Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ_КР_ОТС_2010_каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.97 Mб
Скачать

1 Курстық жұмысты орындауға арналған жалпы нұсқаулар

«РЭТ» мамандығының студенттерімен орындалатын осы курстық жұмысы «Телекоммуникациялар жүйелері және байланыс желілері» курсы бойынша дәрістемелік материалдарын тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Курстық жұмысты орындау жалпы қолданыстағы телефондық желілері мен радиотелефон желілерін құруын ұсынады.

1.1 - кестеде курстық жұмыстың көлемі туралы ақпарат берілген.

1.1 - кесте.

Курстық жұмыстың көлемі

Жұмыс бөлімі

Парақтар көлемі

текст

сызбалар

суреттер

Мазмұны

1

-

-

Кіріспе

1-2

-

1

Техникалық тапсырма

1

-

-

1. Курстық жұмысы бойынша мәселелерін зерттеу

6-8

Х

2-5

2. Техникалық жоба

12-14

Х

5-7

2. Жұмысша жоба

5

2-3

Х

Қорытынды

1-2

-

-

Әдебиеттер тізімі

1

-

-

Барлығы

28-34

2-3 (Х)

7-12 (Х)

Х – сызбалар мен суреттер саны кез-келген болу мүмкін.

Курстық жұмысы техникалық тапсырмасына сәйкес орындалады, варианты А, Б, В қосымшалардан алынады. Түсіндірмелік жазбасы MS Word программасында KZ Times New Roman 14 шрифтпен А4 форматында жазылады. Сызбалар А4 форматтағы миллиметрлік қағазда ұсынылу қажет.

Курстық жұмысының теориялық бөлімінде телекоммуникациялық желілердің жіктелуі, жалпы қолданыстағы телефондық желілер және радиожелілердің құру негіздері туралы ақпарат келтіру қажет.

Курстық жұмыста екі жергілікті желілердің телефондық аппараттар арасындағы сөйлесу тракт сұлбасын, жалпы қолданыстағы телефон желісінің сұлбасын және екіншілік желідегі арналар тарату жоспары құру қажет, телефондық жүктемесін есептеу қажет.

2 Курстық жұмысты орындауға арналған теориялық мағлұматтар

2.1 Жалпы қоладныстағы телефон желілерін құрудың негіздері

Телефон байланысы жедел байланыстың ең таралған түрі болып табылады. Телефон байланысы желілерінің абоненттері жеке қолданушылар және кәсіпорындар болып табылады. Телефон байланысы фирмаларда, офистерде және т.б. маңызды роль атқарады. Сөйтіп телефон көптеген фирмалар үшін өзгеше ресми карточкасы болып табылады, өйткені тапсырыскерлер және қатарластар жағынан бірінші байланысты телефон бойынша іске асырады. Телефонның сервистік мүмкіндіктері мен байланысу ыңғайлығы офистік автоматтық телефон станцияларымен анықталады (АТС). Ол фирманың орнықтылығы туралы пікір береді. Ал ол фирма үшін маңызды.

Бірақ телефон желілерінің мүмкіндіктері телефон байланысы жүйелері абоненттеріне ұсынатын сервистік қызметтер туралы, көбісі әлі білмейді. Барлық осы сервистік қызметтерді толық қарастыру қажет. Олардың қазіргі уақытта 600 –ден астам атауы бар. Олардың барлығын қарастыру мүмкін емес, бірақ кейбіреулерімен қысқаша таныстыруға болады.

Телефон байланысын келесілерге бөлуге болады:

  • жалпы қолданыстағы телефон байланысы (қалалық, халықаралық және т.б.);

  • ішкімекемеелік телефон байланысы.

Телефон байланысының ерекше түрлері радиотелефондық байланыс, видеотелефондық байланыс болып табылады.

Телефон байланысының жүйесі телефон желілерінен және абоненттік терминалдардан тұрады.

Жалпы жағдайда телефон желісі – бұл АТС–пен абоненттер терминалдарын байланыстыратын, байланыс арнасының және абоненттік арнасын қосатын автоматтық телефон станцияларының (АТС) рөлін орындайтын, коммутация түйіндерін құрайтын жиынтығын білдіреді. Абоненттік арналарды “соңғы миля” немесе жәй ғана “соңғы миля” арналары деп атайды.

Абоненттік терминалдар “олар – абоненттік телефондық аппараттары, офистік АТС немесе компьтерлер болуы мүмкін” әдетте, абоненттік желінің – мыс сымдарының қосындысы бойынша желіге қосылады. Абоненттік жолдың желіде өзінің жеке нөмірі болады (абонент нөмірі), оның ұзындығы әдетте, 7-8 км аспауы керек, және сол бойынша ақпаратты тарату әсіресе аналогты түрде жүргізіледі.

АТС бір-бірімен байланыс жолдары арқылы қосылады – қазір жалпы пайдалану желілерінің барлығында 4 – сымдық цифрлық желілер қолданылады (1 АТС - дан басқасына тура және кері бағытта сигналдарды тарату үшін сымдардың бір қосындысы бойынша).

