Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ_КР_ОТС_2010_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.97 Mб
Скачать

2.2 Радиотелефондық желілерін құрудың негіздері

Телефон байланысының сымсыз жүйелерін әдетте радиотелефон байланысының жүйелері деп айтады, ал шетелде – Wireless Local Loop (WLL). Әдетте олар мобильді (mobile – жылжымалы) абоненттермен байланысы үшін регионалды телефон жүйелері ретінде қолданылады, және де сымды телефон желілері жоқ болғанда стационарлы объекттермен байланысу үшін қолданылады (мысалы, жаңа құрылыстарда, ауылдық жерде және т.б.)

Радиотелефондық байланыс жүйелерін құру қымбат тұратын телекоммуникацияларды төсеуді, күрделі инженерлік жұмыстарды жүргізуді қажет етпейді, байланыс жергілікті рельеф пен ауа – райы шарттарына қарамастан санаулы күнде ұйымдастырылу мүмкін.

Радиотелефон байланысы, сымды телефонияның орнына тұрақты қолдану үшін бәсекелеске қабілетті альтернативті болып табылады, өйткені сымды телефония – айтарлықтай капиталды, ағылуы қызмет көрсетуді қажет ете отырып, қажетті оперативті қосылуды қамтамасыз етпейді.

Кәдімгі сымды телефониямен салыстырғанда сымсыз жүйелердің артықшылықтары бар:

- табиғат жағдайына және телекоммуникация инфрақұрылымның бар болуына қарамастан, кез – келген жағдайда орнату мүмкіндігі;

- мобильді пайдаланушылармен және оперативті байланыспен қамтамасыз ету;

- жүйені ұйымдастыру бойынша жұмыстар қарапайымдылығы;

- оның құруына кеткен капиталды шығындары 2-3 есе аз;

- жүйенің құруына жұмсалған қаражатты қайтару мерзімі аз;

- жүйемен басқару және ақпаратты қорғау бойынша кең сервис;

Радиотелефондық жүйелердің ішінен келесілерді бөліп шығаруға болады.

- ұялы радиотелефон байланыс жүйелері;

- транкингты радиотелефон байланыс жүйелері;

- радиотұтқасы бар телефондар;

- радиотелефондық ұзартқыштар;

- дербес спутникті радиобайланыс жүйелері.

Қазіргі уақытта әлемде радиотелефон жүйелердің әрекеттену протоколдарын анықтайтын елудей түрлі стандарттары бар; мобильдік байланыстың радиотелефон жүйесінің ең кең тараған стандарттары 2.1 – кестеде келтірілген.

2.1 - кесте.

Радиотелефон байланысының кейбір стандарттары

Стандарт

Таралуы

Арна жолағының ені,кГц

Деректерді тарату жылдамдығы, кбод

Желінің түрі

1

2

3

4

5

GSM

Ресей, Еуропа, АҚШ

200

0,2 – 9,6

Цифрлық ұялы

TDMA

Ресей, Еуропа, Азия, АҚШ

30

48,6

Аналогты және сандық радио желілері,

спутниктік жүйелер

CDMA

Азия, АҚШ

1230

1230

Цифрлық ұялы,спутниктік жүйелер

DECT

Еуропа

1728

1152

Цифрлық радиотелефон

TETRA

Еуропа

25

36

Транкингті жүйелер

CT

Еуропа

100

72

Радиотелефон

2.2.1 Транкинг радиотелефон жүйелері

Транкингті байланыс - екі жақты мобильді байланыстың оперативті түрі, абоненттердің жылжымалы топтарын координациялау үшін максималды тиімді түрі.

Транкинкті байланыс жүйелері жеке тұтынушылар үшін аз қызықты (олар үшін ұялы радиотелефон байланыс тиімді болып табылады); транкингті байланыс корпоративті ұйымдар, топтың тұтынушылар үшін перспективті және тиімдірек, ұйымдастырушылық белгісіне қызығушылық бойынша біріктірілген тұтынушы топтардың арасындағы лездік байланыс үшін қолданады. Әдетте, трафик (ақпаратты тарату) негізінен транкингті жүйелердің ішінде тұйықталады, бірақ абоненттердің жалпы қолданыстағы телефондық желісіне шығу мүмкін болады.

