Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
050722 УМК - Еңбек қорғау және тіршілік қауіпс...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
837.12 Кб
Скачать

2 Активті тарату материалдарының мазмұны

    1. Курстың тақырыптық жоспары

6 Кесте

Курстың тақырыптық жоспары

Тақырып аттары

Академиялық сағаттар саны

Дәріс

Зертх.

СӨЖ

СОӨЖ

Модуль 1. Дәріс - 12 сағат

1

Кіріспе. Тіршілік қауіпсіздігі және полиграфия өндірісіндегі заңды және нормативті база

2

-

3

3

2

Өндірістік жарақатты талдау. Полиграфиядағы өндірістік жарақатты талдау әдістері

2

3

Жұмыс зонасы ауасындағы санитарлы талаптар

2

2

6

6

4

Полиграфиядағы өндірістік жарықтандыру

2

5

Өндірістік шу мен дірілден қорғану құралдары

2

2

6

6

6

Радиациялық қауіпсіздік

2

Модуль 2. Дәріс– 10 сағат

7

Полиграфиялық кәсіпорындарда өндірістік ғимараттар мен өндірістік үймереттерді жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары. Технологиялық регламент қауіпсіздік негізі

2

2

6

6

8

Полиграфиялық жабдықтардың механикалық беріктілігі мен коррозиялық тұрақтылығы

2

2

5

6

6

6

6

9

Технологиялық жабдықтар мен процестердің электр қауіпсіздігі, электрмагниттік өрістерден қорғану.

10

Жабдықтарды герметизациялау, ыдыстар мен аппараттарды пайдалану, полиграфиядағы қысымда және вакуумда жұмыс істеудегі қауіпсіздік

2

11

Техникалық жүйелердің жарақатқа қауіптілігін төмендету құралдары

2

Модуль 3. Дәріс – 8 сағат

12

Полиграфиядағы өрт шаралары

2

2

6

6

13

Қазіргі заманғы өрт сөндіру құралдары.

2

14

ТЖ өнеркәсіп обьектілерінің тұрақтылығы

2

2

6

6

15

ТЖ территория мен елді-мекендерді қорғау

2

Барлығы

30

15

45

45

2.2 Дәрістік сабақтар конспектісі

1 Дәріс тақырыбы. Кіріспе. Тіршілік қауіпсіздігі және полиграфия өндірісіндегі заңды және нормативті база

Еңбек қорғау бұл тиісті нормативті заң, денсаулықты сақтау және еңбек процесінде адамды жұмыс істеу мүмкіндігімен, қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық және емдеу-профилактикалық шаралармен қамтамасыз ететін жүйелер жиынтығы.

Еңбек өндірістік сәтсіз жағдайлардың, кәсіби аурулардың, авария, жарылыс, өрттің пайда болу себептерін анықтайды және адамның еңбек жағдайын жақсартуға байланысты іс-шараларды өңдейді.

Еңбек қорғау сұрақтары қоршаған ортаны қорғау сұрақтарымен тығыз байланысты.

Еңбек қорғау көптеген ғылыми пәндердің нәтижесінде қауіпсіз еңбек жағдайын жақсартуға байланысты сұрақтарды қарастырады.

Еңбек қорғаудың негізгі обьектісіне өндірістік санитарияның талаптарын орындау кезінде медициналық және биологиялық негіздер нәтижесінің қатарындағы еңбек процесіндегі адамды жатқызуға болады.

Еңбек қорғаумен ғылыми еңбек ұйымдары, эргономика, инженерлік психология және техникалық эстетикамен тығыз байланысты.

Еңбек қорғау мәселесін шешудегі ең үлкен жетістік осы саладағы сапалы мамандарды дайындау дәрежесіне, олардың қазіргі заманғы өндіріс жағдайында күрделі сұрақтарға шешім қабылдау дәрежесіне тығыз байланысты.

