Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_EPO-TFP_kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
315.02 Кб
Скачать

Фармацевтикалық факультет оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау

Курс 3

ПӘН: «Кәсіби қарым-қатынас этикасы. Фармацевтикалық қамқорлық»

Тақырып:

2013

ТАҚЫРЫБЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭТИКА ДЕОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОЭТИКАНЫҢ ДАМУ ЭТАПТАРЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ .

МАҚСАТЫ: Медициналық этиканың пайда болу тарихы мен дамуын оқып-тану.

ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  1. Медициналық этика мен жалпы

  2. этиканың пайда болуына себеп болған факторларды оқып-тану.

3. Медициналық этиканың құралуындағы ерте заман ғалымдарының қосқан үлесін оқып-

тану.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды оқытушымен талқылап, ситуациялық есептерді шешу.

Ситуациялық есептер

1. «Медициналық этика» ұғымының анықтамасын дәптерлеріңе жазыңдар.

2. Алғашқы қауым мен тас дәуіріндегі медициналық этика мен этиканың пайда болу себептерін

дәптерлеріңе жазыңдар.

3. Өнегелі білімнің, этиканың көзі болған, қасиетті кітаптарды жазыңдар.

4. Этика туралы Сократ және Платон ілімдерінің негізгі жағдайларын жазбаша баяндаңдар.

5. Этика туралы Аристотель ілімінің негізгі жағдайларын жазбаша баяндаңдар.

Тарату материалы:

Медициналық этика – медициналық қызметкерлер, фармацевтердің өз тәжірибелерінде адам игілігі үшін ғылыми-техниканың озық жетістіктердін пайдаланып қана қоймай, оның адамға, ұрпаққа, қоршаған ортаға зияндылығын тигізбеуді қамтамасыз ететін, медициналық қызметкерлердің кәсіби мінез-құлқын реттейтін ережелер, принциптер мен заңдар туралы ғылым.

Адамның этикалық ойының бастауы ерте заманнан басталады. Алдымен жалпыадамдық этика пайда болған. Медициналық мамандықтың дәрігер, акушер, мейірбике сияқты түрлерге бөлінуіне байланысты «Медициналық этика» пайда болды. Ол ғылым ретінде енгізіліп, практика үшін өзінің қажетті, мақсатты, пайдалы екендігін дәлелдеді.

Қауымда мінез-құлықтың өнегелі ережелері қасиетті Құранда, Библияда, Авестада және өзге де діни кітаптарда діни заңдар түрінде баяндалған.

Адамдардың мінез-құлқын алғаш зерттеген «антикалық этиканың әкесі» Сократ болды. Сократ этикасының негізгі принципі – білімді мейірбан адамдар (добродетели) теңдігі.

Көрнекті философ Платон «мейірбандық –ол жан тәртібі мен үйлесімдігі, ал әділдік принципі – ол жалпыадамдық және медициналық этика үшін қажетті, маңызды нәрсе», - деп есептеген.

«Үлкен этика» атты және тағы да басқа бірнеше этикалық еңбек жазған, ежелгі грек энциклопедисті-ғалым Аристотель осы ғылымға «этика» деп ат беруді ұсынды. Кейіннен «деонтолгия» деп аталған, «міндет туралы ғылым» ұғымын ең алғаш осы Аристотель пайдаланған.

Ежелгі медициналық-этикалық құжаттардың бірі «Гиппократ анты» болып табылады, оның негізгі қағидалары күні бүгінге дейін әртүрлі медициналық этикалық кодекстерде қолданылады.

Кәсіби қызметтің дәрігерлік түрін таңдаған адамдар үшін, өнегелік (моральдық) кодексті қалыптастырудың бірінші кезеңі осымен аяқталады.

Ал монотеистік діндердің: иудаизм, буддизм, христиан, ислам дамуы кезінде медициналық этика дамуының екінші кезеңі басталған.

Университеттерде медициналық факультеттер ашыла бастады.

Капитализмнің дамуы мен медицинаның өркендеуі кезінде медициналық қызметкерлердің науқастар мүддесімен сай келмейтін экономикалық мүдделері жоспардың алғашқы орнында тұрды. Осы тұста этика мен деонтология туралы сұрақ қайта туындады.

1917 жылғы революциядан кейін медициналық этика Кеңестер Одағы мен әлемде әртүрлі жолмен дами бастады.

Әлемдік қоғамдастық екінші дүниежүзілік соғыс пен фашист-дәрігерлердің жауыздығы әсерінен медициналық этиканың халықаралық кодексін құру туралы ойлана бастады. Осылайша, Әлемдік медициналық ассоциация құрыла бастайды, ол 1948 жылы 2-ші сессиясында екі құжатты қабылдайды: бірі – «ХХ ғасыр дәрігерінің Гиппократ анты» туралы жарлығы (Женева жарлығы), ал екіншісі – «медициналық этиканың Халықаралық кодексі».

Осыдан кейін, медициналық этика дамуының жаңа кезеңі басталады, онда дәрігердің қоғамдағы атқаратын ролі шексіз өсті және медициналық қызметкерлер мінез-құлқының өнегелі-этикалық реттелуі халықаралық келісім мәртебесіне ие болатын дәрежеге біршама өсті.

Материал суреттемесі:

Әдебиеттер:

1. Аристотель. Шығармалар.-Т.4.Москва, 1983ж.

2. Биомедициналық этика // Покровский В.И. жетекшілігімен.- Москва, 1997ж.

3. Биоэтика: принциптер, ережелер, мәселелер // Юдин Б.Г. жетекшілігімен.–Москва, 1998ж.

4. Биоэтикаға кіріспе.-Москва, 1998ж.

5. Вересаев В.В. Дәрігер жазбасы / толық шығармалар жинағы.-Т.2.-Москва, 1928ж.

6. Дәрігерлер ассоциациясы, медициналық этика және жалпымедициналық мәселелер // ресми құжаттар жинағы.- Москва, 1995ж.

7. Гиппократ. Таңдамалы кітаптары.-Москва, 1994ж.

8. Деонтология мен медицина // Петровский Б.В. жетекшілігімен.- Т.1-2.-Москва,1998ж.

9. Иванюшкин А.Я. Медицинадағы кәсіби этика.-Москва, 1990ж.

10. Швейцер А. Этика және мәдениет.-Москва,1973ж.

11. Яровинский М.Ф. «Медициналық этика» (биоэтика) курсы бойынша дәрістер: Оқу құралы.-2000ж.

ТАҚЫРЫБЫ: «ГИППОКРАТ АНТЫ» ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭТИКАДАҒЫ РОЛІ.

МАҚСАТЫ: көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі медициналық этиканың, деонтологияның және биоэтиканың даму тарихын оқып-тану.

ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ежелгі медициналық-этикалық құжаттарды оқып-тану.

2. «Гиппократ антының» негізгі жағдайларын оқып-тану.

3. Медициналық этика туралы қазіргі замандағы құжаттарды оқып-тану.

4. Медициналық этика мен биоэтиканың негізгі жағдайларын оқып-тану.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Ситуациялық есептерді шешу, сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды оқытушымен бірге талдау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

Ситуациялық есептер:дәптерлеріңе жазыңдар

1. Көне замандағы медициналық-этикалық құжат «Гиппократ антының» негізі жағдайларын

дәптерлеріңе жазыңдар.

2. Орта Азия және Ресейдегі медициналық этиканың қалыптасу кезеңін жазбаша көрсетіңдер.

3. «Медициналық этика» түсінігінің анықтамасын дәптерлеріне жазыңдар.

4. «Биоэтика» түсінігінің анықтамасын дәптерлеріңе жазыңдар.

5.Гиппократтың қысқаша өмір тарихы

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ:

Медицинамен айналысатын адамдардың өнегелік сапасына әрдайым жоғары талап қойылған. Бұдан мың жыл бұрын да, қазіргі заманда да олардың кәсіби мінез-құлқына белгілі бір талаптар қойылған, оны медициналық этика пәнінде оқып-таниды.

Көне медициналық-этикалық құжаттардың бірі – бәріне танымал «Гиппократ анты» болып табылады. Медицина құдайы болып саналатын Асклепий негізін қалаған асклепиадтар мектебінің түлектері осы антты берген. Гиппократ ІІ Ұлы Косский (б.д. 460жылы туылған, кейбір деректерде оны 83 жыл, ал кейбір деректерде 104 жыл өмір сүрген делінген) осы мектептің ең танымал түлегі болды.

Ант құнды құжат болып саналады, ол Гиппократ дәуіріндегі медициналық мектептердің дәрігерлік қызметі туралы түсініктерді береді. Дәрігерлердің «асклепиадтар» деп аталуының мағынасы Асклепиядан шыққан дегенді білдіреді, сондықтан да оның атымен антты береді. Осы антта және «Гиппократ жинақтарының» өзге де шығармаларында дәрігерлердің шіркеулік медицинаға қатысы туралы ешқандай айтылмайды. Дегенмен де, дәрігерлер «Асклепий» (асклепейондар) құдайының құрметіне тағзым ететін, шіркеу адамдары емес.

Дәрігерлік мектептер, дәрігерлік бірлестіктер (корпорациялар) пайда бола бастады. Дәрігерлік цехқа немесе корпорацияға енген дәрігер өзін сол құрметке ие болатындай етіп ұстады, яғни өзінің беделін түсіретін жаман әрекеттерге бармады.

Сол заманда емші, бақсы, көз бояушылар көптеп болды, солардан арнайы мектепті (асклепиадтар корпоациясын) бітірген дәрігерлерге қоғамда сенімді қамтамасыз ету үшін Гиппократ анты шықты деп айта аламыз.

Осы «Антқа» немесе «Гиппократтың 10 уағызына» кейде оны (Мойсейдің 10 шіркеулік уағызымен ұқсатады) логикалық-тарихи талдау жүргізейік.

Осы дәуірде дәрігерлердің мінез-құлқын реттейтін әдістің бар екендігін «Анттың» преамбуласы дәлелдейді.

«Келесі ант пен жазбаша міндеттемелерді .............. өз ақыл-ойыммен, күшіммен адал орындауға, дәрігер Аполлонды, Асклепийді, Гигиея мен Панацеяны және барлық құдайларды куә ете отырып, ант беремін.»

Аполлон гомердәуірінен кейінгі кезеңдегі дәрігерлердің құдайы болып саналады. Асклепий (Ежелгі Римде – Эскулап деп аталды) – дәрігерлік өнердің құдайы Аполлонның баласы. Ал Гигиея Асклепийдің қызы, ол –денсаулықтың құдайы («гигиена» сөзі осыдан шыққан), оны қолында жылан ішіп тұрған тостаған бар жас қыз бейнесінде бейнеленген (ақылдылық символы). Панацея (емдеуші) – ол Асклепийдің басқа қызы. Панацея барлық ауруды емдей білді. Сондықтан да, «Панацея барлық ауруды емдейтін дәрі» - деген ұғым осыдан шыққан.

«Анттың» келесі мәтіндері дәрігерлік қызметтің әкеден балаға берілетін «жанұялық қызмет» екендігін көрсетеді.Қызмет одан әрі кеңейіп, оған сырттан оқушылар алына бастады. Оған дәлел Гален мен Платон, сол дәуірдің дәрігерлері оқушыларды медицинаға ақымен оқытқан. «Антта» бұл туралы ештеңе айтылмайды; оқушы оқытушының жанұясына мүше болып кіріп, оқытушы қажет еткен жағдайда ғана оған көмектескен. Ақша туралы келісім өз алдына құрастырылуы мүмкін.

Бұл жайлы «Анттың» мәтінінде былай делінген: «мені дәрігерлік қызметке үйреткен ұстазды өз ата-анаммен бірдей көруге, өз пайдамды онымен бөлісуге, оның мұқтаждығына көмектесуге, оның ұрпағын «өз бауырларым» деп санап, егер олар осы өнерді қаласа, онда оларға ешқандай келісімсіз, ақысыз үйретуге, оқытуға; осы өнердің ауызша сабақтарын және т.б. ілімдерін медициналық заңдағы ант пен міндеттемелерге байланысты өзгелерге емес өз балаларыма, ұстазымның балаларына және оқушыларына жеткізу, үйрету».

Осыдан, оқудың және практикалық қызметтің материалды, экономикалық жағдайларынынң анық жазылғанын көреміз.

«Өз ақыл-ойым мен күшіме сүйене отырып, мен аурудың режимін оған пайда болатындай етіп бағыттаймын» - деп «анттың» авторлары өздерінің медициналық міндеттерін ескере отырып, аурулардың өміріндегі образды (режимді) бірінші орынға қояды.

«Әділетсіздік пен әртүрлі зиян келтіруді болдырмаймын» - деп, міндет алған жас дәрігер, «Зиян келтірме» деген медицинаның алғашқы заңын өзінің алғашқы қадамында меңгеруі қажет және дәрігерлік қызметте ешқандай әділетсіздіктің орнауына жол жоқ екенін түсінуі керек. Әділетсіздіктің қағидалары ешқандай ауытқусыз қадағалануы тиіс.

«Мен өлгісі келетіндерге өлтіретін дәріні берген жоқпын және оларға өлудің жолын көрсетпеймін».

Осы дәуірдегі медициналық-этикалық кодекске «Анттың» осы жағдайы «Өлтірме» деген көне уағыздан қалған.

Дәрігерлік өнер науқастың өлімін жылдамдатуға бағытталмаған болуы керек.

«Сондай-ақ, мен ешқандай әйелге құрсағындағы баласын алдырмаймын».

Бұл міндеттен біз өмірді беретін де, тоқтататын да дәрігер емес, құдай екеніне сене отырып, ұрықтану болған күннен бастап, жарқын өмірді әркімнің де көруі керек екенін түсінеміз.

«Мен өз өмірім мен өнерімді таза және адал өткіземін».

Бұл сөзді түсіндірудің қажеті жоқ сияқты. Дәрігерлік ол бір кәсіп ретінде емес, қателіктерге жол бермейтін және таза өнегелікті қажет ететін өнер ретінде қарастырылады.

«Мен ағзасында тасы бар науқастардың тасын алуға өз бетімше әрекеттер (сою, кесу және т.б.) жасамаймын, оларды сол істің мамандарына бағыттаймын».

Осы айтылған сөзге мәтінді түсіндірушілер еш түсінбейді, ежелгі египеттіктер мен гректерге танымал операция «литотрипсияны» (кесу арқылы тасты алу, зәр қабындағы тасты майдалау және оларды емдеу) неге дәрігерлер жасай алмайды? Орта ғасырдаң аяғында осы операцияны Ежелгі Египет пен Батыста арнайы мамандар жасай бастады. Ол дәрігерлер арнайы ұйым болып бірігіп, осы мамандықтың құпиясын бірге меңгерді және өздерінің беделін түсірмес үшін, біліктілігі жеткіліксіз болатын өзге аймақтарға кіріспеді.

«Мен қандай үйге кірсем де, ауруға көмегімді тигізу үшін кіремін, ондағы әйел немесе еркекпен махаббат құру, қауіп төндіру, пиғылдану сияқты ойлардан аулақ боламын».

Жақсылық жасауға және жамандық жасамауға бағытталу – этиканың басты қағидасы. Дәрігер мен науқас арасында (жан дүниелік) белгілі шекаралардан асатын жақындық болмауы керек, егер олай болмаса, онда оны «физикалық жақындық» деп санайды. Дәрігерлік қызметтің ақысын «тәнмен өтеу» туралы әртүрлі халықтардың ежелгі медициналық-этикалық кодекстерінде жазылмаған.

«Емдеу немесе емдемеу кезінде, ауруға қатысты нәрсені көрсем немесе естісем, оны ешкімге жария етпеймін».

«Антты» құдайлар және адамдар алдында салтанатты түрде серт берумен аяқтайды:

«Осы антты бұлжытпай орындаған маған, менің өміріме, менің өнеріме бақыт берсін; антты жалған берген немесе бұзғандарға соған кері жағдайлар болсын».

Бұл бостан бос айтылған сөздер емес. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде мақтаулы дәрігерлерге ескерткіштер орнатылған. Ал кімде-кім антты бұзса, соған айып тағылған немесе оның қолы кесілген.

Кәсіптік істің түрі ретінде дәрігерлікті таңдаған адамдардың өнегелік кодексінің алғашқы кезеңі «Медицина қалыптасуынан» басталып, Ежелгі грек философтарының «Гиппократ корпустары» деген еңбектерінің пайда болуымен аяқталады.

Медициналық этика дамуының екінші кезеңінің басы монотеистік діндер пайда болуымен байланысты болды.

Медициналық этика тарихына Орта Азия жаңару кезеңіндегі ислам араб оқымысты-медиктері: мынадай елеулі еңбектерін қалдырды: Аль-Рухави «Дәрігердің практикалық этикасы», Ибн-абу Усейби «Медицина бұйрығы», Ибн Сина (Авиценна) «Медицина каноны» және «Фирузнома». Олардың көп ұстанымдары нақыл сөзге айналып, европа және латын тілдеріне аударылды.

Ерте орыс мемлекеттерінде христиандық дін қабылданғаннан кейін монастырларда аурухана палаталары құрыла бастады. Солайша монастырларда алғашқы ауруханалар пайда болды. Кейбір монастырлар «ауруханалық» деп аталды, мысалы: Мәскеудегі Федор Студит монастырі.

Осылайша, медициналық-этика дамуының екінші кезеңі монотеистік діндер: ислам, христиан, иудаизм, буддизм қалыптасуы кезінде өтті.

Медициналық білімді таратушылар – діни қызметкерлер мен олардың көмекшілері болды, олар діндегі қағидаларға сәйкес адамдарға көмектерін көрсетті. Осындай әрекеттер университетте (universitas латыншадан «жиынтық, бірлестік» деген мағыналарды береді) медициналық факультеттер ашылып, дәрігерлік мамандық өз алдына кәсіп болғанға дейін жалғасын тапты. Медициналық факультеттер (facultas латыншадан –қабілеттілік, мүмкіндік дегенді білдіреді)бірқатар университеттерде ашылды. Олардың Х-ХІІ ғғ. Пайда болуы және одан әрі дәрігерлік (корпорациялардың) бірлестіктердің құрылуын медициналық этика дамуының үшінші кезеңіне жатқызуға болады.

Ресейдегі медициналық этика дамуына Мәскеу университеті медициналық факультетінің деканы М.Я.Мудровтың университеттің салтанатты актілерінде жарияланған еңбектері «Гиппократ дәрігерлерінің өнегелік сапасы және беделі туралы сөз» (1814ж) және «Дәрігерлік өнер қызметі немесе практикалық медицинаға қалай оқыту және қалай оқу туралы сөз» (1820ж).

Дәрігерлердің сөзі науқастарға ерекше әсер етеді, сондықтан да әрбір дәрігер өз тәжірибесінде жанға дауа болатын сөздерді қолдануы керек. Осы тұста медициналық этиканың («Гиппократ дәрігерлерінің сапасы») психология, психотерапиямен байланысының барын М.Я,Мудров атап көрсетті.

Медициналық этика терминімен қатар медициналық деонтология терминінің шығу себебі осы жағдайларға байланысты болады.

Аристотель өзінің этикалық еңбектерінде парыздық мінез-құлық және парыз туралы бірнеше рет атап көрсеткен. Ағылшын философы және құқықтанушысы И.Бентам өнеге туралы ғылым немесе деонтология туралы кітабында былай деп тұжырымдаған: «Деонтологияның негізі – ол пайда ұстанымы, басқаша айтқанда, қоғамға келтіретін пайдасына қарай белгілі бір әрекеттің жақсы немесе жаман болуы, лайықты немесе лайықсыз болуы, қолдауға тұратын немесе тұрмайтындығын айтамыз».

Деонтология өнегелік парыз туралы ілім және ол этиканың бір бөлімі. Медицинадағы деонтология – бұл әртүрлі мамандықтарға, медициналық қызметтің әртүрлі саласына, медициналық еңбектің әртүрлі звеноларына сәйкес медициналық этиканың нақтылануы. Бұл медицинаның ұжымдық өнегелі тәжірибесі, медицинадағы кәсіптік мектеп, медициналық адамгершілікті бекіту үшін дұрыс заттарды таңдау өнері, «кәсіби қызметі жағынан жетілмеген медициналық қызметкердің зиянды жақтарын максимальды түрде жою және қоғамға келтіретін пайданы максимальды түрде жоғарылату» мақсатындағы медициналық этиканың практикада қолданылатын қағидалары мен ережелері (Н.Н Петров).

Медициналық этика дамуының жаңа кезеңінің басталуы, оның ХІХ-да «медициналық деонтология» деп аталуына байланысты болған жоқ, оған дамып келе жатқан капитализм кезеңіндегі дәрігер мен қоғам, дәрігер мен науқас және медициналық ортадағы медициналық қызметкердің өзара байланысының өзгеруі әсерін тигізді.

Капитализмнің пайда болуы қоғамда өзге өнегелік климатты және өзге концепцияны қалыптастырды.Осының бәрі медициналық этика да өз көрінісін тапты. Медициналық қызметтің кәсіби мінез-құлқына дәстүрлі өнегелік құндылықтар уақыт өткен сайын тиімсіз әсер ететін болды. Бірінші кезекте олардың алдында экономикалық аспектілер тұрды. Мамандық өмір сүруге қажетті табыстың көзіне айналды. Қазіргі әлемдегі индустрияның, техниканың, жаратылыстану ғылымдарының дамуы медицинаның қарқынды дамуын қамтамасыз етті. Әлем туралы көріністер өзгерді, соған сәйкес дәрігер жаңа әлемде өз орнын табуға қиналды.

Дәрігер саны өскен сайын, бәсекелестік те өсті. Кеше ғана дәрігер өз есебі туралы қам жемесе, енді ол өз қызметін сатуға тура келді. Медицинаның тиімділігі жоғарылаған сайын, ол күрделеніп, қымбаттай берді, ал дәрігер тегін медициналық көмек көрсетуге қинала бастады.

Капитализм дәуірінде медициналық этика дамуының (деонтологиялық) жаңа кезеңі басталды және бірінші кезекте медициналық қызметкердің экономикалық мүдделері тұрды, ол науқастар мүдделерімен сәйкес келмеді. Сондықтан да, адамгершілік парыздары туралы түсініктерді дәрігерлерге қайта еске салуға тура келді.

ХХғас. басында А.Молль «Дәрігер этикасы. Дәрігер қызметінің барлық саласындағы оның міндеттері» (орыс тіліне В.В.Вересаев аударған), сондай-ақ В.В.Вересаевтың «Дәрігер жазулары» атты кітаптары жарық көргеннен кейін Ресейде медициналық этика мәселелері туралы пікір-талас толқыны басталды.

1917ж. Революция көтерілісінен кейін медициналық этика әлемде және КСРО-да әртүрлі жолмен дами бастады. Шетелде науқастар құқығын қорғау үшін, коммерцияланған медицинаға қарсы күрестер жүргізілді, сондай-ақ осы күресте медициналық қызметкерлердің мүддесі де ұмыт қалмады. Осы күресте медициналық кәсіби ассоциациялар, сақтандыру медицинасы, заңдылықтыр, шіркеу, әртүрлі елдерде құрылған этикалық кодекстер маңызды роль атқарды. Бұл жұмысты 1926ж. құрылған Халықаралық медициналық ассоциация басқарды, оның құрамына мүше болып 23 елдің дәрігерлері кірді (КСРО оған кірмеді). Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда ол таратылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Нюрнбергте сотталған дәрігер-фашистердің зұлымдығы медициналық этика туралы халықаралық кодексті құрудың қажет екендігін қайтадан көрсетті.

Бактериологиялық, химиялық, ядролық қаруларды қолдану жер бетіндегі адамзатқа өзінің қаупін туғызды. Адамзатты осы қауіптен қорғау үшін дәрігерлер күресе бастады. Осы тұста «Өмірді қастерлеу» рухында (А.Швейцер) дәрігерлерді тәрбиелейтін жаңа этикалық құжаттар қажет бола бастады.

Бүкіләлемдік медициналық ассоциация (БМА) осындай құжаттарды дайындаумен айналысты. БМА-ны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) көп шатастырады. Бұл екі ұйымда халықаралық денсаулық сақтау мәселелерімен айналысады, бірақ ДДҰ Біріккен ұлттар ұйымына (ООН) кіреді, үкімет қаржыландырады,сондықтан да оның саясатқа әсері бар. Ал БМА-ны ерікті ұлттық медициналық ассоциациялар құрған және солар оны қаржыландырады. Оның құрамына барлық науқастарға жынысына, жасына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына қарамастан медициналық көмекті көрсетуге талпынған, науқастар мүддесін бірінші кезекке қоюға ант берген әлемнің миллиондаған дәрігерлері кіреді. БМА саясатқа араласпайтын ұйым, мүшелері денсаулық сақтау жүйесінің әр саласында қызмет етеді, әртүрлі сенімді, мәдениетті ұстанатын, әртүрлі тілде сөйлейтін медициналық қызметкерлер, бірақ олардың мақсаттары мен жауапкершіліктері ортақ.

