Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оперативная полиграфия Казак.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
07.02.2020
Размер:
3.96 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу тәртібі

  1. Жұмыс істеу барысында көшіру аппаратының функционалды тораптарымен және негізделуімен танысу;

  2. Командаларды таңдаумен танысуда аппараттың басқару панелінің мүмкіндігімен, көшіру аппаратының қосымша қүрылғыларының мүмкіндігімен танысу.

  3. Оқытушыдан тапсырма алып, көпбетті түпнүсқамен түптелген түпнұсқаға байланысты оптималды режимін таңдау арқылы көшірме алу.

  4. 4. Тест-обьектіінің көшірмесін алып, сапасын бақылау.

Жабдықтар мен материалдар

  1. Электрофотографиялы көшіру аппараты;

  2. Бақылауға арналған тест-обьектісі

  3. Көпбетті түпнұсқа

  4. Қағаз

  5. Тест-обьекті

6 тәжірибелік жұмыс

Сұйық айқындауышты электрографиялық

цифрлық басу машиналармен танысу

Жұмыстың мақсаты

  1. Сұйық айқындауышы бар НР Indigo Press машиналарының технологиясымен танысу;

  2. Сұйық айқындауышы бар машинаның 4 жэне 6 бояумен жұмыс істеген кездегі басу сапасы.

Мақсаты

  1. НР Indigo Press машинасында сұйық айқындауыштың жұмыс істеу технологиясымен танысу;

  2. 6 бояулы басылымның түстік ауқымын құру. Оны 4 бояулы басылымның түстік ауқымымен таныстыру.

Теориялық негіздеме

НР машинасында Еlесtrоіnк (электробояу) технологиясы қолданылады.

Сұйық айқындауыш - құрамында пигмент, заряд реттегіш және тағы басқа қажетті қоспалары бар полимер бөлшектерінің каллоидтық дисперсиясы.

Боялған полимер - бейненің бояулық пленкада қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұнда пигмент бояу береді, ал полимер байланыстырғыштың қызметін атқарады.

Еlесtrоіnк бояуы келесі қасиеттерге ие:

  • Электр өрісі жоқ жерде бояу бөлшектері бейтарап, электр өрісіне түскен кезде олар теріс зарядталады;

  • Бояу полимері термопластикалық қасиетке ие, сондықтан ол машинаның офсеттік цилиндрінің беті қызғанда ериді де, суығанда қосымша қатыруды талап етпейтін эластикалық, мықты пленка қалыптастырады.

Барлық НР Indigo Press машиналарында болады:

- Формалық цилиндр. Оның бетіне фоторецептордың пластинасы жабылған, ал айналасында зарядтық қондырғы, лазерлік жазып алғыш құрылғы, айқындауыш, офсеттік цилиндр және фоторецепторлы тазалағыш құрылғылар орналасқан;

  • Қыздырылған және зарядталған офсеттік цилиндрлер, бұл жерде офсеттік цилиндрге бояу электр өрісмен беріледі, цилиндрде бояу балқып бояу пленкасын қалыптастырады;

  • Басу цилиндрі, қағазды ұстап алып, 4 цикл бойына ұстап тұрады, ал сары, алқызыл, көк және қара түсті бейнелердің бірінің үстіне бірі берілуі үшін қажет процесс;

  • Қағаз өтгізгіш жүйе;

  • Бояулық жүйе.

Бояу резервуарға құйылады да, сұйық тасымалдауыш көмегімен автоматты түрде қажет концентрацияға әкелінеді, араластырылған бояу түтік бойымен айқындауыш құрылғыға беріледі. Сұйық тасымалдауыштар ретінде І80РАК типті көмірсутектер немесе жеңіл минералды майлар қолданылуы мүмкін.

НР Indigo Press -1000 машинаның басу процесі келесі операциялардан тұрады:

  1. Формдық цилиндрдің бетінде орналасқан фоторецептор жолақ-жолақпен барлық жұмыс зоналарын айналып өтеді;

  2. Зарядталған жолақ экспонирлеу зонасына түседі. Бұл жерде лазерлік құрылғының көмегімен бір мезетте 4 жолақ жасырын электростатикалық бейне жазылады;

  3. Экспонирлеу эонасында алынған жасырын электростатикалық бейне - айқындауыш цилиндрге келіп түседі. Бүл цилиндр мен фоторецепторының арасында инжекторден бояу берілетін айқындауыш зона бар. Инжекторға бояу резервуардан түтік бойымен беріледі;

  1. Ашық элементтер бояудан тазартылады да, бояу электр өрісімен зарядталған реверсивтік білікке барады.

