Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бозок ашык сабак.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
143.36 Кб
Скачать

1.2. Ақмола бекінісінен Астанаға дейін

Егер де біз көне дәуірдегі тарихи құжаттардың, археологиялық және этнографиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қарасақ, осы жердегі көне өркениеттің орталығын сонау орта ғасырлардан-ақ көре бастаймыз.

Бұл - атақты Бозоқ, Қорғалжын маңындағы Бытығай қалалары сияқты үлкен сауда орталықтары болған жер. Сонымен бірге, бүгінгі күнге дейін ескерілмей жүрген бір керемет ескерткіш – Орманбет қаласы. Бұл тарихи негіз есебінде Астананың Елорда болуына белгілі бір дәрежеде қажет қой деп ойлаймын.Ол Есілдің бойымен Атбасарға бара жатқан қара жолдың бойында, шамамен 100 шақырымдай жерде орналасқан.[4,105] 

Орманбет– қазақтың ауыз әңгімелерінде көп кездесетін, тарихи деректерде аты жиі аталатын Орыс хан. Ол Ақ Орданың да, Алтын Орданың да ханы болды. Қазақ хандары аталатын үлкен төрелер әулеті өз бастауын Орыс ханнан алады. Шыңғыс ханнан Орыс хан, Орыс ханнан немерелері Жәнібек пен Керей, одан кешегі Абылай хан, Кенесары хан тараған.

Тарихи деректерге қарасақ, көк шалғынға толы Есіл мен Нұраның бойы адамның өмір сүруіне өте қолайлы жерлер болған. Бұл жермен көне заманда солтүстік пен оңтүстікті жалғайтын үлкен сауда жолдары жүрген. Яғни Астана еш тарихи негізсіз Елорда болды, – деп айтуға болмайды.«Тақыр жерге шөп те шықпайды» дегендей, Астананың Елорда болуына осындай бір тарихи негіздер де бар.

Ел мен жердің тарихы сол топырақта халықтың арман- кегімен көктеген ерлердің өмірнамасымен астасып жатады. Бұл өңірде қазақ еркіндігі үшін жан алып, жан беріскен талай қаһармандар мен даналар ғұмыр кешті. Олардың Сарыарқада саңқылдаған даусы мен тұлпарларының дүбірі көкірегі ояуға осы күнге дейін естіледі.Сол дүбірдің бірі - қанжығалы қарт Бөгенбайдың жас шағындағы ұлы шайқасы. Өзіміз жоғарыда атап өткен Ресей елшілері Ф. Скибин мен М. Трошин, империя ғылым академиясының кеңесшісі П. Рычков Ақмола маңын тегіннен-тегін араламаған. Солардың соңын ала, 1708 жылы казактардың сансыз қолы Есіл-Нұра қайдасың деп ат қояды. Қамсыз ел қоғадай жапырылады. Осы алапатта Бөгенбай 28 жастағы батырлықтан дәмелі жігіт екен. Дереу алыс-жақын елге жаушы шаптырып, дөң айбаттанған дұшпанға сес көрсетуге жарарлық әскер жинайды. Бетпе-бет шайқаста казактар сыр береді, шашырап шегініп, қаша ұрыс салады. Екпін алған қазақ қолы аруақтанып, өкшелей қуады. Сол қарқынмен Еділден асы-рып бір-ақ тоқтайды. Ақмолаға Еділдің арғы жағынан келген қатердің соңғысы емес-ті. 1830 жылы Есіл-Нұра аймағын сүзгіден өткізіп шыққан подполковник Федор Шубиннің әскери экспедициясынан соң, осы өңірде Ақмола деп аталатын төртінші округ құру жөніндегі жарлыққа патша қол қойды. Ұйымдастыру шығынына 31 мың рубль бөлінді. Сібір казактарынан тұратын қарулы жасақ арнаулы мамандардың басшылығымен әскери бекініс салуға кірісіп кетті. Ресей Қараөткелде дуан ашып, қорған салғаннан кейiн ол ендi орыс деректерiнде Ақмола бекiнiсi деп атала бастады. Қазақтар бұрынғы әдетiнше Қараөткелдi алдымен қорған десе, кейiн қала атандырды.

1832 жылғы 22 тамызда қазіргі Қажымұқан атындағы стадионның орнында сол бекініс тас қамалдай қаҺар шашып түрды. Сол күні Ақмола округі де ресми ашылып, ұлан-асыр той жасалды.

Жері таланып тақсіретті, елі тоналып қасіретті болған жымысқы жылдар Көкшедегі Хан Кенені тайдай тулатты. 1838 жылдың 25 мамырында Ақмоладағы патша бекінісін тікелей шабуылмен тас-талқан етті. Қаһарлы ханның өзі тіксініп айтқандай, "сенгені -жансыз, көсемі - қансыз, шешені — мәнсіз, сатқыны -сансыз" болған сол кезеңде есіл ердің көздегені -ұлан елдің темір қазығына айналған Ақмоланы азулы жауға алдырмау еді. Темір қазық кетсе -тегеурін кетеді. Сол сындарлы кезеңде Кенесарына қолдап қасынан табылған, жау көкірене оқ қадап, жанын жалдаған сол қас батырлар мыналар: шұбыртпалы Ағыбай, сүйіндік Жанайдар, дулат Жәуке, қыпшақ Иман, Басығара, арғын Жеке батыр, табын Жоламан, сұраншы Бәйсейіт, атығай Аңғал.

Патша заманында бекініс, кеңес кезінде қала, облыс орталығына айналған Ақмола талай тарихты бастан өткерді. Өз тарихындағы бетбұрысты кезең деп тың игеру науқанын атауға болады.1961 жылдың 20 наурызына дейін Акмолинск, осы күннен бастап табаны күректей 31 жыл Целиноград атанған шаһар түрі- коммунистік, мазмұны - ұлттық державалық  идеология- ның астанасына айналуға мейлінше лайық еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]