
- •Edit, Button, RadioButton копоненттерімен жұмыс
- •Қысқаша теориялық мәлімет
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Формамен жұмыс жасау
- •Қысқаша теориялық мәлімет
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Тізімдермен жұмыс жасау
- •Қысқаша теориялық мәлімет
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Тапсырмалар
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Тапсырмалар
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Тапсырмалар
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Есеп беруді рәсімдеу
- •Техника қауіпсіздігі
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
№1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Edit, Button, RadioButton копоненттерімен жұмыс
(2 сағат)
Жұмыстың мақсаты: Шартты тексеру операторын, Edit, Label, Button, RadioButton компоненттерін пайдалануды үйрену.
Қысқаша теориялық мәлімет
Delphi визуал бағдарламалау жүйелеріне жатады. Бұл жүйелер RAD (Rapid Application Develoрment-қосымшаларды тез жасау) жүйелері деп аталады. Delphi-де қосымша жасау 2-бөлімнен тұрады:
-Қосымша интерфейсін құру;
-Қосымшаның функционалдылығын анықтау;
Қосымшаның интерфейсі пайдаланушы мен қосымша қарым-қатынасының әдісін анықтайды. Яғни форманың қосымша орындалғандағы сыртқы түрін және пайдаланушы қосымшаны қалай басқаратынын анықтайды. Форма конструкторының көмегімен формаға компоненттерді орнату жолымен интерфейс құрылады. Бұл компоненттер интерфейс немесе басқарушы компоненттер деп аталады.
Қосымшаның функционалдылығы белгілі бір құбылыстар туындағанда орындалатын процедуралармен анықталады. Осылайша қосымшаны жасау барысында формаға компоненттер орналастырылады, оларға қажетті қасиеттер таңдалады және оқиғаларды өңдеуші құрылады.
Жаңа қосымша құруды бастағаннан кейін Delphi пайдаланушыға бос форма ұсынады. Бұл форма Form1 тақырыбынан, терезені кішірейту, үлкейту, жабу кнопкаларынан, терезе өлшемін өзгерту және жүйелік мәзірді шақыру кнопкаларынан тұрады. Delphi-ді алғаш қосқанда экранда осы форма бейнеленеді.
Компоненттер панелінен формаға оқиғаларды өңдеуіш процедуралар тудыратын түрлі компоненттер орнатып, программа нәтижесін форма терезесінде көрсету – Delpһi-де визуальды программалаудан ең түйінді негізі. Әсіресе, ол үшін компоненттер панелінің Standard бетінен мәтіндермен жұмыс істейтін TEdit, TLabel, TButton компоненттері жиі пайдаланылады.
Формада орнатылған Label, Edit компоненттерінің Caption, Text қасиеттеріне программа арқылы қол жеткізуге де болады. Алдымен обьект атауы жазылып, одан соң нүкте қойылады да, оның соңына қасиет атауы енгізіледі.
Мысалы:
Label1.Caption:=’Менің алғашқы қосымшам’’
Объектiлi – бағдарлы программалау тәсiлi жөнiнде
Бейсик, Паскаль сияқты дәстүрлi программалау тiлдерiнде күрделi, үлкен программаларды дайындаудың кемшiлiгi – ол үшiн программалаушылар тобының көп күш жұмсауы қажет болатын. Программалауды жеңiлдету үшiн 80 – жылдары жаңа объект, класс (оbject, class) ұғымдары енгiзiлiп, объектiлi – бағдарлы программалау (ОБП) тәсiлi негiзге алынды. ОБП – Турбо Паскальда қолданылатын процедуралық және құрылымдық программалаудың және модуль құрудың дамытылған түрi. Ол берiлгендердi белгiлi бiр абстракциялық деңгейде көрсетiп, модульдiк программалауды пайдаланады. Мысалы, Visual Basic программалау жүйесi объектiлi программалау негiзiнде визуальды түрде құрылған. Паскальдың ОБП тәсiлiн пайдаланып құрылған жаңа нұсқасы Objeckt Pascal (Объектiлi Паскаль) деп аталады. Delphi осы тiлдiң негiзiнде дайындалған. Объектiлi программалаудың ыңғайсыздығы – онда дәстүрлi программалау тәсiлдерi пайдалана берiлмейдi, бiрақ ондағы көп қиындықтар арнайы тәсiлдердi пайдалану арқылы тез шешiлген.
ОБП тiлiнiң дәстүрлi программалау тiлдерiнен өзгешiлiгi – типте өрiстерге қоса, қасиеттер және әдiстер де сипатталады:
өрiстер – Турбо Паскальдағы жазу (record) типiнiң өрiстерi сияқты;
қасиеттер – объект сипаттамалары;
әдiстер – кластың өрiстерi мен қасиеттерiн өңдейтiн процедуралар мен функциялар.