Еңбек қорғаудың жалпы сұрақтары

Еңбек қорғау бойынша құқықтық актілер – негізгі заңдылықтар

Еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау бойынша заңды актілері болып: Қазақстан Республикасының Конституциясы, техникалық ретте заңы, ҚР Елбасының «Азаматтық еңбек құқығының бұзылуы жайындағы жауапкершілік» қаулысы, жұмысшылардың жұмыс міндетін атқару барысында кәсіби ауруға немес денсаулығына нұқсан келтіргені үшін жұмыс берушінің өтеу ережесі, ҚР министрлігімен бекітілген қауіпсіздгі туралы заң болып табылады.

Еңбек қорғау жайлы негізгі ережелер ҚР-ның Конституциясында, ҚР еңбек туралы, сондай-ақ еңбек қорғау стандарттар жүйесінде және еңбек қорғау мен қауіпсіздік заңында көрсетілген.

Еңбек қорғау заңдылығын сақтаудағы қадағалау мен бақылау.

Қадағалау мен бақылау заңды түрде алдын алу және ағымдық болып бөлінеді.

Алдын ала қадағалау өз алдына екі сатыға бөлінеді.

Ағымдық қадағалау – бұл күнделікті қадағалау, қолданыстағы машиналар мен жабдықтарға қатысты еңбек қорғау талаптарын жүйелі түрде сақтау.

Жоғары мемлекеттік қадағалау еңбек заңдарының нақты орындалуы министрліктермен, ҚР-ның Бас прокурорларымен жүзеге асырылады.

Еңбек қорғау ережелері мен еңбек заңдарының бұзылуына жауапкершілік.

Еңбек заңына сәйкес еңбек қорғау ережелерін бұзғаны үшін айыптылар ұжымдық келісімге сай міндеттерді орындамағаны үшін төмендегідей жауапкершілікке тартылады: қоғамдық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық.

Барлық жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек қорғау міндеттерін орындамағаны үшін заңды негізде тәртіптік жазаға тартылады.

Жұмыс орнындағы еңбек жағдайын ұйымдастыру. Еңбек шарты.

Еңбек жағдайы деп еңбек процесіндегі адамның денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігіне әсер ететін өндірістік орта фактілерінің жиынтығы.

Еңбек жағдайындағы зерттеулер, санитарлы-гигиеналық жағдайы, психофизиологиялық, эстетикалық элементтер, әлеуметтік-психологиялық элемен ттер еңбек процесіндегі өндірістік орта факторлары болып табылатынын көрсетуде.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.

Еңбек жағдайын ұйымдастыруда жұмысшыға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жарақатқа немесе денсаулықтың кездейсоқ нашарлауына және жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеп соғатынын ескерту қажет.

Қауіпті деп нақты жағдайда жұмысшылардың жарақатқа немес аяқ асты денсаулықтың нашарлауына әсерін тигізетін өндірістік фактор. Ал ауруға немесе жұмыс қабілетін төмендететін өндірістік фактор зиянды деп саналады.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар 4 топқа бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық.

Еңбек ауырлығының дәрежесі.

Еңбек ауырлығы адамдардың денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігін, сондай-ақ жұмыс күшін қалпына келтіруге еңбек жағдайын құрайтын, барлық элементтердің өзара әсерімен сипатталады.

Еңбек ауырлығының деңгейін адам ағзасындағы реакция мен өзгерістерге байланысты таңдауға болады. Адам ағзасының 3 функционалдық жағдайын бөліп қарастырады: қалыпты, шекаралық және патологиялық.

Өндірістегі аурулар мен жарақаттарды талдау.

Жарақат деп сыртқы әсерден адам ағзасының физиологиялық бұзылуын айтады. Жарақаттың түріне байланысты механикалық, жылулық, химиялық, электрлік және т.б. болады.

Кәсіби ауру деп жұмыста жұмысшының ісіне байланысты зиянды өндірістік факторлардың әсерінің нәтижесінде сырқаттану.

Өндірісте сәтсіз жағдайларды тіркеу және зерттеу тәртібін «Өндірістегі сәтсіз жағдайларды зертеу туралы ережелермен» бекітілген. Кәсіби аурулар мен улануды тіркеу және зерттеу Денсаулық сақтау нұсқауына сәйкес өңделеді.

нег.әдебиет: 1 [1214]; 2 [6-9]; 7 [20-24].

