- •Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі м. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
- •Модуль 1 – «байланыс желілеріне кіріспе»
- •Электр байланыс желілеріндегі коммутация әдістері
- •Телекоммуникациялық желілердің топологиялық құрылымы
- •2.1 Сурет – Ағаш тәрізді топологияның түрлері: а – ағаш; б – жұлдыз;
- •2.5 Сурет – Толық байланысқан топология
- •2.3 Сурет – Топология түрлері а) «каскад» (ағаш) архитектурасы;
- •3.1 Сурет – Графты құру сұлбасы
- •Екі деңгейлі орталықтандырылған желі синтезі
- •Модуль 3 – «темір жол байланысының желілері»
- •Тиісті технологиялық байланыс түрлерін таңдау
- •6.1 Сурет – Технологиялық байланыс классификациясының құрылымдық сұлбасы
- •7.3 Сурет – Технологиялық байланыстың біріншілік және екіншілік желілерін ұйымдастыратын құрылымдық сұлба
- •7.1 Айналмалы арнасыз байланыс тізбегінің жұмыстық өшулігін есептеу
- •7.2 Өтпелі құрылғыларыы бар байланыс тізбегінің өшулігін есептеу
- •8.1 Топтық телефондық тізбегінің тұрақтылық қорын есептеу
- •8.3 Оперативті-технологиялық байланыс жабдықтарының сипаттамасы және оларды таңдау
- •Модуль 4 – «жылжымалы байланыс желілері»
- •Екіншілік коммутацияланбайтын желіде арналарды тарату
- •Тәжірибелік жұмыс№10 ұялы мобильді байланыс желісіндегі матиматикалық модельдер
- •Ұялы желі сыйымдылығын есептеуге арналған Эрланг в моделін пайдалану әдістемесі
- •Радиожеліні жоспарлау
- •12.1 Ұяшықтардағы арналар трафигі мен санын анықтау
- •12.2 Жиіліктің қайта қолданылуы
- •Қосымша II
- •Қосымша III
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ұялы желі сыйымдылығын есептеуге арналған Эрланг в моделін пайдалану әдістемесі
Есептің құрылуы. Мына берілгендермен ұялы мобильді байланыс желісі сыйымдылығын (бір ұяшық сыйымдылығы немесе барлық ұялар желісінің сыйымдылығы) есептеу: бас тарту ықтималдығы Рв, арналар саны N және ұялар саны m.
Есептің шешуі.
1. Рв = ψ(А, N) функциясы А трафигіне және N арналар санына байланысты болса, онда екі параметр белгілі десек үшіншісін де табуға болады: егер, мысалы, Рв (таңдалған болса) және N белгілі болса, онда А-ны табамыз.
2. А трафигінің өлшемін (1) формуламен немесе 1 кестеден анықтағаннан кейін (шамамен 1 сағаттағы (λ1), сөйлесу ұзақтығындағы (T1) ұялы желі абоненттерінің шақыру санын бағалағаннан кейін) бір ұядағы абоненттер саны анықталады:
l =A/At (11.8)
мұндағы А – бір абонент трафигі (А1 = (λ1)·(T1).
m ұясындағы абоненттер саны:
L=тl=т
(11.9)
Сандық мысалды қарастырайық.
Есептің құрылуы. Мобильді байланыстың ұялы желісі 51 ұядан құралсын, оның әрқайсысында N физикалық арналар қолданылсын. Бас тарту ықтималдығы (Эрланг В моделі үшін) Рв = 0,05 деп қарастырайық. GSM желісінің жұмысы кезінде шырқау уақытында әр абонент сағатына орташа есеппен бір шақыру ұйымдастырады деп алайық, яғни (λ1) = 1 шақыру/сағ. Абоненттердің орташа сөйлесу уақыты (Т1) 2 минутты құрасын, яғни (T)/1 сағ = 1/30 сағ. Бұл жағдайда, бір сөйлесу трафигі: А1 = (λ1)·(Tl) = 1*1/30 = 0,033 Эрл.
Есептің шешуі.
1.Бас тарту ықтималдығы Рв = 0,05 1-кестеге сәйкес ұядағы арналар саны пс = 20 болғанда, ұядағы трафик мәні Ас = 15,2 Эрл/ұя құрайды.
2. Бір ұя трафигінің бір абонент трафигіне қатынасына тең, бір ұя шегінде қызмет көрсетілуі мүмкін абоненттер саны келесідей болады: тi = Аc/Аl = 15,2/0,033 = 460 абонент.
3.Абоненттер саны М, 51 ұя көлемінде қызмет көрсетіледі, арна саны N = 20 кезінде: М= 51·460 = 23490. Эрланг В моделі бойынша ең үлкен жүктемесімен бір сағатқа есептелген ұялы мобильді байланыс желісінің қаралған сыйымдылығы осындай.
№11 Тәжірибелік жұмыс
Радиожеліні жоспарлау
ВТS-тің түрі мен орналасуы қоршаған орта сипаттамаларына тәуелді болады. Қала жағдайында ұяшықтар (соталар) әдетте ауылды мекендерге қарағанда өлшемдері бойынша кішкентай болады. Сонымен қатар, трафик көлемі қарапайым ұяшықтағы радиоарналар санына да әсер етеді. GSM стандартында BTS-тен макросота шетіне дейінгі максималды теоретикалық қашықтық 35 км болғандықтан, онда оған әдетте MS-тің BTS-ке дұрыс слотта келуі қажет пакеттерді жіберу қабілеттілігі бейімделеді.
Ұяшық өлшемдерін шектейтін факторлар:
жұмыс жиілігінің өсуімен, яғни толқынның жұмыс ұзындығының азаюымен, ұяшық өлшемі кішірейеді (GSM 900 ұяшығының өлшемі GSM 1800 және 1900 үшін арналған ұяшықтың өлшемінен үлкен);
сыртқы әсерлер: ашық сулы кеңістіктер үшін радиосигналдардың өшулігі қала жағдайындағыға немесе орман массивтеріндегіге қарағанда аз болады.
Осылайша, ұялы байланыс жүйесінде радиожеліні жоспарлау кезінде келесілерді орындау қажет:
- радиоарналар таңдауды өзіндік ӨЖЖ (СВЧ) радиорелейлік жолдар құру арқылы, немесе қолданыстағы жолдарды жалдау арқылы, немесе талшықты-оптикалық байланыс жолдарын салу арқылы іске асыру;
- алдыңғы пункт бойынша нәтижелерді, сонымен қатар аймақтың радиоқамтылуы тестілеуі мен өлшеулерінің нәтижелерін қосатын желінің нақтылы жоспарын рәсімдеу.
