Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі. УМП, 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
38.97 Mб
Скачать

Бөж тапсырмасы:

Отан, ел туралы мақал-мәтелдер. «Сәлемің түзу болсын» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. /Ред.басқ. Каиров Н.А. т.б. Алматы: Мектеп, 1988. -346 б.

  2. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. Алматы: Жазушы, 1988. -317 б.

  3. Әбдіков Т. Мұратымыз – ізгілік // Парасат, 2001. № 7.

Екінші апта (3 сағат)

«Жас отбасы және дәстүр»

Бірінші сабақ «Жас отбасы және дәстүр» (1 сағат)

1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Қазақстандағы демографиялық мәселелер

Қазақстандағы демографиялық мәселелердің сипаты айрықша. Ең алдымен, қазіргі кезде экономиканың дамуы адам мүмкіндігімен сәйкес келмей отыр. Бүгінгі күні экономикалық даму қосымша жұмысшы күшін қажет етеді, ал, қосымша жұмысшы күші дегеніміз - шетелдік жұмысшылардың келуі, бала туудың көбеюі т.б.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің ақпандағы халыққа Жолдауында «ауылда ғана емес, қалада да бала тууды көбейту керек, мемлекеттің өзі жұмыс беруші болып, тұрғындардың қызығушылығын оятатындай жағдай жасалу керек» деп айтқан. Елбасы, сонымен қатар, қазақ жерінде заңды, заңсыз мигранттар қаптап жүргендіктен, өзіміздің санымызды көбейту керек екенін айтады.

Қазір Қазақстанда кез келген адам, егер басқа мемлекетте өмір сүру жақсы болса, сол жаққа кетіп қала алады. Ал, оларды елден жібермес үшін мемлекет адамдармен жақсы экономикалық, әлеуметтік саясат жүргізуге тиіс және бала тууды молайту үшін жағдай жасау керек. Тіпті 2015 жылға дейін қазақстандық азаматтардың санын 20 миллионға дейін жеткізу керек деп те айтылған. Алайда, Қазақстанда экономикалық-демографиялық мәселе әзірге өзгеріп отырған жоқ. Елбасы айтқандай, Қазақстан «саны жағынан тым кішкентай ел» болып отыр.

Рашид Саттаров

2. Мақал-мәтелдерді есіңізде сақтаңыз және олардың мағынасын ұғып алыңыз..

  • Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.

  • Ағаға қарап, іні өсер

Інісі бардың тынысы бар

  • Қыз өссе, елдің көркі.

  • Жеті атасын білмеген жетесіз.

  • Жеті атасын білген ұл –

Жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл –

Құлағы мен жағын жер.

Қазақ тілінде жеті септік бар және олардың сөйлем құруда маңызы жоғары.

Ілік септігі кімнің? (чей? чья?), ненің? (чего? от чего?) деген сұрақтарға жауап береді, жалғаулароы –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.

Дауысты жәіне үнді дауыссыздардан соң -ның/нің: бала+ның, адам+ның;

Ұяң дауыссыздардан соң -дың/дің: қыз+дың;

Қатаң дауыссыздардан және б,в,г,д дыбыстарынан соң -тың/тің: қазақ+тың, клуб+тың, мектеп+тің.

Ілік септігі үнемі 3-жақтағы тәуелдік жалғаулы сөздермен тіркесіп, иелікті білдіреді: баланың кітабы, үйдің есігі, Ораздың пальтосы.

3. Оқып, мағынасын анықтаңыз. Осы сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Әженің немересі Атаның ұрпағы

Әкенің намысы Үлкен үйдің шаңырағы

Ананың үміті Баланың мақсаты