қос.әдебиет: 2 [10-12]; 6 [9-11].

Бақылау сұрақтары:

1.Еңбек қауіпсіздігі бойынша заңды құжаттар

2.Еңбек қауіпсіздігі бойынша нормативті құжаттар

3.Еңбек қауіпсіздігінде қадағалауды жүргізу құрылымы

2 Дәріс тақырыбы. Өндірістік жарақатты талдау. Полиграфиядағы өндірістік жарақатты талдау әдістері

Бірін-бірі толықтырып отыратын жарақатты талдауда кеңінен тараған әдістер: статистикалық және монографиялық. Қазіргі таңда – экономикалық, эргономикалық және психофизиологиялық әдістерге көңіл бөлінуде. Әдістерді қолданудың тиімділігі: еңбек қорғау нұсқауы мен ережелерді бұзу себебін анықтауға, сондай-ақ келеңсіз оқиғалардың пайда болуын, жарақаттың алдын алу мен кәсіби оқыту, кәсіби іріктеу, кәсіби таңдауды дұрыс ұйымдастыруда болып табылады.

Жұмыс орнында қалыпты еңбек жағдайын қалыптастыру

Жұмыс орнында еңбек жағдайының жақсаруы мен ұйымдастырылуы өндірістің экономикалық тиімділігі мен еңбек өнімділігінің ең бір маңызды қоры болып табылады. Адамның жұмысқа қабілеттілігін ұзақ сақтауда еңбек уақыты мен демалыс уақытының алатын орны зор. Еңбекті демалыспен кезектестіру денсаулықтың жақсаруы, жұмысшылардың еңбек өнімділігі мен жұмысқа қабілеттілігі деңгейінің жоғарылауы.

Жұмыс орнында рационалды жұмысты ұйымдастыру мынадай мәселелермен тығыз байланысты, яғни өндірісте жүйелік ғылыми ұйыммен қамтамасыз етілетін апта бойы ішінде жұмысты дұрыс ұйымдастыру.

Адамның жұмысқа қабілеттілігін ұзақ сақтауда тәуліктік және апталық еңбек уақыты мен демалыс уақытынан басқа, айлық, яғни еңбек заңында 42 сағаттан кем емес әр апталық демалыс уақыты қарастырылған.

Жұмысшы жұмысқа қабылданар алдында медициналық тексеруден өтуі қажет.

Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру

Жұмыс орнын ұйымдастыру оператордың еңбек жағдайы мен жұмыс қызметіне байланысты тәуелді болады. Сондай-ақ тәуелділік эргономикалық талаптарға сай негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды таңдауға байланысты.

Жарақатты талдау әдісіндегі өндірістік санитария.

Өндірістік ғимараттардағы микроклимат

МЕСТ, ЕҚСЖ келтірілген анықтама бойынша өндірістік бөлмелердің микроклиматына температура, ылғалдылық және ауаның қозғалыс жылдамдығы, сондай-ақ қоршаған ортаның температурасы жатады.

Ауа температурасы - өндірістік бөлме микроклиматының ең басты факторы болып табылады.

Физиологиялық қалыпты болып 40-60% шекті құрайтын салыстырмлы ылғалдылықты айтады. Ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда, төмен температураға байланысты салқындату қызметіне ие болса, ал жоғары температурада ағзаның қызуына әкеліп соқтырады.

Ауаның қозғалысы. Адам ауаның қозғалысын оның ылғалдылығына қарай шамамен 0,1 м/с сезеді (байқайды).

Желдету. Желдету деп күнделікті жұмыс орнында гигиеналық және техникалық талаптарға сай метеорологиялық жағдайлармен қамтамасыз ететін қондырғылар мен іс-шараларды айтады.

Ауаның орын ауыстыру мүмкіндігіне қарай желдетуді табиғи (аэрация) және механикалық деп бөледі.

Сәулеленуден қорғану. Иондаушы сәулелер, оның адам ағзасына әсері және гигиеналық нормалау.

Иондаушы сәулелер деп тікелей немесе жанама иондаушы ортаны құрайтын түрлі сәулелерді атайды. Иондаушы сәулелер электромагнитті және корпускулярлық болып келеді.

