясы

1300

77

198

160

550

2011 жылғы 1-қаңтардағы қайта бағалау кезеңдегі баланс құнының өсу коэффициенті

1,35

1,21

1,38

1,21

1,18

Сатып алынған негізгі құрал-жабдықтар құны

2000

-

-

900

1900

Негізгі құрал-жабдықты сатудан түскен сома

-

600

-

420

280

Негізгі құрал жабдықтарды жөндеуге жұмсалатын шығындар

-

800

-

130

560

Негізгі құрал-жабдықтың 2-тобы бойынша жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шекті норма 15%-ды,4-ші және 5-ші-топ бойынша 25%-ды құрайды. Негізгі құрал-жабдықтар тобы бойынша амортизацияның шекті нормасы мынандай мөлшерде белгіленген: 1-ші топ бойынша – 8%, 2-ші топ бойынша - 10%, 3-ші топ бойынша-7%,4-ші топ бойынша-15%,5-ші топ бойынша-20%.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Негізгі капитал бұл шаруашылық жүргізуші субьектіге келешекте табыс табу мақсатында өндірістік қызмет үшін қажетті бастапқы капитал.

Бұл капитал кәсіпорынның мөлшерін және жай-күйін анықтайтын негізгі көсреткіш болып табылады. Ол құрылтайшылар құжаттарында қатысушылар салымдарының жиынтығы ретінде немесе акцияларға жүргізілген жазулар сомасына тең тіркелген сомаларда көрсетіледі. Капиталдың шамасы кәсіпорынның қызмет барысында тұрақты болады және кей жағдайларда ғана оның шамасы өзгеруі мүмкін. Капиталдың өзгеруі оның шамасын құрылтайшы құжаттарында қайта бекітуі және қайта тіркеу процедурасымен келістірілген. Капиталдың мөлшеріне өзгерту жөніндегі шешім заңдарда белгіленген тәртіп бойынша қабылданады.

Тіркелген активтер – кәсіпорынның негізгі қаражаты мен материалдық емес активтерінің жиынтығы.

Негізгі капитал – өнім өндіруге толығымен және бірнеше рет қатысатын өндірістік капиталдың бір бөлігі, өз құнының материалдық-заттай формасын өзгертпей бірнеше кезең ішінде өнімге ауыстырады.

Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құны – бұл негізгі құрал-жабдықтардың арттыруға немесе алуға жұмсалған нақты шығындар құны.

Негізгі құрал-жабдықтардың ағымдағы құны – негізгі қаражаттың белгіленген күнге қолданыстағы нарық бағасы бойынша құны.

Негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құны – бұл жинақталған өтелу сомасын шегергендегі олардың бастапқы немесе ағымдағы құны.

Негізгі капиталды ұдайы өндіру мынандай көрсеткіштерді сипаттайды:

А) негізгі құрал-жабдықтың істен шығу коэффициенті (Кіст):

Кіш = НҚіш/НҚб,

НҚіш – істен шыққан негізгі құрал – жабдық құны;

НҚб – негізгі құрал – жабдықтың кезең басындағы құны.

Б) негізгі құрал – жабдықтың жаңару коэффициенті (Кжаң):

Кжаң = НҚе/ НҚс,

НҚе – енгізілген негізгі қрал – жабдық құны;

НҚс – негізгі құрал – жабдық кезең соңындағы құны;

В) негізгі құрал – жабдықтың тозу коэффициенті (Ктоз):

Ктоз=ЖА/БҚ,

мұнда, ЖА – жинақталған амортизация;

БҚ – негізгі құрал- жабдықтың бастапқы құны.

Техникалық прогресс негізгі капиталдың табиғи тозуына дейін оның моральдық тозуын жеделдетеді. Моральдық тозуға кеткен шығынды азайту үшін және жабдықтарға жұмсалған шығынды қысқа мерзімде қайтару үшін кәсіпкерлер жедел амортизациялық жүйені кеңінен қолдануға мәжбүр. Негізгі капиталдың құны кәсіпкерге бірнеше шеңбер айналымынан соң қайтарылады.

Амортизациялық төлемдер өнімнің өндірістік шығындарына енеді және оның өткерілуінен кейін кәсіпорын есебінде ақшалай қор түрінде қорланып, амортизациялық қорды құрайды. Амортизациялық қор негізгі капиталды толық қалыпына келтіруінде немесе ремонт процесінде оның бөлшегінің қалпына келтіруінде қолданылады.

№ 4 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Практикалық (семинар) сабақ тапсырмасы: Сұрақтарды талқылау және есептерді шығару:

  1. Өнеркәсіпті дамыту үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстар маңызы.

  2. ҚР-дағы жер қойнауын қолдануды реттеу және оларды экономикалық бағалау. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстардың жіктелуі.

  3. Пайдалы қазбалар қорлары және оларды экономикалық бағалау.

  4. Өнеркәсіптің материал-шикізат базасы.

  5. Минералды-шикізат ресурстардың жіктелуі.

  6. Шикізат таңдаудағы экономикалық негіздеу жолдары.

Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:

Есеп № 1. Келесі есептік берілгендер негізінде шикізатты сатып алудың максималды баға деңгейін анықта.

Көрсеткіштер

Мәні

1. Көтерме сатушының ҚҚС ты қосқандағы жіберу бағасы

8316

2. Көтерме үстеме ақы,%

12

3. ҚҚС, %

14

4.Өнім рентабельділігі, %

25

5.Өндіріс және өткізу шығындары тг/т

1080

Өнім бірлігіне кететін шикізаттың үлестік шығыны, т/т

15

Есеп№2. Төменде келтірілген кестеге кәсіпорынға сыртқы ортадан әсер ететін әрбір фактор үшін кедергілер мен мүмкіндіктердің 2 мысалын жазыңыз.

Әсер ету факторлары

Кедергілер

Мүмкіндіктер

Капитал нарығы

Жұмысшы күшінің нарығы

Мемлекет

Технология

Жабдықтаушылар

Сатып алушылар

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Нарық жағдайында кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмыс тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді.

Жағымды – бұл факторлар, аты айтып тұрғандай-ақ, кәсіпорынның қызметіне жағымды әсер етеді.

Жағымсыз – керісінше бұл әсер ету бағытына байланысты жіктелуі.

Ал пайда болу жеріне байланысты факторларды ішкі және сыртқы деп классификациялауға болады.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өз қызметіне байланысты, яғни бұл факторды өзі туғызады.

Кәсіпорынның тиімділігін арттыратын факторларға:

1. Өндіріс процесінде негізгі қорларды қолдануды жақсарту;

2. Экономиканың құрылымын дамыту, оңтайлы инвестициялық факторлар, ұтымды басқару; кәсіпорынның әлеуметтік инфрақұрылымын ары қарай дамыту; өнімнің сапасын артыру және т.б. жатады.

Сырттай жанама әсер ететін факторлар:

Сырттай жанама әсер ететін факторларға мемлекеттің жағдайы, кәсіпорын орналасқан территроияның жағдайы жатады.

Мемлекеттің жағдайы жоғарғы жүйе ретінде эконоикалық, техникалық және техникалық, және технологиялық, әлеуметтік және саяси факторлардың әсерін қалыптастырады.Кәсіпорынның экономикалық жағдайы мен қызметінің басты нәтижесі ретінде мемлекеттің және тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін көрсетуге болады.

Жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық жағдайына байланысты және байланысты емес көптеген факторлардың жинытығы оның қызмет ету тиімділігіне әсер етеді.

№ 5 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.