Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
441.52 Кб
Скачать

12.1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары

Еліміздің қазіргі уақыттағы экономикасы ашық сипатқа ие. Яғни, ішкі нарыққа импорттың жеткілікті көлемде келуі, сыртқы инвесторлардың еліміздің кәсіпорындарына қаржы құйуға мүмкіндіктерінің болуы, әлемдік нарықтың сауда саясатын реттейтін ұйымдарға мүше болу жолдарының негізінің қалануы соны көрсетеді.

Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын өз өнімдерінің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтап алуды және оларды ескеруді қажет етеді.

Қазіргі кезде өнімнің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторлардың төмендегідей түрлері бар.

Мәселен, өнімнің нарықтағы нәтижелі сатылуына әсер ететін факторлар объективті түрде емес, тұтынушылардың субъективті қабылдануына байланысты. Мұндай факторлар экономикалық әдебиетте “табыстың стратегиялық факторлары” немесе ”табыстың негізгі факторлары”- деген атауға ие болған. Табыстың стратегиялық факторлары өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайды. Әдебиеттердің талдауы көрсетіп отырғандай, өнімнің бәсекелік қабілеті факторларын жіктеудің бірнеше түрлері қалыптасқан.

Өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайтын факторларды екі негізгі топқа бөледі. Олар: субъективті және объективті.

Субъективті факторлар өндірушіге байланыссыз, оларға психологиялық және жеке тұлғалық факторлар жатады, мәселен, тұтынушылардың ұстанымдары, әдеті, салты және т.б.

Объективті факторлар өндірушіге тікелей (сапа деңгейі) немесе жанама (сатылған өнімге техникалық қызмет көрсету, делдал ұйымдардың қызметі, т.с.с.) түрде байланысты болады.

12.2. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі

Осы жіктеуге ұқсас, өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін факторларды эндрогендік және экзогендік деп бөледі.

Эндрогендік факторлар өндірістік кәсіпорынның мүмкіндіктерін сипаттайды және өнімнің технико-экономикалық деңгейіне ықпал етеді.

Экзогендік факторлар - әлемдік нарықтың немесе импорттаушы мемлекеттің өнеркәсіптік тауарлар нарығының қажеттіліктерін және тауарға деген сұранысты анықтайды. Мұндай жіктеу дұрыс, алайда, біріншіден, ол бағаның өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін фактор екендігін ескермейді, екіншіден, өндіруші тарапынан әсер ететін факторларды нақтылауды қажет етеді, өйткені өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету өндірушіге байланысты.

12.3. Өнім сапасын басқарудың жаңа стратегиясы

Бағасы - тауар құнының ақшалай көрінісі. Өнімге деген сұраныс пен ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді, ал керісінше, нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің бағасы құнынан әлдеқайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына сай қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен баға өнімнің бәсекелік қабілетінің кепілі болады.

Тақырып13. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі. Табыс және өндіріс рентабельділігі

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорындағы еңбекті және оның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау негіздерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

13.1. Пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде.

13.2. Табысты қалыптастыру және тарату тәртібі.