  2. Бояуды ашық элементтерден тазартқаннан кейін, оны «сіңіру» операциялары орындалады;

  3. Ол үшін теріс зарядталған концентрлік бояу офсеттік цилиндрге ауысады, ол 100-140°С дейін іштен қызады. Бүл жерде бояу тез кеуіп, пленка түзеді. Офсеттік цилиндрдің жанында қыздырғыш лампалар мен желдеткіштер орнатылған.

  4. Қағазбен беттескенде басу цилиндрдегі разрядталған жүмсақ бояулық пленка қағазға оңай жабысады;

  5. Формдық цилиндр бояу қалдығынан тазартылу үшін тазалау құрылғысына өтеді;

  6. Заряд қалдығы лампамен өшіріледі, енді формдық цилиндр келесі жүмыс цикліне дайын тұрады;

10) Басу цилиндріндегі қағазға 4 цикл бойына толыққанды бейне қалыптасқаннан кейін, ол босатылып, машинадан шығарылады.

НР Indigo Press - 3000 өте жылдам машина (2-сурет) - 4-7 жабық айқындауыш қүрылғылардан түратын блок қүрайды. Бүл қүрылғының эрқайсысына қажет түс беретін бояу шланг бойымен келіп түседі. Қүрылғының ішінде ол концентрленіп, теріс зарядталады. Бояу айқындауыш біліктің көмегімен разрядталған басу элементтері бояуды итеріп, сіңірмейді. Пайдаланылмаған бояу шланг бойымен айқындауыш қүрылғыдан шығарылады. Бүл технологиясында реверсивті және сіңіруші біліктер қажет етілмейді, себебі фоторецептордағы бояулық бейне тазалауға мүқтаж емес. Ал қалған операциялар дэл НР ІР-1000 машинасындагыдай орындалады.

Артықшылықтары: НР ІР 3000-ң формдық цилиндрінің диаметрі өте үлкен, ол бір айналғанда 2 түсті бейне жазылады. Бетті зарядтау 3 скоротронмен, ал бейнені жазу -12 лазерлік сэулемен жүзеге асырылады.

Осы айырмашылықтардың нәтижесінде НР ІР-3000 НР ІР-1000-ға қарағанда 2 есе жылдам жұмыс істейтінін көруге болады.

НР машинаның технологиясының мінездемесі

Жұмысшы орындауға НР 1000 немесе НР 3000 машинада алынған мәтіндік таңбалар керек. Алынған таңбада СМУК түстерімен басылға шкала болуы керек, және 2 бояулы қабат: жасыл, көк және қызыл бояумен басылуы керек. Сонымен қатар онда; мира, әр түрлі гарнитураға мәтін және кегльдер болу керек.

Таңбалардың талдағанда ең алдымен оның түс ауқымын анықтап алу керек. Ол үшін түс шкаласында түс координаталарымен өлшейді. Сосын алынған нүктелерді а, в осьтерінде белгілеп өзара түзу сызығымен қосады. Осылайша түс ауқымының фигурасын алады.

10-20 есе үлкейтетін лупа көмегімен штрихтік элементтердің сапасын қадағалау керек.

Қолданылатын жабдықтар мен материалдар

  1. Мәтіндік баспа-таңбалар, тест-обьекті;

  2. Көрінетін диапозондағы 6300 (63200) Jenway 6300, UV mini 9240. маркалы спектрофотометрлері;

  3. 20 есе үлкейткіш лупа;

7 тәжірибелік жұмыс

Термобүрікпелі плоттердегі бүрікпелі басылымды зерттеу

Жұмыстың мақсаты

Термобүрікпелі басылым жайында мағлұмат алу және термобүрікпелі плоттерде басу кезінде баспа-таңбаға әсер етуші факторларды зерттеу.

Жұмыс мазмұны

  1. Қажет материалдарды «Жедел полиграфия» ОӘҚ пайдаланып, термобүрікпелі басылымның принциптерімен және оған әсер етуші факторлармен танысу;

  2. Зертханадағы бар сипаттама бойынша НР DesingJet 500 термострундық плоттердің жұмыс істеу принципімен танысу;

  3. Әр түрлі деңгейдегі сынама кескіндер ала отырып, олардың ерекшеліктерін қарастыру;

  4. Дәл осы қағаздарға әр түрлі еңдіктегі мәтінді жолақты кескіндер басып, оның дәлдігі мен қағазға бояудың сіңу деңгейін анықтау.