1948ж. БМА-ң Женевадағы 2-ші сессиясында ХХғас. дәрігерінің «Гиппократ анты» атты жарлығы (Женева жарлығы) қабылданған, ал 1949ж. Медициналық этиканың халықаралық кодексі қабылданды.Осыған сәйкес медициналық этика дамуының жаңа кезеңі басталды. Осы кезде дәрігерлердің қоғамдағы ролі өлшемсіз өсті, ал медициналық қызметкерлер мінез-құлқын өнегелі-этикалық тұрғыда реттеу әлемдік деңгейде жоғары дәрежеге көтерілді.

60-жылдардағы ғылыми-техникалық революция медицинаның дамуына да өз мүмкіндіктерін берді. Дәрілік заттардың жаңа түрлері, диагностикалық, емдеу құралдары мен жабдықтары пайда болды, интенсивті терапия жүргізу, генетикалық ауруларды емдеу, бедеуліктен құтылу, тіндер мен органдарды алмастырып салуға мүмкіндіктер туды.

Адам – тірі табиғаттың бір бөлігі, табиғаттағы болып жатқан өзгерістердің бәрі оның денсаулығына, тұқымының денсаулығына әсерін тигізеді. Осының бәрі медициналық этика қағидаларын қайта қарауға әкелді.

1970ж. Американдық онколог-зерттеуші В.Поттер өзінің баптарында, кейіннен кітаптарында «биоэтика» терминін қолданды. Бұл ғылымды болашақ пен қазіргі заманды байланыстыратын «аман алудың жолы» ретінде қарастырады.

В.Поттер биоэтиканы биология мен этиканы байланыстыратын көпір, яғни «жаңа пән» ретінде қарастырады.

«Биоэтика» пәнін келесідей түсіну керек:

1. негізгі мағынасы – болашақтың көпірі.

2.қарапайым мағынасы: биоэтика - әртүрлі ғылымдарды байланыстыратын көпір (байланыстырушы звено).

Биоэтика сезім мен ақыл-ойдың негізінде ғылымның барлық саласынан білімді қажет етті, әсіресе биология ғылымынан. Бұл жүйені «глобальды биоэтика» деп атайды. Этиканың ұсынылған осы жүйесі күні бүгінде биоэтика – көпірі теориясының негізі болып қала береді. Бұның негізгі функциясы –адамзатты аман алып қалу үшін медициналық этиканы қоршаған орта этикасымен әлемдік масштабта байланыстыру болып табылады.

Қазіргі кезде медициналық этика биоэтикаға қысқа мерзімдік қолдану ролін жүктейді, мысалы: клиникалық этика, дәрігерлер мен науқастар алдында туындаған мәселелерді шешумен айналысады. Ал глобальды этика адамзаттың денсаулығын сақтау үшін, өзінің зерттеу әдістерін және практикалық іс-әрекеттерін кеңейтіп, биоэтиканың маңызын түсінуге медициналық этика аймағында жұмыс істейтін барлық мамандарды шақырады.

Биоэтиканың негізгі түсінігі (постулаты) –«жауапкершілік және көну». Көну – ол «менің қателесуім мүмкін» деген түсініктен шығады және ол мынадай жауапкершіліктерге шақырады: оқуға, ізденуге, тәжірибе алмасуға және т.б.

Биоэтика адамның денсаулығы қоршаған ортаның әсеріне байланысты екендігін айтады және барлық адамзатты табиғатты осы күйінде сақтауға, ұрпаққа аман жеткізуге шақырады.

ТАҚЫРЫБЫ: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЭТИКА МЕН ДЕОНТОЛОГИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДАМУЫ

МАҚСАТЫ:Қазіргі заманғы фармацевтикалық этика мен деонтологияның дамуы және жағдайын оқып-тану.

ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Фармацевтикалық этика талаптарын оқып-тану.

2. Фармацевтердің этикалық мінез-құлқын регламенттейтін, құжаттарды оқып-тану.

3. Медициналық және фармацевтикалық деонтологияның жалпы бастамалары мен міндеттерін анықтау.

4. Медициналық деонтологиядан фармацевтикалық деонтологияның айырмашылығын анықтау.

5. Фармацевтикалық этика мен деонтологияның арасындағы байланысты анықтау.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Ситуациялық есептерді шешу, сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды оқытушымен бірге талдау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

Ситуациялық есептер

1.«Фармацевтикалық этика» терминінің анықтамасын дәптерлеріңе жазыңдар.

2.«Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтикалық қызметкерлерінің беделі туралы Кодекстің» негізгі ережелерін жазыңдар.

3.Фармацевтке қажетті жеке сапаны жазбаша көрсетіңдер.

4.Фармацевт пен науқас арасындағы сөйлесудің мәні туралы жазыңдар.

5.Фармацевт пен науқас арасындағы сөйлесудің кейбір қателіктері және оның салдары туралы жазбаша көрсетіңдер.

6. Дәптерлеріңе мына ұғымдардың анықтамасын жазыңдар:

а) деонтология;

б) фармацевтикалық деонтология;

7. Дәптерлеріңе парыз категориясы екі деңгейінің анықтамасын жазыңдар.

а) объективті;

б) субъективті;

8. Мыналарға анықтама жазыңдар:

а) фармацевтикалық деонтологияның практикадағы маңызы;

б) фармацевтикалық деонтологияның құралы;

в) фармацевтикалық деонтологияның негізгі категориялары;

г) фармацевтикалық деонтологияның мазмұны;

д) ) фармацевтикалық деонтологияның зерттеу әдістері;

9. Кәсіби парыздың 4 деңгейін дәптерге жазыңдар.

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

Қазіргі замандағы фармацевтикалық этиканың дамуы

Ең алғаш «этика» сөзін ежелгі грек философы Аристотель қолданған, ол мемлекет (саясат) пен жан (психология) туралы ілімдердің аралығынан орын алатын, адам мінез-құлқының жақсы әрекеттерін (ерліктік, сабырлылық және т.б.) оқып-танитын ғылым.

Фармацевтикалық этика – ол фармацевтикалық қызметкерлердің өз қызметін атқаруда қоғаммен, науқаспен, әріптестерімен, өзге топ адамдарымен (медициналық қызметкерлер, тексеруші орган қызметкерлері және т.б.) қарым-қатынасында ұстанатын өнегелі мінез-құлқының формальды емес нормасының жиынтығы.

Ең алғаш Ресейде кәсіби этиканың талаптары 1789ж. Дәріханашылар уставында сипатын таба бастады. Онда былай делінген: «Дәріханашы, мейірімді, өз міндетіне берік ұстанатын адал, ары таза, әр нәрсені ақылға пайымдайтын, тәні сау азамат. Халық игілігі үшін қызмет етуге дайын тұлға».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), Халықаралық фармацевттер одағының (FIP) және қайырымдылық пен адамгершілік қағидаларын ұстана отырып, сондай-ақ, фармацевтикалық қызметкерлердің қоғам алдындағы атқаратын қызметтері үшін өнегелі жауапкершілік пен жоғары рольдің тұрғанын сезіне отырып, Ресей фармацевтикалық ассоциациясы 1995жылы Ресей фармацевтінің этикалық кодексін қабылдады. Кодекс 12 баптан тұрады және онда фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби қызметінің басты мақсаты, шарттары және ұстанымдары сипатталған, солардың негізгісі мыналар:

  • әрбір адамның жынысына, жасына, нәсіліне, ұлттық тегіне, әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси сеніміне қарамастан оның өмірін қорғау және кәсіби парызы мен этикасының талаптарына сай қызмет атқару;

  • кәсіби деңгейін жоғары ұстау;

  • аурулар мен дәрігерлерді дәрілердің құндылығы туралы хабардар ету, дәрілік көмектің сапасына жауап беру;

  • кәсіби тәуелсіздігі;

  • дәрілік заттарды таңдауда, тағайындауда және қолдануда көмек көрсету;

  • әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу;

  • мамандыққа баулыған ұстаздарға құрмет көрсету, алғыс білдіру;

  • фармацевтикалық қоғамдастықтың бірігуі;

  • таңдаған мамандығы бойынша алған білімі мен қызметтік жағдайларында сәйкессіздіктің туындауы;

1997ж. FIP өкілдерінің қатысуымен «Болашақ фармацевтерді дайындау: оқу бағдарламаларын жасау (Ванкувер, Канада)» мәселесі туралы ДДҰ-ның (ВОЗ) өткізген жиынында: «Фармацевт 7 жұлдызша» атағын алған мамандарға қойылатын қазіргі заман талаптарын қалаптастырды, онда да жеке тұлғалардың мінез-құлқына көп мән берілді. Осы талаптарға сәйкес фармацевт (провизор) мынадай болады:

  • денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері, команда мүшесі;

  • жауапты шешімді қабылдауға қабілетті;

  • дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынасты байланыстырушы, коммуникация бойынша маман;

  • қоғам мақсаты үшін көшбасшылық көрсетуге дайын;

  • ресурстар (игіліктер) мен ақпараттарды басқаруға қабілетті жетекші;

  • өмір бойы ізденуге, білім алуға дайын;

  • жас фармацевтер (провизорлар) дайындауда тәлімгер, жетекші;

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы да осындай жұмыстардан тыс қалған жоқ. 2008ж. «ҚР медицина және фармацевтика қызметкерлерінің беделі туралы кодексі» жасалды.

Фармацевтикалық және медициналық қызметкерлерінің беделі туралы Кодексінің 177 бабы.

1. ҚР медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерінің беделі туралы кодексі (әрі қарай- бедел Кодексі) қоғам және азаматтар алдында көрсететін қызметтері үшін медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің жауапкершілігін анықтайды;

2. Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер өз қызметтерінде мыналарды жетекшілікке алуы керек:

  • осы ҚР-ның бедел туралы Кодексін жетекшілікке ала отырып, қызметті атқару;

  • ҚР азаматтарының денсаулығын нығайтуда ат салысу;

  • науқасқа зиян келтірмейтін шешімді қабылдау;

  • ҚР медициналық-фармацевтикалық қызметкерінің атағына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді жасамау;

  • өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы түрде орындау;

  • кәсіби білімін үнемі жетілдіру, нығайту;

  • өз пайдасын ойлап, емдеу мен алдын- алудың әдістерін, дәрілік заттарын жарнамалауды және қолдануды болдырмау;

  • еңбек ету ережелерін қатаң сақтау;

  • денсаулық сақтау ұйымының мүліктерін ұқыпты және тиімді қолдану;

  • жемқорлыққа қарсы тұру;

  • жеке басының мақсаты мен пайдасы үшін қызметтік ақпараттарды қолданбау;

  • ұжымда оңтайлы және тұрақты өнегелі-психологиялық жағдайлардың қалыптасуына үлгі көрсету;

  • өзге медициналық қызметкерлер тарапынан кодекс нормаларының бұзылуына жол бермеу;

  • кәсіби міндетін атқаруда бекітілген киім-үлгісін ұстану қажет;

Медицина және фармацевтика қызметкерінің науқаспен қатынасындағы міндеттері:

  • адам құқығын, беделін, ерекшелігін оның жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, шеніне қарамастан сыйлау, құрметтеу;

  • медициналық көмекті бәріне бірдей көрсету;

  • адам өмірін сақтауда өзінің парызын үнемі сезіну;

  • мемлекет пен денсаулық сақтау жүйесіне азаматтардың сенімін арттыру;

  • әріптестері мен өз арасында науқастарды қаржы және өзге де жағынан тонауға жол бермеу;

  • қоғам тарапынан өзінің әрекетіне сын айтуға жол бермеу, төзімділік көрсету, өзінің кемшілігін конструктивті сынмен қарау және түзету, өзінің кәсіби әрекетін жақсарту;

Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің әріптестермен қатынасындағы міндеттері:

  • бірыңғай қабылданған өнегелі-этика нормасын ұстану, мейірімді, әдепті болу;

  • науқастар қажеттілігін қанағаттандыру үшін, керек жағдайда әріптестермен де кеңесу;

  • басқа медициналық қызметкердің кәсіби мамандығына жария түрде күдік келтірмеу;

  • Қазақстан медицинасының жетістігіне үлес қосу;

3. Осы бедел кодексін сақтау медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби парызы болып табылады.

4. Осы бедел кодексіндегі талаптарды орындамаған медициналық және фармацевтикалық қызметкер денсаулық сақтау ұйымының мүшелері мен жетекшісінің шешімі бойынша жауап береді.

5. Денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі осы бедел кодексінің мәтіндерін үгіт насихат түрінде таратады.

Адамдар тек, ауырып қалған жағдайда ғана фармацевтпен кездеседі. Фармацевт еңбегінің маңыздылығы, құндылығы мынада, егер болар болмас қателессе немесе салқын қандық танытса, онда оның соңы орны толмас өкінішке әкеледі.Фармацевтің мінез-құлқы мен өмірлік жолын медицинаның адамгершілік мақсаты айқындап береді.Фармацевтің қызметінде көрсеткен жеке сапасының оң жақтары айталық, достығы, сергектігі, даралығы (ерекшелігі) аурудың қандай кеселмен ауырғанына қарамастан, оның психикасына әсерін тигізеді.

Науқас ауруының сипатына, ақыл-ойының дамуына, жүйке жүйесінің жағдайына байланысты, ауырған кезде мазасы кетіп, қырсықтық, дөрекілік, түсініксіздік танытуы мүмкін. Осының бәрін сабырлылықпен түсініп, фармацевт өз тарапынан ашу көрсетпей, науқасқа тиісті көмегін көрсетуі керек. Осыдан барып фармацевт жоғары сападан көрінеді, «адамгершілік» ұғымымен қатар тұрады. Осы көп салалы сөздің мағынасында оның жайдарлылығы, пысықтығы, ақ көңілдігі, достыққа үйір болғыштығы, жұбата білуі сияқты түсініктер жатыр.

Науқас дәріханаға көбіне жабырқаған күйде келеді. Ол ауруына шипа іздеп, соны дәріханадан табатындығына сеніп келеді. Фармацевтің парызы – сол сенімді ақтау, қолдау. Әйтсе де, дәрілік заттардың барлығы аурудың себебін жойып немесе одан оны мүлдем жазып жібермейді.Фармацевтің міндеті – ауруды жеңу үшін тағайындалған дәріні ғана қолданудың қажет екендігін науқасқа түсіндіріп айту.

Сөз – адамзатқа, әсіресе науқасқа әсер ететін құдіретті құрал. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген. Науқас дертіне шипа боларлық дәрі сатып алумен қатар, фармацевтің әрбір қимылынан, әңгімелесу мәнерінен, көзқарасынан жазылып кетерліктей әсер алу керек. Науқастың бойында тез сенгіштік, қиындықпен көндіре алмау белгілері басым болады. Адам денсаулығының қандай дәрежеде екендігін білмей тұрып, дәрінің ағзаға тигізетін әсерін пайымдау қиын. Дегенмен де, дәрігердің нұсқауымен, науқастың толық емдеу курсын алуына сенімділігін арттыру қажет. Науқастың дертіне шипа алатындығына сендіре отырып, дәрілерді қабылдау кезінде болатын жайсыздықтар мен жағымсыз әсерлері туралы алдын ала айтып, оны қорқытудың қажеті жоқ.

Дәрігер рецептте дәрінің 1 рет қабылдауға арналған бір реттік мөлшерін көрсетеді де, оның қай уақытта қабылдану керектігін көрсетпейді. Аш қарынға ішілген дәрі асқазанды тітіркендіреді, тамақтан кейін ішсе – қанға сіңбей, белсенділігін жояды. Осыдан барып препарат фармакологиялық әсеріне жетпей, жанама әсер көрсетеді. Дәрігер науқастың дәрі қабылдау уақытын білу-білмеуіне мән бере бермейді. Өйткені, бұл ретте әріптесі - фармацевтің біліміне жүгінеді. Сондықтан, фармацевт дәріханадан дәріні жібермес бұрын дәрі қабылдаудың толық уақытын науқасқа көрсетіп, анықтап түсіндіруі қажет.

Дәріханаларда науқас дәрінің не үшін жазғанын сұрап жатады. Бұл дәріні дәрігер қандай ауруға жазғанын фармацевт білуге тиісті емес, оны науқастан сұрауға да болмайды. Дегенмен, фармацевтің «білмеймін» - деген жауабы науқастарды қанағаттандырмайды.Фармацевтке өмірдің барлық жағдайларына жауап айту қиынға соғады. Бірак, науқаспен сөйлескенде түсініксіз терминдер: глаукома, гипертония, рак т.б. сияқты сөздермен емес, қарапайым: өт айдайтын, суық тиюге қарсы, зәр шығаратын, ұйықтатқыш т.б. деген сөздермен науқасқа түсіндіру керек.

Кейбір фармацевтер науқаспен сөйлесуге уақыт жоқ: чегін алып, дәрісін беру керек, олардың қойған сұрақтарына: «барма?» «бар», «жоқ па?» «жоқ»,- деп жауап беріп жатады. Бірақ, бір сөздің өзі әртүрлі естілуі мүмкін. Бернард Шоу айтқан: «иә» сөзінің 50 әдісі, «жоқ» сөзінің 50 әдісі бар - деп. Науқас фармацевтің мейірімділік танытып, оған қажеттіні жан-жақты түсіндіруге тырысқанын сезінуі тиіс.

Жанды жаралайтын сөз - фармацевт жұмысының қателігі және ол сол қателік үшін жауап береді. Кейде дәріханаға науқас дәрі алу үшін ғана емес, өзінің психикалық күйзелісін жеңілдету үшін де келеді. Бұл жағдайда адамды тек тыңдай білу керек, егер фармацевт тыңдағысы келмей, сөзін бөле берсе, бұл науқасқа ауыр тиеді. Бұл ретте фармацевт өзін мейірімділікпен, биязылықпен көрсете білдіруі керек.

Сөйлесу кезінде дауыстың тоны бір қалыпты болуы керек. Фармацевттің қызметінде жіберілген қателік пен міннен туындайтын оның салдарының үлкен мағынасы бар.

Өзінің қателігін толық мойындауы - фармацевт этикасының дәлелі болып табылады. Өзінің немесе жолдасының қателігін сезініп, тездетіп себебін іздеп, екінші рет қайталамауға тырысу қажет. Фармацевт өзін-өзі сынамаса, онда оның теория жағынан тереңдігі мен практикалық тәжірибесін жинақтауы қиын болады. Дәріні тек технологиялық жағынан дұрыс дайындап қана қоймай, оның фармакологиялық әсерін де сол қалпында сақтап қалу керек. Күрделі дәрілік заттарға талдау жасағанда жаңа әдістерді пайдалану тиімді болып келеді. Халық игілігі үшін жұмыс жасауда фармацевт үнемі білімін жетілдіріп, фармацевтика ғылымының барлық жетістіктерін қадағалап отыруы керек. Оның кәсібі осыған оны міндеттейді.

Фармацевт тек жақсы маман ғана болмауы керек. Медициналық адамгершілік мақсаты оның бет-әлпеті мен мінез-құлқын көрсетеді: тазалығы, мейірімділігі, адамның денсаулығын сақтауға тырысуы т.б. Оның бойында өз-өзіне деген сенім мен беріктігі де қатар жүреді. Іс-әрекетіндегі күдік тудыратын жайттар, баяулығы, шешімсіздігі науқасқа кері әсерін тигізеді.Фармацевт науқас қитығына тиетін нәрселердің болуына жол жібермеу керек, ол нәтижесінде науқас пен фармацевтің қатынасын бұзады.

Фармацевт этикасы оның қоғам алдындағы көрінісін айқындайды. Оның этикасының сапасы әріптестерімен, науқастармен қарым-қатынасындағы барлық іс-әрекеті кезінде шығады.

Фармацевт өз ісін жетік білумен қатар, оны сүюі керек және оған жауапкершіліктің бар екенін сезіну керек. Сонда ғана ол өзінің парызын өтейді, аурудың азаюына, адамдардың өмір сүруін ұзартуға, олардың жұмысқа деген қабілетінің артуына көмегін тигізеді.

Фармацевтикалық деонтологияның қазіргі замандағы дамуы

Деонтология - өнегелік талаптарын жазылымдар түрінде білдіретін, парыз мәселелерін қарастыратын ғылым. «Деонтология» терминін тілдер туралы сөздікке XIX ғасырда И. Бентам енгізді және бұл терминді өнегелік теориясының жалпы мағынасын беру үшін қолданды. Ақырында деонтологияны жамандық пен жақсылық туралы ілім – аксиологиядан ажырата бастады. Фармацевтикалық деонтологияның өзіндік бағыты бар және оны мынадай қарым-қатынаста енгізді: 1) фармацевт қоғаммен; 2) фармацевт дәрігермен; 3)фармацевт науқаспен;

4) фармацевт фармацевтпен;

Фармацевтикалық қызметтің қоғаммен қарым-қатынасында фармацевт фармацевтикалық көмекті кез-келген адамға, яғни оның әлеуметтік жағдайына, жасына, тұрмыстық жағдайына, діни сеніміне, ұлтына байланыссыз көрсетеді.

Фармацевтикалық қызметтің парызы мен құқығы - өзінің әрбір әрекетіне жауапкершіліктің шегін сезіну және кәсіби тәуелсіздігін сақтау. Ол дәрілік заттар айналымындағы өзінің білімінің артықтығын және жұмысының абыройын сақтауы керек. Фармацевт қызметкер өз мамандығына кір келтірмеуге және оның мінсіз болуына жауап береді.

Фармацевтикалық қызметкердің науқаспен қарым-қатынасы кезінде ашулануға, ренжуге, асығуға, шыдамсыздық танытуға, немқұрайдылық, төзімсіздік көрсетуге болмайды. Фармацевт пен дәрігердің жалпы ортақ мақсаты – науқас денсаулығын түзеу, сондықтан олар бір-бірімен үнемі бірігіп қызмет атқаруы қажет.

Дәрігер мен науқас, фармацевт пен науқас қатысының кеңдігі медициналық және фармацевтикалық деонтология алдына белгілі бір міндеттерді қояды. Фармацевтикалық қызметкердің медицина мен саудадан ерекшелінетін бірқатар функциялары бар. Фармацевт дәрігер мен науқас арасында аралық қызметті атқара отырып, науқасты емдемейді, оған тек дәрі-дәрмекпен көмек көрсетеді.

Дәріханалық мекеменің емдеу және экономикалық функцияларды қатар атқаруына байланысты фармацевтикалық пен дәрігерлік деонтологияны бөлуге тура келді. Осы жағдай фармацевтикалық деонтологияны өзіне тән кәсіби этикасымен (медициналық және сауда) жақындастырады.

Медициналық этикамен фармацевтикалық деонтологияның жақындығы, дәріханаға келетін науқастарға, олардың жақындарына психотерапиялық көмек көрсетуді күшейту. Бұрында фармацевтикалық қызметкерлердің беделі жоғары болса, қазір көпшіліктің жалпы білімдік деңгейінің өсуіне байланысты фармацевтердің көмегімен ұсынылған дәрілерге және өзге де емдеу заттарына олар сын көзбен қарайды, сондай-ақ адамдар гомеопатиялық заттарға да жүгінеді және өзін-өзі емдеумен де айналысады.

Бұрын соңды көп көңіл бөлінбеген осындай мәселелердің туындауы, осы күні дәріхана қызметкерлерінің қызметтік міндетінің жоғары болуын талап етеді.

Сондай-ақ, медициналық деонтология пәніндегі жазылған дүниелердің фармацевтер түсінігіне әртүрлі әсер ететін жерлері де бар. Профессор Д. Петров медициналық деонтологияға былай деп анықтама берді: «Науқас және жалпы халық алдындағы – дәрігердің азаматтық міндеттері мен парызы туралы ілім».

Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігінде медициналық деонтология былай оқылады: (гректің «deon» сөзі «парыз», «тиісті» деген мағынаны береді. «Logos» –ілім деген мағынаны береді) – медициналық қызметтің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі мінез-құлық принциптері мен этикалық нормаларының жиынтығы. Сондықтан, біз медициналық деонтологиядан «фармацевтикалық деонтология» терминінің айырмасын көріп отырмыз. Біреулер оны фармацевтің парызы туралы ілім десе, екіншілері – «фармацевт міндеттері мен талаптарының жиынтығы» -дейді.

