Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1лек Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсі...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
87.04 Кб
Скачать

4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.

Кодификация (лат. сodіfіcatіon)- заң ережелерін жүйелеп жинақтау, бар заңды қарап ескірген заңның күшін жою,- деген мағынаны білдіреді.

  1. Ағындағы қолданып жүрген нормалар, институттар, қағидалар, халықаралық құқық салаларының, оның мазмұны мен қалыптасуын анықтау;

  2. Ескірген нормаларды қайта қарау немесе өзгерту;

  3. Халықарлық құқықты әрі қарай дамыту үшін нормаларды, институттарды, қағидаларының және салаларының нормативті бекітілуі.

Халықаралық құқықты кодификациялау жөніндегі бірінші конференция 1927-ші жылы "Ұлттар Лигасы" деген атпен өтті. БҰҰ-ның құрылуы тарихы өрлеуді кодификация тұрғысынан сипаттайды. БҰҰ-ның Жарғысы ГА ООН зерттеуді ұйымдастырады және халықаралық құқық пен оның кодификациясының дамуы мақсатында кепілдеме жасайды- деген ережелерден тұрады (БҰҰ Жарғысы 13-ші бап).

БҰҰ Жарғысының жоғарыда көрсетілген бабының іске асуына байланысты, 1949-шы жылы Комитет, БҰҰ-ның халықаралық құқық Комитетіне айналды. Халықаралық құқық ілімі, кодификациялық өрлеудің екі түрін алып қарайды, олар:

  1. Ad hoc- халықаралық (үкіметаралық) ұйымының қатысуынсыз;

  2. Халықаралық ұйым көлемінде жүргізілетін кодификация.

Мысалға, аd hoc- соғыстың жүргізілу заңдары мен дәстүрлері жайындағы Вена Конгрессі (1815). 1898 және 1907 жылдардағы Гаага конференцияларында қолданды. Қазіргі таңда кодификиция және халықаралық құқықтың өрлеуі, халықаралық ұйымдар көлемінде жүргізіледі. Мысалы, халықаралық теңіз құқығы мәселесі, Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қатысуымен әзерленді және қабылданды. Теңіздегі адам өмірін қорғау жайындағы Конвенция (1974ж.),теңіздегі кемелерді қақтығысудан алдын-ала ескертудің Халықаралық ережесі(1972ж.), теңіз суынның ластануын болдырмау (1973 ж.), Латын Америкасындағы ядролық қаруға тыйым салу туралы келісім шарт ТЛАТЕЛКО (1967ж.), Тынық мұхитының онтүстік бөлігіндегі ядролық қарусыз аймақ туралы келісімі РАР ОТОНГА (1985ж.). Кодификацияның дамуына мына адамдар өздерінің зор үлесін қосты: В.Э. Грабарь, Е.А. Коровин, В.Н. Дурденевский, С.Б. Крылов, В.М. Корецкий, Ф.И. Кожвеников, Г.И. Тункин, Н.А. Ушаков, Р.А Тузумухамедов.

Халықаралық құқық кодификациясымен айналысатын халықаралық ұйымдар арасында, мыналар айрықша көзге түседі: Халықаралық құқық институты- штаб-пәтері Брюселде және Халықаралық құқық ассоциациясы- штаб-пәтер Лондонда олар 1873 ж. құрылған.

5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық

Қазіргі жаңа кезендегі халықаралық құқықты, халықаралық көпшілік (ХКҚ) және халықаралық жеке құқық (ХЖҚ) болып екіге бөледі. Бұл оқулық халықаралық жеке құқы мәселесін қамтитын сұрақтарды қарамайды, ХКҚ және ХЖҚ-ты салыстырмалы түрде алып қарайды. Негізінен үш көз-қарас қалыптасқан.

  1. Халықаралық жеке құқық ұлттық құқықтың бөлігін құрайды және құқық ретінде мүлдем қарастырылмайды, сонымен бірге азаматтық құқық жүйесіне жатады. Бұл, тұжырым алғашқы рет 1926-шы жылы И.С. Перетерскийдің еңбегінде аталып өтті.

  2. Халықаралық жеке құқық халықаралық құқықтың құрамы, интернационалдық бағытты ұстайды, яғни халықаралық құқық тең ХЖҚ, қосылған ХКҚ. Бұл көз қарасты С.Б. Крылов пен В.Э. Грабарь ұстанды.

  3. Халықаралық жеке құқық азаматтық құқықтың арнайы салаларының бірін құрайды бірақ, негізінен ХКҚ-пен тығыз байланысты.

  4. ХЖҚ пен ХКҚ-тың ішкі байланысын білдіретін, соңғы бағыт шындыққа жақынырақ. Сызба түрінде бұл былай көрінеді:

Халықаралық

көпшілік құқық

Ішкі мемлекеттік

(азаматтық құқық)

Халықаралық көпшілік құқық негізінен халықаралық өзара қарым-қатынастарды реттейді. Халықаралық жеке құқық шетел элементтерімен байланысты, азаматтық құқықтық қатынастарды реттейді. Халықаралық жеке құқық мемлекет ішіндегі құқықтың бір бөлігі болып табылады және өзінің реттеу әдісі мен өзіндік бағыты бар, мемлекет ішіндегі саласы бола тура, өзнің алатын жеке орны бар.

Халықаралық көпшілік құқық пен Халықаралық жеке құқықтың өзара қарым-қатынасы былай көрінеді:

Халықаралық көпшілік құқық пен Халықаралық жеке құқықтың өзара қарым-қатынасы

Өзара байланысы

Халықаралық құқық пен халықаралық жеке құқықтың айырмашылығы

Бір жақты бағыты

Халықаралық қатынастарды реттейді

Жалпы бастамасы

ХЖҚ іліміндегі ХҚ негізгі қағидаларының өзгеше түсіндірілуі.

Мемлекетрдің тануы

Басқа мемлекеттердің құқықсубъектілігін тану

Халықаралық жеке құқық туралы халықаралық шарттар халықаралық құқықтың қағидаларына қайшы келмеуі тиіс

Әртүрлі саладағы халықаралық қызметтестік үшін құқықтық жағдай жасаудың жалпы мақсаты

Мемлекет Жеке және заңды

Мемлекет тәріздес Субъектілер тұлғалар

құрылымдар

Мемлекет аралық Объектілері Халықаралық, жеке

билік қатынастар құқықтық қатынастар

(азаматтық, еңбектік)

Халықарылық шарт Ұлттық заңдар,

Халықаралық әдет Қайнар көздері халықаралық

ғұрып шарттар,сауда әдет-ғұрыпы

Мемлекет еріктерінің Реттеу әдістері коллизияны жою

сәйкестігі

Халықаралық Жауапкершілік азаматтық құқықтық

құқықтық

Халықарылық құқықтың Қолдану аясы ұлттық

басты субъектілері субъектілер

Халықарлық және мемлекет ішіндегі құқықтың салыстырмасы.

Халықаралық құқық ғылымының халықаралық және ұлттық құқықтың салыстырмалы мәселелері бойынша, бірқатар түбегейлі еңбектері бар.

И.П. Блищенконың, В.Г. Буткевитің, Г.И. Игнатенконың, Д.Б. Левиннің, И.И. Лукашуктың, Н.В. Мироновтың, Г. И. Тункиннің, Е.Г. Усенконың, С.В. Черненконың, Р.А. Мюллерсонның еңбектерінде, бұл саладағы ең маңызады проблемалар қаралған. Бірақ, оны түбегейлі шешілді деп айтуға болмайды.

"Халықаралық және мемлекеттің ішкі құқығы" туралы ең алғашқы зерттелген тұжырымдарды, атақты неміс заңгері Г. Трипелдің еңбегінен оқып білуге болады. Оның, бұл жұмысы 1899-шы жылы жарық көрді.

Халықаралық және ішкі мемлекет құқығының салыстырмалы түрі туралы проблемаларды алып қарағанда, басты назарды мынаған аудару қажет:

  1. Халықаралық ішкі мемлекет құқығының өзара қарым-қатынасын айқындау;

  2. Халықаралық құқықтың жекешеленген нормалары мен ішкі мемлекет құқығының кейбір нормаларының заңды күші. Басқа сөзбен айтқанда, халықаралық құқық нормаларының мемлекет құқық нормаларының мемлекеттің шегінен тыс жердегі қолданылуы.

  3. Ішкі мемлекеттік және халықаралык құқық құқықтың жеке ара саласы бола ма, әлде басқа да басымдықтар бар ма?

Халықаралық және ұлттық құқықтың салыстырмалы ілімі негізгі үш бағытты құрады.

Бірінші бағыт- дуалистикалық ілім он тоғызыншы ғасырдың соңында пайда болды. Оның негізін қалаушылар: Трипель, Анцилотти, Холл, Штрупп, Ульман және басқалар болды. Дуализм халықаралық және ұлттық құқықты, әртүрлі екі құқықылық тәртіп ретінде қарастырады.

Екінші бағыт- халықаралық құқықтық ілімінің ұлттық құқықтан үстемдігі. Бұл теорияны Кельзен, Гуггеенхейм, Ссель, Руссо қолдады. Осы теорияның мағынасы, халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан үстемдігі болды, сондықтан мемлекеттік егемендікті қолдамады.

Үшінші бағыт- ұлттық құқықтың халықаралық құқықтан үстемдігі. Бұл көзқарасты жақтағандар (Гегель, Цорн, Кауфман) халықаралық құқықты, әр түрлі мемлекеттердің ішкі мемлекеттік құқықтарының жиынтығы деп қарастырды. Гегель, ғылым, жер бетінде шексіз үстемдік етеді деп тұжырымдады.

Халықаралық және ұлттық құқық- өз алдарына екі айырықша құқық жүйесі. Олар бір-бірімен тығыз қатынаста және бір-біріне ықпал етеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Баскин Ю.Я., Фельдман Д. И. История международного права- М., 1990ж.

  2. Курс международного права. Жеті томнан құралған,- М., 1989ж., 1-ші том, 9-24; 124-154; 220-236; 272-304-ші беттері.