Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
441.52 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Экономика предприятия. /Под ред. Горфинкеля В.Я. и Швандара А.С. Учебник для вузов, 5 изд. М.: ИНФРА-М, 2008г.

2. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

3. Экономика предприятия/ Под ред. Академика В.М.Семенова, 4-е изд. Спб.:Питер, 2007г.

4. Скляренко В.И., Прудников В.М., Акуленко Н.Б. Экономика предприятия. Учебное пособие, ИНФРА-М, 2007г.

5. Абрютина М.С. Экономика предприятия. Учебник. М.: Изд.Дело и сервис, 2004г.

Тақырып 8. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі.Еңбек ақы төлеу

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорындағы еңбекті және оның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау негіздерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

    1. Еңбек ақы төлеудің мәні және қағидалары

    2. Еңбек ақының мәні және оның қалыптасуы

    3. Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеудің формалары және жүйелері

8.1.Еңбек ақы төлеудің мәні және қағидалары

Еңбек ақының мәнін қарастырған кезде оның жалдамалы жұмыскерлерге, яғни өз еңбегі үшін ақы алатын адамдарға қатысты екенін ескеру қажет. Ал экономикалық категория ретінде еңбек ақы деген не? сұрағы тууы мүмкін.

Еңбек ақы - бұл жалдамалы жұмысшының табыс алу элементі, өзіне қатысты еңбек ресурсын экономикалық жүзеге асыру нысанының құқығы. Сонымен бірге жұмыс берушіге, яғни еңбек ресурсын өндіріс факторларының бірінің сапасын жақсарту үшін, сатып алушыға жалдамалы жұмысшыларға еңбек ақыны төлеу өндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады.Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақы көлеміне нарықтық және нарықтық емес бірқатар факторлар әсер етеді.

8.2.Еңбек ақының мәні және оның қалыптасуы

Жұмысшы үшін жалақы жоғарыдағыға қосымша айтсақ отбасының жақсы тұрмысын жақсартатын табыс.

Жұмыс берушіге өз жұмысшыларына еңбекақы төлеу ол жұмысшы күшін жалдау үшін кеткен шығындар. Осыған қоса жұмыс беруші өнім бірлігіне жұмыс күшінің шығындарын қысқартуға ұмтылады.

Еңбек ақы деңгейі еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың үнемі өзгеруіне байланысты жұмысшы мен жұмыс берушілердің іс-әрекетіне салмақты әсер етеді.Жалақының нақты көлемі нарықта, әлеуметтік қатынастарда, өндірісте пайда болатын әр түрлі факторларға байланысты.

    1. Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеудің формалары және жүйелері

Жоғарыда айтылған функцияларды іске асыру үшін келесі маңызды қағидаларды қолдану керек:

1. Өндіріс және еңбек тиімділігінің өсуіне қарай нақты жалақыны жоғарлату. Бұл қағида тұтынуды көтерудің экономикалық заңының объективті әрекетіне байланысты, олардың толық қанағаттануы материалдық игіліктер мен қызметтерді көп көлемде алу мүмкіндігін кеңейту арқылы іске асыруға болады. Бірақ мұндай мүмкіндік еңбек тиімділігі, өндірістік қызмет нәтижелерімен байланысты болу керек. Мұндай байланыстың болмауы, бір жағынан жалақыны төлемеуге сәйкесінше инфляцияға алып келуі, екінші жағынан – төмендетілген еңбек үлесінің тиімділігіне сәйкес номиналды жалақы төлеу. Нәтижесінде жұмысшылардың мұқтаждығын қанағаттандыру мүмкіндігі және жалақыны көбейту жоққа шығады.