Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
441.52 Кб
Скачать

Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

1.Өнеркәсіптегі жалпы өнім өндірудегі саладағы өнімнің үлес салмағы нені сипаттайды?

  1. Нормаланған айналым қорлар мен негізгі қорлардың орташа жылдық құнына пайданың қатынасы нені сипаттайды?

  2. Өнімнің еңбек сиымдылығы қалай анықталады?

  3. Активтің айналымдығы қалай анықталады?

  4. Кәсіпорын өткізілген өнімнің бір теңгесінен 25 тиын пайда алынса қандай көрсеткішті сипаттайды

  5. Әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің дифференциалды көрсеткіш нені сипаттайды?

  6. Бір уақытына түсімдер мен шығындар қатар жүруі нені сипаттайды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Экономика предприятия. /Под ред. Горфинкеля В.Я. и Швандара А.С. Учебник для вузов, 5 изд. М.: ИНФРА-М, 2008г.

2. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

Тақырып 4. Кәсіпорын ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі. Негізгі капитал

Лекция мақсаты: кәсіпорынның негізгі құралдарын есептеу тәсілдерімен меңгеру

Лекция сұрақтары:

    1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.

    2. Кеңейтілген ұдайы өндірістегі негізгі қорлардың рөлі.

    3. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.

4.1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.

Негізгі капитал бұл шаруашылық жүргізуші субьектіге келешекте табыс табу мақсатында өндірістік қызмет үшін қажетті бастапқы капитал.

Бұл капитал кәсіпорынның мөлшерін және жай-күйін анықтайтын негізгі көсреткіш болып табылады. Ол құрылтайшылар құжаттарында қатысушылар салымдарының жиынтығы ретінде немесе акцияларға жүргізілген жазулар сомасына тең тіркелген сомаларда көрсетіледі. Капиталдың шамасы кәсіпорынның қызмет барысында тұрақты болады және кей жағдайларда ғана оның шамасы өзгеруі мүмкін.

    1. Кеңейтілген ұдайы өндірістегі негізгі қорлардың рөлі.

Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударулар есебінде құрылады. Резервтік капиталдың есебінен төленетін дивиденттер мен табыстардың есептелген сомаларының реті қарастырылады.

Басқа да резервтік капитал есебі арнайы шотта жүргізіледі. Бұл шотта заңдарда қарастырылған төменгі мөлшерден арты құрылған резервтік капитал есепке алынады.

Акционерлік қоғамдар әрі қарай айналымнан алу мақсатында өз акционерлерімен сатып алынған меншікті акцияларының есебін «Қайтарып алынған капитал» шотында жүргізеді.

    1. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

Қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар.

Запаста тұрған - қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар.

Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Негізгі қорлардың барлық жөндеу жұмыстары қай есебінде жүргізіледі?

  2. Өндіріс құралдарының қайсысы негізгі қорлар құрамына кіреді?

  3. Негізгі қорлардың бастапқы құнынан жинақталған амортизацияны алғанда қандай көрсеткіш қалыптасады?

  4. Құрал-жабдықтың тиімді уақыт қоры неге тең

  5. Капиталдың моральды тозу себебі.

  6. Амортизацияны бір қалыпты аудару тәсілінде амортизациялық аударымдар неге тәуелді?

  7. Құрал-жабдықтың нақты жұмыс уақытының істеу мүмкін уақытына қатынасы қандай коэффициенті көрсетеді?

  8. Мүліктің құнын толтыру, комиссиондық сый ақылар, мүлікті сақтандыру құны нені сипаттайды?