Жалпы қолданыстағы екіншілік желі құрамына АТС жиынтығы, автоматты коммутация түйіндері, абоненттік аппараттар мен беру арналар кіреді. Бұл желіге абоненттер жергілікті (қалалық немесе ауылдық) байланыс желілер арқылы қосылады – желінің төменгі ярус. Жергілікті желілер зоналық – аймақтық желілерін құрайды – орташа ярус. Бірнеше аймақтар абоненттері біріншілік магистралдық желі арқылы қосылады – жоғарғы ярус.

Қалалық телефондық желінің құрылымы абоненттер саны мен жер мөлшерінен тәуелді. Сыйымдылық 10 мың нөмірге тең жағдайда бір АТС қолданатын, 40-50 мың нөмір үшін бірнеше өзара қосылған АТС құрылатын.

Ауылдық телефондық желілер (СТС) радиалды немесе радиалды-түйінді әдісі бойынша құрылады.

Ішкізоналық желі радиалды-түйінді принципі бойынша құрылады.

Автоматты қалааралық телефондық желі екі принцип қолданады: радиалды-түйінді және «әрқайсысы әрқайсысымен».

Аймақтық телефон желісінің құрылымын телефон желісін қарастырайық. Аймақ дегеніміз барлық абоненттері ортақ жеті мәндік нөмірлеуді қамтитын мемлекет территориясының бөлігі мен конфигурациясы, әкімшілік бөлінуіне байланысты аймақтағы телефондар саны және тұрғындардың максималды санын есептей отырыпаймақтың шекараларын белгілейміз. Аймақтың шекараларын анықтау кезіндегі төмендегі факторлар ескеріледі.

  • аймақтың жергілікті телефон желісінің шартты (теориялық) сыйымдылығының жалпы саны желінің кем дегенде 20 жылдық дамуын ескере отырып 8млн нөмірден аспауы керек.Сонымен қатар, нөмірлеу қоры назардан тыс қалмауы керек;

  • аймақ әкімшілік ауданының территориясынын қамту керек.

- бір ауданның териториясырда бірнеше аймақ ұйымдасуы мүмкін.

Арналарды жоғары қолданумен тіке жолы

Жоғары қызмет көрсетуімен айналым немесе тіке жолы

2.1 – сурет. АТЖ құрылу сұлбасы

Абоненттік терминалдар төменгі ярустағы АТС жалғанады (мысалы, Алматыдағы 92 0202 нөмір иесі – абонент 92 АТС қосылады, ал осы АТС ішінде бұл абоненттің нөмірі 0202 болады).

Географиялық ауданына телефондық байланыс қызметін көрсететін АТС жиыны мемлекет ішінде аймақтарды құрайды, аймақтың бірегей нөмірі болады (мысалы, Алматы — 727 зонасы, Талдыкорган — 728 зонасы.). Қалааралық АТС-тің екі нөмірі болады. Өзінің ішкі АТС үшін нөмірі – 8, ол Қазақстан Республикасының барлық АТС үшін бірдей; Сырты қалааралық АТС үшін нөмірі – ерекше нөмірі (727, 728 және т.б.)

Сонымен6 абоненттің толық нөмір құрамы келесі: мемлекет кодасы, зона кодасы, зона ішіндегі АТС нөмірі, абоненттің терминал нөмірі.

Аймақ автоматты қалааралық телефон станциясын (құрғаннан кейін ұйымдастырылады АқТС). Аймақтың желі ішкіаймақтық телефон желісі мен аймақ территориясында орналасқан жергілікті телефон аймақтарынан тұрады. Өз кезегінде жергілікті телефон желісі (ҚТЖ), ауылдық телефон желісі (АТЖ) және құрамдастырылған телефон желісі болып бөлінеді. ҚТЖ координаттық (АТСК), квазиэлектрондық (АТСКЭ), электрондық (АТСЭ) және цифрлық (АТСЦ) жүйелеріндегі коммутациялық жабдықты пайдалану арқылы құрылуы керек.

  • бірнеше жекелеген абоненттік жолға ортақ жұптау құрылғылары автоматты телефон станциялардың тікелей көмегімен;

  • өндірістік-мекемелік (УПТС) телефон станцияларының қалалық АТС желісінің қосылу жолдарының түйіндерімен АТС-те қосылады;

  • АТС-ке қосылатын подстанциямен (концентраторлы).

Коммутациялық техникалық құралдарының жасалуы мен жасалу мүмкіндігін есептеп отырады. ГТС құрылымының төмендегі түрлері қарастырылады:

  • аудандандырылмаған желі, яғни бірыңғай АТС-ы бар телефон желі;

2.2 - сурет. ГТС-тегі шектелген абоненттік құрылғылардың қосылуы

(АЛ – абоненттік желі, СЛ – қосу жолдары)

  • түйінсіз аудандалған телефондық желі, жолдары «әрқайсысы әрқайсысымен» принципімен өзара жалғасқан бірнеше аудандық АТС (РАТС) құрылады (2.3 - сурет);

2.3 - сурет. Түйін құрылмайтын аудандалған ГТС құрылу сұлбасы

  • аудандалған, бірнеше түйіндік аудандарды құрайтын кіріс хабарының (2.4 - сурет) түйіндері бар, аудандалған телефон желісі, бір түйін ауданының РАТС өзара «әрқайсысы әрқайсысымен» принципімен (1 түйін ауданы) жалғануы мүмкін немесе өзінің түйіндік ауданы (2 түйін ауданы) кіріс хабарлар түйіні арқылы байланысады.

