Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-8 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
114.01 Кб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

Әдістемелік нұсқаулар:

Үшбұрыш, трапеция, дөңгелек аудандараның формулаларының қажеттісін формаға шығаратын анықтамалық программа құру қажет.

Жұмыс барысы:

  1. Жаңа жоба ашу, формаға Label1, Label2, Label3, Label4, Button1 компоненттерін орнату;

  2. Label комопненттерінің Caption қасиеттерін бос етіп, Button1 кнопкасының Caption қасиетіне Ok мәнін меншіктеу;

  3. Button1 кнопкасын 2 рет шертіп, OnClick өңдеуіш процедурасын құру:

Procedure TForm1.Button1Click(Sender:TObject);

Var n:integer; n1:string;

Begin

Label1.Caption:=’1.Үшбұрыш ауданы’;

Label2.Caption:=’2.Трапеция ауданы’;

Label3.Caption:=’3.Шеңбер ауданы’;

N1:=InputBox(‘Формула’,’номері-?’,’’);

N:=StrToInt(n1);

Label4.Color:=clWhite;

Case n of

1: Label4.Caption:=’S=ah/2; a-табаны; h-биіктігі’;

2: Label4.Caption:=’S=(a+b)h/2;a,b-табандары; h-биіктігі’;

3: Label4.Caption:=’S=Pi*r*r; Pi=3.14; r-радиус’;

end;

end;

  1. Проектіні сақтап, іске қосу. Енгізу терезесі көрінеді. Оған 1, 2, 3 сандарының бірін енгізіп, Оk кнопкасын шерту. Label4 өрісіне сәйкес формула жазылып қойылады.

Тапсырмалар

Тапсырма№1

Жасалған программада форманы жабу, ені мен биіктігін өзгерту әрекетін ұйымдастырыңыз.

Тапсырма№2

Аудан туралы программаны RadioButton компоненттері көмегімен ұйымдастырыңыз.

Тапсырма№3

Енгізілген бүтін n санның жай сан немесе құрама сан екенін анықтау керек.

Тапсырма№4

Төмендегі төрт өрнектің қайсысы sin2x функциясына тең?

  1. sinx+cosx;

  2. 2sinx*cosx;

  3. 2(sinx+cosx);

  4. sinx*cosx;

Тапсырма№5

4-тапсырманы консольдік қосымша көмегімен шешіңіз.

Бақылау сұрақтары

  1. Форам дегеніміз не?

  2. Форманың негізгі қасиеттерін атаңыз?

  3. формаға тиісті негізгі олқиғаларды сипаттаңыз?

  4. RadioButton компонентінің қолданылуын түсіндіріңіз?

  5. Таңдау операторы туралы не білесіз?

3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тізімдермен жұмыс жасау

(2 сағат)

Жұмыстың мақсаты: Тізімдерді құруға қолданылатын ComboBox компонентімен жұмысты үйрену.

Қысқаша теориялық мәлімет

TComboBox компоненті

Формада тізім енгізілетін өріс түрінде көрінетін компонент. Программаның орындалуы барысында тізімнен қажеттісі таңдалса, ол орнатылып қойылады. Әртүрлі үш режимде жұмыс жасауы мүмкін. Бұл режимдер Style қасиетімен анықталады:

Мән

Тізім жұмысының механизмі

csDropDown

Тізімде жазылмай қалған мәнді біріктірілген өрісте көрсетуге болады. Пайдаланушы енгізілген мәнді Text қасиетінен көруіне болады. Тізім ашылады.

csDropDownList

Тек тізімде бар мәндерді ғана таңдауға болады. Тізім ашылады.

csSimple

csDropDown стиліне ұқсас, айырмашылығы тізім ашылмайды.

Тізімнің көрінетін бөлігіндегі элементтер санын DropDownCount қасиетімен беруге болады. Тізімді программадан ашу үшін Dropped Down қасиетіне true мәнін меншіктеу қажет.

TRadioGroup компоненті

Егер бағдарламада бірнеше ауыстырып – қосқыштар қолданылатын болса, онда барлық TRadioButton компоненттерінің орнына TradioGroup компонентін пайдалануға болады. Формаға TradioGroup компоненті орнатылғаннан кейін, оған енетін ауыстырып-қосқыштарға атау беріледі. Бұл атауларды Items қасиетінің TStrings қатарындағы (...) кнопкасы арқылы арнайы редактор шақырып енгіземіз. Клавиатура көмегімен бағдарламаны басқару мүмкіндігін қолдау үшін кейбір әріптердің алдына & символын енгізу қажет.

Мысалы: кнопка&1

кнопка&2

кнопка&3

TradioGroup компоненті барлық ауыстырып-қосқыштарымен біртұтас болып қарастырылатындықтан, бағдарламада оны TradioButton компоненті секілді пайдалана алмаймыз. Яғни, Caption қасиеті қолтаңба емес, тек тақырыпты береді. Columns қасиеті бағандар санын көрсетеді. ItemIndex қасиеті ерекшеленген ауыстырып-қосқыш номерінен тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]