
- •Тәжірибелік жұмыстарды жүргізу тәртібі
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Цифрлық фотокамераның құрылымдық тетіктері мен жұмыс істеу принципі.
- •Жұмыстың орындалу реті
- •4 Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық мағлұматтар
- •Плоттерлер
- •Термальды бүрікпелі нр Designjet 500 плоттерінің техникалық сипаттамасы
- •Теориялық негіздемесі
- •Қосымша құрығылары.
- •Цифрлық
- •«Duplo dp-430» дупликаторы
- •Ризографияның қолдану аймағы
- •Жұмысты орындалу тәртібі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Басу жабдықтары
Термальды бүрікпелі нр Designjet 500 плоттерінің техникалық сипаттамасы
Басуға арналған түстер саны 4(қара, көгілдір, күлгін, сары)
Сия түрі: НР қара пигментті сия; бояғыш негізіндегі қара, көгілдір, күлгін, сары сиялар;
Басу жылдамдығы: үнемді басуда : 7,9 м2/с. Жоғарысапалы басылымда : 3,3 м2/с. Фотобасу сапасы : 2 м2/с
Басу аймағы (мм): Рулондық басылымда: жоғарғы аймақ - 5 мм, төменгі-5 мм, сол жағы- 5 мм; оң жағы -5 мм. Парақтық басылымда: жоғарыдан -17 мм, төменнен - 7 мм сол жағы - 5 мм, оң жағы 5 мм.
Басу материалдары: Қағаз (кәдімгі, бүрікпелі басылымға арналған, , жабынды, жабынды ерекше қалың қағаз, жылтырлығы жоғары, жартылай жылтыр, , көшірмеге арналған, фотоқағаз), мөлдір плёнка, матовая плёнка
Басу материалдарын басқару: парақтық, рулондық, автоматты кескіш;
Басқару панелі: ЖК-дисплей және алдыңғы панелде 5 кнопка
Операциялық жүйеге ұсынылатын талаптар: Microsoft® Wndows® XP: Pentium® IV, 1 ГГц, 256 Мб жедел жады , 2 Гб қатқыл дискіде бос орын;
Қоректендіру: қойылатын талап : 100 ден 240 В дейінгі ауыспалы. ток (± 10%) с автореттегішті, 50/60 Гц, 3 А (макс). Қажетті қуат: 150 Вт (максимум)
Жұмыстың орындалу тәртібі
Әр түрлі басу материалында плоттермен басылған тест-обьектіні алу. Көк, көкшіл, жасыл, сары, қызыл, және 1, а, в плашка координаттарын өлшеу. Ол үшін көрінетін диапозондағы Jenway 6300, UV mini 9240 спектрофотометрлерін қолданамыз.
Алынған координат бойынша графиктер тұрғызу
Лупа көмегімен жұқа сызықтың қисаюын қадағалау.
Қолданылатын құрал-жабдықтар:
НР Designjet 500 плоттері;
Бақылауға арналған тест-обьект;
Көрінетін диапозондағы Jenway 6300, UV mini 9240 спектрофотометрлері;
Әр түрлі басу материалдары
Үлкейткіш лупа
№8 тәжірибелік жұмыс.
Ризография. Цифрлық дубликаторлардың технологиялық
мүмкіндіктерін оқып-үйрену
Жұмыстың мақсаты:
Сандық дубликаторлардың жұмыс істеу принципі мен құрылысымен және ризографияны жедел полиграфияда қолдану аймағымен танысу.
Әр түрлі көшіру режимдегі мәтіндік және реңдік бейнелердің оқылуы кезіндегі сандық дубликаторлардың функционалдық мүмкіндіктерін оқып-үйрену.
Әр түрлі сандық дубликаторларда алынған баспа-таңбаның сапасын салыстырып, зерттеу.
Жұмыстың мазмұны:
Зертханада қолданыста жүрген сандық дубликаторлардың жұмыс істеу принципімен, құрылысымен және функционалды мүмкіндіктерімен танысу.
Әр түрлі көшіру режимінде мира, сұр шкала, текст, жартылай реңді және штрихты бейнелерден тұратын тестті түпнұсқадан цифрлық дубликаторда баспа-таңба алу.
Басқа сандық дубликаторда басылған оқытушы әкелген баспа-таңба мен үлгілерді басылымның сапасы және тесттің әр түрлі элементтері бойынша бағалау.