  • кіріс хабар түйіндері мен шығыс хабар түйіндері бар немесе кіріс және шығыс хабарларын қатар өткізетін (УИВС) аудандалған (2.5 - сурет).

2.4 – сурет. КХТ аудандалған ГТС құрылымдық сұлбасы

Түйін аудандары мен РАТС-тың оңтайлы сыйымдылығы қолданылып отырған коммутациялық жабдықтың түрі мен бір гектар аудандағы телефондардың құралдарының санына байланысты. Сондай-ақ, нақты жобалау барысында анықталады. Координаталық жүйенің түйіндерімен, станцияларымен жарақталған түйінде ауданның сыйымдылығы 200 мың нөмірге дейін, ал электрондық жүйе 200 мың нөмірден жоғары қамтиды

2.5 – сурет. УИС және УВС аудандалған ГТС құрылу сұлбасы

Кез келген екі ГТС станциясының арасындағы байланыс бір немесе бірнеше жолмен іске асады:

  • бір АТС-ті екіншісімен тікелей жалғап тұрған станция аралық жолдың бір шоғыры арқылы өтетін тура жол;

  • түйіндік комбинациялық ГТС құрылғысын қолдануда екі немесе одан да көп жалғайтын жол шоғырларынан өтетін бір немесе бірнеше транзиттік жолдар.

Екі АТС-тің арасында екі және одан да көп жолдар туындағанда олардың бірі – негізгі, ал қалғандары айнымалы жолдар болады. Аудандық ГТС пен УВС және УИС станцияларында бір түйіндік ауданнан асып кетсе олар «әрбірі бір-бірімен» принципі бойынша тура жалғанады.

ИКМ тракттары

а налогтық тракттары

2.6 - сурет. АТСЭ пайдалану кезіндегі түйінсіз аудандалған ГТС құрылуы

Телекоммуникациялық желіге электрондық құралдарды енгізуде, болашақта толығымен цифрлық телефон желісіне өтетіндей қылдырып жүргізу керек. Ондай іс-шаралар әсіресе, ИКМ-30 және ИКМ-120 сияқты жүйелерді енгізуде аса тыңғылықты қарастырылуы керек. Сонымен қатар, аналогты-цифрлы түрлендіру құрылғылары подстанцияларда (концентраторларда) және қолданылатын желі станциясында орнатылуы керек.

2.7 - сурет. АТСЭ қолдана отырып УВС – пен ГТС құру сұлбасы

Негізгі және айнымалы жолдарды ұйымдастыру нұсқаларына қосымша ретінде аудандық цифрлық түйіндерін жасау кезінде үшінші аудандық УИВСЭ арқылы екі әртүрлі түйіндік аудандар РАТС арасындағы айналмалы жолды ұйымдастыру рұқсатталады. Түйінделгіш ГТС-тегі әртүрлі жүйелерде станция мен түйіндерді байланыстыратын жанама сұлба 2.8 - суретінде келтірілген.

т аратудың цифрлық жүйе арнасы қамтылмаған

физикалық тізбек немесе таратудың айнымалы

аналогтық арналары

таратудың аналогтық арналары жолдармен

т аратудың цифрлық жүйе арнасы қамтылған

ф изикалық тізбек немесе айнымалы

таратудың аналогтық арналары жолдармен

К – координаталық станциялар, КЭ – квазиэлектрондық станциялар

Э – электрондық станциялар, ДШ – декадалы-қадамдық станциялар

2.8 – сурет. УИС және УВС және айнымалы жолдары бар ГТС-тегі әртүрлі жүйенің түйіндері мен станциялар байланысының құрылу сұлбасы

Айнымалы байланыстың арнайы түйіндік қолдануда түйінделмейтін аудандағы ГТС-те айнымалы жолды ұйымдастыру сұлбасы 2.9 суретінде көрсетілген.

2.9 - сурет. Орама байланыс түйіні мен түйін пайда болмайтын аудандалған ГТС сұлбасын құру

2.10 - сурет. Орталықтандырылған қызметті байланыстардың

ұйымдастырылу нұсқалары

2.11-2.18-суреттерде желінің бірнеше құрылу нұсқалары көрсетілген. Бұл нұсқалар курстық жұмысқа қажетті желіні таңдауға көмектеседі.

Аналогты беру жүйелердің арналары

2.11 - сурет. АТЖ-нің құрылу сұлбасы

Бұл сұлбада ЦС, УС және СС орнына ИАТСКЭ құрылғысы қолданылады.

2.12 - сурет. УС және СС орнына ИАТСКЭ қолданылатын құрылысының

АТЖ құрылу сұлбасы

2.13 - сурет. Түйінсіз қалалық телефон желісінің негізіндегі желінің