- •Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі м. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
- •Модуль 1 – «байланыс желілеріне кіріспе»
- •Электр байланыс желілеріндегі коммутация әдістері
- •Телекоммуникациялық желілердің топологиялық құрылымы
- •2.1 Сурет – Ағаш тәрізді топологияның түрлері: а – ағаш; б – жұлдыз;
- •2.5 Сурет – Толық байланысқан топология
- •2.3 Сурет – Топология түрлері а) «каскад» (ағаш) архитектурасы;
- •3.1 Сурет – Графты құру сұлбасы
- •Екі деңгейлі орталықтандырылған желі синтезі
- •Модуль 3 – «темір жол байланысының желілері»
- •Тиісті технологиялық байланыс түрлерін таңдау
- •6.1 Сурет – Технологиялық байланыс классификациясының құрылымдық сұлбасы
- •7.3 Сурет – Технологиялық байланыстың біріншілік және екіншілік желілерін ұйымдастыратын құрылымдық сұлба
- •7.1 Айналмалы арнасыз байланыс тізбегінің жұмыстық өшулігін есептеу
- •7.2 Өтпелі құрылғыларыы бар байланыс тізбегінің өшулігін есептеу
- •8.1 Топтық телефондық тізбегінің тұрақтылық қорын есептеу
- •8.3 Оперативті-технологиялық байланыс жабдықтарының сипаттамасы және оларды таңдау
- •Модуль 4 – «жылжымалы байланыс желілері»
- •Екіншілік коммутацияланбайтын желіде арналарды тарату
- •Тәжірибелік жұмыс№10 ұялы мобильді байланыс желісіндегі матиматикалық модельдер
- •Ұялы желі сыйымдылығын есептеуге арналған Эрланг в моделін пайдалану әдістемесі
- •Радиожеліні жоспарлау
- •12.1 Ұяшықтардағы арналар трафигі мен санын анықтау
- •12.2 Жиіліктің қайта қолданылуы
- •Қосымша II
- •Қосымша III
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
6.1 Сурет – Технологиялық байланыс классификациясының құрылымдық сұлбасы
Қызмет ету аймағына қарай технологиялық телефон байланысы магистральді, жолды және бөлімшілік байланыс желілері болып бөлінеді. Бұл желілердің әрқайсысында темір жол көлігінің сәйкес бөлімшелеріне қызмет ету аймағы мен басқару процесіне әсер ету деңгейіне қарай ерекшеленетін, жалпықызметтік және оперативті-технологиялық байланыс түрлерінің кешені ұйымдастырылады (сурет 6.2). Бұл суреттегі УД – жол басқармасы; ОД – жол бөлімшесі; С – станции.
7.3 Сурет – Технологиялық байланыстың біріншілік және екіншілік желілерін ұйымдастыратын құрылымдық сұлба
Магистральді байланыс желісі - жол қатынастар Министрлігі (МПС) байланыс желісінің барлығында немесе бір бөлігінің шегінде ғана ұйымдастырылады, бұған мына байланыс түрлері жатады:
- магистральді жиналыс байланысы (МСС) - теміржол басқармасы мен жол қатынастары Министрлігінің жұмыскерлерін басқарушылардың оперативті жиналыстарын жүргізу үшін қолданылады;
- магистральді басқарушы байланыс (МРС) - вагон лектері мен жүктердің, сонымен қатар, локомотив және вагон парктерінің темір жол бағыттарында таратылуын реттеу үшін қолданылады. МРС – жолды қалааралық телефон станцияларын және жолды қадағалайтын жұмыскерлерді басқарушы оперативті-технологиялық басқарманы ұйымдастыру үшін, жолды телефон байланысы арналарындағы тораптарда және де басқа ірі станцияларда пайда болган вагон лектерін, жол қозғалысын реттеуші қызмет бөлімдеріне қатынас орнатуды қадағалап, бақылау үшін керек;
- магистральді ақпарат байланысы ( МИС) - жолаушылар пойызына
билет сату үшін, жолаушыларға қызмет етуші агенстволар мен жол бюросы арасында және жол бюроларының өзара қатынасында ұйымдастырылады;
- көліктегі жол қатынастары Министрлігінің магистральді әскери күзет байланысы (МСТВ) - теміржол басқармасының әскери күзет бөлімдері мен әскери күзет басқармасында қарастырылып, жол қатынастар Министрлігінің әскери күзет бөлімшелерін оперативті басқару үшін қолданылады;
- көліктегі магистральді милиция байланысы (МСТМ) - әрбір жол шегінде, жолды технологиялық байланыстың бөлімшелерінде көліктік милицияның оперативті басқарылуы үшін ұйымдастырылады.
Жолдың әрбір шегінде жолды технологиялық байланыстың келесі түрлері ұйымдастырылады:
- жолды басқарушы (распорядительная) байланыс (ДРС) - вагон лектерін басқарып, жылжымалы құрамды темір жол бөлімшелеріне таратып, реттеу үшін қолданылады. Бұл байланыс түрі, жол қозғалысы қызметтерінің басқарушы бөлімдерімен ДГП, олардың сұрыптаушы түйіндерінің, учаскелік және жүк станцияларының, локомотивті депо мен жол шектеріндегі станцияларындағы бөлімшелердің кезекшілері арасында ұйымдастырылады. Жоғарыда аталып өткен станциялардың ДРС арналары қалааралық телефон станцияларымен жалғанады;
- жолды жиналыс байланысы (ДСС) - жол басқармасының темір жол бөлімшелеріндегі жұмыскерлер мен сұраптаушы, учаскелік және арнайы ірі жүк және жолаушылар станцияларында керек болған жағдайда жиналыс өткізу үшін қолданылады;
- жолды ақпарат байланысы (ДИС) - жолаушылар пойызына билет сатуды қадағалайды, ол жол бюросын бөлімше бюросымен, бөлімше бюросын бір-бірімен жалғайды. Телеграф байланысы телефон байланысымен толықтырылады;
- жолды көліктік әскери күзет байланысы (ДСТВ) – теміржол бойындағы бөлімшелерді, басқарушы теміржолдардағы әскери күзет бөлімдерімен жалғау үшін және әскери күзет бөлімдеріндегі жұмыстарды басқару үшін ұйымдастырылады;
- жолды көліктік милиция басқармасы (ДСТМ) – ірі станциялар мен бөлімшелердегі желілік бөлімдерді байланыстыру үшін, және теміржолдағы көліктік милиция Басқармасының жұмысын қадағалау үшін ұйымдастырылады;
- жолды электрлік байланыс (ДЭДС) - жол диспетчерін электрмен қамтамасыз ету мен электрлендіру қызметі үшін және қашықтағы диспетчерлерді электрмен қамтамасыз ету үшін қолданылады;
- жолды сызықты-жолды байланыс (ДЛПС) – жол қызметтері диспетчерінің жолды дистанция диспетчерлерімен байланысы үшін керек;
- жолды диспетчерлік қызмет байланысы (ДСДС) – жол диспетчерінің сигнализация және байланыс қызметімен жол шегінде оперативті басқару үшін қолданылады. Жолды диспетчерлік қызмет байланысында, арналарға қашықтағы есептеу техникасының, байланыс және сигнализация диспетчерінің телефон аппараттарын қосады.
Байланыс түрлерінің ең қаныққан түріне жол бөлімшесі жатады, өйткені, нағыз бөлімше шегіндегі жол учаскелерінде, пойыз қозғалысын тікелей реттеу және теміржол көлігіндегі техникалық құрылғыларды пайдалану жүзеге асырылады. Жол бөлімшесінің территориясынан барлық жедел ақпараттар ағып өтіп жатады, ал осы жерде пойыз қозғалысын, энергожүйелерді, вагондарды тиеу, түсіру, реттеу және станциялар мен учаскелердегі басқа технологиялық операцияларды басқаратын диспетчерлер болады.
