Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_EPO-TFP_kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
315.02 Кб
Скачать

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

«ФАРМАЦЕВТ-МЕНЕДЖЕР» МОДУЛІ

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Оәж бойынша проректор

профессор К.А.Тулебаев

________________________

«____»____________2012 ж.

Жұмыс бағдарламасы

Пән бойынша: Кәсіби қарым- қатынас этикасы.

Мамандық үшін: 5В051103 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»

Модуль: «Фармацевт- менеджер»

Курс: екінші Семестр: 4

Практикалық (семинарлық) сабақтар: 30 сағат

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ): 14 сағат

Барлық аудиторлық: 44 сағат

Аудиториядан тыс студенттердің өзіндік жұмысы (СРС): 46 сағат

Барлығы: 90 сағат (2 кредит)

Бақылау формасы: емтихан

Алматы, 2012

«Фармацевт- менеджер» модулі

«____»_______________2012 жыл, хаттама № ____.

«Фармацевт- менеджер» модулінің жетекшісі А.Р. Шопабаева

Жұмыс бағдарламасы фармацевтикалық пәндердің білім беру бағдарламалары комитетінде талқыланды, «____»_______________2012 жыл, хаттама № ____.

ББК төрайымы, доцент Г.М.Саякова

Әдістемелік кеңесте мақұлданды, «____»_______________ 2012 жыл, хаттама № ____.

ӘК төрағасы, профессор К.А.Тулебаев

1. Жалпы мәліметтер

ЖОО-ның аты - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина

университеті

Модуль - «Фармацевт- менеджер»

Пән - «Кәсіби қарым- қатынас этикасы»

Мамандық - 5В051103 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»

Оқу сағатының көлемі - 2 кредит (90 сағат)

Оқыту курсы және семестрі - екінші курс; 3, 4 семестр

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Кәсіби қарым- қатынас этикасы – бұл фармацевтикалық нарықта жұмыс істейтін мамандарда кәсіби дағдыны, білімді, біліктілікті қалыптастыратын элективті фармацевтикалық пәндердің бірі.

«Кәсіби қарым- қатынас этикасы» пәнін оқыту құралына дәрілік терапияның барлық кезеңінде фармацевт пен пациенттің өзара әрекетінің кешенді бағдарламасы кіретін фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын дәрілік заттар айналымының субъектілері жатады.

2.2 Пәннің мақсаты:

Медициналық және фармацевтикалық этика, биоэтика, деонтологияның теориялық даму негіздерін оқып- үйрену. Тұрғындарды және емдеу алдын алу ұйымдарының дәрігерлерін уақытылы, сапалы, қолжетімді фармацевтикалық көмекпен қамтамасыз етудегі фармацевтикалық персоналдың жүріс-тұрыс ережесі және принциптері.

2.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

Студенттерде білім қалыптастыру:

  • тұтынушылардың әртүрлі типтерін тек дәрілік препараттармен ғана емес, басқа да тауарлармен, сонымен бірге қызмет түрлерімен сапалы қамтамасыз ету тәртібі, фармацевтикалық этика мен деонтология ілімінің негіздері туралы.

2.4 Пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері:

Студенттерде келесі тараулар бойынша білім қалыптастыру:

  • фармацевтикалық этика және деонтология негіздері;

  • «ұжым этикасы» және «іскерлік этика» негіздері;

  • рецептерді қабылдау және дәрілерді босату тәртібі;

  • клиникалық фармацияның міндеттері мен функциясы;

Студенттерде келесі практикалық дағдыларды қалыптастыру:

  • фармацевтикалық қызметті жүргізу бойынша дәріхана ұйымдарының және олардың ұйымдастыру құрылымдарының қызметін ұйымдастыруға, жоспарлауға және талдауға;

  • Тұрғындарды және емдеу алдын алу ұйымдарының дәрігерлерін уақытылы, сапалы, қолжетімді фармацевтикалық көмекпен қамтамасыз ету кезіндегі фармацевтикалық персоналдар психотерапия ережелерін қолдана білу.

Студенттерде келесі құқықтық дағдыларды қалыптастыру:

  • ҚР дәрілік саясатының құқықтық негізін регламенттейтін заңдылық-нормативті құжаттарды;

  • нормативті-құқықтық, жетекші, анықтамалық және ғылыми құжаттармен жұмыс істеу.

Студенттерде келесі коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру:

  • пациенттермен, дәрігерлермен, әріптестерімен кәсіби қарым- қатынас жасауға.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]