Тірі ағзаға иондаушы сәулелердің биологиялық әсері ең алдымен сәулелердің жұту энергиясына тәуелді болады.

Иондаушы сәулелердің әсерінен қорғану.

Радиоактивті заттар мен басқа иондаушы сәулелердің көздеріне байланысты жұмыстың негізгі санитарлық ережелері өңделген.

Жабық иондаушы сәулелену көзі деп қоршаған ортаға радиоактивті заттардың түсуінен қорғайтын қондырғыны айтады.

Ішкі сәулелендіру деп ішкі ағзада болатын радиоактивті заттардың иондаушы сәуле шығарудың ағзаға әсерін айтады.

Ашық көзбен жұмыс істейтін барлық жұмыстарды 3 сыныпқа бөліп қарастырады. Радиоактивті заттармен жұмыс істеу барысында және қозғалыс құралдары, жеке гигиена ережелері мен дозиметрлік қадағалауды ұйымдастыруға аса көп көңіл бөлінеді.

Радиациялық қадағалаудың барлық түрлерінің нәтижелері тіркеуден өтіп, 30 ішінде сақталынады.

Адам ағзасына лазерлік сәуле шығарудың әсері күрделі сипатқа ие. Лазерлік сәуле шығарудың термиялық және термиялық емес түрі бар.

Лазермен қауіпсіз жұмыс жағдайын ұсынатын, негізгі нормативті құжаттар болып, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген «Лазерді пайдаланудағы қондырғының санитарлық нормалар мен ережелері»; МЕСТ 12.1.040-03 “ЕҚСЖ (ССБТ). Лазерлік қауіпсіздік. Жалпы ережелер”.

Лазерлік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету

Лазерлік қауіпсіздік деп лазерлерді пайдалануда қызметкерлерде қауіпсіздік еңбек жағдайымен қамтамасыз ететін, техникалық, санитарлы-гигиеналық іс-шаралар жиынтығын айтады. Барлық лазерлер лазерлік таңбалануы белгіленуі қажет. Арнайы жабдықталған бөлмелерде ғана лазерлерді орналастыруға рұқсат бріледі.

Лазерлік сәуле шығарудың дозиметрлік қадағалау аппаратурасы мен әдісі (тәсілі).

МЕСТ 12.1.031-01 «ЕҚСЖ .Лазерлер» көрсетілген. Әрине, лазерлік жұмыста жеке қорғаныс құралдары – көзілдіріктер мен маскалар қолданылуы қажет.

Ультракүлгінді сәуле шығару

Ультракүлгінді сәуле шығару деп толқын ұзындығы 200…400 нм диапазонды құрайтын, оптикалық аумақта электромагниттік сәуле шығаруды айтады.

Ультракүлгінді сәуле шығарудың табиғи көзі күн болып табылады. Ультракүлгінді сеәле шығарудың табиғи көзі болып электрлік доғалар, лазер және т.б. Ультракүлгінді сәуле шығарудан толық қорғанысты қалыңдығы 2мм флинтглас қамтамасыз етеді.

Өндірістік жарықтандыру

Негізгі жарықтандыруға жарық ағыны, жарық күші, жарықтылық жатады.

Жарықтандыруды жақсарту адамның жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады. Жарық табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи жарықтылық жетіспеген жағдайда аралас жарық қолданылады.

нег.әдебиет: 1 [1214]; 2 [6-9]; 7 [20-24].

қос.әдебиет: 2 [10-12]; 6 [9-11].

Бақылау сұрақтары:

1.Еңбек қауіпсіздігі ережесі мен нормаларын бұзудағы жауапкершілік түрлері

2.Кәсіби ауруларды қарастыру

3.Жарақатты талдау тәсілдері

3 Дәріс тақырыбы. Жұмыс зонасы ауасындағы санитарлы талаптар

Өндірістік ғимараттың микроклиматы немесе метеорологиялық жағдайы — адам ағзасының температурасын, ылғалдылық пен ауа қозғалысының жылдамдығын, сондай-ақ қоршаған ортаның температурасын анықтайтын ғимараттың ішкі ортасының климаты.

