Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.55 Кб
Скачать

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Қорық деген не?

  • Еліміздегі басты қорықтарды атаңыздар. Өзіңіз қайсысында болдыңыз? (болсаңыз қысқаша әңгімелеп беріңіз).

  • «Наурызым» қорығы туралы әңгімелеп беріңіз.

  • Экологиялық аймаққа қандай облыстар жатады?

  • Орталық Қазақстанның табиғаты туралы баяндаңыз.

  • Қорықтар туралы әңгімелеңіз?

  • «Қорық » сөзін қалай түсінесіз?

  • Қарқаралы табиғаты туралы әңгімелеңіз.

3. Мәтіннен септік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннен сын есімнің шырайларын тауып ажыратыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4.Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

5.Г.М. Нұрғожина, Ғ.М.Әбілқасов, Ш.А. Жетпісбай Қазақ мәдениеті (Қазақ тіліне арналған мәтіндер жинағы). ҚарМТУ, 2003.

6.Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқыту). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.

7.Нығметова Н.Т. Нұржанова Қ.Қ. Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2009

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 1, 2, 16, 19, 20, 21 ]

  1. «Жера-Ананы аяла» тақырыбына әңгіме жазу.

  2. «Туған жер» тақырыбына шығарма жазу.

  3. «Қазақстанның қорықтары» тақырыбына слайд жасау.

9-тақырып. Жер тұрғындары. Қазақстан халқы. Мәдени мұра – Алтын адам.

Есімдік.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Жер тұрғындары

Жер планетасы жеті құрлықтан тұрады: Австралия, Антарктида, Африка, Азия, Европа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка. Құрлықтардың әрқайсысында түрлі елді мекендер, таулар, өзендер, көлдер, шөл далалар, шалғынды жазықтар, ормандар, қалалар сияқты ландшафттар бар.

Құрлықтарда 6 миллиардтан астам тұрғындар өмір сүреді. Олардың қоныстануы әр түрлі. Мәселен, тұрғындары ең аз қоныстанған құрлық – Австралия. Ал, Европа құрлығы аумағы ең кіші құрлық болғанменен, халқы тығыз қоныстанған. Жер тұрғындары нәсіліне қарай үшке бөлінеді.

Ұлттар, ұлт өкілдері ортақ тарихы, генетикалық жақындығы, дәстүріне орай белгілі бір мемлекеттерді құрайды. Әр халықтың өз салты, тілі, діні бар. Кейбір тілдер кең таралған. Мысалы, ағылшын тілі – әлемнің барлық елінде қолданылады. Сол сияқты өлі тілдер, жасанды тілдер де бар.

Салт-дәстүрлер әр елде әр түрлі. Ол сол халықтың наным-сенімімен, тарихымен тығыз байланысты.

Әлем халықтары әртүрлі діндерге табынады. Табынушылар саны көп діндер – ислам, христиан, иудаизм, буддизм, конфуциандық, индуизм, синто және даосизм діндері. Өзге діндерге сикхизм, джайнизм, бахаизм және зороастризм, тағы басқалар жатады.

Жаңа сөздер:

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді оқыңыз.

2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз. Мына сызба бойынша жұмыс істеңіз:

үлкен

жаңа

таза

Прямая соединительная линия 20

Прямая соединительная линия 19 құрлық

Прямая соединительная линия 18

3. Мәтінді түсініп оқыңыз.

4. Мәтіндегі тірек сөздерді жазыңыз. Сол бойынша жоспар құрыңыз.

5. Халықтар, олардың мәдениеті, тілі, діні, нәсілі туралы мәліметтер жинаңыз. Оны әңгімелеп беріңіз.