Медициналық деонтология мен кәсіби фармацевтикалық этикадан фармацевтикалық деонтологияның бөлінуі дұрыс па деген пікірге талас жүруде. Осы бөлініске қарсы болғандардың ойынша: «жалпы этика мен өнеге ұғымын жетекшілікке ала отырып, дәрігер мен фармацевт нағыз адам болу керек». Олар фармацевтикалық деонтологияны медициналық деонтологияның бір бөлімі деп түсінеді. Оны жалпы «солай» -деп құптағанымызбен, дәрігер мен фармацевт атқаратын кәсіби қызметте өзіндік ерекшеліктер бар. Дегенмен, дәрігер мен фармацевт міндеттері ортақ және жұмыс объекті біреу – ол науқастар, олардың туыстары, бірақ дәрігер мен фармацевт мамандығында айырмашылықтар бар. Сондықтан, осындай ерекшеліктерінің болуына байланысты фармацевтикалық деонтология дәрігерліктен бөлінді.

Өнегеде екі аспект бар: аксиологиялық (құнды) және деонтологиялық (парыз мәселесін меңгеретін). Осы екі аспектті де кәсіби этика бірдей диалектикада қарастырады. Деонтология (медициналық және фармацевтикалық) кәсіби этиканың парызға қатысты аспектін қарастырады.

Фармацевтикалық этика фармацевтер іс-әрекетін жақсылық пен жамандық тұрғысынан анықтауға, фармацевтке қойылатын талаптарды кәсіби қызметтің әлеуметтік маңызына негіздеу және оқып-тануға шақырады. Деонтология мен аксиология тығыз байланыспен қарастырса да, кәсіби қарым-қатынас (фармацевтикалық) этикасы мен фармацевтикалық деонтология арасында байланыс бар, ол – қауым алдында өз парызын өтеуге және адам денсаулығын (сапалы және үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету арқылы) қорғауға шақыратын фармацевтикалық қызмет.

Сонымен, фармацевтикалық деонтология – фармацевт парызы және олардың кәсіби міндеттеріне қатынасы туралы ғылым. Оның екі аспекті бар: қызметтік және өнегелік (нравственный). Фармацевтикалық этиканы фармацевтикалық деонтологияның теориясы ретінде қарастыру дұрыс деп есептеледі, себебі кез-келген кәсіби этикада кәсіби өнегенің заңдылықтары мен принциптері жасалады.

Бір жағынан бұл екі білімнің бірігуі жөнсіз, себебі: біріншіден, фармацевтикалық деонтология - практикалық ғылым, ол функционалдық қызметін атқаруға қажетті деонтологиялық білімді фармацевтке беріп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы медициналық ұғымдардан фармацевт мамандығы өз алдына жеке қалыптасты; екіншіден, парыз категориясының объективті және субъективті екі деңгейі бар. Объективті – ол міндеттер жиынтығы. Субъективті – фармацевтің өз міндеттерін атқаруына қатысы. Осы жерден оның өнегелік тұсы айқындалады. Осы біртұтастықтың негізінде фармацевтикалық этика мен фармацевтикалық деонтология арасында байланыс қалыптасады.

Фармацевтикалық деонтологияның практикада қолданылуының маңызы мынады: дәріхана қызметкері дәрігерлермен болатын жан-жалды шешуге дайын болу керек, олардың науқас алдындағы беделін түсірмей, жазған рецептеріндегі қателіктерді табу (рецептердегі дәрілердің дозасының дұрыс болмауы, дәрілердің құрамдас бөліктерінің фармацевтикалық және химиялық сәйкессіздігі т.б.), ол рецептерді жарамсыздар тізіміне алып, науқастың игілігі үшін ол мәліметтерді емдеу мекемесінің басшыларына баяндайды.

Сондай-ақ, фармацевтер науқастармен олардың туыстарының арасында болатын ұрыс-керістерді шешуге дайын болу керек. Ол ұрыс-керістер науқастың, туыстарының арнайы мекеме ретінде дәріхана жұмысынан хабарсыз болуынан туындайды (провизордың осындай жағдайлардан алған күйзелістік күйінің дәрі-дәрмек дайындауға, оны тексеруге және босатуға кедергісін тигізетінін науқастың білмеуінен болады), осы кезде орын алатын мінез-құлықтың дұрыс болмауы, яғни фармацевтердің науқастарға фармакофагиялық әсер етуінен болатын науқас денсаулығына кері әсер ететін «кәсіби мінез-құлық аномалиясын» болдырмау керек.

Фармацевтер дәріханаға келуші науқастарға психотерапиялық көмек беруге дайын болуы қажет. Осы жерден, фармацевтикалық деонтологияның – халық денсаулығын сақтаудағы атқаратын жұмысының сапасының жоғары болуын, емнің пайдасының көп болуын қамтамасыз ететін фармацевтің парызы кезіндегі фармацевт мінез-құлқының қағидалары туралы ғылым.

Осылардың өзі-ақ, фармацевтикалық ғылымда фармацевтикалық деонтология үшін жеке бөлімді беруді қажет етіп тұр. Әйтсе де, фармацевтиикалық деонтология кәсіби қарым-қатынас этикасы мен деонтологиясы құрамына кіреді.

Фармацевтикалық деонтология ғылымының өз пәні, мазмұны және зерттеу әдісі бар.

Фармацевтикалық деонтология пәні дегеніміз - әлеуметтік және жалпы адамның бастама ретіндегі фармацевтердің функционалдық міндеттері, өнеге мен құқық нормаларының жиынтығы. Жалпы адамгершілікке адам денсаулығына қамқорлық жасауы, ал әлеуметтікке адамға жоғары құндылық ретінде қарауы жатады.

Фармацевтикалық деонтологияның өзіндік мазмұны бар. Мазмұны осы білім саласының қызмет етуіндегі заңдылықтарын қарастыратын категориялар жиынтығымен түсіндіріледі.

Фармацевтикалық деонтологияның негізгі категорияларына мыналар жатады: парызы, міндеті, жауапкершілігі, ұятының болуы, рақымшылық (сострадание), біреуді уайымдау, жан ашу, жақсылық тілеу, қайырымдылық т.б. Фармацевтикалық іс-әрекетінде, мысалы дәріхананың жоспарын орындау мақсатында науқастарға мерзімі шығып кеткен дәрілерді босатуы «қылмыс» болып табылады.

Парыздар әртүрлі болады және соған сәйкес міндет деңгейлері де болады.

Бірінші деңгейі – халық, мемлекет алдындағы парыз.

Екінші деңгейі - өз мамандығы алдындағы парызы. Бұл еңбектің әлеуметтік маңызының болуы, сондай-ақ әртүрлі бұйрықтарды, нұсқауларды орындамай дәріханадан рецептсіз, дәрігердің тағайындауынсыз дәрілерді босатуға, рецептегі ингредиенттердің мөлшерін (дозасы) өзгертуге, дәрілер технологиясын өзгертуге және т.б. жол бермеу.

Үшінші деңгейі – провизор –науқас арасындағы қатынаста орындалатын міндеттері.

Төртінші деңгейі – фармацевт-дәрігер, фармацевт-фармацевт (фармацевт - инспектор- дәріхана басшысы арасындағы қатынас) және фармацевттің өз әріптестері арасындағы қатынаста орындалатын міндеттері.

Фармацевтикалық деонтологияның өзіндік зерттеу әдістері де бар. Оларға мыналар жатады: байқау, сауалнама (анкетирование), фармацевтер мен дәріханаға келушілерді сұраққа алу. Сұрақтар мен сауалнамалар және т.б. әртүрлі тақырыптарда жүргізіледі. Осындай зерттеулер барысында дәріханаларға келушілерден дәріхананың қызмет көрсетуі, ал фармацевтерден олардың жұмыс орнындағы микроклиматты жақсартуы мен өз қызметтеріне қаншалықты көңілдерінің тоятындығы туралы сұрауға болады. Ал дәрігер мен науқас арасындағы қатыстың сипатын «дұрыс жазылмаған рецептерді тіркейтін журнал», «шағымдар мен ұсыныстар кітабы» және т.б. байланыс көздері арқылы көруге болады. Провизор-науқас арасындағы қатыстың кейбір көріністерін фармацевтердің біліктілігін сынау кезінде, «Үздік мамандар» атты байқаулар өткізілгенде көруге болады.

Мінсіз еңбек коэфициенттеріне талдау жүргізгенде, оларға жоғарыда атап көрсеткен фармацевт орындауға тиіс міндеттер мен парыздар, яғни фармацевтикалық деонтология қағидаларының орындалуы осы зерттеулерге негіз ретінде алынады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

1.Тольцман Т.И. Фармацевтикалық деонтология: «Фармацевтикалық ғылым және практикасының қазіргі заманғы мәселелері» жинағы.- Киев, 1982ж.

2. Эльяшевич Е.Г. Фармацевтикалық деонтология// Фармация журналы.-1986ж.

3. Медицинадағы деонтология// Петровский Б.В. жетекшелігімен.- Москва.1988ж.

Қосымша:

1. Яровинский М.Ф. «Медициналық этика (Биоэтика)» курсы бойынша дәрістері:Оқу құралы.-2000ж.

2. Грандо А.А. Медициналық деонтология мен дәрігерлік этика.-Киев, 1982ж

3. Криков В.И., Прокопишин В.И. Фармацияны ұйымдастыру мен экономикасы.-Москва, 1991ж

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1. Фармацевтке қажетті жеке қасиетті атаңыз.

2. Жұмыс бабы бойынша фармацевтің әріптестерімен қарым-қатысының ерекшелігі.

Вариант 2

1. Мазасыз науқаспен байланысудағы фармацевтің мінез-құлқының ерекшеліктері.

2. Фармацевтің сырт келбетінің маңызы.

Вариант 3

1. Фармацевт жұмысындағы сөздің маңызы.

2. Фармацевтің қателігі және оны жеңуі.

Вариант 4

1. Науқасқа дәріні босату кезіндегі фармацевтің мінез-құлқының ерекшелігі.

2. Жанды жаралайтын сөз – фармацевт жұмысындағы кемшілік.

Вариант 5

1. Дәріханада қажетті дәрінің болмай қалуы кезіндегі фармацевтің мінез-құлқының ерекшелігі.

2. Фармацевт жіберген қателіктің салдары.

Вариант 6

1. «Фармацевтикалық этика» ұғымының анықтамасы.

2. «ҚР медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерінің беделі туралы Кодексінің» негізгі жағдайлары.

Вариант 7

1. Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің науқастармен қарым-қатынастағы міндеттері.

2. Фармацевт қателіктерінің салдары.

Вариант 8

1. Фармацевт пен науқас қарым-қатынасындағы сөздің маңызы.

2. фармацевттің сыртқы келбеті мен мінез-құлқына қойылатан талаптар.

Вариант 9

1. «Фармацевт 7 жұлдызша» бағдарламасында баяндалған, фармацевтика саласының мамандарына қойылатын қазіргі заман талаптары.

2. Жанды жаралайтын сөз – фармацевт жұмысындағы кемшілік.

Вариант 10

1. «Деонтология» ұғымына анықтама.

2. «Парыз» категориясының объективті деңгейі.

Вариант 11

1. «Медициналық деонтология» ұғымына анықтама.

2. Фармацевтикалық деонтологияның құралы.

Вариант 12

1. «Фармацевтикалық деонтология» ұғымына анықтама

2. «Парыз» категориясының субъективті деңгейі.

Вариант 13

1. Фармацевтикалық деонтологияның бағыттары.

2. Фармацевтикалық деонтологияның мазмұны.

Вариант 14

1. Фармацевтикалық деонтология мен фармацевтикалық этиканың айырмашылығы

2. Фармацевтикалық деонтологияның практикада қолданылуы.

Вариант 15

1. Фармацевтикалық деонтология мен медициналық деонтологияның айырмашылығы.

2. Дәріханада орын алатын ұрыс-керісті шешуге фармацевтердің дайындығы.

Вариант 16

1. Қоғам мен фармацевтикалық қызметкердің өзара қарым-қатынасы.

2. Фармацевтикалық деонтологияның зерттеу әдістері.

Вариант 17

1. Медициналық деонтологиядан фармацевтикалық деонтологияның айырмашылығы.

2. Фармацевтикалық деонтологияның негізгі категориялары.

Вариант 18

1. Фармацевтикалық этиканың медициналық этикамен ұқсастығы.

2. Фармацевтикалық деонтологияның практикада қолданылуы.

ТАҚЫРЫП:ЕМДЕУ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ НАУҚАС, АУРУ ЖӘНЕ МЕДИКО-ЭТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.

Мақсаты: Дәрігер және фармацевт көзқарасындағы науқастардың сипаттамаларын оқып білуде білімді қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

1. Заманауи науқастарды танып білу.

2. Науқас типтерін білу.

3. Науқас құқығын қорғау.

4. Декларацияның негізгі жағдайларын оқып білу Европадағы науқастардың құқығын қорғау саясаты».

Өткізу формасы:

Ситуациялық есептерді шешу,оқытушымен бірге тақырыптың сұрақтарын талдау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА

Ситуациялық есептер:

1. Дәптерлеріңізге «пациент» сөзіне анықтама жазу.

2. Дәптерлеріңізге заманауи пациенттің 6 сипаттамасын жазу.

3. Медициналық қызметкер мен науқас, фармацевт пен науқас арасында байланыстың

ерекшелігі.

4. «Сөзбен емдеу» дәрігер мен фармацевт тәсілінің бірі.

5. Науқастар құқығын қорғау қозғалысы.

6. «Европа науқастарының құқығын қамтамасыз ететін аймақ саясаты туралы» Жарлық.

7. Жарлықта келтірілген негізгі жалпыадамдық құндылықтар.

8. «Емдеу алдын-алу көмегі туралы» Жарлықтың жағдайлары.

9. «Денсаулық сақтау жүйесі және халықтар денсаулығы туралы» ҚР Кодексі. Негізгі

жағдайлары.

10. «Денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың денсаулығы туралы»

Тарату материалы:

Ауру адам «науқас», «homo paciens» туралы айтқанда біз оның жасына, жынысына, мінез-құлқына, ауруының таралуына, сипатына, күйіне қарамаймыз. Медициналық қызметкер мен науқас арасынада тығыз байланыс бар. «Ауру» сөзі бәріне түсінікті ұғым. Қазіргі медицинада стационарда жатқан ауруды «ауру» сөзімен емес «науқас» сөзімен көп алмастарады, ол латыншадан аударғанда «азаптанушы» (страдающий), ал француз тілінде бұл сөз «шыдамды», «әлсіз», «қатыспайтын» деген мағынаны береді. Дегенмен, көп аурулар өз тағдырын шешуде әлсіздік, шыдамдылық таныта бермейді.

Халықаралық сөз ретінде «шыдамды» деген түсінікті беретін «науқас» сөзінің қазіргі заманда жиі қолданылуы, тиісті медициналық көмекті алуда шыдамдылық тытанытудың қажеттілігін көрсетеді.

Науқастардың жасы, жынысы, ұлты, мамандығы, әлеуметтік дәрежесі, денсаулығының күйі әртүрлі болады.Әйтсе де, медициналық қызметкер оларды «жеке тұлға» деп танып, бәріне бірдей медициналық көмекті көрсетуі керек және науқастар сол көмекті алуға құқылы.

Қазіргі денсаулық сақтаудағы «жеке тұлғаны құрметтеу», «науқастың өзімен-өзі болуы және науқастың өзін-өзі анықталуы» деген ұғымының медициналық қызметкер мен науқас арасындағы қатынаста маңызы зор.Атақты москвалық психиатр П.Б. Ганушкиннің айтуы бойынша «әрбір науқас -өзінше бір кітап, оның әрбір беті әйтеуір бір жаңалықтан немесе маңызды істен тұрады».

Қазіргі заман науқасы мүлдем өзгерді. Оның себебі неде? Біріншіден, аурудың мінез-құлқы, ал екіншіден, оның психологиясы өзгерді.

Қазіргі «орташа» науқастың медициналық бейнесін, ерекшелік белгілерін, беріп көрейік. Ондай ерекшелік белгілерін атақты эстондық терапевт, профессор Н.В.Эльштейн алтыға бөледі.

Бірінші белгісі – аурудың көп түрлілігі. Қазіргі статистикалық мәліметтер бойынша педиатрлар 3-4 созылмалы аурулары бар балаларды үлкендер жүйесіне беруде. Ал 60 жастан асқан кісілердің 4-5-тен кем емес созылмалы аурулары бар. Көптеген елдерде соның ішінде, Қазақстанда халықтың қартаюы күрт өсті.

Бұл көрсеткіштің өсуі, сол созылмалы аурулардың санының қарқынды өсуіне байланысты болып отыр. Дәрігерлер аурудың ауыр түрлерінен (мысалы: өкпенің қабынуы) өлімнің болатындығы туралы ескертулерге үйреніп алды. Оба, тырысқақ, шешек (оспа) ауруларынан 10 жыл бұрын адамдар өлген, енді ол аурулардан адамдар өлмейді. Ал қазіргі заман аурулары созылмалы аурулар, инфаркт алу, қан қысымының көтерілуі, ревматизм, қан ауруы, туберкулез ауруларымен ауырып та өмір сүре береді.

Аурудың көп түрлілігінің де өзіндік прагматикалық тұстары бар. Көпжағдайда негізгі диагнозбен бірге, ілеспе диагнозы да қойылады.

Бірнеше диагнозды бірге емдеуге тура келеді, кейде ондағы қолданылатын дәрілік заттар бір-бірімен үйлесімін таппай да қалады.

Қазіргі науқастардың екінші белгісі - орталық жүйке жүйесінің жоғары немесе төмен бұзылыстарының болуымен байланысты белгілер. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, көптеген дамығын елдерде аталған психикалық аурулармен (күрделі және қарапайым формаларымен) әрбір төртінші адам зардап шегуде.Шетелдік психиатрлардың көбінің айтуы бойынша, қазіргі заман ауруларында невроз бар ма? Жоқ па? - деп сұраудың қажеті жоқ, невроздың қандай түрі бар деп сұрау қажет. Көпшілік мамандар «невроз» ол ауру емес, бір қалыпсыз әлемге берілетін «қалыпта реакция» деп түсіндіреді. Сондықтан шығар, американдық кинорежиссер С.Крамер өзінің бір сериалын «бұл ессіз, ессіз, ессіз әлем» - деп атағаны.

Қазіргі заман науқасының үшінші белгісі – толуға және семіруге бейім келуі. Семіру генетикалық, гормональды бұзылыстардан болуы мүмкін, бірақ та 80-90%-ы тойып тамақ жеуден, қомағайлықтан болады. Қазіргі мәліметтер бойынша қатерлі ісіктен көрі, семіру адам өмірін 2-есеге кемітеді. Ал семіру қан қысымының көтерілуімен, қант диабетімен қоса жүрсе, онда миокард инфарктының болу қаупін 11 есеге арттырады).

Қазіргі заман науқасының төртінші белгісі – аллергияның пайда болуы. Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар дәрілер,бояу, косметика заттары ешқандай бақылаусыз қолданылса, онда аллергия туу қаупі болады. Аллергияның тұқым арқылы берілуі де анықталған. Қазіргі кезде халықтың 10-15%-ы аллергиямен зардап шегуде.

Науқастраға тән бесінші белгі – ол инфекцияның созылмалы ошақтарының болуы. Ағзаның ауруға қарсы тұруының төмендеуінен және әртүрлі дәрілік заттардың әсері осы белгінің пайда болуына әкеледі. Инфекция ошақтарына: тіс, миндалина, мұрынды айтуға болады. Бұл ошақты терапевтік аурулардың 60-80% -де кездестіруге болады, ал өзін «саумын» деген адамдардың 30-40%-де байқауға болады.

Науқастардың алтыншы белгісі - өзінің классикалық түрін аурумен жойып алу. Аурудың ауруы жайында арызының, сезімінің, сиптомының көбеюі және әртүрлі факторлардың үйлесуі, ауруларды диагностикалауда, танып-білуде қиындықтар туғызады. Әйтсе де, медициналық этика тұрғысынан «ыңғайсыз» науқастар болмайды. Барлық науқасқа қызмет көрсетіп, оларды емдеу керек.

Дәрігерлердің де ауырып, науқастық күй кешетін жайлары да болады. Тұрғын халыққа қарағанда медициналық қызметкерлер мен дәрігерлердің денсаулығы жақсы болуы керек. Бірақта практикалық зерттеулер көрсеткендей, дәрігерлер ауруларының алғашқы белгілерін бағаламайды.

Ұлы жазушы – дәрігердің әйелі О.Л.Киппер-Чехованың еске түсіруі бойынша: «Чехов емделгенді ұнатпаған. Оны тексерту үшін неше түрлі айлаға бару керек еді». Ол 4 жыл бойы қайтпаған жөтелмен жөтелген, тек қан аралас қақырықты жөтелгенде барып, шошып бір қорқынышты көргендей ауруынан шошыған.Ол өзінің оптимистік ойлауы бойынша: «мен туберкулезбен ауырмаймын, егер онымен ауырсам, онда тірі болып жүрмес едім»- деген. Сөйтіп, ол тексеріліп, емделудің орнына Сахалинге жол жүруді шешеді. Ол 44 жасында өмірден қайтқан.

Орта ғасырдағы танымал болған араб-дәрігері Абуль-Фарадж ауруға былай деген: «Біз үшеуміз: сен, ауру және мен. Егер сен аурумен қалсаң, онда мен жеңіліп, жалғыз қаламын.Ал егер сен менімен болсаң, онда біз екеу болып, ауруды жеңеміз».

Қазіргі кезде осы формулаға фармацевті де қосуға болады, себебі ол емдеу процесіне тікелей қатысады.

Бірінші кездесуден бастап, дәрігер, фармацевт және науқас арасында қажетті қатынас орнап, бірігіп еңбектену болса, онда ол жақсы нәтижелерге апарады.

Ең бастысы – ауру дәрігер тарапынан өзіне деген құрметті, жылы ілтипатты оның әрбір сөзінен, қимылынан, қарасынан, бет-әлпетінен сезінуі керек.Егер ауру дәрігерден немесе медбикеден: «сідер көпсіз, мен жалғыз. Сіздер маған бәле болдыңыздар» - десе, онда ол бұл емдеу мекемесінен шипа таппайтынына көзі жетеді.

Әр кезеңнің ұлы дәрігерлерінің ойы бойынша дәрігер, фармацевт және науқас арасындағы қатынастың дұрыс болуына «рақымшылық» қажет, ол дәрігердің, фармацевтің, медбикенің әрбір сөзінен көрініп тұруы керек.

Дәрігерлер қазіргі заман науқастырының психологиялық ерекшеліктері туралы: «олардың медициналық сауаттылықтарының шексіз өсуінен»- деп айтады.Кейбіреулер оны:

«дәрігерлерге деген сенімсіздіктен туды»- десе, екіншілері: «медициналық әдебиеттердің кең түрде таралуынан»- дейді. Осы жерде науқастардың медициналық шала білімі мен өзінің медициналық мәселелері туралы түсінігін асыра бағалауы тұр.

Науқастар аурудың алдын-алу қаншалықты маңызды екендігін сөзбен мойындайды, ал іс жүзінде оны елемейді, өзін-өзі емдеуге үйреніп алған, сөйтіп парамедицинаға жүгінеді Ресейде тіркелген 300 мыңнан аса экстрасеанс, сиқыршы, шамандар дәрігерлермен бақталасып, қызмет көрсетуде. Дәрігерлердің көзқарасы бойынша «жағымды» және «жағымсыз» науқастар бар. Жағымдылары - олар әлекті аз салады және алғыстарын білдіріп жатады. Жағымсыз науқастар да өте көп.

Москвалық емхананың дәрігері Ермолаеваның («Аргументы и факты»газеті 1998ж, 26 сәуір) айтуынша «өте жағымсыз» науқастың 10 типі бар, олар аурухана, емхана, дәріханаға күнделікті келуші науқастар: «бәрін білеміз» - олар дәрігердің кабинетіне өздері қойып алған диагнозбен келеді, «тұтынушы»: «мен ақшасын төледім, яғни денсаулықты алуым керек!» Сөйте тұра өздері ештеңе істемейді, «бәрінің көңілін өздеріне аударғанды жақсы көретіндер»: «мен бәрінде болдым, бірақ маған ешкім көмектеспеді».

«Ұқыпсыз науқас» жазылған дәрілерді уақытында ішпейді немесе оларды аз ішеді, физиотерапияға бармайды, диетаны сақтамайды. Өкінішке орай мұндай науқастар жоқ емес. Германияда анықталған мәліметтер бойынша науқастарға тағайындалған 4 млрд. маркаға сатып алынаған дәрілер ішілмей, қоқысқа тасталынуда.

«Таблеткаларды жұтушылар» көп күткенді жақсы көрмейді, ауыра қалса, тез жазылу үшін дәріні бірінен кейін бірін іше береді. Ол диета, гимнастика, емді жалғастыру туралы естігісе де келмейді. Одан да дәріні жұта бергенді жөн көреді. Егер дәрігердің тиімділігі болмаса, онда үндемей екінші дәрігерге кете береді.