Жол бөлімдерінде келесі байланыс түрлері ұйымдастырылады:
- бөлімшелік жиналыс байланысы (ОСС) – бөлімше шегінде жол бөлімдеріндегі жұмысшыларды басқаратын олардың бағынушы жұмысшыларымен жедел жиналысын өткізу үшін керек;
- көліктік милицияның бөлімшелік байланысы (СТМ) – көлік милициясының сызықты бөлімдерін жедел басқару үшін керек, ол бөлімше шегінде ұйымдастырылады;
- көлікті әскери күзеттің бөлімшелік байланысы (СТВ) – көлікті әскери күзет отрядын жедел басқару үшін керек;
- пойызды диспетчерлік байланыс (ПДС) – пойыз қозғалысын басқару үшін керек, ол өздері қызмет көрсететін учаскедегі пойыздарды жіберу және қабылдау сұрақтарымен алмасу үшін пойыз диспетчерін басқа пунктермен байланыстыру үшін қызмет етеді;
- энергодиспетчерлік байланыс (ЭДС) – электрленген теміржол учаскелерінде электрмен қамтамасыз ету және электрлендіру шаруашылықтарының жұмысын жедел басқару үшін керек;
- вагонды диспетчерлік байланыс (ВДС) – вагон паркін жедел реттеу үшін, оның дамуы мен тиеп-түсіру жұмыстарының жағдайын бақылау үшін керек;
- жолаушылар пойызына билет сатушы билетті диспетчерлік байланыс (БДС) – бөлімше бюросы мен желілік пунктерге (билет кассалары) дейінгі учаскеде ұйымдастырылады. Ол жолаушылар пойыздарындағы орындарды таратушы бюро диспетчерлерінің, желілік және қалалық билет кассаларының кассирлерімен сөйлесуі үшін қолданылады;
- қызмет көрсетуші диспетчерлік байланыс (СДС) – станциялар мен аралықтардағы автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сигнал беру және байланыс дистанциясы қызметшілерінің техникалық жұмысын жедел басқару үшін керек, ол әрбір дистанция шегінде ұйымдастырылады;
- локомотивті диспетчерлік байланыс (ЛДС) – локомотив диспетчерінің локомотив паркін дайындаумен айналысатын бөлімше жұмыскерлерімен сөйлесуі үшін керек;
- желілі-жолды байланыс (ЛПС) – жасанды құрылыстар мен жол құрылғыларынан тұратын және қызмет көрсетумен айналысатын жол дистанциясы қызметкерінің техникалық жұмысын жедел басқару үшін керек;
- постанциялық байланыс (ПС) – аралықтағы станциялардың жұмысшыларының (разъездер, аялдамалық пунктер) бір-бірімен және учаскелік және бөлімшелік стнациялардың жұмысшыларымен қызметтік сөйлесулері үшін керек. ПС желісі қашықтағы жолды телефон байланысының желісіне абоненттердің шығуын қамтамасыз ететін учаскедегі, қалааралық телефонды коммутаторлардың станцияларында қосылады. Станцияаралық байланысқа АТС абонеттерінің басқа аралық станциялардағы абоненттермен байланысы үшін, аралық станциялардың АТС де қосыла алады;
- пойыздардың және жүктердің жақындағаны туралы ақпарат беруші байланыс (ИС) – сұрыптау станциясына жүк құрамдарының және пойыздардың жақындағаны туралы хабар таратуға арналған, қарқынды жүк жұмыстарының тораптарында ұйымдастырылады. Ол сұрыптаушы және оған жақын орналасқан жүк және сұрыптау станцияларының арасында ұйымдастырылады. Осы байланыстың көмегімен (ол телефонды немесе телеграфты болуы мүмкін) сұрыптау станциясының ақпараттық орталығы торап станциясындағы жоспарланған жүкағындарының, оның жоспарланған жұмысын қамтамасыз ете отырып, сұрыптау станциясына бағытталғаны туралы мағлұматтарды жинайды;
- пойызды станцияаралық байланыс (МЖС) – пойыз қозғалысының сұрақтары бойынша, қосалқы бөлек пунктердің кезекшілерінің сөйлесулері үшін керек. МЖС қосалқы станциялардың, разъездердің, басып озу пунктерінің, жолды посттардың арасында ұйымдастырылады;
- аралықтағы байланыс (ПГС) – аралықта орналасқан әр түрлі қызметтердегі жұмысшылардың станциядағы кезекшілермен, пойызды және энергодиспетчермен, сигнал беру және байланыс дистанциясының жол диспетчерлерімен сөйлесулері үшін керек;
- айналып өту аралық станциясы (ОПГС) – диспетчермен орталықтандырылған учаскелерде ұйымдастырылады, және телефонистка арқылы қалааралық ПГС коммутатор тізбегінің осы аралыққа жақын орналасқан диспетчерлік байланыс арнасына (станцияларда КАСС-ДЦ, КТС аппараттарын орнату кезінде) дистанциялық қосылу үшін керек.
