Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
441.52 Кб
Скачать

1.3 Қазақстан Республикасының мемлекетік өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары.

Фирма нарықтық экономиқаның непзп экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан туратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды іктеу үшін әр турлі көрсетктері қолданылады, олардың, маңыздысына менніктің формалары және фирманың көлемі жатады.

Меншіктің формасына сәйкес формалалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап көрсетуге бөлады:

индивидуалдық. немесе жеке Кәсіпкерлік;

серіктестік немесе партнерлік;

қорпорация ( акционерлк қоғам ).

Индивидуалдық ( жеке ) кәсіпкерлікдеген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік eтyшici сонымен бipe менеджер қызметінатқарады. Оның мүлігі мен жауапкершілігінде шек бөлмайды.

Серіктестік ( партнерлік)дегенміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тулға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді, және фирманың барлық, қарыздарына шексіз жауапкершілік артады.

Корпорациядеп бip заңды тулға бөлып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорынның экономикалық мәнін сипаттаңыз.

  2. Мемлекетік реттеудің әкімшілік әдістерін қолдану қандай мақсаттарға сәйкес келеді?

  3. Кәсіпорынның жіктелуі, түрлері және айырмашылықтары.

  4. Кәсіпорынның экономикалық мәнін сипаттаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Под ред.Фалько С. Г. Экономика предприятия. — М.: Кнорус, 2011г.

  2. Экономика предприятия. /Под ред. Горфинкеля В.Я. и Швандара А.С. Учебник для вузов, 5 изд. М.: ИНФРА-М, 2008г.

  3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

  4. Экономика предприятия/ Под ред. Академика В.М.Семенова, 4-е изд. Спб.:Питер, 2007г.

Тақырып2. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу обьектісі ретінде

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорын қызметін жоспарлаудың экономикалық мәні, маңызы және мазмұнымен, жоспарлау қағидалары мен әдістерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

2.1. Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші.

2.2.Кәсіпорынның басты міндеттері.

2.1. Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші.

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екендігі белгілі. Бұл тұрғыдан өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындар қатарына құрылыс өнімдерін өндіруші кәсіпорындарды жатқызуға болады.

2.2. Кәсіпорынның басты міндеттері.

Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналасатын қызметә шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады.