
- •1 Курс студенттеріне арналған
- •Пәні бойынша оқу бағдарламасы ( силлабус)
- •Пәннің сипаттамасы
- •1.3.Пәнді оқудағы міндеттер:
- •Оқыту нәтижелері:
- •1 Курс студенттеріне арналған
- •2013-2014 Оқу жылының 1 семестріне арналған Пән бойынша күнтізбелік- тақырыптық жоспар
- •Пән мазмұны
- •3. Дәріс жоспары
- •4. Практикалық сабақтар жоспары
- •5. Зертханалық сабақтар жоспары
- •6. Баөж тапсырмаларын орындау кестесі
- •7. Баоөж сабақтары мен кеңес берулерді өткізу тәртібі
- •8. Студенттерге қойылатын талаптар
- •9. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
«Политехникалық» және «Машина жасау» факультеттерінің
5В71600 – «Аспап жасау», 5В73100 -«Тіршілік әрекетінің қаупсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», 5В80600« Аграрлық техника және технология ,5В71300- «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 5В071200 «Машинажасау», 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология»,5В073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандықтарының
1 Курс студенттеріне арналған
М-8 Химия, М-11 Химия, М-10 Химия М-10.1 Химия модульінің
«Химия»
Пәні бойынша оқу бағдарламасы ( силлабус)
Орал 2013ж
КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
«Машина жасау » «Машина жасау» факультетінің ОӘБ төрайымы факультетінің деканы
____________ Туманова А.А. __________Шакешов Б.Т.
«___» _________ 2013 ж. «___» _________ 2013 ж.
М-8 Химия, М-11 Химия, М-10 Химия, М-10.1 Химия модульінің «Химия»
пәні (міндетті компонент) бойынша оқу бағдарламасы (силлабус)
Құрастырушы: аға оқытушы Азгалиева Г.С.
«Химия және химиялық технология» кафедрасы
«Машина жасау» факультеті, 409- кабинет
Оқу бағдарламасы (силлабус) ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2009 ж. бекітілген 5В071600 – «Аспап жасау», 5В073100 - «Тіршілік әрекетінің қаупсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 5В071200 «Машинажасау», 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология»,5В073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандықтарына арналған «Химия» пәнінің типтік оқу бағдарламасына негізделіп жасалынды.
Кредит саны – 2
Дәріс – 10 сағат
Зертханалық – 20 сағат
Практикалық – 10 сағат
СОӨЖ – 15 сағат
СӨЖ – 35 сағат
Барлығы – 90 сағат
Бақылау түрі – емтихан
Кафедра отырысында талқыланды, «___» _________ 2013ж. № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ Алмагамбетова М.Ж.
Пәннің сипаттамасы
Химия ғылым ретінде, ең алдымен заттар және олардың айналуы кезіңдегі процестермен тығыз байланыста болады. Зат- белгілі бір жағдайда физикалық және химиялық қасиеттермен сипатталатын тыныштық күйдегі массасы бар материяның нақты көрінісі.Табиғатта және көптеген жасанды жағдайларда барлық жаратылыстану ғылымдарының бір-бірімен өзара байланысып жататындығын байқауға болады (физика, химия, биология, геология, математика т.б.). Химия ғылымының пайда болуы жеке химиялық процестерді қолдан жасай білуге негізделген. Мысалы, металды балқыту, сыра ашыту, тері илеу және оны бояу тәрізді процестер. Химия ғылымында да практикалық білім теориядан бұрын туған. Химияны білу физика-химиялық өндірістік процесстерді түсінуге мүмкіндік береді.
1.1.Пәннің пререквизиттері: математика,физика. Жоғарғы оқу орнында білім алатын студент бейорганикалық химия курсын: негізгі заңдарды,химиялық қосылыстардың формулаларын жазып үйрену, химиялық реакцияларды жаза білуге және оларды орындау ең басты міндет.
1.2. Пәнді оқудың мақсаты: Студенттердің ғылыми-жаратылыстану көз-қарасын қалыптастырудың тәрбиелік және даму деңгейін шыңдау, оның химиялык ойлау қабілетін арттыру. Екіншіден, нақты іс жүзінде химияның заңдарын қолдану жолдарымен және қазіргі ауыл-шаруашылық проблемаларды, сондай-ақ, студенттерді пайдаланатын заттардың қасиеттерімен таныстырумен тығыз байланысты.