Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
441.52 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Экономика предприятия. Учебное пособие/ Куатова Д.Я. Алматы-2011г.

  2. Экономика предприятия. /Под ред. Горфинкеля В.Я. и Швандара А.С. Учебник для вузов, 5 изд. М.: ИНФРА-М, 2008г.

  3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

  4. Экономика предприятия/ Под ред. Академика В.М.Семенова, 4-е изд. Спб.:Питер, 2007г.

  5. Скляренко В.И., Прудников В.М., Акуленко Н.Б. Экономика предприятия. Учебное пособие, ИНФРА-М, 2007г.

Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Лекция мақсаты: студенттергенарық жағдайдағы ресурстарды үнемдеудің экономикалық мәнімен таныстыру және табиғи ресурстарды пайдаланудың рационалды жолдары бойынша есептерді шығаруды үйрену.

Лекция сұрақтары:

5.1.Өнеркәсіпті дамыту үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстар маңызы.

5.2. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстардың жіктелуі.

5.3. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері және тиімді пайдаланудың жолдары

5.1.Өнеркәсіпті дамыту үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстар маңызы.

Фактор сөзі (лат. аударғанда – істеуші, өндіруші). Біз фактор сөзін нарық жағдайында кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмысына әсер етуші күш деп қарастырып отырмыз.

Нарық жағдайында кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмыс тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді.

Жағымды – бұл факторлар, аты айтып тұрғандай-ақ, кәсіпорынның қызметіне жағымды әсер етеді.

Жағымсыз – керісінше бұл әсер ету бағытына байланысты жіктелуі.

Ал пайда болу жеріне байланысты факторларды ішкі және сыртқы деп классификациялауға болады.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өз қызметіне байланысты, яғни бұл факторды өзі туғызады.

5.2. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстардың жіктелуі.

Нарық жағдайында кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмысы сыртқы факторларға да байланысты болады.Оларды келесідегі топтарға біріктіруге болады:

  • Әлемдік нарықтың және ішкі нарықтағы жағдайдың өзгеруімен байланысты;

  • Мемлекет ішінде немесе глобалды масштабтағы саяси жағдайдың өзгеруімен байланысты;

  • инфляциялық процестермен байланысты.

Мемлекеттің қызметімен байланысты.

Факторлар тікелей және жанама әсер етуші факторлар.

Тікелей сырттан әсер етуші факторларға ең алдымен мемлекеттің кәсіпорынның қызметін жоғарыдан бақылау функциясы жатады. Бұл функция экономика саласындағы құқықтық, нормативтік акт, ақша-несие, салық саясаты арқылы жүзеге асырылады.

Тұтынушылар, тасымалдаушылар, бәсекелесушілер кәсіпорын үшін сыртқы ортаның элементері болып табылады. Олар да кәсіпорынның қызметіне тікелей әсер етеді.

5.3. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері және тиімді пайдаланудың жолдары

Кәсіпорынның қосалқы цехтары мен өндірістерінің жұмыстарының басты факторына, өндірілген қосалқы өнім көлемінің өсуі, өзіндік құнының төмендеуі, сапаның жақсарды, өндірістік қорларды тиімді пайдалану дәрежесі, еңбек өнімділігінің жоғарылауы жатқызылады.

Кәсіпорынның қызметіне байланысты емес факторларға жататындар: мемлекет реттейтін өткізілетін өнімнің бағасының өзгеруі, өнімді өндіруге және өткізуге табиғи, географиялық, транспорттық және техникалық жағдайдың әсері.

Кәсіпорынның қосалқы өндірісіне әсер ететін келесі фактор қосалқы өнімді өндіру және оны өткізу бөлемінің өзгеру болып табылады. Нәтижесінде өткізу көлемі өскен сайын, кәсіпорынның тиімділігі арта түседі және керісінше.