«Надан» ол қандай дәріні қандай ауруға ішіп жүргенін білмейді. Сұрай қалса: «ол бір жасыл жолағы бар, көк шыны ыдыста», «оны сізге кім жазды?» - десе, «білмеймін» - деп жауап береді.

«Дайын емес» өзімен бірге қажетті құжаттарын рентген суреттерін, медициналық картасын және т.б. алып келмейтін науқастар «кейде киімдерін бірінің үстіне бірін киіп алып, оны шешкенше, дәрігердің мазасы кетеді».

«Қарапайым» дәрігердің сұрақтарын түсінбейді, өзінің жеке басының мәселелерін (махаббатын, ажырасуын, қайғысын) айтады. Кейде күлкілі әңгімелерді айтып, дәрігердің жеке басының мәселелерін сұрап қоятыны да болады.

«Жанұяшылар» дәрігердің қабылдауына жанұясымен келіп, оның мазасын алатындар.

«Лас науқас» жеке басының гигиенасын таза ұстамай, кір киімдерімен дәрігердің қабылдауына келетіндер.

Сондай-ақ, арақ ішкіштерге, нашақорларға, жезөкшелерге және баспанасы жоқтарға дәрігерлер мен дәріхана қызметкерлері жақсы көз қараста бола бермейді. Азаматтық. құқықты сақтамай, әдептілік танытпайтын науқастарда жетерлік.

Әйтсе де, науқаспен жақсы қарым-қатынасты орнатып, оны нәтижелі емдеу үшін, оның жеке өмірінің маңыздылығын, ақылының қаншалықты деңгейде екендігін, білімін білудің маңызы бар.

Қазіргі заман психологиясы ауруды кризис ретінде қарастырады. Егер адам ауырып қалса, онда өзінің қорғаныш ресурстарын жойып алып, жаңа жағдайға, яғни ауруға қарай бейімделе бастайды. Бұл кезде қорғаныш қасиеті төмендеп, тепе-теңдік бұзылып, патологиялық көріністер байқалады.

Ал егер науқас ауруханаға түсіп қалса, онда ол өзін қоршаған ортадан қол үзіп қалғандай сезінеді. Мысалы: еңбеккерлер жұмысының оларсыз қалай өтетініне, студенттер сабақтан қалып қалатынына мазасы кетіп, үрейленеді, алаңдайды.

Аурудан қорқыныш, үрейдің тууы да әртүрлі себептермен болады. Кейде өздерінің сырқаттары туралы кітаптан оқыса немесе естісе, сондай-ақ зерттеулер дәлелдегендей көз, жүрек, жыныс ауруларының психикаға тигізетін әсерлерін білсе, онда «мен осыны жеңе аламын ба?», «осылай қалып қаламын ба?», «кейін жұмыс істей аламын ба» деген сан-алуан сұрақтармен мазасы кетеді. Осыдан кейін көңіл-күйдің жабырқауы, бей-жайлық пайда болады.

Медициналық қызметкер мен науқас арасында сауығу туралы сенім болуы керек. Ауру дәрігерлерге, емдеу мекемесінің ұжымына, дәріханадағы фармацевтке сенсе, онда өзін қауіпсіз сезініп, толығымен жазылатынына сенеді. Емдеу мекемесінің, дәріхананың беделі, жағдайы бәрі ауру үшін маңызды. Ауру жазылуы үшін әрдайым қамқорлықты, көмекті күтеді. Осы күтілген жағдайлар орындалмаса, онда ауру реніш пайда болады. Сондықтан да ауруды емдеуде «сөзбен» емдеудің маңызы өте зор. Бұл дәрігерлер мен фармацевтердің қызметкерлері үшін өсиетке айналуы тиіс.

Экономикасы дамыған елдерде медициналық қызметтің бағасын реттеу үшін, азаматтардың құқығын қорғау үшін әртүрлі қоғамдық бірлестіктер мен науқастар ұйымы жұмыс істей бастады. 80- жылдардан бастап АҚШ-та денсаулықты қолдайтын ұйымдар (ДҚҰ) құрылды. Олар медициналық қызметтерін ақыға көрсетті. Қазір АҚШ-тың миллиондаған тұрғындары осы ұйымның мүшелері.

1945ж. бастап БҰҰ-ның (Біріккен ұлттар ұйымы) құрамына кіретін ұйымдар адамның негізгі құқықтарын қорғау туралы ұсыныстарына қолдау тапты. 1948ж. желтоқсанда адамдар құқығы туралы жалпы жарлық қабылданды. 1950ж. 4 қарашада адамдар құқығы бойынша Европалық келісімге қол қойылды. Осы кезден бастап, науқастар құқығын қорғау туралы қозғалыстар басталды. 1994ж. «Европадағы науқастар құқығын қорғау аймағындағы саясат туралы» жарлық қабылданды. Онда қазіргі кездегі және болашақтағы денсаулық сақтау саласының қарқынды потенциалдарын сипаттай отырып, науқастар құқығының жалпы тізімін көрсетеді.

Әдетте науқастардың құқығы заңмен қарастырылады. Заңның негізі болатын шектеулер адам құқығын сақтаудың принциптеріне қарама-қайшы келмеуі тиіс және шектеулерді жүктегенде заңда жазылған ережелердің бәрі сақталуы қажет. Бұл шектеулер жеке тұлғаның, қоғамның денсаулығын қорғау және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.

Жарлық қоғамдық құқыққа қатысты болса да, онда көбінесе жеке тұлғаның құқығына көп көңіл бөлінеді.Науқастардың жеке құқығына мыналар кіреді: жеке тұлғаның бүтіндігі, діни сенімділігі, жеке өміріне кіріспеу.

Жарлықта денсаулық сақтау қызметкерлері мен науқастардың міндеттері мен құқықтары көрсетілген. Ол міндеттер мен құқықтар бірін-бірі толықтырады: науқастар өз денсаулығын қорғау үшін жауапты, ал денсаулық сақтау қызметкері өзге азаматтар сияқты өздерінің азаматтық құқығын қорғауға құқылы екені жазылады.

«Европа науқастарының құқығын қамтамасыз ететін аймақтағы саясат туралы» жарлықта адамдар құқығының мынадай жағдайлары баяндалады:

    1. әрбір адам жеке тұлға ретінде құрметке құқылы;

    2. әрбір адам өзін-өзі анықтауға құқылы;

    3. әрбір адам физикалық және рухани бүтіндігі мен жеке басының қауіпсіздігі үшін құқылы,

    4. әрбір адам жеке өмірінің құрметіне құқылы;

    5. әрбір адам өнегелі және мәдени құндылықтарының, діни және философиялық сенімділігінің құрметіне құқылы;

    6. әрбір адам денсаулығын қорғауға, аурудың алдын-алуға, денсаулығын түзетудің максимальды мүмкіндігіне құқылы;

Жарлықта емдеу алдын-алу жағдайлары былай баяндалады:

5.1 әрбір адам денсаулығына қажетті медициналық көмекті алуға, аурудың алдын-алуға құқылы. Медициналық көмек бәріне бірдей көрсетілуі тиіс, қоғамның осы мақсатта бөлген материалды және қаржы ресурстары, адам атқаратын қызметтері ешқандай бұрмаланбауы тиіс.

5.2. Көрсетілген медициналық көмектің сапасы, медициналық көмектің жоспарлануы мен іс жүзінде көрсетілген қызметтің бағасы және денсаулық сақтау жүйесінің өзге де сұрақтары жайында, науқастар белгілі формада өкілеттілікті құруға құқылы.

5.3. Науқастар емдеу алдын-алу көмегін жоғары сапада алуға құқылы.

5.4. Науқастар емдеуге, күтуге және диагностикалауға қатысқан емдеу алдын-алу мекемесі немесе денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің қамтамасыз ететін емдеу алдын алу көмегінің мұрагерлігіне науқастар құқылы.

5.5. Медициналық көмектің тапшы түрімен емделуге, тек потенциалды науқастарды ғана бағыттамау керек, сондай- ақ ондай көмекпен өзге де науқастардың емделуіне құқысы бар.

5.6. Науқастар емдеу алдын-алу мекемесін өздері таңдауға, бір дәрігерді екіншісімен алмастыруға құқылы.

5.7. Науқастар бір емдеу алдын-алу мекемесінде стационарлық көмекті алып, екінші емдеу алдын-алу мекемесіне ауыстырылса немесе стационардан үйіне қайтарылса, онда ауруы туралы түсініктеме (выписка) алуға құқылы. Өзге емдеу мекемесінің келісімі болған жағдайда ғана науқас сонда ауыстырылады. Науқас үйіне шығарылғанда оның денсаулығына қажетті әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлар жасалуы тиіс.

5.8. Диагностикалауда, емдеуде және күтуде науқастар мәдени құндылықтарын құрметтеуге, сақтауға құқылы.

5.9. Науқастар емдеу барысында жанұясының, туыстарының, достарының көмегін алуға және кез келген уақытта қасиетті өсиетті (мысалы: діни қызметкерден) және рухани көмекті алуға құқылы.

5.10. Науқастар қазіргі медициналық мүмкіндіктерге сәйкес физикалық күйзелістерін, жеңілдетуге құқылы.

5.11. Науқастар терминалды жағдайда күтімге, адамгершілік көмекке және лайықты өлімге құқылы.

5.12. Жарлықта науқастар құқығын қолдану жағдайлары былай баяндалады.

6.1. Осы құжатта мазмұндалған құқықтың жүзеге асуы қажетті механизмдердің осы мақсат үшін құралуын қажет етеді.

6.2. Осы құжаттардың жүзеге асуы еш бұрмалаусыз барлық адамдарға бірдей болуы керек.

6.3. Науқастар заңда тағайындаған ережелерді орындаса және адам құқығы туралы негізгі құжаттардың жағдайына қарсылық танытпаса, онда олар осы құжатта аталған құқықтарды қолдануға құқылы.

6.4. Егер осы құжаттағы құқықтарды қолдануға науқастың өзінің мүмкіндігі болмаса, онда оның заңды түрдегі сенімді өкілі оны жүзеге асыруға құқылы.

6.5. Осы құжаттағы құқықтар туралы ақпаратты және тиісті нұсқауларды алуға науқастар құқылы. Егер науқастардың құқығы тапталса, онда ол заң орындарына шағымдануға құқылы. Науқастар берген шағымдарының әділ, тиімді және тез қаралуына және оның шешімін алуға құқылы.

6.78. Науқастардың міндеттері:

1) өзінің денсаулығын сақтауға және нығайтуға арналған шараларды қолдануға;

2) медициналық қызметкерлермен арасындағы әдеп пен құрметті көрсетуге;

3) емдеу мен диагнозды дұрыс қою үшін, дәрігердің рұқсат етуімен өзінің денсаулығы туралы ақпаратты баяндауды. Дәрігер жазған барлық нұсқауларды орындауы тиіс,

4) медициналық көмекті алуда медициналық қызметкерлермен бірігіп еңбектенуге, медициналық мекеменің мүлкін қастерлеуге және ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтауы тиіс;

5) қоршаған ортаға қаупі немесе күдігі бар аурулардың пайда болуы, емдеу және алдын-алу шаралары негізінде ауруларының күрт өзгергендігі туралы медициналық қызметкерлерді хабардар етуі тиіс;

6) өзге науқастардың құқығын бұзуға болмайды;

7) ҚР заңдарында қарастырылған өзге де міндеттерді орындауы тиіс;

ТАҚЫРЫБЫ: ДӘРІГЕР,ФАРМАЦЕВТ, ОТБАСЫ ЖӘНЕ ПАЦИЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАСЫ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Мақсаты: Дәрігер және фармацевт көзқарасындағы науқастардың сипаттамаларын оқып білуде білімді қалыптастыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Отбасы және оның саулығы туралы мәселелер .

  2. Отбасының өмірлік циклының негізгі этаптары.

  3. Қоғамның жақсы болуы және қоғамдық денсаулықтың жағдайы.

  4. Кез келген ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмекті берудің 12 принципі.

  5. Дәрігер мен пациент арасындағы байланыс.

  6. Фармацевт пен пациент арасындағы байланыс.

Өткізу формасы:

Ситуациялық есептерді шешу,оқытушымен бірге тақырыптың сұрақтарын талдау.

Тарату материалы:

«Отбасы» сөзінің қашан, қай жерде шыққаны және бастапқыда қандай мағынаны бергенін дөп басып айту қиын. Бұл сөз жақын адамдардың бір-біріне ұқсастығын көрсетуі де мүмкін. Семь және Я сөздерін өзін балаларында жеті рет қайталау деп те түсінуге болады. Орыс тілінің тарихи-этимологиялық сөздігінде отбасы (семья) сөзіне келесідей анықтама берген: «балаларымен бірге ата-аналар және бірге тұратын басқа да жақын туыстары», яғни ауыспалы мағынада айтсақ «көзқарастарының, мүдделерінің жалпы болуымен және достықпен біріккен адамдар тобы».

Отбасы сөзі үлкен ұғымды біріктіреді, ол қандас туыстары, үй-іші, өзін қоршаған айналасындағылар, демалатын жері, өзіңді қауіпсіз сезінетін орынды білдіреді десе де болады.

Өкінішке орай өзінің генеалогиялық ағашын екінің бірі біле бермейді (тіпті үшінші, төртінші буынға дейін), яғни арғы аталарынан мұраға не қалғанын білмейді деген сөз. Бұл қандай да бір мүлік немесе дарын болуымен қатар, отбасының денсаулығы және отбасылық аурулар да болуы мүмкін.

Ежелгі уақыттан бері өмір сүрген философтар және дәрігерлер көптеген ауру түрлерін шығу көздерін отбасынан іздеу керектігін жақсы түсінді, сондықтан олар «отбасының тамырына» қарау керектігін айтты.

Отбасының денсаулығы туралы мәселелерді ежелгі грек ойшылдары да көп талқылады. Ежелгі грек ойшылы Аристотель өзінің «Саясат» еңбегінде отбасы мүшелерінің денсаулығын қарастыра отырып, отбасының денсаулығын сақтаумен заңшығарушылар да, отбасы иесі (үй иесі) де және дәрігерде айналысуы керектігін көрсетті.

Гиппократтың айтуынша: «Іске қажеттінің бәрін тек дәрігердің өзі ғана орындамауы керек, сонымен бірге науқаста және айналасындағылардың бәрі дәрігердің қызметіне мүмкіндік жасауы керек».

Жалғыз адамдардың жиі ауыратынын және ерте өмірден қайтатынын барлық елдердің және ұлттардың дәрігерлері дәлелдеген.

Өмірлік циклдың өту барысы бойынша отбасының функциясы және құрылымы да өзгеріске ұшырайды. Әрбір отбасы өзінің өмір сүру кезеңінде бірінен соң бірі келетін бірқатар фазалардан өтуі керек. Әрбір фаза берілген тапсырмалардың барлығының толық орындалуымен аяқталады және жаңа фазаға өтуге дайындығын және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Біздің елімізде өмірлік циклдың 5 фазасын бөледі:

  1. Некеге тұрғаннан бастап бірінші бала дүниеге келгенге дейінгі отбасының тууы.

  2. Ең болмағанда бір баланың еңбек қызметі басталғанға дейінгі балалардың дүниеге келуі және оларды тәрбиелеу.

  3. Тәрбиелеу функциясын отбасының толық орындауы (отбасында бірде-бір бала қалмағанға дейін).

  4. Балалары ата-аналарымен бірге тұрады, олардың ең болмағанда біреуінің жеке отбасы жоқ.

  5. Ата-аналары жеке өздері тұрады немесе отбасы бар балаларымен бірге тұрады.

Шетелдерде отбасының өмірлік циклының 7 этапын бөледі:

  • некеге тұру;

  • бірінші баланың дүниеге келуі;

  • мектеп жасындағы балалары бар отбасы;

  • жеткіншек-балалары бар отбасы;

  • отбасы – «жіберу алаңы»;

  • орта жастағы жұбайлар;

  • кәрілік (қарттық).

Кейбір авторлар өмір циклының соңғы стадияларында балалары жоқ ата-аналар тобын («бос ұя»), зейнет жасындағы жұбайлар жұбы және жалғыз қартаятын топтарды бөледі.

Өмір циклының әрбір жаңа фазасында болғанда адамдар тек жасы жағынан ғана өзгермейді. Олардың өмірлік құндылықтары, денсаулыққа деген көзқарасы, ауру түрлері және соған сәйкес дәрігерге қаралу жиілігі де өзгереді. Соған сәйкес отбасына қатысты дәрігердің міндеті де және оның кәсіби іс-әрекеті де өзгереді.

«Барлық бақытты отбасылар бір-біріне ұқсайды, ал бақытсыз отбасының әрқайсысы өз бетінше бақытсыз болады» - деп Л.Н.Толстой жазған.

Адамның ұш негізгі қажеттілігі бар: өзін сүйікті деп сезіну, қоршаған әлемді және ондағы өзінің орнын түсіну, таңдау еркіндігіне ие болу. Бірінші қажеттіліктің қанағаттануы жағдайдың жақсы болуына әкеледі, екіншісін қанағаттандыру – қауіпсіздікті, үшіншісін - өзін бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Сүйіспеншіліктің болмауы қайғы-мұңға және ауруға әкеледі, қоршаған әлемді түсінбеу қауіп пен тынышсыздықты тудырады, соның әсерінен жүйке сыр береді, психикалық ауытқулар байқалады, ал таңдау еркіндігінің болмауы ашу-ызаны тудырады, ол жүрекке және қан тамырларына әсерін тигізеді.

Ауру – отбасына әсерін тигізетін кризистің ең жиі кездесетін түрі, сондықтан да ол медициналық қызметкерлердің объектісі болып табылады. Отбасы мүшелерінің біреуінің ауыр науқаспен ауруы тек оның өзіне ғана емес, отбасының басқа да мүшелеріне әсерін тигізеді. Отбасы мүшелерінің күнделікті өмір барысын бұзады, шектеулер енгізеді (экономикалық, жеке өмірлеріне), науқас адамға ерекше күтімнің болуын талап етеді, болашаққа деген жоспарды өзгертуге тура келеді, анықсыздық, қауіп, шарасыздық сезімдері туындайды. Ол тек науқас адамды ғана емес оның айналасындағыларды да толғандырады.

Отбасы сонымен бірге жеке адам мен қоғам арасында делдалдық және қорғаныш функциясын да орындайды. Отбасы мүшелері денсаулықты сақтауда және аурумен күресуде маңызды болатын мәселелерде бір-біріне әсерін тигізеді, мысалы, тамақтану сипаты, ұйқы режимі, гигиена, жеке мінез-құлқы, коммуникативті дағдылар және сенім климатын құру.

Тұрақты отбасылар қуатты әлеуметтік және қорғаныш факторы болып табылады. Ондай отбасылар бастарына түскен қиындықты да бірге жеңіп шыға алады. Мысалы, АҚШ және Ұлыбританияда жүргізілген тәуелсіз зерттеулердің нәтижесінде келесідей нәтижелер алынған: зерттелген отбасылардың 5-10%-да мүлде ауру тіркелмеген; науқас мүшелері бар отбасылардың 70-80% ондай жағдаймен жақсы күресе білген және жағдайлары жақсы отбасылары ретінде қарастырылған, зерттелген отбасылардың тек 15-20% ғана ауруды жеңуде шарасыз болған.

Науқас адам отбасында жаңа рольді «науқас адамның ролін» ойнай бастайды, оның құқы мен міндеттері ерекше болады. Науқас адамның міндеті тезірек ауруынан айығып кетуге бар күш-жігерін салу, ол үшін дәрігердің, медбикенің ұсыныстары мен талаптарын дер кезінде және дұрыс олрындап отыру керек.

Науқас адамға көмек көрсету, күтім жасау – отбасы мүшелерінің міндеті, бірақ эмоционалды қолдауға, психотерапияға тек науқас адам ғана емес, сонымен бірге оның айналасындағы отбасы мүшелері де мұқтаж екенін естен шығармау керек.

Медициналық қызметкер және қоғам:Фармацевт пен пациент арасындағы байланыс

ТАҚЫРЫБЫ: ПАЦИЕНТ(НАУҚАС) ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕДИКО-ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАС ТҰРҒЫСЫНАН ОНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Сабақтың мақсаты: Дәрігер-фармацевт-науқас арасындағы қарым-қатынас жүйесін қарастыру.

  1. Науқастың психологиялық сипаттамасы. Жеті негізгі сипаты.

  2. Дәрігер, науқас және фармацевт арасындағы қажетті байланысты орнату.

  3. «Европа науқастарының құқығын қамтамасыз ететін аймақ саясаты туралы» Жарлық.

  4. Денсаулық сақтау жүйесі және халықтар денсаулығы туралы ҚР Кодексі.

Тарату материалы:

«Ауру» бәріміз үшін түсінікті сөз. Қазіргі кезде ол сөзді халықаралық «науқас» (пациент) сөзімен көп алмастырып келеді.Яғни, латыншадан «азаптанушы» деген мағынаны береді.

«Өзіңді құрметтеу», «науқастың еркінің өзінде болуы», «науқастың шешімді өзі қабылдауы» сияқты ұғымдар медициналық қызметкер мен науқас арасындағы қатынастар үшін ең маңыздысы.

Қазіргі заман науқастары өзгерді: біріншіден, аурудың сипаты өзгерді, екіншіден, науқастың психологиясы өзгерді.

Ал қазіргі заманның «орташа» науқасының сипаты қалай болар екен?

1. Аурудың түрінің көптігі. Созылмалы аурулардың санының қарқынды өсуіне байланысты, қартайған тұрғындардың саны көбейді.

2. Науқастарда орталық нерв жүйесінің аз немесе көп бұзылыстарының болуы.

3. Семіру мен толуға бейімділіктің болуы.

4. Аллергияға ұшырауы.

5. Созылмалы инфекция ошақтарының болуы (тісте, миндалинада, мұрында және т.б.)

6. Өз келбетін аурумен жойып алу.

7. «Медициналық» білімділіктің шексіз өсуі.

Науқастарды «жағымды» және «жағымсыз» деп бөлуге болады. Бірақ, медициналық этика тұрғысынан ол олай болмауға тиіс. Барлық науқастарға бірдей қызмет көрсетіп, бірдей емдеу қажет.

Ең бастысы, науқас, дәрігер және фармацевт арасында бірінші күннен бастап-ақ қажетті байланыстың орнауы. Осындай байланыс орнатудағы жағдай «азапты бөлісу», ол дәрігердің, мейірбикенің және фармацевтің әрбір әрекетінен көрініп тұруы керек.

Сондықтан да, науқастың жанын түсіну медициналық қызметкер мен фармацевтің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Медициналық қызметкер мен науқас арасында сауығуға деген сенім мен нанымның болуы маңызды фактордың бірі. Науқас дәрігерге, өзге медициналық қызметкерлерге және дәріханандағы фармацевтке сенімділік білдірсе, ол өзінің сауығуына қажетті нәрселерді алатынын біліп, өзін қауіпсіз сезінеді.

«Сөзбен емдеу» дәрігер мен фармацевтің парызының бірі болуы қажет.

Экономикасы дамыған елдерде медициналық қызметтің қымбаттауына байланысты онымен күресетін, науқастардың құқығын қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен науқастар ұйымы көптеп орын алуда.

1994 жылы «Европа науқастарының құқығын қамтамасыз ететін аймақ саясаты туралы» Жарлық қабылданды. Бұл Жарлықта бүгінгі күннің қалыптасқан жетістіктерінің тұжырымдамасы мен болашақтағы денсаулық сақтау дамуының тенденцияларын сипаттайтын, науқастар құқығының тізімі жасалған.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінде «Денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың денсаулығы туралы» ҚР Кодексі қайта қаралып, енгізулер жасалынды. Онда науқастардың міндеттері мен құқығы толық сипатталған (67 және 68 баптар).

Әдебиеттер:

1. «Европа науқастарының құқығын қамтамасыз ететін аймақ саясаты туралы» Жарлық.- 1994ж..

2. Денсаулық сақтау жүйесі және халықтар денсаулығы туралы ҚР Кодексі.-2007ж.

3. Деонтология мен медицина // Петровский Б.В. жетекшілігімен.- Т.1-2.-Москва,1998ж.

4. Иванюшкин А.Я. Медицинадағы кәсіби этика.-Москва, 1990ж.

5. Яровинский М.Ф. «Медициналық этика» (биоэтика) курсы бойынша дәрістер: Оқу құралы.-2000ж.

ТАҚЫРЫП: ПАЦИЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖОЛДАРЫ

Сабақтың мақсаты:студенттерде науқастың құқығын қорғау бойынша білімді қалыптастыру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Пациент сөзіне анықтама беріңіз

2.Науқас құқықтары қорғау жолдары

3.Науқасты жеке тұлға ретінде құрметтеу.

