Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
441.52 Кб
Скачать

Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Бағалық және бағадан тыс бәсекені қолдану жағдайлары және оларға мысал келтіріңіз.

  2. Бәсекенің негізгі функциялары және олардың экономикалық маңызы.

  3. Бәсекелік артықшылық және оның пайда болу көздері.

  4. Экономикалық факторларға негізделген бәсекелік артықшылықты атап көрсетіңіз.

  5. Нормативтік-құқықтық актілерге негізделген бәсекелік артықшылыққа не жатқызылады?

  6. Құрылымдық сипаттағы бәсекелік артықшылық және оның негізгі нысандары.

  7. Нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейімен анықталатын бәсекелік артықшылық топтарын атаңыз.

  8. Географиялық және демографиялық факторларға негізделген бәсекелік артықшылыққа мысал келтіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Под ред.Фалько С. Г. Экономика предприятия. — М.: Кнорус, 2011г.

  2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. Издание 2-е, Москва, Финансы и статистика, 2008г.*

  3. Экономика предприятия. /Под ред. Горфинкеля В.Я. и Швандара А.С. Учебник для вузов, 5 изд. М.: ИНФРА-М, 2008г.

  4. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

  5. Экономика предприятия/ Под ред. Академика В.М.Семенова, 4-е изд. Спб.:Питер, 2007г.

  6. Скляренко В.И., Прудников В.М., Акуленко Н.Б. Экономика предприятия. Учебное пособие, ИНФРА-М, 2007г.

Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорындағы жоспарлауда қолданылатын нормалар мен нормативтер, олардың түрлерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

3.1. Өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері және көрсеткіштер жүйесі.

3.2. Өндірістің абсолюттік және салыстырмалы тиімділігі.

3.3. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.

3.1. Өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері және көрсеткіштер жүйесі.

Тиімділік сөзі келесі мағынаны береді – қатысты нәтиженің, үрдістің операцияның жобаның нәтижелі болуы.

Шағын кәсіпкерліктің нарықтық ортадаға қызмет ету тиімділігі – қызмет етудің барлық деңгейіндегі маңызды сапаның мінездемесі.

Қызмет ету тиімділігі- тауар өндіру мақсатында ресурстарды бөлу және қайта өңдеу бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті мына коэффициент бойынша өлшеуге болады- шығудағы ресурстарға кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы.

Тиімділік мәселесі – бұл әрқашан таңдау мәселесі. Таңдау нені, қандай өнім түрлерін, қалай өндіру қажет, оларды қалай бөлу керек, ағымда және болашақта ресурстардың қандай қөлемін тұтыну керек.

3.3. Өндірістің абсолюттік және салыстырмалы тиімділігі.

Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін жоғарылату қажеттігі мен мүмкіндігі үнемі әсер ететін факторлармен және Қазақстанның экономикалық дамуы кезеңінің қазіргі заманғы ерекшелігімен ескертіледі. Жалпы тиімділік мәселесі жаңа емес, ол материалдық өндіріс кезеңінің интерпретациясынан бері бар және белгілі-бір өндіріс түрінің өндірістік қатынастарын көрсетеді.

3.3. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.

Нарық экономиканың және кәсіпкерліктің негізі табыс болып табы­латындықтан, экономикалық тиімділіктің алғашқы критерийі негізінде шығын мен ресурстың бірлігіне өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапалылығымен сақтай отырып, олардың бәсекеқабіліттілігін қамтамасыз ете отырып табысты максималдау алға қойылады. Жаңа жағдайда тиімділіктің жалпыұлттық критерийі де сақталады: шығын мен ресурстың бірлігіне халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып ұлттық табысты, жалпы ұлттық өнімді максаималдау.