
- •Студент пәнінің
- •050722 –«Полиграфия» мамандығына арналған
- •1. Syllabus - пӘнді оқыту бағдарламасы
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2.Пән жөнінде мәліметтер:
- •1.6.Тапсырма түрлері және тізімі және олардың орындалу графигі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.7.1 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.7.2 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау.
- •«Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету» пәні бойынша бақылаудың барлық түрін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі
- •Студенттердің білімінің бағасы
- •1 Модуль бойынша сұрақтар:
- •1. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету» пәні және мазмұны.
- •2 Модуль бойынша сұрақтар:
- •3 Модуль бойынша сұрақтар:
- •2 Активті тарату материалдарының мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтар конспектісі
- •Өндірістегі оптимальды және орташа температура нормалары мен ылғалдылық және ауа әрекетінің жылдамдығы
- •2.3 Зертханалық жұмыстың жоспары
- •2.4 Студенттің оқытушымен өзіндік жұымысы (соөж)
- •2.5 Студентің өзіндік жұмысы (сөж)
- •2.6 Рефераттық жұмыстың тақырыптары
- •2.7 Өзіндік бақылауға арналған тестік тапсырмалар
- •Дұрыс жауаптар
- •2.8 Курстық жұмыс бойынша емтихан сұрақтары
- •1 Өндірістік қауіпсіздігінің нормативті базалары.
- •Глоссарий
- •ОқЫТу Әдістемелік кешені
- •050722 – «Полиграфия» мамандықтарына арналған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.И.СӘтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Құрылыс және экология институты
Еңбек және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы
Студент пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету» пәні бойынша
050722 –«Полиграфия» мамандығына арналған
Алматы 2012
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне ЕҚ және ТҚ пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен 050722 - «Полиграфия» мамандықтары бойынша типтік бағдарлама негізінде, №541 ҚР БжҒМ бұйрығымен бекітіліп жасалған.
Алматы.2012-59 б.
Құрастырғандар: т.ғ.д., проф., Өтепов Е.Б.
х.ғ.к., профессор Лебедева Л.Н.
магистрант Жұмаділова Ж.О.
Аңдатпа
Оқу-әдістемелік кешені келесі сұрақтарды ашатын теориялық білімді және тәжірибелік дағдыны біріктіреді: Өндірісте қауіпсіз және зиянсыз заттарды құру, қауіпсіздіктің осы заманға сай жаңа техника мен технологиялық процесстерді жобалау, төтенше жағдай шарттарында болжау және нақты шешім қабылдау. ЕҚ және ТҚ пәнін оқытуда МАО енгізу тапсырылады, компьютерлі және ақпараттық технологияларды қолдану. ЖОО бітіруші мамандар өндірістегі еңбекті қорғау және өмір сүру қауіпсіздігінің әртүрлі шешімдерімен тапсырмаларға дайын болу керек, ұжымың еңбекті қорғау шарттарының тәсілдерін басқару, сол сияқты еңбек шарттарының жақсаруы-әлеуметтік саясаттың өзіндік және қажетті тапсырмаларын, осы мәселені шешетін көптеген техникалық, экономикалық және ұжымдық мекемелер өңделеді және реализацияланады.
Осы заманғы ғылыми еңбек ұжымы ғылыми жетістіктерге және еңбек білгірлігіне негізделеді, өндіріске жүйелі орнатылатын, ол жақсы үлгімен техника мен адамдарды бір өндірістік процесске біріктіруге мүмкіндік береді. Еңбекті қорғау мекеме жүйесін өңдейді, яғни өндірісте еңбек қауіпсіздігінің деңгейін әрдайым көтереді. Еңбекті қорғаудың әдістемелік негізгі шарты болып еңбек қорғау шартының ғылыми технологиялық процестің талдауы болып табылады, өндіріс процесінде қолданылатын және алынатын өнімнен зиянды заттардың шығуы. Осындай талдаудың негізінде өндірістің зиянды аумақтары анықталады, мүмкін болатын жағдайларды бөліп және олардың болжамын және ликвидациялық әдістерін өңдейді. Бұл сұрақтар өндірісті қауіпсіздендіру прогресін қамтамасыз етуде қарастырылады.
© Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2012
1. Syllabus - пӘнді оқыту бағдарламасы
1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
Өтепов Ерқасын Балапанұлы, ЕжТҚ кафедрасының т.ғ.д., профессор
Лебедева Лариса Николаевна, ЕжТҚ кафедрасының х.ғ.к., профессор
Жұмаділова Жанар Оразбекқызы, ЕжТҚ кафедрасының магистранты
Кафедрада болу уақыты (office hоurs): "Еңбек және тіршілік қауіпсіздігі" кафедрасында ОСӨЖ кестесі бойынша
Мекен жайы: 480013, Алматы, Сәтбаев к. 22, 140 каб. (ГМК)
Тел.: 92-63-62, 92-57-04 (1-93)
1.2.Пән жөнінде мәліметтер:
Аталуы: Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету
Несие саны: 3
Жүргізілу орны: ЕҚ және ТҚ кафедрасы дәрісханасында (39, 243, 11, 53 ТМҒ)
Кесте 1
Оқу жоспарынан көшірме
Курс |
Семестр |
Несие |
Аптадағы академиялық сағаттар |
Бақылау түрі |
|||||
Дәріс
|
Зертх.сабақ |
Тәжір.сабақ |
СӨЖ |
СОӨЖ |
Барлығы |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
3 |
6 |
3 |
2 |
1 |
- |
3 |
3 |
9 |
Емтихан |
1.3.Пререквизиттер: физика, химия, информатика, сызба геометриясы, инженерлік графика.
1.4.Постреквизиттер: мамандық бойынша жүретін пәндер
1.5.Мамандықтың қысқаша сипаттамасы: Мамандық жөнінде мәлімет алу, үйрену, дағды, мамандықтың есебі және мақсаты болып анықталады. Өндірістік қауіпсіздік негіздерін үйрету тәсілдері студенттерді теориялық және практикалық дағдыландырады, ЕҚ және ТҚ методологиялық жұмысын жарықтандыру бойынша:
- ЕҚ және ТҚ нормативті – техникалық басқару негіздері.
- Өндірісті қауіпсіздендіруді ұжымдық басқару негіздері.
- Экспертизалар және экологиялық бақылау және өндірістік қауіпсіздендіру.
- Төтенше жағдайды болжау және төтенше жағдайдан қорғау.
- Өндірістік жағдаймен қамтамасыз ету.
Пәнді үйрету тапсырмалары болып: жаңа технологияны қолдануды үйрену, компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолдану, еңбекті қорғау және өмір сүру қауіпсіздігі бойынша материалдарды шығару барысында осы заманғы педагогикалық тәжірибені жүргізу.