4. Науқастың өзімен-өзі болуы (самостоятельность).

5. Науқастың өзін-өзі анықтауы (самоопределение).

6. Қазіргі заман науқастарының сипаты.

7. Қазіргі заман науқастарының ерекше тұстары.

Тарату материалы:

1945ж. бастап БҰҰ-ның (Біріккен ұлттар ұйымы) құрамына кіретін ұйымдар адамның негізгі құқықтарын қорғау туралы ұсыныстарына қолдау тапты. 1948ж. желтоқсанда адамдар құқығы туралы жалпы жарлық қабылданды. 1950ж. 4 қарашада адамдар құқығы бойынша Европалық келісімге қол қойылды. Осы кезден бастап, науқастар құқығын қорғау туралы қозғалыстар басталды. 1994ж. «Европадағы науқастар құқығын қорғау аймағындағы саясат туралы» жарлық қабылданды. Онда қазіргі кездегі және болашақтағы денсаулық сақтау саласының қарқынды потенциалдарын сипаттай отырып, науқастар құқығының жалпы тізімін көрсетеді.

Әдетте науқастардың құқығы заңмен қарастырылады. Заңның негізі болатын шектеулер адам құқығын сақтаудың принциптеріне қарама-қайшы келмеуі тиіс және шектеулерді жүктегенде заңда жазылған ережелердің бәрі сақталуы қажет. Бұл шектеулер жеке тұлғаның, қоғамның денсаулығын қорғау және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.

Жарлық қоғамдық құқыққа қатысты болса да, онда көбінесе жеке тұлғаның құқығына көп көңіл бөлінеді.Науқастардың жеке құқығына мыналар кіреді: жеке тұлғаның бүтіндігі, діни сенімділігі, жеке өміріне кіріспеу.

Жарлықта денсаулық сақтау қызметкерлері мен науқастардың міндеттері мен құқықтары көрсетілген. Ол міндеттер мен құқықтар бірін-бірі толықтырады: науқастар өз денсаулығын қорғау үшін жауапты, ал денсаулық сақтау қызметкері өзге азаматтар сияқты өздерінің азаматтық құқығын қорғауға құқылы екені жазылады.

«Европа науқастарының құқығын қамтамасыз ететін аймақтағы саясат туралы» жарлықта адамдар құқығының мынадай жағдайлары баяндалады:

    1. әрбір адам жеке тұлға ретінде құрметке құқылы;

    2. әрбір адам өзін-өзі анықтауға құқылы;

    3. әрбір адам физикалық және рухани бүтіндігі мен жеке басының қауіпсіздігі үшін құқылы,

әрбір адам жеке өмірінің құрметіне құқылы;

    1. әрбір адам өнегелі және мәдени құндылықтарының, діни және философиялық сенімділігінің құрметіне құқылы;

    2. әрбір адам денсаулығын қорғауға, аурудың алдын-алуғаденсаулығын түзетудің максимальды мүмкіндігіне құқылы;

Жарлықта емдеу алдын-алу жағдайлары былай баяндалады:

5.1 әрбір адам денсаулығына қажетті медициналық көмекті алуға, аурудың алдын-алуға құқылы. Медициналық көмек бәріне бірдей көрсетілуі тиіс, қоғамның осы мақсатта бөлген материалды және қаржы ресурстары, адам атқаратын қызметтері ешқандай бұрмаланбауы тиіс.

5.2. Көрсетілген медициналық көмектің сапасы, медициналық көмектің жоспарлануы мен іс жүзінде көрсетілген қызметтің бағасы және денсаулық сақтау жүйесінің өзге де сұрақтары жайында, науқастар белгілі формада өкілеттілікті құруға құқылы.

5.3. Науқастар емдеу алдын-алу көмегін жоғары сапада алуға құқылы.

5.4. Науқастар емдеуге, күтуге және диагностикалауға қатысқан емдеу алдын-алу мекемесі немесе денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің қамтамасыз ететін емдеу алдын алу көмегінің мұрагерлігіне науқастар құқылы.

5.5. Медициналық көмектің тапшы түрімен емделуге, тек потенциалды науқастарды ғана бағыттамау керек, сондай- ақ ондай көмекпен өзге де науқастардың емделуіне құқысы бар.

5.6. Науқастар емдеу алдын-алу мекемесін өздері таңдауға, бір дәрігерді екіншісімен алмастыруға құқылы.

5.7. Науқастар бір емдеу алдын-алу мекемесінде стационарлық көмекті алып, екінші емдеу алдын-алу мекемесіне ауыстырылса немесе стационардан үйіне қайтарылса, онда ауруы туралы түсініктеме (выписка) алуға құқылы. Өзге емдеу мекемесінің келісімі болған жағдайда ғана науқас сонда ауыстырылады. Науқас үйіне шығарылғанда оның денсаулығына қажетті әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлар жасалуы тиіс.

5.8. Диагностикалауда, емдеуде және күтуде науқастар мәдени құндылықтарын құрметтеуге, сақтауға құқылы.

5.9. Науқастар емдеу барысында жанұясының, туыстарының, достарының көмегін алуға және кез келген уақытта қасиетті өсиетті (мысалы: діни қызметкерден) және рухани көмекті алуға құқылы.

5.10. Науқастар қазіргі медициналық мүмкіндіктерге сәйкес физикалық күйзелістерін, жеңілдетуге құқылы.

5.11. Науқастар терминалды жағдайда күтімге, адамгершілік көмекке және лайықты өлімге құқылы.

5.12. Жарлықта науқастар құқығын қолдану жағдайлары былай баяндалады.

6.1. Осы құжатта мазмұндалған құқықтың жүзеге асуы қажетті механизмдердің осы мақсат үшін құралуын қажет етеді.

6.2. Осы құжаттардың жүзеге асуы еш бұрмалаусыз барлық адамдарға бірдей болуы керек.

6.3. Науқастар заңда тағайындаған ережелерді орындаса және адам құқығы туралы негізгі құжаттардың жағдайына қарсылық танытпаса, онда олар осы құжатта аталған құқықтарды қолдануға құқылы.

6.4. Егер осы құжаттағы құқықтарды қолдануға науқастың өзінің мүмкіндігі болмаса, онда оның заңды түрдегі сенімді өкілі оны жүзеге асыруға құқылы.

6.5. Осы құжаттағы құқықтар туралы ақпаратты және тиісті нұсқауларды алуға науқастар құқылы. Егер науқастардың құқығы тапталса, онда ол заң орындарына шағымдануға құқылы. Науқастар берген шағымдарының әділ, тиімді және тез қаралуына және оның шешімін алуға құқылы.

6.78. Науқастардың міндеттері:

1) өзінің денсаулығын сақтауға және нығайтуға арналған шараларды қолдануға;

2) медициналық қызметкерлермен арасындағы әдеп пен құрметті көрсетуге;

3) емдеу мен диагнозды дұрыс қою үшін, дәрігердің рұқсат етуімен өзінің денсаулығы туралы ақпаратты баяндауды. Дәрігер жазған барлық нұсқауларды орындауы тиіс,

4) медициналық көмекті алуда медициналық қызметкерлермен бірігіп еңбектенуге, медициналық мекеменің мүлкін қастерлеуге және ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтауы тиіс;

5) қоршаған ортаға қаупі немесе күдігі бар аурулардың пайда болуы, емдеу және алдын-алу шаралары негізінде ауруларының күрт өзгергендігі туралы медициналық қызметкерлерді хабардар етуі тиіс;

6) өзге науқастардың құқығын бұзуға болмайды;

7) ҚР заңдарында қарастырылған өзге де міндеттерді орындауы тиіс;

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі:

1. Аристотель. Шығармалар.-Москва,т.4.-1983ж.

2. Гиппократ. Таңдамалы кітаптары.-Москва,1994ж.

3. Яровинский М.Ф. «Медициналық этика (Биоэтика)» пәні бойынша дәрістер: Оқу құралы.-2000ж.

Қосымша:

1. Криков В.И., Прокопишин В.И. Фармацияны ұйымдастыру мен экономикасы.-Москва, 1991ж.

2. Лоскутова Е.Е. Фармацияны басқару және экономикасы. Фармацевтикалық қызмет, ұйымдастыру және реттеу,-Москва, 2005ж

ТАҚЫРЫБЫ: ЖЕКЕ БАСТЫҢ ЖӘНЕ ҰЖЫМДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

ЭТИКАСЫ

МАҚСАТЫ:

1.Жеке тұлға мен ұжымның арақатынасын оқып-тану.

2. Ұжымдағы фармацевтикалық қызметкердің арақатынасындағы ерекшеліктерді оқып-тану.

ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін оқып-тану.

2. Жеке тұлғаның мінез-құлқы мен темпераментін және оның ұжымдағы жағдайын оқып-тану.

3. Ұжымдағы жеке тұлғалар арасындағы қатынастың типтерін оқып-тану.

4. Ұжымның жеке тұлғаға және жеке тұлғаның ұжымға тигізетін әсерін оқып-тану..

5. Сапалы еңбекке мотивациялаудың үрдістерін оқып-тану.

6. Ұжымда фармацевтикалық қызметкердің мінез-құлқы ерекшеліктерінің айқындалуы.

7. Жұмыстағы стресті тудыратын факторларды оқып-тану.

8. Ұжымдағы ұрыс-керісті шешудің әдістерін оқып-тану.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Ситуациялық есептерді шешу, сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды оқытушымен бірге талдау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

Ситуациялық есептер

1. Дәптерлеріңе мына түсініктердің анықтамасын жазыңдар:

а) жеке тұлға;

б) жеке тұлға мәртебесі;

в) жеке тұлғаның мінез-құлқы;

г) жеке тұлғаның темпераменті;

2. Дәптерлеріңе жазыңдар: жеке тұлғаның мінез-құлқы мен темпераментінің түрлерін;

3. Дәптерлеріңе мына түсінікке анықтама жазыңдар:

а) жеке тұлғаның беделі;

б) жетекші;

в) жетекшінің стильі;

4. Жетекшінің стильі және оның сипаты туралы жазбаша көрсетіңдер.

5. «Мәртебе» түсінігіне анықтама жазыңдар.

6. Еңбек ұжымындағы мінез-құлықтың әлеуметтік нормаларының түрлерін жазбаша көрсетіңдер.

7. Дәптерлеріңе «Ұжым» ұғымына анықтама жазыңдар.

8. Дәптерлеріңе еңбек кооперациясының технологиялық формаларын жазыңдар.

9. Ұжымның атағын төмендететін себептерді жазбаша көрсетіңдер.

10. Сапалы еңбекке мотивациялаудың әдістері мен құрылымын жазбаша көрсетіңдер.

11. Фармацевтикалық ұйымдағы стресті тудыратын себептерді жазбаша көрсетіңдер.

12. Жұмыстағы стресті төмендетудің негізгі әдістерін жазбаша көрсетіңдер.

13. «Ұрыс-керіс» ұғымына анықтама жазыңдар.

14. Ұрыс-керістің түрлерін жазбаша көрсетіңдер.

15. Ұрыс-керісті шешудің стильін жазбаша көрсетіңдер.

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

Ұжым (латын сөзі «соllectivus» -жиналушы деген мағынаны береді) – бұл атқаратын жұмысы немесе қызметтері ортақ, бірдей мақсатпен біріккен адамдар жиынтығы. Фармацевтикалық ұжым – бұл дәріхана. Ұжым мүшелерінің жасы, психологиялық ерекшеліктері, мәдени дамуы, білімі, жеке тұлға ретіндегі тәжірибесі әртүрлі болатындығына қарамастан, ұжымда «ұжымдық жетекшілік», «ұжымдық пікір», «ұжымдық ақыл-ой» деген ұғымдар бар.

ХХ ғасырдың басында Ресей әлеуметтік психологиясы ұжым мен жеке тұлға арасандағы қатынасқа зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулерге жетекшілік еткен, танымал психиатр В.М.Бехтеров болды. Ол «ұжым» түсінігіне «мақсаттың бірігуі» деген анықтаманы ұсынды. Ол ұжымның бір тұтас, бір бүтін екендігін және ондағы жеке тұлғалардың өзара әсерлесуінен оның сапасының байқалатынынын көрсетті.

Ұжымдық еңбектің әлеуметтік-психологиялық және өнегелі-этикалық сипаты үшін, жеке тұлғалар қатынасын, жұмысшылардың өзара байланысын реттейтін, еңбек мотивациясының құрылымын анықтау қажет. Қазіргі заман дәріханасы ұжымының мақсаты тек тауарайналымы бойынша жоспарды орындау ғана емес, сонымен қатар адамдар денсаулығы болып табылады. Сондай-ақ, еңбек кооперациясының кейбір формаларын да қарастыру қажет. Неміс психологы Р.Штольберг (1982ж.) кооперацияның технологиялық формаларының түрлерін келесідей бөледі:

  • жұмыс жеке түрде орындалады, жеке тұлғалар арасындағы байланыс аз болады, тек белгілі бір уақыт аралығында ғана байланысу болады (мысалы: үзіліс кезінде).

  • жұмыс адамдар тобымен орындалады, функционалды түрде бір-бірімен байланыс жоқ, бірдей немесе ұқсас операцияларды орындайды.

  • жұмыс адамдар тобымен орындалады, ондағы адамдар функционалды түрде бір-бірімен тығыз байланысады, жеке тұлғалар арасындағы байланыс міндетті түрде қажет және осылайша бір-бірімен байланысқан операцияларда әркімнің өзінің атқаратын функциясы бар.

Медицинада кооперацияның сан алуан түрлері бар. Олармен жақындасу үшін мына кітаптарды оқуға болады: Н.Амосовтың «Жүрек пен ойлар», Ю.Крелиннің «Мені жақсы көргенді ұнатамын», С.Долецкийдің «Жолдағы ойлар», С.Юдин, А.Хейлидің «Қорытынды диагноз». Ұжымда арақатынастың өнегелі-этикалық қағидалары орындалмаған жағдайда, жұмыста кідірістер болып, ұжым беделін түсіретін жағдайлар орнайды, сондықтан ұжымның әрбір мүшесі дұрыс кооперацияны орнатуға ат салысуы керек.

Күні бүгінге дейін неміс философы Гегелдің қызметтік құрылымның мақсаты, құралы, нәтижесі туралы берген анықтамалары қолданылуда. Соңғы он жылдық зерттеулердің нәтижесі бойынша мотивациялаудың маңызы зор екендігі байқалады.

Сапалы еңбекке мотивациялаудың екі түрі бар: сыртқы және ішкі. Оларды жеке қарастырайық.

Сыртқы мотивация – ол еңбек ақы. Сапаның бірінші жауы – ол еңбекті тең бағалау. Жұмысты жақсы орындау үшін оған дем беруді дұрыс орнатып, жалақы төлеудің әділ жүйесін қолдану қажет. Ол үшін жұмысшының ортақ іске қосқан жеке үлесін, оның тапсырманы өз уақытында сапалы түрде орындауын бағалау керек.

Сапа қағидаларына сәйкес келетін, еңбекті төлеудің моделі –бұл сый-ақы моделі. Әдетте ол жалақының 20-40%-ын құрайды. Мекемеде «мақсатқа бағытталған басқару» әдісін қолданған жағдайда ғана, осы сый-ақы моделін қолданудың мәні бар. Егер алға қойған мақсаттың қандай дәрежеде орындалғанын білмесек, онда не үшін сый-ақы тағайындайтынымызды білмейміз. Сондықтан мақсат қаншалықты жоғары дәрежеде орындалса, соншалықты жұмысшының көрсеткіші де, сый-ақысы да жоғары болады.

Сый-ақыны төлеудің мөлшерін анықтау үшін мына градацияларды білу керек: өте жақсы, жақсы, қалыпты, жақсаруды талап етеді. Әрбір бөлуде негізгі жалақы бойынша төленетін сый-ақының проценті көрсетіледі.

Нәтиже

Жалақы бойынша%

Жақсартуды талап етеді

10-ға дейін

Қалыпты

10-20

Жақсы

40-60

Өте жақсы

80-100

Осы көрсетілген бөлінулерді анықтау үшін, жұмысты бағалаудың кең түрдегі критерийлерін білу керек. Олар мынадай :

  • мінсіз орындалған жұмыс саны;

  • жұмыс нәтижесінің дәлдігі мен сапасы;

  • жұмыстың орындалу графигінің сақталуы;

  • үрдістердің тиімділігін біршама арттыратын ұсыныстар;

  • ұзақ мерзімге дейін мінсіз еңбек ету;

  • тұтынушылар рекламациясының саны;

Критерийлер мен нәтижелерді бағалау үшін, оларды өлшемдік көрсеткішпен сипаттау керек. Оның өзіндік қиындықтары бар, әсіресе өлшемге жатпайтын еңбекті бағалауда. Мысалы: конструкциялық жасаулар деңгейін, ұжым бөлімшісінің творчестволық белсенділігін арттыруда, басқарудың коллегиалды деңгейін көтеруде және т.б. Бірақ бұл жетістіктер де өз кезегінде еленіп, бағаланып, марапатталуы тиіс. Оларды марапаттамасақ, онда жұмыс нәтижесі оң болмайды.

Еңбекті сый-ақы моделі бойынша төлеудің өзіндік артықшылықтары бар:

  • жұмысшылардың қызығушылығы мен нәтижесін ескереді;

  • жұмысшы өз мақсатын мекеме мақсатымен ұқсастырады;

Модельдің кемшілігі:

  • сый-ақы төлеудің мөлшерін бағалауға, жасауға бір шама уақыт кетеді;

  • жалақыны есептеу қиынға соғады;

Ішкі мотивация тиімді, бірақ оны қолдану қиын. Оны түсіну үшін бірқатар ақиқаттарды меңгеру керек:

1. Адам өмірінің ең көп бөлігін жұмысында өткізеді, жұмыс – ол адам өмірінің жалғасы. Бұл уақыттар еш қиындықсыз, рақат аларлықтай болып өтуі керек.

2. Адам өз еңбегінің жемісін, пайдасын, қажеттілігін көріп, моралды түрде қанағаттануы керек.

3. Жұмыста адам өзінің әлеуметтік өсуін сезінуі керек, яғни білімінің жоғарылауын, әріптестері арасында, жанұясында беделінің артқанын және т.б.

Ішкі мотивацияны енізудің негізгі әдісіне жетекшінің қатардағы жұмысшыға деген қатынасы, қызметтестер арасында сұрақ жүргізуі, ұйым жұмысшыларын ұйымшылдыққа бағыттайтын жұмыстарды жүргізу жатады, қазіргі кезде ондай жұмыстарға «Менің фирмам – менің жанұям» деген ұранды жылжытудың кәсіби оқытуды корпоративті мәдениетті енгізуді айтуға болады, қызметкерлерге сұрақты жүргізу нені береді? Біріншіден, жұмысшылар ортақ орындайтын істе өздерінің де әсерлерінің болатындығын сезінеді. Сұраулар белгілі тақырыптарда құпияланған түрде үнемі жүргізіледі. Бұл сұраулардың мақсаты – сапа жүйесіне стратегияны енгізудің дұрыстығын анықтау, есебін жүргізу, қателерді анықтап, оған түзетулерді жасау. Сұрауларды жүргізу үшін төмендегі тақырыптарды қолдануға болады:

  • кәсіпкелік мәдениеті;

  • мекеме стратегиясының айқындылығы және осы стратегиядағы сенің жеке ролің;

  • өз жұмысыңа қатынасың;

  • жетекшінің басқару әрекетін бағалау;

  • жұмыс барысында өзге бөлімдермен бірігіп қызмет ету;

  • жалақыға қанағаттанушылық;

  • сапаны жоғарылататын үрдіске үнемі қатысу;

  • мамандықты жоғарылату және кәсіптік оқудың мүмкіндігі;

  • мақсаттың жоғарылауы;

Ұйым қызметкерлері мен тұтынушыларына жүргізген сұраулардан бірдей нәтижелер күтеді. Бірақ, оның нәтижесі бірдей болмайды, себебі тұтынушылар ұйым туралы өз ойларын ашық айтады, себебі олар осы ұйымның өнімін ақшаға сатып алып тұтынады, ұйымның басшылығына еш бағынбайды. Ал қызметкерлер болса, ұйымға, оның басшылығына тікелей тәуелді адамдар, олар ұйым туралы жағымсыз нәрселерді айтса, онда олардың жұмыстарына басшылық тарапынан қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан, сұраулар жүргізілместен бұрын қызметкерлерге оның мақсаттары туралы мәліметтерді беру керек.

Сұрау кезінде мынадай шарттардың орындалуы маңызды болып келеді:

  • сұрауға алынғандар сұраудың мағынасын білуі керек;

  • сұрау құпиялы түрде жүргізілуі керек;

  • сұраудың нәтижелерін қызметкерлерге анық және шынайы түрде жеткізу керек;

  • сұраудың нәтижесін мекеменің ағымдық қызметінде іске асыру керек;

Егер сұраулардың нәтижесі мекемені қызықтырса, онда ол мекеменің әлсіз жағын жоюға ғана көмектеспейді, сонымен қатар жұмысшыны да едәуір мотивациялайды. Қызметкер өзінің ойының бұл мекемеге керек екенін, атқарып жүрген жұмысындағы жеке ролінің қаншалықты маңызды екендігін түсінеді. Бұл тұста жұмысшы ұйым жетекшілігінің жұмыс сапасын көтеру үшін қатты қызығушылық танытқанын байқайды.

Жаман емес нәтижеге қол жеткізгенде жұмысшы «әлеуметтік пакетпен» қолдануға мүмкіндік алады. Ұйым жұмысшысы мәселелерін шешуге көмектеседі, үй-жай, автокөлік сатып алуға, емделуге, балаларын оқытуға және т.б. жағдайларға ешқандай пайызсыз несиеге ақша береді. Сондай-ақ, жетекшілік жұмысшыға сәнді киінуге, қызмет бөлмелерін заман талабына сай безендіруге, өндірістік аумақты қоршауға, жұмыс уақытында қымбат емес тамақпен қамтамасыз етуге, туған күн, мерекелерді жұмысшылармен бірге атап өтуге мүмкіндіктер жасайды. «Мамандық бойынша саңлақтар» байқауын өткізу мотивациялардың жақсы нәтижелерін береді.

Меекме тарапынан адам өзіне және жақындарына деген қамқорлықты сезіне отырып, мекемеге алғысын білдіре отырып, ешқандай зиянын тигізбей еңбек етуге тырысады. Ондай жұмысшыны жұмысты жақсы істеуге шақырудың қажеті жоқ және оны жұмыстан қууға да болмайды. Кез-келген ұжым жеке тұлғадан тұрады. Оны жеке қарастырайық.

Жеке тұлға туралы түсінік

Жеке тұлға – адам өмірінің барлық үрдісінде қалыптасып, өзгеретін, өзге біреумен салыстыруға келмейтін, жеке адамға тән ерекше қасиет. Адамдар құрған әлеуметтік және заттар ортасында, адамдар мен қарым-қатынасқа түскен жағдайда ғана, жеке тұлға қалыптасып, өзін дамытады.

Ленинградтық психология мектебінің жетекшліері Б.Г.Ананьев пен В.П.Мясницевтер жеке тұлғаның психологиялық идеяларын жасады. Олардың тұжырымдауы бойынша адам өмірдің объективті қоғамдық жағдайын, әлеуметтік байланысының, қатынастың көп түрлілігімен байланысады. Соның нәтижесінде жеке тұлғалық қасиет немесе тұрақты психикалық пайда болулар қалыптасады. Нейродинамикалық конституционалды-биохимиялық үрдістердің, темпераменттің, жүйке қызметі типінің ерекшеліктері негізінде жеке тұлғалық қасиет түзіледі.

Жеке тұлғаның беделі –бұл адамның қоғамдағы жағдайы, ол еңбек ұжымында, жолдастарының арасында жеке тұлғаның жоғары жағдайға, құрметке ие болуын, мінез-құлқын анықтайды. Осы кәсіби шеберліктен адам танылғанда өзін-өзі құрметтеу, сенімділігін арттыру, өзін сол дәрежеге лайықты сезіну сияқты жеке қасиеттері де қоса қалыптасады.

Ал керісінше, төмен мәртебеге ие болған жеке тұлғада өзіне-өзінің ренжуі сияқты сезімдер пайда болып, соңында өзге әлеуметтік ортаға, топтарға, кетуге тырысады. Жеке тұлғаның құрылымындағы күрделі қалыптасу «мінез-құлық» болып табылады. Мінез – жеке тұлғаның тек өзіне тән ерекшлеіктерінің, тұрақты жиынтығы. Мінез – адамда өмір бойы қалыптасады, дамиды.