Станциялы технологиялық телефон байланысының жүйесі негізгі үш жүйеден тұрады: бағыттаушы, станциялы басқарушы телефонды және әкімшілік-шаруашылық байланыс.
Бағыттаушы байланыс - станция ішіндегі кезекшінің (ДСП) станциялық бағыттаушы орындармен байланысы үшін керек.
Станциялы басқарушы байланыс – станциядағы жұмыстарды ұйымдастырушы жетекшілерге арналған, әр түрлі байланыс түрлерінің жиынынан тұрады.
Әкімшілік-шаруашылық байланыс - өндірістегі жұмыскерлерді басқарушының өзіне бағынуша аппараттың жұмысшыларымен түзу телефонды байланысы үшін керек.
Қарастырып өткен байланыс түрлерінен басқа, теміржол көлігінің өндірістерінде диспетчерлік байланыстың ұйымдастырылуы мүмкін.
Технологиялық байланыстың сипаттамалық ерекшелігіне, басқарушы станцияның абоненттермен қосылуын орнатудың әр түрлі әдістері жатады:
- тура – абоненттерді тура арналармен тікелей қосу. Бұл әдіс МЖС, ПГС, сонымен қатар қорғалатын переезд байланысы үшін керек;
- таңдаушы – белгілі байланыс түрі шегінде, таңдаулы байланыс посылкасының жалғануын орнатады. Бұл әдіс оперативті-технологиялық байланыстың көптеген түрлеріне тән. Бұндай байланыс түрлеріне ПДС, ЭДС, ВДС, БДС, ЛПС, СТМ, СТВ, ПС және басқалар жатады;
- жиналыс байланысы – бұл желі жиналыс өту кезеңінде уақытша ұйымдастырылады;
- коммутация жасаушы – бөлімше жетекшісінің шақыру сигналын жіберуі арқылы абоненттермен қосылу жүзеге асырылады. Бұл әдіс станциялық байланысқа тән.
№7 Тәжірибелік жұмыс
БАЙЛАНЫС САПАСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Топтық технологиялық байланыстың тарату трактісі орталық байланыс арнасына жалғанған таратушы станция мен аралық пунктердің сөйлесу құрылғыларының жиынтығынан тұрады.
Телефон трактісі арқылы берілетін тарату сапасы келесі көрсеткіштермен бағаланады:
- қабылданған хабардың дұрыстығын сипаттайтын берілетін ақпараттың талғамдылығымен;
- таратудың дауыс қаттылығы;
- естілудің табиғилығы.
Таратудағы дауыс қаттылығы есту кернеуінің деңгейіне әсер етеді, шуыл фонында талғамдылықты жоғарылатады. Тарату сапасы қанағаттанарлық болу үшін, пайдалы сигнал деңгейі акустикалық шуылдан 20 Дб аз емес деңгейде артуы керек.
Технологиялық байланыс арналары бойынша тарату сапасын, сөз сигналдарын таратудың ең қолайлы шарттарында, арнаның жұмыс өшулігі арқылы бағалайды. Жұмыс өшулігінің есебі таратудың екі бағыты үшін орындалады: басқарушы станциядан соңғы аралық пунктке (КАСС) және соңғы аралық пункттен (КАСС) басқарушы станцияға, есеп 800 Гц жиілікте орындалады.
Байланыс сапасының есебі дегеніміз - күшейткіштерді орнату қажеттілігі және оларды орнату орнын анықтау.
