Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.55 Кб
Скачать

Билл гейтс туралы

Билл Гейтс - әлемдегі бай адамдарының ішінде ең байы, жасы жағынан ең жасы. Жеке байлығы 100 млдр. долларды құрайды. Әкесі – адвокат, анасы – мектеп мұғалімі болған. Лейксайд жекеменшік мектебінде оқыған. Осында компьютерге деген қызығушылығы артады. Ол кезде жеке компьютерлер болмағандықтан, ғылыми орталықтардағы үлкен ЭЕМ-дарда жұмыс жасау уақыты ақша тұратын. «Болашаққа жол» кітабында «Біз Поль Алелен екеуіміз қарапайым программа жасаудан бастадық. Оқушы үшін әр жазда 500 доллар табу үлкен қаржы еді» - деді.

Сонау 1974 жылы американдық MITS фирмасы Altair 8800 шағын қондырғысын шығарды. Кейіннен бұл әлемде алғашқы жеке компьютерлер болып саналды. Ол Гарвард университетінің бірінші курсында оқитын Билл Гейтстің программасы – программистер үшін құралмен (Бейсик тілінің интерпретаторы) жабдықталды. Бұл Гейтс үшін әлі күнге дейін үлкен мақтаныш. Осы арқылы ол бірінші болып нарық әлемінде өзі қалаған күрделі тірлікке сәтті қадам жасады.

Алғашқы жетістікпен қанаттанған олар екінші курстан оқуларын тастап, компаниясын құрады. Altair компьютері алғашқы шыққаннан кейін арада төрт жылда Microsoft Бейсик программасы жеке компьютерлердің 23 үлгісіне жұмыс жасай бастады. Осының бәрі Гейтстың мектептегі жобалары еді.

IBM-ның сенімін алған соң енді кезек күттірмей операциялық жүйе жасау керек. Бұл үшін операциялық жүйемен айналысатын инженер Тим Паттерсон дегеннен дайын жобаларды сатып алады. Мұның бәрі IBM-ның «тұңғышы» саналатын MS-DOS көпшілік үшін IBMPS-DOS операциялық жүйесі жарыққа шығардан бір ай бұрынғы тірлік еді. Осы отыз күн Гейтстің табандылығы мен фирмадан 60 инженердің «ми шабулының» нәтижесі еді. Арада бірер жыл өтеді. Гейтстің фирмасы енді операциялық жүйе жасауда «көгілдір алып» IBM-ның өзін басып озады. Олардың жүйесі ондаған миллион компьютерді іске қосады, сұраныс күн сайын арта түседі. Осылайша, Microsoft операциялық жүйе жасау жөнінен әлемде жетекші ролге ие болады.

Гейтстің жетістіктерінің сыры, оның өз тауарын стандартқа айналдыруында жатыр. Сонда ол тауар өзін қайта-қайта сатып отырады. Гейтс қолдануға ыңғайлы, жан-жақты жетілдірілген жүйенің компьютерлер үшін үнемі қажет болатының дер кезінде бағалай білді. «Бір үйреніп алған тұтынушы өзгені қажетсінбейді (немесе өзгені қолдана алмайды)». Ол ұстанған бағыт осы болды.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.

Жеке меншік, құрайды, қызығушылық, қаржы, қондырғы, нарық, жоба, жүйе, жетістік, тауар, тұтынушы, бағыт.

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Б.Гейтстің жеке байлығы қанша доллар құрайды?

  • Ата-анасы кім болған?

  • Б.Гейтс қандай мектепте оқыған?

  • MITS фирмасы не шығарды?

  • Б.Гейтс қандай университетте оқыды?

  • Қандай жүйе жасау жөнінен жетекші ролге ие болды?

4. Мәтіннен көптік, септік, тәуелдік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазыңыз.

5. Мәтіннен кез-келген екі сөзді алып септеңіз.

ҚОЛӨНЕР

Қазақ жерінде ХVІІІ – ХІХ ғасырларда қолөнер дәстүрлері қатты дамыған. Әсіресе жүннен жасалған ашық түсті текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасылды түскиіздер, ал қызыл гүлді кілемдер, қошқар мүйізді алашалар мен тоқылған сандық қап, аяқ қап, кесе қап және шекпен, шапан, т.б.

Сонымен бірге, қазақтың өткен заманда дамыған қолөнер түрі – зергерлік өнер. Бұрынғы заманда Қазақстан жерінде алтын, күміс, қорғасын, мыс, қалайы тағы басқа металдар өндірілген. Олардың түрлері бұйымдар, киім-кешектер де әзірленген. Әсіресе әйелдерге, қыздарға арналған шолпы, білезік, қапсырма, сақина, жүзік, сырға, алқа, түймелер жасаған.

КИІЗ ҮЙ

Киіз үй негізгі төрт бөлшектен тұрады. Ол – кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі ағаштың мынадай түрлерінен жасалады: тал, қайың, терек. Ең жақсысы – тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті осы кәсіпке маманданған шебер жасайды. Үйшілер көбінесе талды өзендер бойында тұрады. Олар – Еділ, Жайық, т.б. кішірек өзендер. Ағаш бөлшектерді жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген ұлттық жабдықтарды пайдаланған.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 1, 2, 12, 16, 19, 20]

1. «Адам бәрін жасайды» тақырыбына әңгіме.

2. «Билл Гейтс» туралы әңгіме.

3. «Қол өнер» тақырыбына буклет жасау.

3-тақырып. Уақыт. Менің күн тәртібім. Мен бос уақытымды қалай өткіземін.

Сөз таптары. Сан есім.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

УАҚЫТ