Бұл микроклиматтық параметрлердің әрқайсысы адам ағзасының физиологиялық процесіне және адамның жұмыс істеу қабілетіне өзіндік әсер етеді.

Бұл адам ағзасында биологиялық процестердің тұрақты жылумен немесе QB жылу бөлініп араласуымен түсіндіріледі. Оның құрамы ағзадағы биологиялық процесс пен орындалған жұмыстың ауырлығына байланысты болады. Адамның қалыпты тіршілік әрекеті үшін қоршаған ортада қалыпты болуы керек. Сондықтан Q0 –жылу өткізу qK –адам денесінің ауада жуыну нәтижесінде, qИ-сыртқы ортадан жылудың бөлінуімен, qП –тері бетінде ылғалдың булануымен жүреді. Олардың құрамы мен қатынасы адамның жылу күйіне (дене температурасы) және микроклимат параметрлеріне байланысты өзгереді. Адам денесінің тұрақты температурасында - tЧ, жылудың бөлінуі tП-қоршаған орта температурасына, (V) қозғалыс жылдамдығынан және (tB) ауа температурасынан жылудың өту конвекциясына, қоршаған орта температурасы мен ылғалдылығынан жылудың булануымен жүреді. Қалыпты метеорологиялық жағдайларда және жеңіл немесе ауыр физикалық еңбек жағдайында qП ,qК и qП шамасы жалпы Q0 сәйкес: 45, З0 және 25 % құрайды. Қолайлы жағдай – QB жылу бөлу мен Q0 жылу жіберу арасындағы қатынасқа ие.

Тұтынушы ғимараттың метеоралогиялық шарттаррымен микроклиматты – осы ғимараттың ішкі климат ортасы яғни адам ағзасына температурамен, ылғалдылық пен және ауа жылдамдығымен әсер еттетін әрекеттерімен анықталады.

Осы микроклиматтың параметрлерінің әрқайсысы бөлек-бөлек және әртүрлі жағдайларда адам ағзасындағы физиологиялық процестердің жүрісіне және қал жағдайына өте үлкен әсер етеді.

Адам ағзасындағы биологиялық процестер әр уақытта жылу шығарып отырады, немесе жылу алмасатын - QB – рың мөлшері биохимиялық процестер мен жұмыс атқару кезіндегі ауырлықтан пайда болатынына байланысты салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаға байланысты болу керек. Осыған байланысты жылу бөлгіш- QB – адам денесін ауамен тазалау-Qk коньекциясының нәтижесінде орындалады,жылуды ішкі ортаға шағылыстыру -Qu және терідегі ылғалдықтың ауағаайналуыQn. Олардың саны мен ара қатынастары адам жағдайының температурасына және микроклимат параметріне байланысты өзгеріп отырады.Соған байланысты адам ағзасының темпаратурасы-Tr қалыпты жағдайда,жылу бөлгіш шағылысуы үстіңгі орта-Tn температурасына тәуелді болады,жылу бөлгіш коньекциясы ауаның жылдамдығы мен температурасына(Tb),жылу бөлгіш булануы-ылғалдылық пен ауа ортасының температурасына.Қалыпты метеорологиялық және тыныштық жағдайлары немесе жеңіл физикалық еңбектер шарттарында qn,qk және qn бөліктері,жалпы Qo мыналарға сәйкес келеді:45,30 және25 %.Анықталған жағдайларда сыртқы орта шарттарының метеорологиялық өзгерісі жылу алмасу-терморегуляция физиологиялық регуляция механизіміне байланысты,адам ағзасы Qb= Qo арақатынасына тең болып,қалыпты 36-37 температурасын сақтап атыруы қажет

Терморегуляция-ағзаның физиологиялық мүнкіншілігі,ағза аралығындағы жылу алмасуын қамтамасыз етіп,ағзадағы температураны қалыпты деңгейде сақтап отырады.Аз уақыт ішіндегі ысып кету немесе салқындау кезінде терморегуляциялы адаптациялық –мүнкіншілік икемі бәрібірде ағзаның тұрақты қалпын қамтамасыздандырады және ол кезде қан қысымы ағымы ұлғайып,жылу интенсивті жұмыс істейді,ал салқындау кезіндекерісінше.