Теориялық негіздемесі
Ризография деп цифрлық трафареттік ротациялық басу технологиясын айтамыз. Осындай басу әдісі қолданылатын көшіру, көбейту аппараттарын сандық дубликатор немесе ризография деп атау қабылданған.
Цифрлық дубликатордың жұмыс істеу принципі. Цифрлық дубликатордың ең қарапайым және арзан модельдері нүктелендіруі 300 немесе 400 dрі көшіретін «протяжной» сканермен жабдықталған. Ал басқа модельдерде нүктелендіру мөлшері 400 немесе 600 dрі көшіретін планшетті сканерлер қолданылады. Түпнұсқа сканерленгеннен кейін цифрлық мәлімет (1) процессормен өңделеді. Содан кейін термоголовкамен басқару құрылғысына беріледі. Термоголовка дегеніміз – микротермосызықтар жиынтығы. Микротермосызықтар саны аппараттың нүктелендіру қабілетіне байланысты (300, 400 немесе 600) болады. Басу формасы полимерлі қабатпен жағылған, жұқа талшықты материал «мастер-пленка» болып табылады. Мастер-пленка автоматты түрде рулонмен айналады да (2) термоголовканың (3) астынан өтеді. Термоголовка мастер пленканың полимерлік қабатын күйдіріп, түпнұсқадағы бейнеге сәйкес саңылаулар жасайды. Формалық цилиндр беті шілтерлі (сетчатый) болады. Ол тубадан бояуды беру жүйесі мен бояуды цилиндрдің ішкі бетіне жайылуын қамтамасыз етеді. Басу кезінде бояу цилиндрдің шілтерлі бетінен қасым арқылы өтеді. Мастер-пленканың талшықты қабаты бояуды өткізеді, ал полимерлік қабат өткізбейді. Арнайы механизм форманы автоматты түрде рулоннан керекті ұзындықпен кеседі. Алынған басу формасы формалық цилиндрге (4) бекітіледі. Бекітілгеннен кейін цилиндрді бірінші көшірме басылады. Талшықты материалдан тұратын мастер-пленка бояуды өткізеді де одан қағазға ауысады. Басу процесінде астаудан (5) берілген қағаз формалық цилиндрдің және қысу білігінң (6) арасынан өтеді. Қағаз парағы сеператордың (7) көмегімен цилиндрден алыстайды. Содан кейін басылған парақ қабылдау астауына (8) түседі.
Бірінші көшірмені алған кезде операцияның уақыты 17-ден 35 с. Таралымды басудың максималды жылдамдығы минутына 120-130 көшірме.
Таралым басылып біткеннен кейін форма цилиндрде қалады, ал келесі таралымды басудың алдында форма автоматты түрде шешіледі де арнайы контейнер – қабылдау боксына (9) ауысады. Бұл операция түпнұсқаны сканерлеумен қатарласа жүруі мүмкін.
Әдетте, алғашқы баспа-таңба жіңішке сызықтар басылмай қалып сапасы төмен болады. Өйткені форманың талшықты қабаты бояуды толық сіңіріп үлгермейді. Келесі баспа-таңбада мұндай ақаулар болмайды. 1 формадан сапасын жоғалтпастан 4000 баспа-таңба алуға болады. Егер түпнұсқа тек мәтіннен тұратын болса 10 000 баспа-таңбаға дейін алуға болады. Ал үлкен плашкалар, қара, жартылай реңді бейнелерде бұл мүмкін емес.
Ризографияда қолданлатын бояулар формалық цилиндр шілтерінің саңылауларын бітеп, аппарата кеуіп қалмауы керек, бірақ қағазға жақсы бекуі тиіс. Бұл талапқа эмульсия түріндегі (сулы-глицериндік ертіндінің байланыстырғыш заттармен қоршалған ұсақ бөлшектері) бояулар сай келеді. Байланыстырғыш зат ретінде жоғарыдисперсті пигменттер бар майлар қолданылады. Май бояуды кеуіп кетуден сақтайды. Бояудың қағазға бекуі келесі принциппен іске асады: сулы-глицеринді ертінді бояуға сіңеді, ал бояу құрамына енген – пленкатүзуші – пигмент бөлшектерімен және ауадағы оттегімен әресеттесіп пленка түзеді. Егер сулы-глицеринді ертінді қағаз бетіне сіңбесе (борланған және суперкаландрланған қағазға басқанда) бояудың кебуі мен бекуі болмайды, өйткені оған глицерин кедергі жасайды.
Ц
ифрлық
дубликаторлар: басу режимдері және
редакторлау функциялары,