
- •Мемлекеттік тіл мәртебесі
- •Тіл туралы заң
- •1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс туралы
- •Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы – ы. Алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Диктант «бурабай»
- •Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
- •Қазақстанның қорықтары
- •1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Астана – қазақстан республикасының бас қаласы.
- •1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз
- •Тоқтар оңғарбайұлы әубәкіров
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет қармту - білім ордасы
- •Ә.С. Сағынов – академик, ғалым
- •Экономика және менеджмент факультеті
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Аралық тест студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •3. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
Экономика және менеджмент факультеті
Экономка және менеджмент факуьтеті (ЭМФ) – мемлекеттік техникалық университетінің салыстырмалы жас факультеті. Ол 1993жылдың қыркүйегінде қалыптасқан. Оның құрамына 3 кафедра кірді: «Экономика және менеджмент құрылыста» (ЭМҚ), «Машина жасау экономикасы және менеджменті» (МЖЭМ), «Кен өндірісі және геобарлау экономикасы және менеджменті» (КӨГЭМ) және екі жалпыбілімберу кафедрасы: «Экономикалық теория» және «Қолданбалы математика».
Факультеттің бірінші деканы доцент, к.т.н. В.С. Юшко (1993-1995жж) болды; сосын профессор, к.э.н. К.Б. Тоғайбаев (1995-2001жж) болды. 2001 жылдың сәуір айынан бастап факультеттің деканы болып ЭП кафедрасының доценті, к.т.н. Н.А. Алпысбаева тағайындалды.
Қазіргі уақытта факультет құрамында келесі кафедралар бар: «Кәсіпорын экономикасы», «Кәсіпорын менеджменті», «Экономикалық теория», «Кәсіпорын және басқару».
Факультет 8 мамандық бойынша бакалавр дайындықтарын негіздейді: «Экономика», «Есеп және аудит», «Бағалау», «Менеджмент», «Маркетинг», «Мемлекеттік және ішкі басқару», «Тұрмыстық қызмет және сервис», «Кәсіби оқыту». «Экономика» магистерлер мамандығы бойынша.
Студенттер құрамын 870-тен астам студенттер құрайды.
Факультетте 65 оқытушылар жұмыс істейді, оның ішінде экономика ғылымының 3 докторы, педагогика ғылымының 1 докторы, 3 профессор, «Евразия» Халықаралық Академиясының 2 корреспондент-мүшесі, 24 ғылым кандидаты мен доценті бар.
Кафедраның ғылыми – зерттеу жұмыстары мынадай нұсқаулар арқылы жүргізіледі: Қазақстан экономикасының құрылыс өзгерісі, өнеркәсіптік кәсіпорынның адаптациялық басқармасы, минералдық шикізаттың кешендік қолданылуы, ЖКХ реформалау. Экономикалық ғылымының іздену білім дәрежесінде 3 диссертация, 9 кандидаттық диссертация қорғалды, 150 шамасында ғылыми мақала жарияланып, 6 монография, 11 білім жәрдемақысы, 16 электрондық оқулық шығарылды. 3 кандидаттық, 2 докторлық диссертация, 2 монография шығарылымы жоспарланады.
Факультет Қазақстан жоғары оқу орындарымен, шет елдердегі – Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Аль-Фараби атындағы ҚазНУ, Гумилев атындағы ЕНУ, EERC, Циттау Институты/Герлитц (Германия), МГСУ басқармаларымен келісім жүргізеді.
Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Сөздік бойынша жұмыс жасаңыз.
3.Кафедраның ғылыми – зерттеу жұмыстары мынадай нұсқаулар арқылы жүргізіледі: Қазақстан экономикасының құрылыс өзгерісі, өнеркәсіптік кәсіпорынның адаптациялық басқармасы, минералдық шикізаттың кешендік қолданылуы, ЖКХ реформалау. Берілген сөйлемдердегі етістіктердің райларын ажыратыңыз.
4. Университеттің факультеттерін айтып шығыңыз. Өз факультетің жайлы әңгімелеңіз.
5. Факультет ғимаратын, оның әр қабатын суреттеңіз.
6. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Факультеттің тарихын әңгімелеңіз.
Факультет қандай мамандықтар шығарады.
Экономика мамандығынан шыққан қандай ғалымдарды білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.
2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.
3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.
4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 1, 2, 9]
«Біздің университет» тақырыбына буклет.
«Сағынов – академик, ғалым» слайд жасау.
«Біздің факультет» тақырыбына әңгіме.
13-тақырып. Кәсіби бәсекелестік. Бәсекеге қабілетті азаматтар – Қазақстанның болашағы. Қазақстан – 2030 стратегиясы. Етіс категориясы.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Тапсырмаларды орындау.
3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.
4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.