Жеке тұлғаның темпераменті

Жеке тұлғаның жеке ерекшеліктері оның темпераментінде, мінезінде, қабілетінде, қызығушылығында, өзіне-өзі баға беруінде байқалады.

Психологияда темпераменттік қасиетке туа біткен эмоционалды-еріктік қасиеттер, жеке психикалық үрдістердің динамикасын сипаттайтын қасиеттер жатады. Темпераменттің төрт типі бар: сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик.

Сангвиник темпераменті сипаты бойынша жоғары психикалық белсенділігі бар, энергияға бай, қимылы, жұмыс істеу қабілеті жылдам, тез сөйлейтін, мимикасы тез өзгеріп отыратын адам. Бұл адамдар еңбекте жоғары белсенділік танытады. Сангвиниктің мінезі, іс-әрекеті жан-жақты ойластырылған, тиянақты және оңай бақыланады. Оларға көшбасшы болуға деген ұмтылыс тән болып келеді. Олар әдетте едәуір творчестволық мүмкіндіктерге, жоғары жұмыс істеу қабілетіне, жаңа талаптар мен жағдайларға оңай үйренетін, мінездің нормасы мен стандарттарын толық игеретін еңбекке тез бейім адамдар.

Холерик типті адамдар психикалық белсенділігі жоғары деңгейдегі, өткір иісті, ұмтылғыш, энергияға, қозғалысқа бай адамдар. Олардың көңіл-күйі өзгеріп отырады, ұшқалақ, шыдамсыз, эмоциялық өзгеріске икемді адамдар. Кейде олар агрессивті де болады. Сангвиник сияқты холерикте сыртқы ортаның әсеріне өте сезімтал болып келеді. Холериктерге ұмтылуға, қызығушылыққа деген жоғары тұрақталық байқалады, монотондылық, шыдамдылық танытып бір жұмыстың түрімен айналысу дегендер оларға тән емес. Олардың эмоционалды жағдайы көтерілгенде жұмыс істеу қабілеті, творчестволық іс-әрекеттері жоғарылайды. Адамдармен араласқанда өткірлік, ұшқалақтық. Тітіркендіргішқасиет танытып, ұжымда ұрыс-керіс тудыратын, оған адамдардың іс-әрекетін бағалауға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындайды.

Флегматик мінезді адамдар психикалық белсенділігінің деңгейі төмен, баяу, мимикасы айқын болмайтын, жаңа жағадйға, бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке оңай ауыса алмайтын, сылбыр адамдар. Флегматиктердің көңіл-күйі бір қалыпты, тыныш болып келген. Шыдамды, ұстамды, қозғалысы, сөйлеуі, тапқырлығы баяу. Іс-әрекетті ойланып, бірбеткейлік таныта отырып жасайды. Тәртіптің болғанын қалайды, іс-әрекеттерді тыңғылықты, дәл, өз уақытында орындайды. Қолайсыз жағдай орнағанда, флегматикте еңбекке, қоршаған ортаға, жалпы адамдарға бейқамдық туады.

Меланхолик типті адамдар: психикалық белсенділігінің деңгейі төмен, қозғалысы, сөйлеу моторикасы баяу, жылдам шаршайтын адам. Меланхоликтердің эмоциялық тұрақтылығы, сезімталдығы өте жоғары. Олар көңілге ауыр алып, шектен тыс өкпелегіш келеді. Мимикасы мен қозғалысы айқын емес, дауысы тыныш, қозғалысқа жоқ, тез шаршауға бейім болғандықтан, жұмыс істеу қабілеті төмен болады. Бұл адамдар тұйық, ешқандай икемділік танытпайды. Бірақ қолайлы жағдайда тапсырылған істі тиянақты орындайды.

Ұжым және жетекші

Ұжым адамдардың топтасқан жиынтығы ретінде адамның мінез-құлқына, жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен әсер етеді. Ұжымда жеке тұлға әртүрлі тәжірибелерді жинайды және де әрбір мүше ұжымға белгілі бір әсерін тигізеді.

Жеке тұлғаның ұжымға тигізетін әсері оның беделімен, жетекшілігімен, көшбасшылығымен сипатталады.

Жеке тұлғаның беделі деп – адам іс-әрекетінің талаптарына субъективті сапасы сай келетін ұжым таныған жеке тұлғаны айтады. Беделді адам өзге жеке тұлғалармен қарым-қатынаста үлкен жағдайға ие болады, адамдарға ешқандай пайдасыз көмек көрсетуге талпынады. Адамның іс-әрекетіне қажетті мінез-құлықты ұйымдастыруға беделдің болуы тікелей әсерін тигізеді.

Билікті көрсетудің негізінде беделді адам сенімге, адалдыққа ие болады.

Жетекшілік – бұл адамдардың мінез-құлқын реттей отырып, белгілі бір мақсаттарға бағыттайтын әрекетті көрсетумен байланысты басқарудың құрамдас бөлігі. Тағайындалған немесе таңдалып алынған жетекші бір қатар функцияларды атқарады: ұжым іс-әрекетінің мақсаттарын қалыптастырады және құрастырады, осы әрекетті жоспарлайды, оның іске асуына қажетті әдістер мен заттарды жасайды, оларға бақылауды жүргізеді.

Жетекшінің жеке тұлға ретіндегі мінез-құлқы қызметкерлер нұсқаулығымен, нормаларымен регламенттелген. Сондықтан жетекшінің стилі, оның мінез-құлық пен іс-әрекетке тигізетін жеке әсерімен анықталады.

Көптеген эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде жетекші стилінің типологиясы құрастырылды, ол ұжымдық іс-әрекетті басқара алуына, қабілетіне және жеке тұлғаның психикалық күйіне негізделген.

Бірінші типі – автократтық немесе директивтік. Бұл басшылар көбінесе әкімшілік әдістерді қолданады. Жоғарғы басшылар қандай бұйрықтарды береді, соны төменгі деңгейге беріп, ақпараттарды тасымалдаушы ретінде болады.

Екінші типі – демократиялық немесе коллегиалдық. Бұл басшылар ұжым мүшелерінің ойымен, ұсынысымен әрдайым санасып отырады. Туындаған мәселелерді ұжымның ортасында талқылап, олардың ойларын тыңдайды. Мұндай басшылар мәселелер мен міндеттерді шешуде тапқырлық танытып, икемділік көрсетуімен ерекшелінеді. Жетекшінің кейбір функциялары ұжымның басқа мүшесіне беріледі. Сөйтіп ұжымда өзін-өзі басқару жүзеге асады.

Үшінші типі – либералды немесе ситуативтік. Жетекшінің мінез-құлқы өндірістегі туындаған жағдайларға бағынышты болды. Мұндай жетекші өндірістік іс-әрекеттергеешқандай қатыспайды, ұжымның ұйымдастырлыуына, ісіне көп араласпайды. Ұжымда өз қабілетімен жұмыс атқаратын жоғары квалификациялы мамандар болса, солардың арқасында мұндай басшылар оң нәтижелерді береді.

Жеке тұлғаның ұжымға әсері оның көшбасшылығымен де байқалады. Көшбасшы ұжым ішіндегі формальды емес топты көрсетеді. Кейбір көшбасшыларды «іскерлер» (инструменталды) дейміз. Олардың әрекеттері бір міндеттерді шешуге бағытталған болады. Ал кейбір көшбасшыларды эмоционалды немесе экспрессивті дейді – олардың әрекеттері топ ішінде жағымды климатты, көңіл-күйді қалыптастыруға бағытталған.

Жеке тұлғалар қатынас жүйесінде «әлеуметтік-психологиялық мәртебе» деген ұғым бар, мұнда жеке тұлғаның ұжымдағы жағдайын, беделін көрсетеді. Мәртебенің симвлоына мыналар жатады: оның қызметі, атағы, жалақысының мөлшері, оқыған кітаптарының саны, белгілі ауданда тұруы және т.б. жатады.

Бедел – мәртебенің маңызды сипаттарының бірі, қоғам мен ұжым күткен үмітті өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен дәлелдеген жеке тұлғаның сіңірген еңбегін қоғамның тануы. Жеке тұлғаның мынадай әлеуметтік маңызды сипаттары оның беделге ие болуына негіз болады: өнегелік сапасының жоғары болуы, белгілі бір істің жетістіктері, қоғамға пайдасы бар істреге қатысу.

Ұжымда адамның мінез-құлқы белгілі бір әлеуметтік ережелерге сәйкес қадағаланады. Ол ережелер еңбек ұжымында үш түрде болады:

  • қызметтік инструкцияда, бұйрықтарда және т.б. бекітілген;

  • ұжымда қабылданған дәстүр ретінде;

  • қоғам жетекшілікке алған әлеуметтік ережелер, қағидалар мен талаптар,

Жеке тұлғалар қатынасы – ол жеке тұлғалардың объективті байланысы мен өзара іс-әрекетінің бейнесі. Оларды ресми немесе ресми емес, іскерлік және жеке бастың, формалды және формалды емес, бағалық және әсершіл. Ұжымдағы адамдар қатынасының мәселелері өте маңызды.

Адам өз өмірінде қуанғанда, қайғырғанда, қоқыныш пен таңқалғанда, жұмыста, жұмыссыздықта стреске көп ұшырайды. Онсыз өмір болуы мүмкін емес, оның әсері, ұзақтығы, жиілігі денсаулыққа, адам өміріне әсер етеді.

Менеджменттік жүйеде шамадан тыс жүктеу немесе жұмыстың жеткіліксіздігі. Бірінші жағдай жұмысшылар саны жетіспегенде орын алады.

Әділетсіздік орнап, жұмысшыға қайшы талаптар қойылса, онда дау-жанжалдар болады.

Рольдің анықсыздығы (роль – «жеке тұлғаның әлеуметтік функциясы, қоғамдағы беделінің болуына байланысты адамдардың мінез-құлқы») стрестің болуына себеп болады.

Тәжірибені, білімді, қабілетті көрсетуге мүмкіндікті бермейтін жалықтыратын, зеріктіретін жұмыс ол да стресті тудырады.

Стрестің деңгейін қалай төмендетуге болады? Менеджмен саласының қызметкерлері мынадай жауапты береді:

  • осы аптада, бүгінгі күні не істеу керектігі туралы белгілі бір тәртіпті қалыптастыру және т.б.

  • шектен шыққан тұста өзіңізге «жоқ» дегенді айту керек;

  • жетекшіңізбен жақсы қатынасты орнатыңыз. Сіздің еңбек жүктемеңізді ескеруге, приоритетіңізді құрметтеуге және негізділегн тапсырыстарды беруге оны үйрету.

  • Агрессивті позицияны ұстанбаңыз, кімде-кім қарама-қайшылық танытып, тапсырманы орныдамаса, онымен келіспеңіз,

  • Стандарттар, бағалаулар, күтілімдер түсініксіз болса, онда хабарлаңыз;

  • Жұмысқа дген қызығушыларды қалай арттыруға болатындығын талқылаңыз;

  • Күнделікті демалысқа уақыт табыңыз;

Нормадан тыс болатын стрестің алдын-алуға жетекші рольінің маңызы да бар. Стрестің алдын-алу шаралары пайда :

1). әрбір жұмысшының қабілетіне, бейімділігіне қарай жұмыс типі иен көлемін таңдау;

2) Егер бір жұмыс туралы жетекшілікті мәліметтер болса, онда оны жұмысшының орындамауына рұқсат беру. Егер оны орындау қажет болса, онда оны жұмысшыларға түсіндереді.

3) Өкілеттіліктің, жауапкершіліктің және күтілмелі нәтижелерінің аймақтарын анықтап алу;

4) Мынадай жағдайлар кезінде жетекшілердің стилін дұрыс қолдану. Қанаушы-авторитарлық, мейірлі авторитарлық, кеңесші-демократиялық;

5) жақсы еңбек үшін сый-ақы беру (материалдық, моральды),

6) қарамағындағы жұмысшылармен қиын сұрақтарды бірге шешіп, олардың қыбілетін дамыита отырып, ұстаздық рольде болу;

«Ұжымдық қызметтің психологиясы» (Ленинград, 1990ж) кітабындағы Ю.Ю.Платоновтың монографисы «Ұжымдық қызметтің стреске тұрақтылығы» деп аталады. Автор мұнда стресс-факторлардың пайда болуын ұжымдағы жеке-психологиялық ерекшеліктермен байланыстырады. Сондай-ақ ол өз еңбегінде стреске тұрақтылықтан басқа, мынадай мәселелерді де жеке қарастырады: мақсатқа бағытталу, мотивациялау, эмоциялылық, ұжымдық, интегративтілік, ұйымдастырушылық.

Әрбір ұжымда ұрыс-керіс, стреске ұшырау болады. Ұрыс-керіс сөзі (конфликт) «conflictus» латыншадан аударғанда қақтығысу, тартыс, дау-жанжал, ерегісу деген мағыналарды береді. Менеджерлердің айтуы бойынша ұрыс-керістің екі түрі бар: функционалды және функционалды емес.

Функционалды емес түрінде топтар арасында әріптестер ажырайды, жұмыста селқостық пайда болады, ақыр аяғында ұйым қызметінің тиімсіздігі орын алады. Ал функционалды кері көзқарастың себебі анықталып, келісім болып, ұйым жұмысының тиімділігі артады.

Ұрыс-керістер жеке тұлғалар арасында, жеке тұлға мен жеке тұлға арасында, топ арасында, топ пен топтар арасында болуы мүмкін. Олардың әрқайсысына тиісті алдын-алу және келістіру шаралары болуы қажет.

Жеке тұлғалар арасындағы ұрыс-керіс стресс әсерінен, өз-өзіне сенімділігін жоғалтқанда, жұмысқа қанағаттанбағанда болады. Тыныш жағдай болу үшін, жеке тұлға әрқайсысы өз-өзін тәрбиелеу керек.

Жеке тұлға мен жеке тұлға арасындағы ұрыс-керіс мінез-құлықтың көзқарасын, мақсаттың әртүрлілігінен пайда болады. Оның себебін анықтап, оларды татуластыру үшін біраз еңбекті қажет етеді. Сондай-ақ, бұл ұрыс-керіске білместік, өсек-аяң, сөздер (байланысудың жағымсыз жақтары) әсер етуі де мүмкін. Қандай жағдайда да оның себебін анықтамай, ешқандай шешімге келе алмайды.

Ұрыс-керістің жағымсыз жақтары – бұл еңбек өнімділігін төмендеуі, қанағаттанбаушылық, моральдық жағдайлардың төмендеуі, кадрлардың шамадан тыс жұмыстан кетуі, ұжымның жаман беделге ие болуы («берекесі кеткен ұжым»), әлеуметтік байланыстардың төмендеуі.

Ұрыс-керістің жағымды жақтары – жетекшілерді қандай мәселелер бойынша жетіспеушіліктің болатындығын, әртүрлі ойлардың шығу себебін анықтап, шешім қабылдауға, болашақта жақсы әріптестікті орнатуға әкеледі.

Әртүрлі стильдегі ұрыс-керісті татуластырудың түрлерін менеджерлер былай деп сипаттайды: бас тарту, ретке келтіру, мәжбүрлеу, мәмлеге келу, жол беру және ұрыс-керістің себебін жою.

И.М.Сеченов атындағы Москва медициналық академиясының профессоры В.В.Сумароков өзінің «Экология, медицина және кейбір өнегелік-этикалық мәселелер – ғылыми-техниканың озық үлгісі» (М, 1998ж) деген кітабында ұрыс-керісті шешу үшін Будда ілімін қолдануды ұсынады. Буддизм іліміндегі бір тайпадағы жуылмаған ыдыс үшін болған болар-болмас ұрыс-керістің ақыры сол тайпаның қирауына әкелген. Төрт күнге созылған пікір-таластан кейін, татуласудың жеті ережесін жасайды. Біріншісі – ерегісті шешу үшін екі адам бір-бірімен бетпе-бет отырады. Екіншісі- «еске түсіру» ұрыстың куәләрі ұрыстың басы неден басталғанын еске түсіреді. Үшіншісі – «қиқарлық танытпау» екі жақта ерегістің шешілуіне ерік береді. Төртіншісі – «ерікті түрде өкіну», яғни ерегісушілердің өз қатесін тауып, татуласуға бет бұруы. Бесіншісі – «шешімді қабылдау» қатысушылар қарсылық танытпаса, онда «шешім қабылданды» деп есептелінеді. Алтыншысы – шешімнің орындалуы. Жетіншісі –«жамандықты жауып тастау» - екі жақтың беделді адамдары ортаға шығып, екі жақты татуласуға, бір-бірлерін кешіруге шақырады.

Қазіргі заманғы менеджменттен ұрыс-керісті шешудің мұндай керемет сілтемелерін таба алмайсыз.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

1. Коллектив и личность// Под ред. Платонова К.И. –Москва, 1985

2. Платонов Ю.П. Психология коллективной деятельности.- Ленинград, 1990

3. Селье Г. Стресс без дистресса.- Москва, 1979.

Қосымша:

1. Моральные ценности и личность//Под ред. Титаренко А.И.-Москва, 1994

2. Анисимов С.Ф. Мораль и поведение.-Москва, 1995

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1.»Жеке тұлға» түсінігіне анықтама.

2. Директивті стильдегі жетекшілерге сипаттама.

Вариант 2

1. «Жеке тұлға мәртебесі» түсінігіне анықтама.

2. Демократтық стильдегі жетекшіге сипаттама.

Вариант 3

1. «Жеке тұлға мінез-құлқы» ұғымына анықтама..

2. Либеральді стильдегі жетекшіге сипаттама.

Вариант 4

1. «Жеке тұлға темпераментінің қасиеті» ұғымына анықтама.

2. «Мәртебе» және «бедел» ұғымдарының анықтамасы.

Вариант 5

1. «Сангвиник темпераменттегі жеке тұлғаның сипаты.

2. «Парыз» ұғымына анықтама.

Вариант 6

1. Холерик темпераменттегі жеке тұлғаның сипаты.

2. «Жетекші стилі» ұғымына анықтама.

Вариант 7

1. Флегматик темпераменттегі жеке тұлғаның сипаты

2. «Жеке тұлға беделі» ұғымына анықтама.

Вариант 8

1. Меланхолик темпераменттегі жеке тұлғаның сипаты.

2. «Жеке тұлғаның беделі» ұғымына анықтама.

Вариант 9

1. Фармацевтикалық деонтологияның бағыттары.

2. Жұмыстағы стреске себеп болған факторлар.

Вариант 10

1. Қоғам мен фармацевттердің өзара қатынасының ерекшеліктері.

2. Жұмыстағы стреске себеп болған факторлар

Вариант 11

1. Фармацевт пен дәрігерлердің өзара қатынасының ерекшеліктері

2. Стрестің алдын- алудағы жетекшінің рольі.

Вариант 12

1. Фармацевт пен науқастардың өзара қатынасының ерекшеліктері

2. Ұжымдағы ұрыс-керістің типтері.

Вариант 13

1. Фармацевттердің жұмыстағы әріптестерімен өзара қатынасының ерекшеліктері.

2. Ұрыс-керісті шешудің әртүрлі жолдары.

Вариант 14

1. «Ұрыс-керіс» түсінігіне анықтама.

2. Фармацевтикалық қызметкер еңбегінің спецификасы.

Вариант 15

1. «Ұжым» түсінігіне анықтама.

2. Сапалы еңбекке ішкі мотивациялауды енгізудің әдістері.

Вариант 16

1. Еңбек кооперациясының технологиялық формалары.

2. Сапалы еңбекке ішкі мотивациялауды енгізудің әдістері.

Вариант 17

1. Ұжым беделінің түсуіне себептер.

2. «Сұрақ» бұл еңбекті мотивациялауды жоғарылататын әдіс ретінде.

Вариант 18

1. Сапалы еңбекке мотивациялаудың түрлері.

2. «Ұжым» түсінігінің анықтамасына критерийлер.

Вариант 19

1. Сапалы еңбекке сыртқы мотивациялаудың сипаты.

2. «Әлеуметтік пакетті» қолдану – бұл еңбекті мотивациялауды жоғарылататын әдіс ретінде.

ТАҚЫРЫБЫ: ДӘРІХАНАНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЭТИКА ЖӘНЕ ДЕОНТОЛОГИЯ

МАҚСАТЫ: Дәріхана пракатикалық қызметіндегі этика және деонтология қағидаларының қолданылуын оқып-тану.

ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Дәріхана келушілерінің психотиптерін және олармен байланысудың ерекшеліктерін оқып-тану.

2. «Бірінші столдағы» фармацевттер мінез-құлқының моделін оқып-тану.

3. «Бірінші столдағы» фармацеттердің қателіктерін талдау. Оны жеңудің жолдары.

4. «Фармацевт парызы, адалдығы және ар-ұяты» ұғымдарының мағынасын анықтау.

5. Фармацевтикалық этика мен деонтологияның арасындағы байланысты анықтау.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Ситуациялық есептерді шешу, сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды оқытушымен бірге талдау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

Ситуациялық есептер

1. «Фармациядағы этика және деонтология» ұғымының анықтамасын дәптерлеріңе жазыңдар.

2. Дәріханадағы «жіберіп алған тауарайналым» түсінігінің шығу себебіне жазбаша талдау жүргізіңдер.

3. Фармацевттер жұмысының «этикалы-деонтологиялық» деңгейін жазбаша атап көрсетіңдер.

4. Фармацевттің 3- деңгейлік жұмысындағы қателікті жоюға арналған ұсыныстарға жазбаша талдау жасаңдар.

5. Дәріхана пракатикасындағы тағайындалған стандарттарға сәйкес дәріхана қызметінің түрлерін дәптерлеріңе жазыңдар.

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

Фармацевтикалық жоғары оқу орны түлегінің негізгі жұмыс орны – дәріхана ұйымы, оның алғашқы жұмыс орны – рецепті қабылдап, дәріні босататын фармацевт ретіндегі қызметі. Бұл жұмыс фармацевттен тек фармацевтикалық, биологиялық және токсикологиялық химия, фармакология, медициналық тауартану пәндерінен базалық білімді қажет етіп қоймайды, сонымен қатар сатып алушылардың психотипін анықтау бойынша білімін және олармен байланысудың формасын, психотерапияның әртүрлі түрін қолдана білуін қажет етеді. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, сатып алушылардың тек 40 %-ы ғана өздері тұратын немесе жұмыс істейтін жердегі дәріханалардан фармацевтикалық тауарларды сатып алады екен.

Ал тұтынушылардың 60%-ы әртүрлі себептермен өзге дәріханаларды таңдаған. Дәріхана үшін «жіберіп алған тауарайналым» деген ұғымға осы 60%-ды жатқыза аламыз. Осы жағдайлар көбінесе дәріхана қызметкерінің сатып алушылармен кәсіби қарым-қатынас жасай алмауынан болады. Осылайша урбанизацияның жалғасуынан адамдар арасында қарым-қатынас жасау азая береді. Қазіргі заманда қоғамның дамуы қаладан басталады, осы урбанизация процесі мәдениетке, өмір сүру образына, адамдардың әлеуметтік психологиясына, оның өзге адамдармен қарым-қатынасына біршама әсерін тигізеді. Қазіргі заман қалаларында тұрғындардың қозғалысқа көп түсетіндігі байқалады, ол деген танысу, бір-бірімен байланысуды күшейтеді.

Социолог Вирттың тұжырымы бойынша: «өзара байланысқа түсетін адамдардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым қарым-қатынас деңгейі де аз болады». Одан әрі ол мынаны айтады: жеке тұлға жылдамдығының жоғары болуы, қаладағы әлеуметтік ортаның жас дифференциясы, олардың бірі-бірімен байланысуының, қарым-қатынасының күшеюі жеке тұлғаның нормалық деңгейден шығып, тұрақсыздық, үмітсіздік танытуына әкеледі. Халық санының өсуі мен көп шоғырлануы қала тұрғынын байланысқа көп түсіреді. Бұлардың бәрі әрбір байланысқа кететін уақытты қысқартады. Кейде екі жақта, яғни сатушы мен сатып алушы енді бір-бірімен көріспестей ұрсысып, дөрекі сөздер айтып жатады («Сіз көрмей тұрсыз ба? Бұл канадалық дәрі, тек бізде қатталған, көзілдірігіңізді киіп қараңыз!»). Екі жақта бір-бірімен амандаспай, рахметін айтыспай, қоштаспай тарқасып жататын жайттар да кездеседі.