Ұзақ және интенсивті ысып кету немесе салқындауы организмнің патологиялық жағдайына әсер етуі мүмкін.Ондай жағдай адам ағзасындағы нерв жүйесіне,тері ауруларына және сүйек ауруларына әкеп соғады.

Бұл ағзадағы жылу алмасу процесінің анализі қоршаған ортадағы микроклимат параметрлері адамның жағдайына,еңбекқорлығына,Qo-жылу жоғалтуына әкеп соғады.

Өндірістегі ғимараттардың ауа температурасы қоршаған орта мен атмосфера ауасының температурасына байланысты.Металургиялық,машина жасайтын,әртүрлі өнеркәсіптерде температура өте жоғары,ал температурасы төмен өндірістегі ғимараттарда мысалға,от жақпайтын,ашық жерлерде орналасқан ғимараттарда ауасы төмен болады.

Жылу бөлгіш конвекциясын жоғарылатқанда ауа температурасы төмендейді,ал ылғалдықтың булануынан жоғарылайды.33 С-да жылу алмасу кезінде t-а жоғарылап,12-С-де керісінше конвенция жолымен төмендейді.tv>33 c, ұзақ әсер ету кезінде адам организмінің ысып кетуіне әкеліп,тұзды-су алмасуына әсер етеді,ал tv<12 с керісінше ағзаның суып кетуі болады.

Сонымен қатар,экспериментальді түрде бекітілген,егер ауа температурасын 18 с-тан,30 с-ға дейін көтерсе,адамның еңбекке деген қабілеті 18 % дейін,ал 40 с-дан 30%-ке дейін.

11-суретте көрсетілгендей өндіріс ғимараттарындағы ауа температурасы 15-25с және 13-28 с-ға дейін оптимальді болып саналады.

Ауаның ылғалдылығы-ол су буының көп болуы.Олардың түрлері:максималды,абсалютті және қатынасты ылғадылықтар.Максималды ылғалдылық берілген температурада бдың максималды саны 1 м3 ауада .Абсалютті ылғалдылық берілген температурада будың фактілі түрде 1 м3 ауада(г/м3)немесе будың парциалды қысымы. Қатынасты термостатта (Vo)-V% берілген максималды абсалютті ылғалдылық қатынасы.Бірқалыпты температурадағы ауаның абсаютті ылғалдылығы оның аз болуына байланысты әр түрлі болуы мүмкін,ал жағдайы-құрғақ немесе ылғал.Оның мәнінің жоғары болуы жер асты тау-кен жұмыстарында,рудаларды өңдеу,жылу энергетикалық шаруашылықтарда,гальваникалық және бояу бөлімдерінде байқалады.Ал мәнінің төмен болуы-қатты жылу бөлетін және тез арада континентальды климат өндіргіштерінде байқалады(металургиялық,мұнай газдың,т.б)

Егерде 20%төмен ылғалдылық,ал жоғары деңгейдегі температура болса,онда тыныс алу жолдардың бәрі құрғап қалады.

Дымқылды-температураның ағзаға әсер етуі суретте көрсетілген.

Ауаның қозғалысы V>0,15 м/с жылдамдықта білінеді.Ол адам ағзасындағы ауа температурасына Tn адам денесінеTr,қатынасты температураға әсер етеді.

tb<tr жағдайда , егер Vжоғарылатсақ онда жылу бөлгіш конвекциясы мен булану кезінде, адамның еңбекке қабілеттігі артады. Егер tb<tr керісінше болса.

Мұндай жағдайда ауаның жылдамдығын 0,3-0,5 м/с оптималды деп атауға болады.

Жоғарыда айтылған материалдар қоршаған ортада егер адамға ыстық та емес, суық та емес, қапырық та болмаса, онда жағдайы және еңбеке қабілеттігі жақсы дегенін көрсетеді.

Тиімді температура де қозғалмайтын, бір қалыпты ауаның температурасын атаймыз, суыа алатын қасиетімен берілген температураларды қолдана алатын температураны атаймыз.