Транкингті байланыс жүйесі (trunk – ствол, пучок, баған, шоғыр) ретрансляторлары бар базалық станциялардан және телескопиялық антеналары бар абоненттік радиостанциялардан (транк радиотелефондар) тұрады.

Базалық станция телефон желісімен байланысқан және үлкен әрекет ету радиусымен 50-100 км дейін ретранслятормен жалғанады.

Жалпы транкингті жүйелер жоғары технологияларды қолданумен жасалған, жабдықтауы толық дуплексті және жартылай дуплексті радиотелефонды байланысты қамтамасыз етеді. Транкингтің көмегімен радиоарналардың аз саны тұтынушылардың көп саны арасында динамикалық таралады. Бір арнаға 50-дейін және одан да көп абоненттер кіреді, базалық станция концентратор режимінде жұмыс жасайды, яғни радиоарналарды абоненттер арасында таратады, «бос емес» жағдайдың ықтималдығы шамалы.

Базалық станцияның көмегісіз абоненттердің тікелей байланысу мүмкіндігі - транкингті жүйелердің ұялы желілерге қарағанда, негізгі және глобальді ерекшілігі болып табылады.

Транкингті байланыс стандарттарын екі ұрпаққа бөлуге болады:

- аналогты транкингті стандарттар - Smart Trunk, Mpt 1327, QTR, Smart Net;

- цифрлық транкинкті стандарттар - TETRA, APCO25,EDACS, IDEN, TETRA-pol.

Қазақстан аумағында негізінен аналогты транкингті жүйелер қолданылады, сандық жүйелер саны шамалы, олардың көбі тек тәжірибелі пайдаланудан өтеді.

Аналогты стандарт Smart Trunk II

Ресейде өте танымал Smart Trunk II жүйесі, 1992 жылы өңделген және бүкіл әлемдегі белгілі Smart Trunk жүйесінің дамуы болып табылады, алғашқыда бір аймақты (локальды) арзан, кең қолданыс үшін қолданылатын жұйе ретінде өңделген. Қазір де Smart Trunk II жүйелері локальды және желілік режимдерде қолданылады.

Жұмыстың желілік варианты қызмет көрсетілетін аймақтың топологиясына сәйкес орналасқан бірнеше базалық станциялардың және ретранслятордың бар болуын ескереді.

Желілік транкингті байланыс базалық станцияның бір аумағынан басқасына ауысу кезінде (роуминг) абоненттердің автоматты қайта тіркелуін және басқа аймаққа ауысқан абонентке келген шақырудың автоматты қайта адрестеуін қайта қамтамасыз етеді.

Smart Trunk II жүйесінің параметрлері:

-арналар саны- 16 дейін, әрбір транкты арна бір немесе екі телефондық жолына қосылу мүмкін:

- абоненттер саны – 1100 дейін (ST-853 контроллердің версиясында 4000 абоненттке дейін)

- абоненттік радиотелефондар дуплексті және жартылай дуплексті. Әрбір транкті радиотелефонға бірегей 4 - белгілі нөмір және топтық байланыс үшін кода беріледі;

- жұмысшы жиіліктері – 146 - 174, 453 - 467 және 824 - 960мГц диапазондарда.

Желіде байланысты ұйымдастырудың келесі негізгі варианттары қамтамасыз етіледі:

- абонент - телефон желісі – мобильді абонент;

- мобильді абонент - мобильді абоненті (тікелей радиоарнасы бойынша);

- топтық байланыс;

- апаттық шақырулар.