Ал екінші жағдайға себеп – ол дәріхананың коммерциялық сипаттағы қызметі. Ол табыс табудың жолында болады. Бәсекелестердің көбеюі, шығын айналымының өсуі, тауар үстемесін ретке келтіру осының бәрі оны фармацевтикалық тауарды сатудың қатаң әдісіне қарай бағыттайды. Жас мамандарды осындай қатаң әдіске бағыттап жүріп, фармацевтикалық ұйымның басшылары көп жылдар бойы дәріхананың емдеу мекемесімен, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен халықты байланыстыратын бірден-бір ұйым екенін ұмытып кетті. Халық дәріхана туралы оң, тура ойда. Әсіресе, бұл ауылдық жерлерге тән нәрсе. Мұнда дәрілік көмекті жылдам көрсетеді, аурудың көңіл- күйі туралы әңгімесін тыңдап, оған ақыл-кеңес береді. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша сұраққа алынғандардың 70%-ы емханаға бармай, бірден дәріханаға барып, дәрілік көмекті алады екен. Бұл дәріханаға деген аурулардың сенімділігін көрсетеді. Көптеген тұрақты немесе бір рет келетін тұтынушылардың дәріханадан сатып алған дәрісінің сапасына сенімдері мол. Айталық, парафармацевтикалық тауарларды өзге дүкендерден, киоскілерден, кішігірім базарлардан олардың сатып алуларына болады, бірақ оны дәріханадан сатып алғанды жөн санайды.

Көп жағдайда тұрғындардың қажеттілігін анықтау, тауарлар ассортименттері туралы білімді болу, дәріхана дизаинының керемет болуының өзі жақсы нәтижелерді бере бермейді. Мұндай кезде «жіберіп алған тауарайналымы» көрінісі байқалады, оған себеп - сатушылардың фармацевтикалық этика мен деонтологияны, сатудың психологиясы мен сатып алушылардың типологиясын білмеуі.

Этика және деонтология мәселелері. Оларды шешудің жолдары.

Дәріхананың қаржылық көрсеткішінің бірінші кезекте «бірінші столдағы» жұмысшыға байланысты екені ешкімге құпия емес. «Бірінші столдағы» жұмысшы – дәріхана келушілерімен тікелей байланысқа түсетін негізгі звено. Дәріхана меңгерушісінің міндеті - осы звеноны күшейту. Осы звеноның сапасын бірге қарастырып көрейік. Фармацевт жұмысын шартты-әдіс бойынша үш деңгейге бөлуге болады:

1-ші деңгей. «Неге сіздермен бірге мұнда тұрмын.....»

Мінез-құлықтың бұл моделі фармацевттің іс-әрекетін ауыстырып, жұмыстан қашқақтап тұрғанын сипаттайды. Бұл фармацевттер оқудың, жұмыстың қажет екендігін сезінбейді. Кәсібі туралы мәселелер оларды ойландырмайды. Дәріханаға келетін шығындарды олар әдейі істейді – кейбіреулері жұмыс істеуге ерінеді, екіншілері басшыларды жақтырмайды немесе өзгелерге іштей ренжігендіктен осындай әрекеттерге барады. Осындай типті фармацевттерді мынадай белгілері бойынша тануға болады:

1.1 белгісі – сатып алушы алдындағы қорқыныш, үрей. Бұл белгі кейбір «бірінші столдағы» қызметкерде ашық түрде байқалады, ал кейбіреуінде оны агрессивті түрде сатып алушының бетін қайтарып тастағанда байқауға болады. Осы әрекеттердің бәрі – фармацевттің сұрақтардан қашқан, қорғану реакциясы болып табылады. Оны мынадай сөздерден байқауға болады:

- бәрі витринада тұр.

- сіз көресіз бе, әлде сатып аласыз ба? Мен сізбен неге бағанадан бері тұрмын?

1.2 белгісі – іс-әрекетті алмастыру. Фармацевттер жұмыс орнында өз жұмысымен айналысып немесе зерігіп отырады. Кейде тауарларды ары-бері ауыстырып қойып, тұтынушыларға жақындамаудың амалын жасайды.

1.3 белгісі – туындаған мәселені ашық көрсету. Фармацевттер дәріхана келушілеріне өзінің жеке басындағы, дәріханадағы туындаған мәселелерді жайып салады. Қажетті дәрінің дәріханада болмай қалуына қандай себеп болғанын, дәріхана меңгерушісінің ақшаны қайда жұмсап жатқанын, бағаны жабдықтаушылардың көтергенін, сондықтан дәрінің бағасының қымбат болғанын тұтынушыға әңгімелеп тұрады. Тұтынушылармен ұрысып қалатын тұстарын да көруге болады.

Ұсыныстар: осындай типті фармацевттер жұмыс істейтін дәріханаға басқару туралы кеңес міндетті түрде қажет. Фармацевттерді тауарлармен жабдықтау, ассортименттермен толықтыру, сату және т.б. мәселелер бойынша оқыту керек. Бұндай типті фармацевттердің жұмыста не үшін жүргеніне қарап, ойлануға болады. Олар сол жұмысқа үйреніп қалу, айлық алу, үйде бос отырмау т.б. себептермен жүрген жұмысшылар. Ұжымда іріткі салып, өзгелердің жұмысқа деген қабілетін төмендетуінің себебі неде? Бұндай адамдарды тәрбиелеу мүмкін емес, осы тұста атақты педагог А.С.Макаренконың айтқан сөзі еске түседі: «сау ұжымда «бетімен кеткен жеткіншекті» тәрбиелеу мүмкін емес, қайта ол ұжымның ажырауына әкеледі» - деген.

Айта кететін жай, дәріхананың «бірінші стол» қызметкерлері арасында мұндай қызметкерлерді көрмейміз. Бұл қуантарлық жәй. Егер сіз дәріханадан осындай қызметкерді көрсеңіз, онда олардан пайда көп келеді ме, әлде зиян көп келеді ме? Соны ойланып көріңіз.

2-ші деңгей. «Адамгершілігі мол провизор».

Мұндағы қызметкердің 1-ші деңгейден айырмашылығы олардың жұмысқа деген ниеттерінің болуында. Олардың білімдері, сату процесі бойынша ешқандай мәселелері болмайды. Сату процесін жетік меңгергендері сонша, кейбіреулерінің сату бойынша өзіндік айла, әдістері де бар. Кейде ол әдістері дәріханаға зиянын тигізіп те жатады. Әрине олардың мәдениетінің төмендігінен және энергиясының шамадан тыс көп болуынан, яғни қызметкердің жеке стереотипіне байланысты болады. Екінші деңгейдегі қызметкерлерді мынадай белгілері бойынша ажыратуға болады:

2.1. белгісі – «қайтарып тастау». Бұлар тұтынушыға өздерінде дәрінің қымбат екендігін айтып, оны өзге дәріханалардан, дүкендерден сатып алуына болатындығын айтып жатады (сатып алушы арзан дәріні іздемесе де). Кейде дәрінің сапасының төмендігі туралы айтып, оны тұтынушыға алдырмайды, дәрігердің тағайындаған дәрісіне де қарсылығын білдіреді.

2.2. белгісі – «кеңес беруге ниетінің болмауы». Кейбіреулері кеңесін беріп, қолынан келгенше көмектесуге дайын болады, ал кейбіреулері мүлдем кеңесте бергісі келмейді. Бұл топтың адамдарын мынадай сөздерден байқауға болады:

- мен сізге кеңес берсем, ол сізге ұнамай қалады. Сосын сіз мені өмірімнің соңына дейін балағаттайтын боласыз.

-мен сізге қалай кеңес беруім керек? Ол әркімге әрқалай ғой?

- әр кімнің өз талғамы бар.

Бұл топтың фармацевттерінің дәрілік заттарды сатуы жақсы, олар бойынша ешқандай мәселелері туындамайды, ал парафармацевтикалық тауарларды сатуы дәл жоғарыдағыдай көрініс бойынша жүреді.

2.3. белгісі – сатып алушы алдында тұжырымдалуы. Мұндай типтегі фармацевттер басты мақсат – фармацевтикалық көмекті көрсету, дәрілер туралы кеңес беру екендігін ұмытып, тұтынушыларға қайта өздері сұрақты жаудырып, оларды тек көрермен ретінде санайды. Осы белгідегі фармацевттерді мына сөздерден байқауға болады:

- неге сізге бұл препараттың құрамы туралы айтуым керек? Сіз бәрі бір оны түсінбейсіз ғой. Қанша жерден өтініп сұрасаңыз да…..

- Қанша жерден сіз өзіңіздікін дәлелдесеңіз де, мен анық білемін ғой!

- мен бұл іспен жүз жылдан бері айналысып келемін, сіз маған олай сөйлемеңіз…

Сонымен,

  • егер байқасаңдар, мұнда сатып алушы осындай типтегі сатушыға ұшырасқанда, ол өзін тауар туралы ештеңе білмейтіндігіне кінәлі болғандай сезінеді.

  • егер тұтынушылар өзінің ақшасын «үнемдеп» сатушыдан арзандау тауарды көрсетуін сұраса, сатушы оған «ол тауар қымбат» - деп жауап береді.

  • егер науқасқа кеңес бермей «талғам өте көп» - десе, онда сіз мінез-құлықтың екінші модельіндегі фармацевтке кездестіңіз.

Ұсыныстар: осы тұста баға саясаты, тауарлар ассортименттерінің қалыптасуы, жалпы сату процесі туралы тұтынушыға тиісті кеңесті беру қажет. Мұнда сатушы өзінің жалақысымен салыстырып, тұтынушыға: «дәрінің құны қымбат»- деп тұр. Сондықтан да сатушының жалақысы, жалпы мотивациялау бойынша сұрақтар маңызды көрініс алады. Сондай-ақ мұндай жағдайларда дәріхана мен сатып алушы арасында өзара байланыс, фирмалық стандарттар, мәдени әлеуметтік және т.б. енгізу керек. Сосын барып, сатушыны сату процесі бойынша оқытады. Егер бұлардың бәрін орындамасақ, онда бұл фармацевттер 1-ші деңгейдегі фармацевттерге айналуы мүмкін.

3-ші деңгей. «Мен сізге көмектесе аламын…».

Бұл мінез-құлықтың моделінде ойлануға, жұмысты үйренуге ниеттері болады. 3-ші деңгей фармацевттерінің сату процесі бойынша белгілі бір стереотиптік көріністері бар. Бірақ, алдыңғы топтардың фармацевттеріне қарағанда бұлар оңай оқуға, оны тез іске асыруға бейім келеді. Олар қызметінде кәсіби кеңестерді де береді, бірақ олар өздерінің іс-әрекетіне күдікпен қарайды, яғни «дұрыс істедім бе, әлде жоқ па?»-деп. Олар жайдарлы, көңілдері ашық, талпыныстарды көрсетеді, дегенмен де, қателіктерді де жібереді, оны түрлі тренингтердің көмегімен түзеуге болады.

1-ші қателіктің сипаты – іс-әрекетке бірден кірісіп кету немесе мүлдем ештеңе істемеу.

- менің сізге көмегім бар ма? – жоқ, рахмет, мен өзім көремін....

Уақыт өзгерген сайын, көне сөздерде қолданусыз қала береді. «Бір нәрседен күдіктеніп тұрған тұтынушының көңілін қалай табу керек?» - деген сұрақ кез-келген сату орны: дәріхана, дүкен және т.б. ойландырады.

Кейбір дәріхана персоналдары тұтынушы дәріханаға кірген бойда, оған көңілін аударып, оны шошытып алады. Өзге дәріхананың персоналдары «үйреншікті сөйлеу» моделін ұстанады, сосын тұтынушылар өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін сатып алады («Қайырлы күн!!! Бізде бүгін жеңілдіктерге акция жарияланған!!! Мына витаминдерді сатып алсаңыз, 2 қорабын тегін аласыз!!!»)

Акцияларды ұйымдастырушылар көбінесе осындай акциялар кезінде сатудың едәуір өскенін байқайды. Осы фактілер агрессивті модульдің тиімсіздігі туралы болжамға күдікті тудырады.

Әрине, дәріханада жарнама, акциялар жүргізу, маркетингтік белсенділіктерді көрсету кезінде дәрі-дәрмектер көптеп сатылады. Егер промоутерлер сатып алушылар стереотипіне еніп, байыптылық танытып, қайта-қайта бір модульды ұстана бермесе, онда бәрі де жақсы болар еді.

2-ші қателіктің сипаты – сатып алу аймағынан сатып алушының кетіп қалуы.

Бұл қателіктің модельі мынадай көріністе болады:

- бұл ақшаға арықтататын затты сатып ала-аласыз, егер мен сіздің орныңызда болсам, ақшамды жинап, бірден американдық арықтататын затты сатып алар едім.

«Екінші деңгей» фармацевттеріне қарағанда, бұл 3-ші деңгейдегі фармацеттер дәріханадан тұтынушының лайықта тауарын алуына әрекет етіп, тырысады.

3-ші қателіктің сипаты – сатып алу процесінің қиындауы. Бала күнімізде анамызға пирог пісіруге көмектеспек болып, үстімізді, өзге нәрселерді былғап алатынбыз. Сосын анамыз оның бәрін жинаумен әлек болатын. Сол сияқты, сатушы сатып алушының тауарларды дұрыс таңдауына көмектесу мақсатында, тауарлардың барлық жанама әсерлерін айтып, ол тауар соңында сатылмай қалатын жайлар да бар. Бұл кезде сатушы препараттың артықшылығы туралы қысқаша айтып, сатып алушыға «дайын шешімді» ұсыну керек еді. Сонда бәрі де өз орнында болар еді.

Ұсыныстар: осы айтылған қателіктерді қалай шешуге болады?

  • тауарды «өзін-өзі сататындай» етіп дұрыс орналастыру және сату технологиясын жасау.

  • қолайсыз жағдайда персоналдардың жұмысын жеңілдететін және оларға дұрыс бағыт беретіндей фирмалық стандарттарды жасау.

  • жағдайға сәйкес әрекет жасауға, тұтынушының талғамына көмек беретін, «ойлау процесін» жақсартатын тренингтерді өткізу.

«Бірінші стол» фармацевттерін оқытудың қаншалықты маңызды екенін ойланып көрейік. Себебі олар – дәріхананың жұмысын сырт көзге жария етіп тұратын, анықтаушы звено.

Дәріхананың сату бөлмесіндегі қызмет фармацевтикалық этика, деонтология, тауар жүргізу, жарнама, маркетинг және менеджменттен алған білімді қажет етеді.

4-ші қателіктің сипаты - орындалмаған қосымша сатулар. Юристерде «жіберіп алған пайда» деген термин бар. Мысалы: өзге ұйымдардың келісімді бұзуынан мекеменің пайдасыз қалуы. Дәріханада фармацевт қателігінен сатып алушылардың тауарды алмай кетуі «пайдадан айрылу» екенін фармацевттер түсіне бермейді. Кейбір дәріханаларда ол мәселелерді тауарды дұрыс орналастырмаумен ғана шешіп қояды. Сондай-ақ онда сөйлеу моделін де қолдану керек.

Мысалы: бет күтіміне арналған затты сатып алып тұрған әйелге, неге бетті сүртуге арналған мақталы дөңгелектерді де ұсынбасқа? Суық тиюге қарсы дәрі-дәрмектерді сатып алып тұрған қалталы азаматқа, неге витаминді де ұсынбасқа? Егер біздер осындай әрекеттерді жасамасақ, біздің бұл тұрақты тұтынушыларымыз ол тауарларды өзге дүкендерден, супермаркеттерден сатып алады. Кішкентай көлемдегі дәріхананың тауарайналымын жақсарту, тек фармацевттің ақыл-ойына және тапқырлығына байланысты болып келеді.

5-ші қателіктің сипаты – бір тауарды кемсіту мақсатында екі тауарды салыстыру. Фармацевттің жақсы көрмейтін тауарлары да болады. Сөйтіп, оларды «бәрібір өтпейді» - деп қуыстарға тығып тастайды. Мынадай жағдайлар да болады: құрамындағы рибофлавині өзіне жақпаған поливитаминді тұтынушыға жамандап тастайтын.

Бұлай бір тауарды кемсітуге болмайды. Біріншіден, тұтынушы дәріханада «сапасыз дәрілер сатылады»- деп ойлап қалады, екіншіден, кемсітілген препараттарды ешкімде сатып алмайды.

ТАҚЫРЫП:ФАРМАЦЕВТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӨНЕГЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

Сабақтың мақсаты:Студенттерді фармацевт жұмысының өнегелік аспкетілерімен таныстыру.

Сабақтың негізгі сұрақтары;

1.Фармацевт ар-ұяты» түсінік

2 «Фармацевт адалдығы» түсінік

3. «Фармацевт парызы» түсінік

4.«Фармацевт адалдығы, ар-ұяты және парызы» ұғымдары дәріхана практикасында қалай қолданылатынын жазбаша көрсетіңдер.

5.Фармацевт сөзіне анықтама.

Оқыту әдістері және сабақ беру:

Тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау.Кіші топтарда жұмыс істеу.Презентация.

Тарату материалы:

Кәсіби қызметін атқаруы кезінде фармацевттер мен провизорлардың мінез-құлық қағидалары мен этикалық нормаларының жиынтығы болатын – фармацевтикалық этика мен деонтология дәріхана жұмысшыларының қызметінде лайықты орынды иеленуі тиіс. Провизорлар мен дәрігерлер қызметі адам денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталғандықтан, фармацевтикалық деонтология медициналық деонтологиямен тығыз байланысты. Дегенмен де олардың өз ерекшеліктері бар, провизор ауруды емдемейді, тек сапалы және үздіксіз түрде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету арқылы оған көмектеседі.

Фармацевтикалық деонтологияның негізгі бөлімдерінің бірі дәріхана қызметі мен дәріханаға келушілердің арасындағы өзара қатынасын қарастырады. Аурумен, олардың туыстарымен қарым-қатынаста фармацевттерге мынадай деонтологиялық талаптарды ұстануы қажет.

Сыртқы түрі. Психологтардың айтуы бойынша, 80% жағдайда алғашқы алған әсерге байланысты адам туралы ойларды қалыптастырады. Крахмалданған, ақ мұнтаздай халатына, шаш күтімінің қарапайымдылығына, сыртқы келбетінің жинақылығына, ұқыптылығына, тазалығына және қарапайымдылығына қарап, сатып алушының дәріхана қызметкеріне сенімділігі қалыптасады.

Мінез-құлқы. Науқастар ашушаң, талап қойғыш, күмәншіл және ренжігіш келетінін ұмытпау керек. Сондықтан, олармен қарым-қатынаста оларға көңіл аударып, әдептілік көрсету қажет. Жағымсыз әсерлер ауруға кері әсерін тигізеді, ұрыс-керіске әкеледі, дәрі дайындауға кедергісін тигізеді және т.б. Ал науқасқа жақсы зейінмен қарауы, сыпайылығы, оның ауруын басуға тілеулестігі фармацевт беделін көтереді.

Сөз. Сөздің де ауруды емдейтін кездері болады. Сондықтан, «не?» айтамын емес, «қалай айтамын?» дегеннің де маңызы бар. Ойламай сөйлегенде ауру фармацевтке сенімділігін жоғалтады, ауруына себеп болатын психикалық жарақат алады. Дәріні қабылдаудың тәртібімен ауруды таныстырғанда медициналық терминдерді көп қолданбай, анық түрде түсіндіру қажет. Қарттарға жайлап, бірнеше рет қайталау керек.

Тыңдай білу. Кейбір науқастар өздерінің аурулары туралы айтып, фармацевт тарапынан көмек күтеді. Мұндай кезде тек тыңдап қана қоймай, шынайы түрде онымен ауруын бөлісіп, оған психологиялық көмек көрсету қажет. Егер бұл әрекеттер жалған түрде жасалса, онда науқас оны сезініп, фармацевтке деген сенімін жоғалтады.

Витринаны безендіру. Дәрілер витринаға тек мерчендайзинг тұрғысынан ғана орналастырылмайды, сонымен қатар кәсіби этика тұрғысын ескере отырып та орналастырылады, яғни рецептпен босатылатын дәрілер витринаға қойылмайды.

Дәрілік заттардың эстетикалық безендірілуі. Экстемпоральды дайындалған дәрілік заттарды сапалы түрде безендіреді. Олай болмаған күнде ауру дәрінің сапасына күмәнданады.

Кейбір қолайсыз мәліметтерді науқасқа жария етпеу. Науқастар көбінесе өзінің диагнозын білгісі келеді. Сондай кезде ауруының атын айтпай, тек дәрілік заттың симптоматикалық әсерін ғана айту керек. Бұл аурулардың динамикасы мен емге жағымды әсер етеді.

Дәрілік заттардың қабылдану тәртібіне түсінік беру. Фармацевт дәрілік заттарды науқасқа босатқанда, оны үй жағдайында қалай сақтау керек, қандай режимде, қалай қабылдау керек екендігі туралы айту керек. Үрей туғызып алмай, ақырындап науқасқа дәрілік заттардың жанама әсері туғанда оның дозасын азайту немесе мүлдем оны қабылдамау, дәрігерге көріну сияқты ескертулерді де айту қажет. Сондай-ақ, дәрінің нұсқаулығында көрсетілетін жанама әсерінің үнемі орын ала бермейтіндігін де ескерту керек.

Дәрігердің беделі. Дәрілік заттардың тиімді екендігіне науқастың сенімділігін арттыру үшін, дәрігердің беделін үнемі қолдап отыру керек. Науқастың көзінше рецептегі қателікті түзеудің, дәрігер тағайындаған дәрілік заттардың дұрыс еместігіне ешқандай сынаулар айтпау қажет. Жіберілген қателіктерді ескерусіз қалдыруға тағы болмайды, оны өз кезегінде емдеу мекемесінің басшыларына хабарлау қажет.

Кәсіби деңгейін көтеру. Дәріхана қызметкерінің кәсіби деңгейі жоғары дәрежеде болуы тиіс. Фармацияны, клиникалық фармакологияны жетік біліп, клиникалық медицинаның әртүрлі бөлімдерінен түсінігі болуы керек, себебі маман ретінде дәрігерлерге кеңес бергенде осылардың бәрі қажет болады.

Білім мен еңбек әдістерінің үйлесуі – деонтология қағидаларының бір қағидасы болып табылады. Адамның денсаулығы провизорлардың квалификациясына тікелей байланысты. Қазіргі кезде дәрілер ассортименттері күннен күнге кеңеюде, сондықтан фармацевттерді тиісті анықтама кітаптармен, журналдармен, интернет жүйесімен қамтамасыз етіп отырған жөн.

Науқас қай дәріханадан дәрілер туралы ақпаратты жетік түрде алса, сол дәріхананың тұрақты тұтынушысына айналады.

Сату этикасы. Көбінесе науқастар достарынан естіген, жарнамадан тыңдаған, көрген дәрілерін алуға үйір келеді. Осы кезде фармацевт өзін-өзі емдеудің зиян екенін ескерте отырып, дәрілік заттардың жағымды және жағымсыз әсерлері туралы айтады.

Егер науқас ауруын айтып, фармацевтке шағымданып келсе, онда оған дәрісіз емделудің жолдарын айтады, мысалы: тамақ ауырса оны шаю, ингаляция жасау, өзге де үй жағдайында орындауға болатын процедураларды ұсынады. Егер науқас оған көнбесе, онда оған дәрігерге барып көрінудің қажет екендігін айтады.

«Фармацевт ар-ұяты» түсінігінде фармацевттер дәріні дайындағанда оның сапасына кепілдік беруі керек және ауруға дәрілік көмек көрсеткенде адамгершілік танытуы тиіс. Сондай-ақ фармацевттер өздері істеген іске баға беріп, өнегелік тұрғысында өз-өзіне талаптар қойып, оның орындалуын қадағалайды.

«Фармацевт адалдығы» түсінігінде фармацевттер дұрыс дайындамаған дәрі немесе қателігін жасырудың еш пайдасы жоқ екенін түсініп, өз қателіктерін мойындайды. Сондай-ақ мұнда әріптестері жіберген қателікті де жасырмау жатады.

«Фармацевт парызы» түсінігін көптеген фармацевттер «кәсіби міндеттерін орындасақ жеткілікті» - деп түсінеді. Оның бәрі дұрыс нәрсе, дегенмен ауру дәріханадан дәрілік көмектен басқа, ем мен дәріге сенімді арттыратын психотерапиялық әсерді де алуы керек.

Осы категориялардың мағынасын фармацевттер жете түсінуі үшін, дәріхана ұйымының жетекшілері бар күштерін жұмсауы тиіс.

Қазіргі кездегі дәріханалар көрсететін қызметтерінің сапасымен, көлемімен, форматымен бір-бірінен ерекшелінетін болды. Соған сәйкес қазіргі заман дәріханалары мынадай қызметтің түрлерін көрсетулері керек:

1. Аурудың алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттаумен байланысты қызмет.

2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмектермен жабдықтаумен, қолданумен байланысты қызмет.

3. Аурудың симптомдарын басу үшін дәрілерді тиімді қолдану бойынша, өзін-өзі емдеумен байланысты қызмет.

4. Дәрілерді тағайындау және қолдануға әсер ететін қызмет.

