
- •М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
- •«Телекоммуникациялық желілердің негіздері»
- •М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
- •«Телекоммуникациялық желілердің негіздері»
- •1 Курстық жұмысты орындауға арналған жалпы нұсқаулар
- •2 Курстық жұмысты орындауға арналған теориялық мағлұматтар
- •2.1 Жалпы қоладныстағы телефон желілерін құрудың негіздері
- •Жинақты құрылу сұлбасы
- •2.1.1 Телефондық жүктемені есептеу
- •2.2 Радиотелефондық желілерін құрудың негіздері
- •2.2.1 Транкинг радиотелефон жүйелері
- •2.2.2 Ұялы жылжымалы байланыс желілері
- •3 Есептеу бөлімі
- •1.1 Бөлімге нұсқаулар
- •2.2 Бөлімге нұсқаулар
- •1. Берілген мәліметтер
- •2. Жұмыс мазмұны
- •3. Графикалық бөлімі
М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
Бекмагамбетова А.М.
Джунусова Д.Т.
«Телекоммуникациялық желілердің негіздері»
пәні бойынша
курстық жұмысты орындауға арналған
әдістемелік нұсқаулар
(050719 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттеріне арналған)
Алматы - 2010
М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
Бекітемін
Оқу және ғылыми жұмыс проректоры
_______________ А.Д.Монастырский
«___» _________________ 2010
«Телекоммуникациялық желілердің негіздері»
пәні бойынша
курстық жұмысты орындауға арналған
әдістемелік нұсқаулар
(050719 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттеріне арналған)
Алматы - 2010
УДК 656.25(075)
050719 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» (РЭТ) бакалавриат мамандығының студенттері үшін «Телекоммуникациялық желілердің негіздері» элективтік пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар жұмыстық оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген.
Пікір берушілер:
Бегдуллаев К.Б.- т.ғ.к., доцент ҚазҰТУ
Айтмагамбетов А.З. - т.ғ.к., доцент ҚазККА
Авторлары: Бекмагамбетова Ж.М. – т.ғ.к., доцент
Джунусова Д.Т. - оқытушы
Берілген курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар телекоммуникациялар желілерін құру әдістерін зерттеу кезінде пайда болатын сұрақтарын қамтиды. Әдістемелік нұсқаулар студенттерді телекоммуникациялар желілердің құрылымдық компоненттерін есептеу, әр түрлі жергілікті желілердегі телефондық аппараттар арасындағы сөйлесу тракт сұлбасын, жалпы қолданыстағы телефондық желі құрылымын және екіншілік желісінің арналар тарату жоспарын құру әдістерімен таныстырады.
Әдістемелік нұсқаулар «Радиотехника және телекоммуникациялар» (РТ) кафедрасының отырысында талқыланды және қолдау туралы шешімге ие болды («___» _______________ 2010ж. Хаттама № ___)
Әдістемелік нұсқаулар «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» факультетінің оқу-әдістемелік бюросында қолдау тапқан («___» _______________ 2010ж. Хаттама № ___)
Әдәстемелік нұсқаулар «ҚазККА» АҚ Оқу-әдістемелік кеңесінде кеңесінде басып шығаруға және оқыту үрдісіне қолдануға ұсынылды («___» _______________ 2010ж. Хаттама № ___)
© М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, 2010
© Джунусова Диляра Тулебековна, 2010
КІРІСПЕ
Қазіргі телекоммуникациялық желілерді құрған кезде желілік деңгейдің үш түрі болады: біріншілік желінің деңгейі, екіншілік желінің деңгейі және электрбайланыс қызметі мен жүйелер деңгейі. Байланыстың әр нақты негізгі желісі біріншілік желінің мамандандырылмаған (алуан түрлі) деңгейі болып табылады, ол желілердың жиынтығын және олардың типтік физикалық тізбектерін, типтік тарату арналары мен желілік күре (тракт) жолдарын қосуды білдіреді. Яғни, біріншілік желі (БЖ) – бұл таратудың типтік универсалдық цифрлық арналардың негізгі торабы, немесе желілік түйіндер, желілік коммутация станцияларының немесе біріншілік желінің соңғы құрылғыларының негізінде құрылған және олардың тарату желілерін қосатын көліктік желі. БЖ негізінде әртүрлі екіншілік желілерді (ЕЖ) құрады және қалыптастырады. Желілік түйіндер жататын біріншілік желінің түріне байланысты оларды магистралдық, ішкі аймақтық, жергілікті немесе корпоративтік, ведомстволық (мекемелік) желінің аталуы бойынша атаймыз. Пайдаланушыларға дейін арналарды жеткізу үшін арналған ЕЖ мамандандырылған болып табылады және біріншілік арналар немесе пайдалы жүктеменің ағындары үшін БЖ-ні таратудың типтік арналардың негізінде құрылады. Электр байланысының түрлері бойынша мамандандырылған жүйелер, өзінен белгілі қызметтерді пайдаланушыларға ұсынуды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жинағын білдіреді. Олар жүйелер және электр байланыс қызметтерін құрайды, яғни ЕЖ-ні және бірқатар қосалқы жүйелерді қосады.
Телекоммуникациялық желілердің қазіргі жағдайы біріншілік және екіншілік желілердің интеграциясының процесітерін күшейтуімен және БЖ негізінде мультисервистік желісіне БЖ және ЕЖ-ні айналдыруымен сипатталады, яғни цифрлық біріншілік желінің екі деңгейлі жаңа құрылымы – көліктік желісі және жеткізу желісі пайда болады. Жеткізу желісі – бұл арналар және “соңғы миля” желілері арқылы сигналдарды қолданушылардан көлік желісінің порттарына және кері таратылуын қамтитын желі.
Телекоммуникациялық желінің сәулеті деп, желінің физикалық, логикалық, құрылымдық элеметтерінің, солардың арасындағы байланыстың және олардың өзара әрекеттесу ережелерінің жиынтығын атаймыз. Иеархиялық - жоғарыдан төменге деген тәртіпте бүтін элементтері мен бөлшектерінің орналасуы. Қатынастық дегеніміз жүйедегі сыртқы – ортамен және ішкі – элементтер мен қосалқы жүйелер арасындағы көптеген байланысты айтамыз.
Барлық телекоммуникациялық желілер қызметтер түрі бойынша жіктеледі: жалпы қолданыстағы телефондық желілер, радиотелефондық желілер (транкинг, ұялы және спутниктік байланыс), компьютерлік желілер және деректерді беру желілері.