Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-8 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
114.01 Кб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

Тапсырманың берілуі: Форма бетіне Қазақстан Республикасының жалауын салатын программа құру қажет.

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Form1 формасының Caption қасиетіне «Қазақстан Республикасының жалауы» деп өзгертіңіз.

  2. Form1 формасының Object Inspector терезесіндегі Events бетінен OnPaint оқиғасын өңдеңіз:

procedure TForm1.FormPaint(Sender: TObject);

begin

with From1.Canvas do

begin

Pen.Width:=2; Pen.Color:=clBlue; Brush.Color:=clAqua;

Rectangle(100,100,400,300);

Pen.Color:=clYellow;Brush.Color:=clYellow;

Ellipse(220,140,320,240);

Pen.Color:=clYellow; Brush.Style:=bsFDiagonal;

Rectangle(120,102,150,298);

Brush.Style:=bsBDiagonal;

Rectangle(120,102,150,298);

Pen.Width:=10; MoveTo(360,240); LineTo(240,280);

Pen.Width:=10; MoveTo(270,270); LineTo(180,230);

Font.Name:='Palatino Linotype'; Fnt.Size:=20;

Font.Style:=[fsItalic];

TextOut(80,30,'Қазақстан Республикасы') ;

end; end; end.

  1. Жобаны сақтап, іске қосыңыз.

Тапсырмалар

Тапсырма1:

Форма бетіне бағдаршам салатын программа құрыңыз.

Тапсырма2:

Форма бетіне аққала салатын программа құрыңыз.

Тапсырма3:

Форма бетіне компьютер салатын (монитор, клавиатура) программа құрыңыз.

Бақылау сұрақтары

  1. Графикалық режимге өту қалай орындалады?

  2. Rectangle, Ellipse, MoveTo, LineTo процедураларының қызметі.

  3. Arc, Drow, RoundRect процедурасының қызметі?

  4. Координаталар жүйесі қалай орналасады?

  5. Tpen, Tbrush кластарын сипаттаңыз.

Есеп беруді рәсімдеу

Зертханалық жұмыстарын есеп ретінде дайындау кезінде келесі нұсқамаларды ескере отырып дайындау қажет :

  1. Зертханалық жұмыстың номері мен тақырыбы жазылған титулдық беті;

  2. Студенттің жеке тапсырмасы зертханалық жұмысқа байланысты, кестелерде көрсетілген вариаттары бойынша жазылып тұруы тиіс;

  3. Есепті шешуге негізделген алгоритм, әр адымын толығымен ашып қарастырылған графикалық түрде немесе қарапайым сөз ретінде жазу керек;

  4. Бағдарламада: есептің берілгені, бастапқы мәліметтер мен нәтижелік мәліметтер толық келтірілуі керек;

  5. Бағдарлам жұмысының нәтижесін тіркеу керек.

Техника қауіпсіздігі

Есептеуіш техника бөлмелерінде қауіптілігі жоғары ауыр аппарат- компьютерлер, принтер және т.б. орнатылған. Бұл техникалық жүйелер әрдайым, қамқорлықты және дұрыс жұмыс істегенді талап етеді.

Жұмыс алдында, әр бөлмеде Есептеуіш техниканы (ЕТ) тасымалдау тәртіптері және ток қауіпсіздігі жайлы ережелер болуы тиіс.

Жұмыс алдында орындалатын қауіпсіздік шаралары

Аспаптармен қосылатын сымдарда, ток көзін қосу кезінде, көрінетін зақым келтіруші заттардың (қателікті болдырмау) жоқ болуына көз жеткізуіміз қажет. Қателік болған жағдайда, оқытушыға алдын-ала ескерту қажет.

Жұмыс алдында, ток көзі өшіп қалған кезде, оқытушы ішкі тексеріс барысында зақым келтіруші құрылғылардың жоқтығына көз жеткізуі тиіс.

Ток көзінің сымдары стол астында немесе жанында ілініп тұрмауы қажет және де абайсызда адам аяғы сымдармен электр розеткілеріне кетуіне жол берілмеуі тиіс.

ЕТ бөлмелерінде электрқондырғыларының корпустарына қолдың тиуіне жол беріледі, олар үлкен қуатта жұмыс істеп тұруы мүмкін. Жұмыстың дұрыс жүруі үшін қорғау құрылғысы болы қажет. Бұл құрылғыға адамның қол тигізуі ықтимал электрқондырғыларының металдық бөлімдері жатады.

Сабақ алдында және сабақ біткеннен кейін кабинетті желдету қажет.

ЕТ-да жұмыс, тек оқытушының рұқсатымен жүргізіледі.

Жұмыс барысындағы қауіпсіздік шаралары

Жұмыс барысында, ток көзін іске қосқанда байланысатын сымдарды қо-сып, өшіруге жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ЕТ желілерін қараусыз тастап кетуге, предохранителді алмастыруға рұқсат етілмейді.

Оқытушы, ЕТ желілері өзінің тура бағытында жұмысістегенін қадағалау қажет және де сонымен қатар олардың жұмыс шарттары мен режимдері тасымалдаудың инструкцияларына сай болу керек.

Сабақ барысында оқытушы бөлмеден шықпауы қажет, ал үзіліс уақытында бөлмені жауып қоюы қажет.

Электрқауіпсіздігінің жалпы шаралары

Электротехникалық қондырғылардың құрылысы және тасымалдануы, барлық мекемелер үшін «Электротехникалық қондырғылардың құрылыс тәртібіне» және «Электротехникалық қондырғыларды,электр сымдарын та-сымалдау үшін техника қауіпсіздігі тәртібіне» сәйкес болуы тиіс.

Лабороторияда немесе оқу орнының басқа бөлімдеріндегі жұмыс, электр құрылғылары дұрыс жұмыс істегенде ғана жүргізіледі. Қосылып тұрған электрқұрылғыларын тасымалдауға, сонымен қатар электрқұрылғыларын жөндеуге рұқсат етілмейді.

Қайта алынған құралдарды және электр құрылғыларын, электроқызды-ғыш электрқұрылғыларын қосу, тек токпен қамтамасыз ететін, жауапты адам-ның рұқсатымен жүргізіледі.

ЕТ және электрқауіпсіздік шараларын орындалмауы үлкен қателіктерге алып кеп соғады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]