Осы төрт негізгі элементке қоса дәріхана практикасында мынадай қызметтер де көрсетіледі:

  • дәрілік заттарды дұрыс қолданбау және зиян келтіруді болдырмау, халықтың денсаулығын нығайту жолындағы жұмыстарда өзге де денсаулық сақтау ұйымдарымен байланысты орнату;

  • денсаулыққа қатысты дәрілік заттардың және өзге де өнімдердің жарнамалық материалдарына кәсіптік бағаны беру;

  • дәрілік заттар және денсаулық сақтаудың өзге де аспектілері бойынша тексерілген ақпараттарды тарату;

  • дәрілік заттардың клиникалық зерттеуінің барлық стадиясына тартылу.

Әлемде және біздің елімізде науқастардың стационардағы емделу мерзімі қысқарып, жылдан жылға рецептсіз босатылатын дәрілердің саны өсуде. Осыған сәйкес науқастар дәріні үй жағдайларында дәрігердің қадағалауынсыз көп қолданады. Науқасқа қажетті дәріні босатуда фармацевттердің ролі заң жүзінде қадағаланады.

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі:

1. Аристотель. Шығармалар.-Москва,т.4.-1983ж.

2. Гиппократ. Таңдамалы кітаптары.-Москва,1994ж.

3. Яровинский М.Ф. «Медициналық этика (Биоэтика)» пәні бойынша дәрістер: Оқу құралы.-2000ж.

Қосымша:

1. Криков В.И., Прокопишин В.И. Фармацияны ұйымдастыру мен экономикасы.-Москва, 1991ж.

2. Лоскутова Е.Е. Фармацияны басқару және экономикасы. Фармацевтикалық қызмет, ұйымдастыру және реттеу,-Москва, 2005ж

ТАҚЫРЫБЫ:ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЭТИКАСЫ ДЕОНТОЛОГИЯСЫ.

МАҚСАТЫ:

1.Денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбекті басқарудың этикалық қағидаларын оқып-тану.

2. Іскерлік этикасының, жарнама және кәсіп этикасының негіздерін оқып-тану.

ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Денсаулық сақтау ұйымдарының алдында тұрған міндеттерді оқып-тану.

2. Жетекшінің негізгі этикалық қағидаларын оқып-тану.

3. Фармация аймағындағы кәсіби этиканы оқып-тану.

4. Іскерлік этикасының негізін оқып-тану.

5. Этикалық емес кәсіптің шығу себебін анықтау.

6. Этикалық емес жарнаманың шығу себебін анықтау.

7. Этика бойынша комииссияның міндеттерін оқып-тану.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Ситуациялық есептерді шешу, сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды оқытушымен бірге талдау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

Ситуациялық есептер

1. «Жетекші этикасы» ұғымына анықтаманы дәптерлеріңе жазыңдар.

2. Жетекшінің мінез-құлқы мен ұстанымының мағынасын жазбаша көрсетіңдер.

3. «Іскерлік қарым-қатынас этикасы» ұғымының анықтамасын дәптерлеріңе жазыңдар.

4. Үлгілі жетекшінің жеке сапасын жазыңдар.

5. Іскерлік қарым-қатынас тиімділігінің басты жағдайын жазбаша көрсетіңдер.

6. Жетекші ұстануға тиіс басты этикалық ұстанымдарды жазбаша көрсетіңдер.

7. «Кәсіби этика» түсінігіне анықтаманы жазбаша көрсетіңдер.

8. «Іскерлік этикасы» түсінігіне анықтаманы жазбаша көрсетіңдер.

9. Іскерлік этикасының құрамдас бөліктерін жазбаша көрсетіңдер.

10. Кәсіп этикасының өнегелі аспектілерін жазбаша көрсетіңдер.

11. Этикалық емес кәсіптің салдарын жазбаша көрсетіңдер.

12. Этикалық емес кәсіптің болу себептерін жазбаша көрсетіңдер.

13. Жарнама этикасына қойылатын талаптарды жазбаша көрсетіңдер.

14. Этикалық емес жарнаманың болу себептерін жазбаша көрсетіңдер.

15. Этика бойынша комиссияның міндеттерін жазбаша көрсетіңдер.

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

Басқару еңбегін творчестволық ойлау, көмекші-техникалық опеарциялардан тұратын еңбек процестері құрайды.

Басқару еңбегі – алға қойған мақсатты шешу үшін еңбек ұжымын және процеске қатысушы жеке адамды мақсатпен, үйлестірілген қызметпен қамтамасыз етуде қолданылатын қоғамдық еңбектің бір түрі.

Медициналық ұжымда орын алатын мәдени деңгейді науқастармен, әріптестермен болатын қатынастың сипатын медициналық және фармацевтикалық мекеме жетекшілерінің ұстанымдары анықтайды. Жетекші этикасының маңызы мынады: басқарудың негізгі ұстанымдарын адамдардың өнегелік талаптарымен қиыстырады және ұжыммен ұжым арасындағы, жеке тұлға мен ұжымның, топтың арасындағы , адамдар мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі ережесі туралы білімді меңгереді. Неғұрлым қарамағындағылармен қарым-қатынасы жақсы орнаса, соғұрлым мекеме қызметінің тиімділігі артатындығын жетекші түсінуі тиіс. Басқарудың негізін іскерлік қарым-қатынас этикасы құрайды. Ұжымда қарым-қатынасты дұрыс орнатқанда, әріптестік, сенім, түсіністік сияқты оң атмосфераның қалыптасуына қол жеткізуге болады, мұндай жағдайларда мекеме қызметі мақсатының орындалуына мүмкіндіктер артады.

Бұл іскерлік этикасының басты мәселесі екенін жетекші түсінуі тиіс. Жетекші қарамағындағыларға әділ, тең қарауы керек, қызметте принципиальды, талап қойғыш, әдепті, шыдамды болуы керек. Қандай жағдайлар орнаса да, жетекші тарапынан шыдамдылық таныту, дауысты көтеріп сөйлеу және басқа да жағымсыз эмоциялар болмаса, онда ұжымдық қарым-қатынаста жағымсыз іс-әрекеттер орын алмайды.

Жетекші ұстануға тиіс негізгі этикалық қағидалар:

  • өзін-өзі бақылау, өз қылықтары мен сезімін басқара білу;

  • тұрақтылық және нәтижелілік таныту;

  • өзінің сенімді адамдарына өкілеттілікті бөлу, кейбір мәселелер бойынша олардың жауапкершілігі мен құқықтарын растау;

  • қол жеткізі алмаған және қол жеткізген жетістіктерін көрсете отырып, қарамағындағылардың еңбегін үнемі бағалау;

  • өзгелер туралы өз ойыңды үшінші біреудің ойымен байланыстырмау;

  • қарамағындағылардың кемшіліктері мен жетістіктері туралы олар жоқта талқыламау;

  • қызметкермен жеке әңгемеден кейін барып, оның жазасы туралы шешімді шығару керек;

  • қызметекрдің, жетекшінің ойы бойынша басты мотивацияны және психологияны түсіну;

  • ойын білдіретін және өз бетінше шешімді қабылдай алатын мүмкіндіктері бойынша қызметкердің өкілеті мен міндеттерін нақты анықтау;

  • қызметкердің мүддесін өз мүддесінен жоғары ұстай отырып, мазасыздық пен артық эмоцияны көрсетпеу;

  • қарамағындағылардың абыройы мен беделін қорғау;

  • орынбасарыңның көзінше оның қарамағындағыларына тапсырма бермеу;

  • жоғары тұрған қызметтің көңілге қонбайтын тұстары туралы өзгелердің қатысуында айтпау;

  • жетекшінің өзі тағайындаған ережеге бағыну;

  • қабілетті 2-3 қызметкерге өз уақытының көп бөлігін жұмсай отырып, ұстаздық ету;

  • олардың қызметтік мансап бойынша өсуіне кедергі жасамау;

  • ұрыс-керісті шешуге қатысу және оған жауапты етіп өз орынбасарларын тарту;

  • қызметкердің мүддесі мен өз ісіне адалдық ету; Фармацевтикалық ұжымда өнегелі-құқықтық ережелер бекіткен әділдік орнайды. Әрбір фармацевтикалық қызметкер ұжым таныиып отырған сенімділікті ақтауы керек және әрбір қызметекрдің өз басшысына деген сенімділігі, құрметі керек, сонда ғана ұжымда жақсы қарым-қатынастар орнайды. Осындай жетістіктердің болуына жоғары кәсіби мамандардың болуы аздық етеді. Фармацевтикалық ұжым жетекшісінің ішкі мәдениетін, оның қызметтегі іскерлігі мен күшін айқындайтын қосымша жағдайлар керек. Егер осы айтқан сапаның бәрі шын мәнінде жетекшінің іс-әрекетінен байқалса, онда фармацевтикалық қызметкер үшін оның имиджі керемет болады.

Басқарма жүйесіне қойылатын міндетті талаптар – ол ұйымдағы еңбекке материальды және өнегелік жағынан дем беру. Осы қағидалар фармацевтикалық ұжымда ескерілген, сондықтан да, онда міндеттер орынды шешіледі, еңбек уақытын тиімді қолданады және ұжымда өнегелі психологиялық климат қалыптасқан.

Қазіргі заманғы жетекшінің кәсіби біліктілігі мен интеллектуальдық деңгейі қалыптасқан өнегелік қағидалар мен ережелерді өзгертпей, персоналды өз идеясымен қызықтырып, онымен жақсы қарым-қатынас орната білуінде айқындалады.

Фармацевтикалық мекемелер мен ұйымдарда экономикалық еркіндік орнаған нарық жағдайында фармацевтикалық персоналдар мен жетекшіге өнегелік тәртіптің болуы өте маңызды.

Сондықтан, дәрілік заттар айналымы субъектілерінің қазіргі заман жетекшісі персоналдармен қарым-қатынаста өнегелік технологияны меңгерген. Кез-келген туындаған мәселелерді шешуде өзінің кәсіби-өнегелік біліктілігін көрсете білуі керек. Фармацевтикалық структура жетекшісінің тиімді жетекшілігіне этика міндетті түрде керек.

Этика ғылымы – бұл адамдардың өнегелік әрекеттеріне, қарым-қатынасына ғылыми-теориялық негізді беретін және меңгертетін ғылым.

Этика аумағындағы белгілі маман С.Ф.Анисимовтың айтуынша этика – бұл мінез-құлықтағы дұрыс (дұрыс емес) тәртіптер туралы ғылым.

Кәсіби этика, ол белгілі бір еңбек ісіндегі адамдардың мінез-құлық этикасының қағидалары мен ережелерін қарастырады, ал біз фармацевтикалық қызметті қарастырамыз.

Соңғы жылдары әкімшілік, жетекші және кәсіпкер, кәсіп этикасының мәселелері жүйелі түрде жасалуда. Дегенмен де, басқару процесіне қатысатын жетекшінің мінез-құлқының өнегелік қағидалары мен ережелеріне көп көңіл бөлінуде. Енді осы бір тұста кәсіби этиканың қалыптасуын оқып-тану өте қажет болып табылады.

Фармациядағы басқару этикасы әлеуметтік әділдік, ұжымшылдық, адамгершілік қағидаларының негізінде, фармация саласының басқару ісіне бағыт беретін этикалық білім мен практикалық ұсыныстар жүйесін қамтиды.

Дәрілік заттар айналымы субъектілері жетекшісінің кәсіби парызының орындалуына, оның әрбір персоналдардың кәсіби ойына объективті және кішіпейілдікпен қарауының мағызы зор. Сондай-ақ, әрбір фармацевтикалық персоналдардың ұжым үшін сіңірген жеке еңбегін материальды және өнегелік тұрғыда бағалаудың да маңызы бар. Әдетте, бұл әрекеттер персоналдың адалдығы, ар-ұяты, парызы және өз істері мен әріптестері үшін жауапкершілік танытқанда байқалады. Соған сәйкес, фармациядағы басқару этикасының басты мәселесіне фармацевтикалық персоналдың мотивтері мен өнегелік мақсаттарының приоритеттілігін қамтамасыз ету жатады. Фармацевтикалық персоналдардың әріптестерімен қарым-қатынас орнатуына олардың еңбегімен толық қанағаттануына қолайлы жағдайлар жасалғанда ғана, фармацевтикалық кәсіп жемісін береді. Сондықтан, фармациядағы басқару этикасында өнегелік мінез-құлықтың нормативті жағдайларын жасау маңызды орынды иеленеді.

Іскерлік этикасы

Медициналық этика – бұл медициналық қызметкердің кәсіби мінез-құлқын реттейтін ережелер, қағидалар мен заңдар туралы ғылым.

Фармацевтикаылқ этика мен деонтология фармацевтикалық қызметекрдің өзара қатынасын, әртүрлі фармацевтикалық іс-әректіндегі оның мінез-құлқының нормасын қарастырады. Фармацевтикалық нарықтың қарқында - өсуіне байланысты басқару этикасы қолданатын бір бөлік ретінде іскерлік этикалықтардың да маңызы зор болып отыр. Іскерлік этикасы фармацевтикалық нарықтағы субъектілердің мінез-құлқын, олардың халықаралық және ұлттық деңгейде тағайындалған іскерлік белсенділігінің ережелері мен нормаларының сақталуын анықтайды.

Іскерлік этикасына мыналар жатады:

  • фармацевтикалық компаниялардың корпоративтік этикасы;

  • дәрілік заттардың этикалық сараптамасы;

  • дәрілік заттарды жылжытудың этикалық аспектілері (жарнама, сатуға дем беру, жеке саулар, маркетингтің тікелей түрлері және т.б.);

  • дәріхана ұйымдарындағы этика мен деонтология;

Іскерлік этикасы – бұл басқаруда қолданылатын этика. Олар мынадай аспектілерді қамтиды:

  • маркетингтің барлық жиынтығынан тұрады;

  • электронды коммуникацияларды, құпия ақпараттарды, интеллектуалды қабілеттерді қолдану;

  • инвестициялау;

  • қызметкерлерді басқару;

  • трансұлттық компанияларды басқару;

Елімізде кәсіпті адал жүргізу бойынша бүкіләлемдік концепция жасалып, заңды түрде бекітілуде, осындай жағдайларды міндеттеі түрде іскерлік этикасына деген қажеттілік туады. Іскерлік этикасы арқылы фармацевтикалық кәсіптің мақсатына қарама-қайшылық туғызбайтын басқарудың дұрыс шешімдерін қабылдауға мүмкіндік туады. Фармациядағы этикалық емес кәсіп фармацияның басты мақсаты халықты дәрілік көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндікті бермейді, трансакциондық шығындарды көбейтеді, нарықтағы субъектілермен қарым-қатынасты ажыратады, сатып алушыларды кері итереді. Егер әрбір фармацевтикаылқ компания (дәріхана, дистрибьютор, өндіруші) сатып алушы, жабдықтаушы, қызметкер,инвесторлар, халық алдындағы өздерінің өнегелік міндеттерін орындаса ғана, кәсіп этикасы ретіндегі фармацевтикалық сала туралы айтуға болады.

Кәсіп этикасы басшылар мен қарамағындағылардың мінез-құлық варианттарының кең спектрі, олардың мақсаттары мен құралдары, әлеуметтік мінез-құлық жауапкершілігі туралы мәселелерді қозғайды. Мысалы: бір келісім-шарт үшін пәре беру – ол этикалық емес құрал, сондай-ақ, киім өндірісі үшін теңіз аңдарының терісін сатып алу – этикалық емес мақсаттарға жатады. Заңды бұзатын этикалық емес әрекеттерге: мемлекеттік реттеу қызметтеріне жіберілген жалған құжаттар, оларды қолдану, нәсілшілдік мінез-құлықтың болуы, қоршаған ортаның ластануы, еңбек пен өнім қауіпсіздігін сақтамау және т.б. жатады.

Жетекшінің қызметінде этикалық емес практикасының кең таралуына мыналар себеп болады:

  • этикалық түсініктерді шеттететін бәсекелестік күрес;

  • әрбір үш ай сайын, яғни тоқсан сайын табыс деңгейін көрсету;

  • этикалық мінез-құлық үшін жетекшіні марапаттаудағы қолайсыздықтыр;

  • қоғамда, жұмыс орнында этика маңызының жалпы төмендеуі;

  • жетекшінің этикалық немесе этикалық емес мінез-құлқының қарамағындағылардың мінез-құлық этикасына елеулі түрде әсер етуі;

Жетекшілер мен қарамағындағылардың мінез-құлық этикасының сипатын жоғарылату мақсатында ұжым әртүрлі шараларды қолданады. Ұжымдағы этикалық нормалар жүйесін жасау, шешімді қабылдау кезіндегі этикалық ұсыныстарды анықтау және қалыпты, этикалық атмосфераны құрастыру, этика бойынша комиссияларды құру, этикалық мінез-құлыққа оқыту және әлеуметтік ревизияларды жүргізу.

Медициналық және фармацевтикалық жарнама этикасы

Латынның «reclamare» (айқайлау) сөзінен «жарнама» сөзі шықты. Сол кездері алаңдарда императорлардың жарлығы, базарларда қалаға келген танымал дәрігерлер немесе сиқыршылар туралы жаңалықтар жарияланатын болған. Сатушылар өз тауарларын, ал дәрігерлер өз өнерін жарнамалаған.

Қазіргі нарық жағдайында дәрігерлік, жекеменшік медициналық және фармацевтикалық компаниялар арасындағы бәсекелестіктің өсуіне байланысты, олар әртүрлі тәсілмен өз қызметтерін жарнамалауға жүгінеді.

«Жарнама этикасының бірінші талабы – жарнама ешкімді де алдамауы тиіс!». Кез-келген жарнама, соның ішінде қызмет жарнамасы көзге түскенде ғана, ол мәнді болып келеді. Ол екі тәсілмен орындалады: не мазмұнымен, не оның жиі қолданылуымен.

ҚР 19 желтоқсан 2003ж. № 508-ІІ «Жарнама туралы» заңының 7 бабы «жарнамалауға жатпайтындар» этикалық емес жарнамаға түсініктерді береді.

Этикалық емес жарнамаға мыналар жатады:

1) жеке тұлғаның діни және саяси сеніміне, дініне, жынысына, жасынағ әлеуметтік жағдайына, мамандығына, тіліне, ұлтына, нәсіліне нұқсан келтіретін сынаулар, балағаттайтын сөздерді қолдану жолымен өнегелік және адамгершіліктің жалпы нормаларын бұзатын, дауыстың, көру, текстік ақпараттардан тұрады.

2) әлеуметтік немесе ұлттық жетістіктер болып табылатын тарихи ескерткіштер, мәдени және өнер объектілері туралы жаман ойларды айту;

3) діни символдар, ҚР немесе шетел валютасы, мемлекеттік символдар туралы жаман ойларды айту;

4) егер жарнаманы беруші (жарнаманы жасаушы, жарнаманы таратушы) жарнаманы тұтынушыны жарнамасымен әдейі адастырса, онда ол жалған жарнама болып табылады.

5) радио-, теле-, видео-, аудио- және киноөнімдірде арнайы видеоқойылымдарды, қосарланған дауысты және т.б. қолдану арқылы тұтынушының инстинктіне, қабылдау жүйесіне әсер ететін жарнама «жасырын жарнама» деп аталады.

6) жарнамаға жатпайтындарды жарнамалауға тиім салынады.

Этика бойынша комиссиялар

Этика бойынша комиссиялар мен комитеттердің құрылуы медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби мінез-құлқына әсер ететін құрал болып табылады. Оларға мынадай құқықтар берілген: ғылыми жобалардың этикалық сараптамасын жүргізу, этикалық даулы сұрақтарды шешу.

2007 жылғы «Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы» ҚР Кодексінде осыған сәйкес бап бар:

Этика мәселелері бойынша комиссиялар 174 бап.

1. Клиникалық зерттеу материаолдарына этикалық және өнегелі-құқықтық бағасын беретін, зерттеушілер мен зерттеу материалдарының қауіпсіздігін, тиімділігін және құқығын қорғауды жүзеге асыратын этика мәселелері бойынша комиссия тәуелсіз сараптама органына жатады.

2. Медицина мен биология жетістіктерін қолдана отырып, адамдар құқығын қорғау этика мәселелері бойынша комиссияның мақсатына жатады.

3. Этика мәселесі бойынша комиссияның міндеттеріне мыналар жатады:

1) зерттеу құжаттарына тәуелсіз сараптаманы жүргізу;

2) зерттеуді жоспарлау және жүргізу кезінде адамдар құқығын қорғау және олардың қауіпсіздігіне тәуелсіз түрде бағасын беру;

3) зерттеулерді жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдарының техникалық жабдықталуын және зерттеуді жүргізетін мамандардың білімдерінің сай болуын, клиникалық және ғылыми практикалық стандартқа сай жүргізілуіне бағ беру;

4) клиникалық зерттеулерді жүргізу кезінде халықаралық және ұлттық этикалық ережелердің сақталуын бағалау;

5) биологиялық және медициналық этика мәселелері бойынша құжаттарды дайындауға қатысу;

4. Этика мәселелері бойынша комиссияның құрамына денсаулық сақтау аймағының ғылым, өнер, құқық, діни конфессияларының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мүше бола алады.

5. ҚР-да этика мәселелері бойынша Орталық және аумақтық комиссиялар қызмет атқарады.

6. Этика мәселелері бойынша Орталық комиссия денсаулық сақтау аймағының құзырлы органында құрылады. Олар халықаралық және республикалық деңгейде жүргізілетін зерттеулердің тәуелсіз бағасын береді.

Орталық комиссияның құрамы мен жалпы жағдайларын денсаулық сақтау аймағындағы құзырлы орган бекітеді.

7. Этика мәселелері бойынша аумақтық комиссиялар денсаулық сақтау ұйымдарында құрылады және олар сол аумақтағы жүргізілетін зерттеулердің бағасын тәуелсіз береді.

Аумақтық комиссияның құрамы мен жалпы жағдайлары денсаулық сақтау ұйымы жетекшісінің бұйрығымен бекітіледі.

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі: 1. Лагуткина Т.П. Фармацевтическая этика – необходимость настоящего времени// Ж. Всероссийские аптеки. – 2004, №7-8.

  1. Артюх М.В. Офармацевтической этике// Ж. Фармация. -2004ж

  2. Яровинский М.Ф. Лекции по курсу «Медицинская этика (Биоэтика)». –Москва, 2000.

Қосымша:

1. Багирова В.Л. Концепция фармацевтической помощи. Фармацевтическая этика и деонтология.-Москва, 2007.

2. Григорян С. Этические кодексы фармацевты// Ж.Российские аптеки.- 2004.№7-8.

3. Криков В.И., Прокопишин В.И.Организация и экономика фармации.- Москва, 1991.

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Карта 1

1. Жетекші этикасына не жатады?

2. Фармацевтикалық қызметкердің мотиві мен өнегелік мақсаттарының артықшылығы.

Карта 2

1. Жетекші мен қарамағындағылардың қатынасы қандай болуы керек?

2. Фармацевтикалық қызметкердің жеке іске қосқан үлесіне берілетін бағасы.

Карта 3

1. Үлгілі жетекшінің жеке сапасы.

2. Фармацевтикалық қызметекрлермен қарым-қатынастағы жетекшінің мінез-құлқы.

Карта 4

1. Жетекшінің негізгі этикалық қағидалары.

2. Өзге қызметкерлерге жетекші қандай өкілеттікті жүргізе алады?

Карта 5

1. Ұрыс-керісті шешу кезіндегі жетекшінің позициясы.

2. Шешімнің орныдалуына жетекші тарапынан болатын бақылаудың маңызы.

Карта 6

1. Өзі тағайындаған ережеге жетекші бағынуы тиіс пе?

2. Жетекшінің ұйым «беделін» құруы.

Карта 7

1.»Іскерлік этикасы» ұғымына анықтама.

2. Этикалық емес жарнаманың белгілері.

Карта 8

1. Іскерлік этикасының құрамдас бөліктері.

2. Этика мәселелері бойынша комиссияның міндеттері.

Карта 9

1. Кәсіп этикасының өнегелік аспектілері.

2. «Жасырын жарнама» туралы түсінік.

Карта 10

1. «Кәсіп этикасы» ұғымына анықтама.

2. Этика мәселелері бойынша комиссияның құрылу мақсаты.

Карта 11

1. «Жарнама этикасы» ұғымына анықтама.

2. Этикалық емес кәсіптің болу себептері.

Карта 12

1. « Басқару еңбегі» ұғымына анықтама.

2. Қызмет аймағындағы кәсіп этикасының сипаттамасы.

Карта 13

1. Жетекші ұстануға тиіс негізгі этикалық қағидалар.

2. Фармация аймағындағы еңбекті басқаруға сипаттама.

1 беттің 135 беті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]