Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
441.52 Кб
Скачать

Тақырып11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорындағы еңбекті және оның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау негіздерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

11.1. Маркетинг және стратегиялық жоспарлау

11.2. Маркетинг шешімдерге арналған ақпараттар

11.3. Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу

11.1. Маркетинг және стратегиялық жоспарлау

Маркетингтің негізі болып табылатыны – бұл бірін- бірі толықтыратын тәсілдеме. Бұл дегеніміз рынокты жан-жақты және нақтылы зерделеу, сол сияқты рынокқа белсенді ықпал ету, қажеттілікті және тұтынушының артықшылығын қалыптастыру. Дайындаушы мен тұтынушыны байланыстыру және олардың бірін-бірі табуға жәрдем беру – кез келген маркетинг қызметінің басты мақсатына жатады.

Маркетинг – бұл рынокты талдау, кәсіпорындар қызметінің әр қилы түрлерінің өзара іс қимылдарын қамтитын өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізудегі кешенді жүйе: жоспарлау, баға құрылымы, сату (сатып алу), шикізаттарды жеткізу, өнім (тауарлар) және қызмет көрсету.

Маркетинг – нарық жағдайында іс жүргізудің басты концепцияларының бірі.

11.2. Маркетинг шешімдерге арналған ақпараттар

Маркетингтің негізгі мақсаты – сатып алу, сату процесінде ең жоғары мөлшерде пайда табуды, сонымен бірге оның міндеті - кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын барынша қалыптастыру және стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету.

11.3. Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу

Маркетингтің негізгі бернесі мен принциптері. Маркетингтің негізгі принципі – жалпыға бірдей нысаналығы, яғни тұтынушылардың қалаулары мен нақтылы талаптарына сай өндірістің түпкілікті нәтижелеріне бағдарлануы.

Маркетингтің негізгі бернелері: талдамалық, өндірістік, өткізушілік, басқару және бақылау. Маркетингтің талдамалы берненің нәтижесі оның өндірістік бернесін және қосалқы бернесін іске асырудағы негізі болып табылады. Шығарылған тауарлар,

өндірілген өнімдер рынокқа келіп түседі. Мұндағы маркетингтің негізгі міндеті тиімді өткізу, оны тұтынушыларға жеткізу.

Өткізім тұжырымының тәсімі және маркетинг мына төмендегі бейнемен көрінеді:

Өткізу тұжырымдамасы

Тауарлар ——> Өткізім және сату- ——> Сату көлемінің өсуінен ды ынталандыру алынған пайда.

Маркетинг тұжырымдамасы

Қажетсіну ——> Біріктірілген ——> Сатып алушылардың қажеттілігін маркетинг қанағаттандыру есебінен

алынған пайда

Нарықтық экономика жағдайында өндіріс қызметінің табысы басқару және бақылау бернесіне байланысты болады.

Тақырып12. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорындағы еңбекті және оның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау негіздерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

12.1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары

12.2. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі

12.3. Өнім сапасын басқарудың жаңа стратегиясы