Жүйенің сервистік мүмкіндіктері:

-радиотелефондық арнаға қол жеткізудің приоритеттің 10 деңгейін ұйымдастыру мүмкіндігі, бұл кезде барлық арналар бос емес болғанда шүыл жағдайда приоритетті абоненттер шамалы артықшылықты абоненттердің сөйлесуін үзіп, байланысқа шығу мүмкіндігі болады;

- жеке абоненттерге шектеуді орнату мүмкіндігі, ол приоритеттің деңгейіне, жүйе қол жеткізу уақыты бойынша, қалалық пен қалааралық телефон желісіне қол жеткізу бойынша орнатылады.

- шұғыл және аса маңызды хабарды тарату үшін артықшылықты кезекші арнаны ұйымдастыру және қолдану мүмкіндігі;

- сөйлесуді тыңдаудан қорғау мүмкіндігі, бұл кезде транкты телефонға қажеттілік болғанда маскиратор (скремблер) қосылады;

- сөйлесудің барлық түрлердің уақытын оперативті ескеру мүмкіндігі, бұл транкингті байланысты пайдалану үшін әртүрлі абоненттер мен ұйымдарға төлем төлеу кезінде өте ыңғайлы.

«Мобильді абонент - телефон» режимідегі жалғану

Телефондық желіге шығу үшін транкты радиотелефонның клавиатурасында телефон нөмірін (14 санға дейін) теру керек және АТС-ке 1-ші немесе 2-ші телефондық жолы бойынша қол жеткізу үшін 1 немесе 2 режим кнопкасын басу керек. Радиотелефонның контроллері жұмыс жиіліктердің ауқымын тексереді, бос арнаны тауып, радиотелефонды базалық станцияға қосады. Қосудан кейін қосымша ішкі нөмірдің тональды теру мүмкін. Бұл кезде радиотелефон тіркелген пайдаланушының қосылу кодасын сандық түрде жібереді, содан кейін ол 1 немесе 2 телефон жолы бойынша шақырылатын телефон нөмірдің кодасын береді. Мобильді абоненттің телефондық желімен байланысу сеансының аяқталуы мобильді телефоннан ажырату туралы кодасы қабылдағанда болады.

Байланыстың топтық режимдерi

Мобильдi абонентердiң кейбiр санын топқа бiрiктiрiп, оларға бірегей топ нөмiрін беруге болады. Бүл нөмiр бойынша қалыптасқан топтың барлық абоненттерiн бiр уақытта шақыруға болады. Шақыру ережелерi жеке абонеттi шақырғандай болдаы. Сонымен көп абоненттер арасында “конференц - байланыс” ұйымдастыруға болады.

TETRA цифрлық стандарты

TETRA (Trans – European Trunked Ratio) цифрлық стандарты жылжымалы байланыстың арнайы жүйелерi үшiн бiрегей Еуропалық технология ретiнде Телекоммуникациялық стандарттардың Еуропалық институтымен өңделген. Стандарттың бiр арнасы 25кГц енімен жиiлiктер жолағын алады және TDMA мультиплексирлеу технологиясын қолданады, яғни бiр арна бойынша төрт сөйлесудi бiр уақытта беруге мүмкіндік береді. TETRA стандарты жиiлiктiң кең ауқымында жүмыс жасай алады – 60 - 1000-МГц дейiн. Қауiпсiздiк қызметтерiне 380 - 400МГц жиiлiктер жолағы берiлген, комерциялық мақсаттар үшiн 310, 450 мен 870 МГц аудандық ауқымдар бөлiнген.

APCO 25 цифрлық стандарты құқық қорғау бөлiмдерiнде қолданылу үшiн арнаның жиiлiктiк бөлу (FDMA) базасында АҚШ өңделген. Оның негiзiнде транкингтi ғана емес, ретрансляторлары бар конвенционалды (ұялы) жүйелер қүрылу мүмкiн. Ретронсляторлар қызмет көрсету аймағын арттыру үшiн қолданылады. АРСО желiсiнiң қамту аймағы TETRA аймағынан 2,5 есе көп.

Ericsson компаниясының EDACS цифрлық стандарты (Enchanced Digital Access Convertional System) 150, 450 және 800МГц жиiлiктер ауқымында жүмыс жасауға есептелген.