Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.55 Кб
Скачать

Білім – байлығымыз

«Әр халықтың дамуы үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек», - деген екен Ш.Уәлиханов. Ел азаматтығын алысымен тарихи-әлеуметтік болмысына сай жаңа білім жүйесін құрудың аса қажеттілігі туды. Бұл міндетті атқару бұрынғы білім проблемалары институты үшін салмағы ауыр жүк болатын.

Мемлекетіміздегі үздіксіз білімді дамыту мақсатында құрылған Академия құрамындағы үш ғылыми-зерттеу институттарының (Жоғары білім институты, Кәсіптік білім институты, Орта білім институты) құрылуы да Республиканың білім беру болашағынан үлкен үміт күтетіні сөзсіз.

Ғылым мен практика, бейнелеп айтқанда, құстың қос қанатындай немесе ашық мұхиттағы қайықтың ескексіз жүзе алмайтындай бір-бірімен тығыз байланысты. Ертеңгі ұрпақтың мектеп қабырғасынан сапалы білім, саналы тәрбие алып шығуына осы байланыстың әсері мол.

Қазақстандық экономиканың жетістігі, көбінесе, бәсекелесуге қабілетті жоғары технологиялық экономика үшін мамандардың жаңа буынын дайындауды қамтамасыз етуге арналған жоғары білім беру жүйесін қайта құру. Біздің Республикамызда қоғамдағы және еліміздің білім беру саясатындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерден туындайтын жалпы стратегиялық міндеттерді бейнелейтін жоғары білім берудің мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы дайындалды.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып аударыңыз.

  2. Мәтін бойынша он сөзді аудармасымен жазыңыз.

  3. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.

  4. Мәтіннен зат есімдерді тауып жазып, ажыратыңыз.

  5. Мәтіннен туынды зат есімдерді табыңыздар.

Білім атасы – ы. Алтынсарин

Қазақ әдебиетінің кемелденуіне үлкен үлес қосқан тұлға – Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңшыл педагог, жазушы, ауыз әдебиетін зеттеуші этнограф. Ы.Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Қостанай уезіндегі Арқақарағай болысында, қазіргі Затобол ауданында туған. Атасы Балқожа белгілі би болған. Ыбырай атасы Балқожаның тәрбиесінде болды. Ол өз бетімн оқып, білім алған. Ыбырайдың білім алуына шығысты зерттеуші ғалым В.В.Григорьевтің үлкен әсері боды. Ол халыққа білім беруді арман етті. Ыбырай Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарды. 1860 жылы Торғайда қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылды, әрі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді. Ыбырайдың ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталды. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса бырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868-1874), Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879) қызметін атқарады.

Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, балаларға білімнің ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарда оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке тәрбиелейтін ғибратты шығармалары орын алған. Тек қана оқу-ағарту жұмыстары ғана емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық-саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, этнографияға қатысты мақалалар жазды.

Тапсырмалар:

1. Ыбырай Алтынсарин кім»?

2. Ы.Алтынсариннің қандай педагогикалық еңбектерін білесіздер?

3. Ы.Алтынсарин мектеп пен интернат ғимаратын салтанатты түрде қай жылы ашқан?

4. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.

5. Мәтіннен зат есімдерді тауып жазып, ажыратыңыз.

6. Мәтіннен туынды зат есімдерді табыңыздар.

КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ

…Жақсы кітап – жан азығы. Кітапты сүйіп дәріптемеген адам жақсы бола алмайды. Кітапқа ең жақын досым, ақылшым деп қарау керек. Кітапты жазушы – халқы үшін, жастар мен балалар үшін жазады. Егер оқымаса, жазудың да, еңбектенудің де қажеті жоқ.

«Біздің заманда кино, телевизор, театр, радио да бар, кітап оқуға уақыт жетпейді», – деген қате пікірлер кездеседі. Ол дұрыс емес. Әрқайсысының өзінің орны бар. Кино да, телевизор да кітаптай бола алмайды, сырласа алмайды. Оқушы жас күнінен бастап кітап оқуға құнығуы керек. Әйтпесе күнде кітап оқу қиын болады. Аспай-саспай, әуелі кітаптың ырғағына түсіп, жаттығып, оқиға ішіне кіре оқымаса, ауыр тиеді. Әр кітаптың өзінің ырғағы бар, сол ырғақты тауып оқу құнығудан туады. Балалар әуелі ертегі кітаптардан бастап қызыға оқыса, біртіндеп құмартып оқуды жақсы көріп алады. (З.Шашкин)

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып аударыңыз.

2. Мәтіннен он сөзді көшіріп жазып, аударыңыз.

3. Мәтіннен таныс емес сөз тіркестерін теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.

5. Мәтіннен зат есімдерді тауып жазып, ажыратыңыз.

6. Мәтіннен туынды зат есімдерді табыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

5. Г.М. Нұрғожина, Ғ.М.Әбілқасов, Ш.А. Жетпісбай Қазақ мәдениеті (Қазақ тіліне арналған мәтіндер жинағы). ҚарМТУ, 2003.

6. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқыту). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.

7. Нығметова Н.Т. Нұржанова Қ.Қ. Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2009

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 1, 2, 12, 16]

1. «Білім – байлығымыз» тақырыбына әңгіме.

2. «Ы. Алтынсарин» тақырыбына слайд, презентация жасау.

6-тақырып Мемлекет және біз. Қазақстан Республикасының Рәміздері. Менің Отаным – Қазақстан. Көмекші есімдер

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.