Тиімді эквивалентті температура деп қозғалатын бірқалыпты ауа температурасын атаймыз, сондай суыта алатын қаситтегі, әртүрлі мәндегі температурамен берілетін темпратураны атймыз.

Тт және Ттэ көлемдері номограмма арқылы анықталады. Ғимаратардағы ауаның жылдамдығы 1,5 м/с, ылғал мен құрғақ темпратураның жылдамдығы термометрде +24,5 Целсий градус және +14,0 Целсий градус. Тікелей байланыстыра отырып осы мәндерді, біз қиылысу нүктелерін таба аламыз, ол 0 мен 1,5 м/с тең. Осы нүктелер арқылы температураның изосызықтары Тт=+20,5 Целсий градус және Ттэ=+18,5 Целсий градусқа тең. Олар ыңғайлы зонада жатқандықтан метеорологиялық шарттар да өте ыңғайлы және жылу да өте жақсы болады.

Ыңғайлы зона дегеніміз- әртүрлі тіркестердегі температураның әсер ету аралығы, ылғалдық пен ауа қозғалысының жылдамдығы қауіпсіз болып табылады.

Жұмыс зонасы дегеніміз- еден немесе алаң деңгейіндегі кеңістіктң 2 м биіктікте болуы, яғни ол жерде әрқашанда немесе уақытша жұмыскерлердің жұмыс істеуі.

Анық жылу- о дегеніміз жұмыс өндірістерінде жылудың өндіріс құралдары, жылытатын құралдары, қыздырылған материалдар, адамдар арқылы келетін жылуды айтамыз.

Анық жылуының қалдықтары- анық жылуының қалып қалған мөлшері; кеңістік ішіндегі барлық технологиялық, құрылыстық, санитарлы-гигиеналық жиналымдардан кейін қалатын жылу.

Мәнсіз анық жылуының қалдықтары- 20ккал/м-қа тең немесе артпайтын анық жылуының қалдығын айтамыз, инсоляция жылуын ескере отырыпмәнді анық жылуының қалдығы- 20 ккал/м3-тан асатын оның жылу қалдығы.

Оптималды микроклиматтық шарттар - микроклимат параметрінің жинағы, яғни ұзақ немесе систематикалық әрекеттерде адам ағзасының температурасын орташа және ешқандай терморегуляция реакциясын қоздырмай қамтамассыздандырып отырады. Еңбекке қабілеттігін жақсартады.

Жіберілетін оптималды микроклиматтық шарттар микроклимат параметрінің жинағы, яғни ол жерде керісінше систематикалық және ұзақ әрекеттердің салдарынан адам ағзасына әсер ететін және реақция кернеулігінің термореакциясын жоғарылатады. Еңбекке қабілеттігі төмендеп, жағдайы нашарлайды.

Жұмыс категориялары- ағзаның жалпы ккал-ға энергия жоғалтқандағы негізіне тең шексіз жұмыс.

Жеңіл физикалық жұмыстар(1 категория)- жұмыс іісін атқара отырып немесе жүріп атқаратын, бірақ системалы физикалық әрекетті немесе ауыр көтеру, тасуды қажет етпейтін, энргия жұмсалуы 150 ккал/сағ (172 Дж) тең жұмсты айтамыз.

Орташа ауыр физикалық жұмыс( 2 категория)- орташа ауырлық жұмыс, энергияның жұмсалуы 150-ден 200-ккал/сағ (172-232Дж) те ІІа категория, ал 200-ден 250 ккал/сағ (232-293 Дж) тең ІІб категория. ІІа категориясына жүріп немесе отырып, ауыр тасымайтын жұмыс жатады, ал ІІб категориясына жүріп және 10 кг ауырлық тасу жұмысы жатады.

Ауыр физикалық жұмыстар (ІІІ категория)- бұл көбінесе жүйелік физикалық бағыттағы жұмыс, әр уақытта қозғалып және 10 кг ауыр жүк тасылмайдайтын жұмысты айтамыз. Энергияның жұмсалуы 250 ккал/сағ (293 Дж) тең.

Жылдың жылы приоды- +10 Целсий градус тең жоғары ауа температурасы.

Жылдың суық периоды- +10 Целсий градус төмен ауа температурасы.