
- •М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
- •«Телекоммуникациялық желілердің негіздері»
- •М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
- •«Телекоммуникациялық желілердің негіздері»
- •1 Курстық жұмысты орындауға арналған жалпы нұсқаулар
- •2 Курстық жұмысты орындауға арналған теориялық мағлұматтар
- •2.1 Жалпы қоладныстағы телефон желілерін құрудың негіздері
- •Жинақты құрылу сұлбасы
- •2.1.1 Телефондық жүктемені есептеу
- •2.2 Радиотелефондық желілерін құрудың негіздері
- •2.2.1 Транкинг радиотелефон жүйелері
- •2.2.2 Ұялы жылжымалы байланыс желілері
- •3 Есептеу бөлімі
- •1.1 Бөлімге нұсқаулар
- •2.2 Бөлімге нұсқаулар
- •1. Берілген мәліметтер
- •2. Жұмыс мазмұны
- •3. Графикалық бөлімі
3 Есептеу бөлімі
1. Мемлекеттік автоматты коммутацияланатын телефондық желінің қалааралық байланыстың берілген ұйымдастыру варианты үшін әртүрлі жергілікті желілердің телефондық аппараттар арасындағы сөйлесу тракт сұлбасын құрыңыз. Сұлбада өшудің таралуын көрсетіңіз.
2. Желінің құрылымын екі зона түрінде құрыңыз, әр зона құрамына екі жергілікті желі кіреді. Зоналар арасындағы байланыстар көрсетіңіз. Жергілікті желілердің сыйымдылықтары мен типтері берілген. Жергілікті желілердің саны мен сыйымдылықтары желінің құрылымын көрсету үшін алынады.
Оқытушымен көрсетілген желі фрагменті үшін анализ жасаңыз:
- жолдар мен қиылыстар көпшілігін құрыңыз;
- құрылымдық сенімділігін анықтаңыз.
3. Графпен анықталған біріншілік желі үшін, арналар санында қабырғалар сыйымдылықтары мен i және j түйіндер арасындағы қажетті тіке арналар Уij берілген. Екіншілік желісіндегі арналар тарату жоспарын құру қажет, транзитті учаскелер саны үштен аспау керек, яғни жолдың рангы < 3.
Есепті орындау үшін әдістемелік нұсқаулар
1.1 Бөлімге нұсқаулар
Қалааралық телефондық желі құрамына АМТС (автоматическая междугородная телефонная станция), бірінші және екінші классты автоматты коммутация түйіндері (узлы автоматической коммутации первого (УАК I) и второго ( УАК II) класса), станциялар мен түйіндерді байланыстыратын телефондық арналар.
Екі АМТС арасындағы байланыс тракттың УАК-тар саны төрттен аспау қажет.
Әртүрлі жергілікті желілердің телефондық аппараттар арасындағы сөйлесу тракт сұлбасын құру. Мысалы:
Шығыс желі – түйінсіз ҚТЖ;
Кіріс желі - АТЖ;
Қалааралық желі - АМТС - УАК II - УАК I -УАК I- УАК II - АМТС. Сөйлесу тракт сұлбасы 3.1 - суретте көрсетілген.
3.1 – сурет. Сөйлесу тракт сұлбаның үлгісі
Қалдық өшу шамасын бөліп тарату кезінде келесі кепілдемелерді ескеру қажет:
- 800 Гц жиілікте екі телефондық аппарат арасындағы қалааралық арнасындағы қалдық өшуі 30 дБ аспау керек;
- зоналық арнаның төртсымды бөлімінің қалдық өшуі 7 дБ тең, абоненттік жолдың - 4,5 дБ, СЛМ (магистралдық байланыс жолдары) және ЗСЛ (тапсырыс байланыс жолдары) - 4 дБ;
- ОС (соңғы станция), УС (түйінді станция), ЦС (орталық станция), АТС, УИС (шығыс хабар түйіні), УВС (кіріс хабар түйіні), АМТС (автоматты қалааралық телефондық станция) екісымды коммутация кезінде 1 дБ аспайды, төртсымды – 0 дБ;
- барлық УАК қалдық өшуі 0,5 дБ тең.
СТС желісінде 4 дБ нормасы 2 коммутацияланатын учаскелерге ОС - УС және УС – ЦС беріледі, сондықтан төртсымды арнаны УС пен ОС станцияларына дейін тартады, бұл келесі есептермен анықталады. Мысалы, ЦС пен УС арасындағы қашықтық 4 км тең, ал УС пен ОС арасындағы - М = 2,5 км. Сонымен симметриялық төмен жиілікті кабельдің өткізгіштер диаметрі 0,8 мм тең болғанда бұл учаскелердегі жалпы өшуі:
(4 + 2,5) * 0,65дБ/км = 4,225дБ,
бұл рұқсат берілген шегінен жоғары, сондықтан УС дейін төртсымды арнаны ұйымдастру қажет. Сонымен УС-ОС учаскесінде, 2,5 км ұзындығымен, төменірек қиылысымен өткізгішті қолдануға болады:
2,5 * 1,39 = 3,475 (1,39 дБ/км өшуіне 0,4 мм диаметрі сәйкес).
Өшу шамалар туралы мәліметтер А Қосымшада берілген.