Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-8 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
114.01 Кб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

  1. Жаңа форма ашып, оған Label1, Label2, Label3, Label4, Label5, Edit1, Edit2, Edit3, Button1, Button2, RadioButton1, RadioButton2 компоненттерін орнату.

  2. Компоненттердің қасиеттеріне мәндер меншіктеу:

Компонент

Қасиет

Мән

Form1

Caption

Калькулятор

Label1

Caption

1-сан

Label2

Caption

2-сан

Label3

Caption

Нәтиже

Label4

Caption

+

Label5

Caption

-

Edit1

Text

бос ету

Edit2

Text

бос ету

Edit3

Text

бос ету

RadioButton1

Caption

бос ету

RadioButton2

Caption

бос ету

Button1

Caption

Есептеу

Button2

Caption

жабу

  1. Button1 кнопкасын 2 рет шертіп OnClick өңдеуіш оқиғасын құрыңыз.

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

var x,y,z:real;

begin

x:=StrToFloat(Edit1.Text);

y:=StrToFloat(Edit2.Text);

if Form1RadiButton1.Checked=true then begin

z:=x+y; Edit3.Text:=FloatToStr(z); end;

if Form1.RadioButton2.Checked=true then begin

z:=x-y; Edit3.Text:=FloatToStr(z); end;

end;

  1. Button2 кнопкасын 2 рет шертіп процедура соңына программа жұмысын аяқтау процедураны қосу:

procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);

begin

Close

end;

  1. Проектіні сақтап, F9 арқылы іске қосу қажет.

Тапсырмалар

Тапсырма 1.

Жасалған калькулятор программасындағы компоненттерді түрлі түстерге бояңыз.

Тапсырма 2.

Калькулятор программасын көбейту амалын орындайтын етіп толықтырыңыз.

Тапсырма 3.

Калькулятор программасын бөлу амалын орындайтындай етіп толықтырыңыз.

Тапсырма 4.

Шартты тексеру операторын пайдаланып

функциясын есептеңіз.

Тапсырма 5.

Шартты тексеру операторын пайдаланып а, в, с, сандардың ең үлкенін табу программасын құрыңыз.

Бақылау сұрақтары

  1. Object Pascal тілінің қарапайым конструкцияларын атаңыз?

  2. Оқиға дегеніміз не?

  3. Класс дегеніміз не?

  4. Трефиксі не үшін қолданылады?

  5. Модуль дегеніміз не?

2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Формамен жұмыс жасау

(2 сағат)

Жұмыстың мақсаты: Object Pascal тілінің күрделі құрылымдарымен жұмысты үйрету; Форманы және оның негізгі қасиеттерін өзгерту;

Қысқаша теориялық мәлімет

Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің түрлі қасиеттері бар. Қасиет-айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.

Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы терезесіне енгізілген. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша беті бар:

Properties (қасиеттер),

Events(оқиғалар).

Терезе ашылғанда 2 бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties беті ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанаға сәйкес жазылғандар – олардың мәндері.

Форма қасиеттері:

Name (атау) – формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің негізгі қасиеттерінің бірі. Delphi – дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi – дің автоматты түрде алғаш рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқаша атау беруге болады. Форманың іс-әрекеті атауынан белгілі болуы үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн.

Font(шрифт) – формаға енгізілген мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны таңдап,оң жақтағы (. . .) шерткен кезде сұхбаттық шрифт таңдау терезесі көрінеді. Терезеден қажетті шрифт типін, өлшемін таңдап ОК шерту қажет.

Caption (Тақырып, бетіне жазу) – форма терезесінің тақырыбына еңгізілетін мәтін.

Color (Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында кнопка көрінеді. Бұл кнопка – қасиет мәнінің бірнеше екенінің белгісі. Шерткен кезде түстер терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түсті шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.

Width(ені), Height (биіктік) – пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері.

Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View Object Inspector командасын беру жеткілікті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]