
- •Тәжірибелік жұмыстарды жүргізу тәртібі
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Цифрлық фотокамераның құрылымдық тетіктері мен жұмыс істеу принципі.
- •Жұмыстың орындалу реті
- •4 Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық мағлұматтар
- •Плоттерлер
- •Термальды бүрікпелі нр Designjet 500 плоттерінің техникалық сипаттамасы
- •Теориялық негіздемесі
- •Қосымша құрығылары.
- •Цифрлық
- •«Duplo dp-430» дупликаторы
- •Ризографияның қолдану аймағы
- •Жұмысты орындалу тәртібі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Басу жабдықтары
Жұмыстың орындалу реті
Оқытушы көмегімен жұмыс сипатымен және ЦФК-ның жұмыс режимі мен негізгі функцияларымен танысқан соң, төмендегі тапсырмаларды орындау керек.
1. Бақылау обьектісін түсіру әртүрлі экспозиция өлшемінде (экспозиция өлшемдерінің режимдерін салыстыру үшін қосымша жарықтандыруды қолдану ұсынылады) түсіру.
2. Орталандырылған интегралды экспозиция өлшемінде түсіру (установка по умолчанию);
3. Бақылау нүктесіндегі экспозиция өлшемінде түсіру;
4. 1,2 және 3 түсірілген бейне-суреттерді жай көзбен салыстыру. Алынған кадрлардан (бейнені Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы) сұр шкала үшін К (CMYK жүйесінде) түсінің координатын өлшеу.
5. Бақылау-обьектісін әртүрлі жиіліктегі сызықтар тобы бар және әртүрлі бейне сапасында түсіру (әр форматта).
Алынған бейнелерді Adobe Photoshop бағдарламасында ашып көріп, сапаларын салыстыру.
Қолданылатын құрал-жабдықтар:
Kodak EasyShare M1073 IS цифрлық фотоаппараты, Fotoshop бағдарламасымен жабдықталған компьютер, бақылау обьектісі
№3 практикалық жұмыс
Кіші форматты офсеттік басу машиналарды басуға дайындау және көп бояулы өнімдерді басып шығару.
Жұмыстың мақсты
Кіші форматы басу машиналарда тиражды басуға дайындық процестерімен танысу. («Rominat A3» - басу машинасы).
Денситометрлік бақылау барысында көпбояулы таңбалар алу.
Жұмыстың мазмұны
1. «Rominat A3» -басу машинасының құрылысымен және техникалық сипаттамасымен танысу.
2. «Rominat A3» басу машинасын тиражды басуға дайындауды тәжірибе жүзінде орындау.
3. Денситометрлік бақылауда жіберілетін ауытқулар кезіндегі көпбояулы таңбалардың түстік берілу бағасы.
Теориялық негіздеме
Жазық басылымның офсеттік формаларын жасау, негізінен басылым және ашық элементтердің учаскелерінде молекулалық-беттік қасиеттері жағынан әр түрлі адсорбциялық қабаттар пайда болуына байланысты негізделген. Басылым элементтің олеофильді қабаты майлы бояуды қабылдап, ал ашық элементтердің гидрофильді қабаты ылғалды күйде бояуды өзіне қабылдамайды. Осыған байланысты барлық элементтері бір жазықтықта жатқан формадан басу мүмкіндігі туады.
Басу процесі кезінде басылым және ашық элементтер физико-химиялық қасиеттерін сақтау және де механикалық ақауларды болдырмау шарттарын тудыру қажет. Бұл офсеттік басуда басылым элементтерге бояуды жақпас бұрын, ашық элементтерді арнайы ерітіндімен ылғалдандыру арқылы жүзеге асырылдады. Бояу қабатынан қалыптасқан бейне басылым формасынан офсеттік покрышкаға, ал одан басылым материалына беріледі.
Басу процесі кезінде офсеттік бояуға ылғалдандырғыш ерітінді қосылып кетуі мүмкін. Осының салдарынан туындайтын эмульсияны болдырмау үшін «бояу-су» балансын ұстау арқылы қол жеткізуге болады. Егер бұл баланс болмаса, ылғалдандырғыш ерітінді бояумен әсерлесіп «су-май» типтес эмульсиясын тудырады. Бұл таңбаны әсерлі өзгеріске әкеп соқтырады. Бояу немесе оның жеке компоненттері ылғалдандырғыш ерітіндіге түсетін болса, «май-су» типтес эмульсиясы пайда болады да, ашық элементтердің тұрақтылығы төмендейді. Ашық элементтердің тұрақтылығының төмендеуі форманы арнайы өңдеу арқылы жоюға болатын «көлеңкелену» немесе тек форманы ауыстыру арқылы жойылатын, қайтымсыз процесс болып табылатын «майлану» арқылы жүреді.
Кіші форматты машиналарда тұтқырлығы жоғары емес, эмульсиялануға тұрақтылығы жоғары бояулар қолданылады.
Кіші форматты машиналарда басылатын өнімнің сипатына қарай офсеттік қағаз №1,2, жылтыр немесе газеттік қағаздар қолданылады.
Ылғалдандырғыш ерітінді басу процесі кезінде ашық элементтердің гидрофильдідігін тұрақты ұстап тұру үшін қажет. Бұл ылғалдандырғыш ерітіндінің РН мәніне және құрамына байланысты болып келеді. РН мәні аз болса, бояудың бекітілу процесі баяулайды, ал жоғары кезде ашық элементтердің «көлеңкеленуі», «майлануы» болып, бояудың эмульсиялану қаупі жоғарлайды.
Кіші форматты машиналарда натрий фосфор қышқылы немесе глицерин қосылған фосфор қышқылы негізіндегі ылғалдандырғыш ерітінді РН 5,8 фольга үшін, РН 6,5-7 гидрофильді қағаз үшін қолданылады.
Кіші офсеттік басу машиналары әмбебап, тиімді, жедел өндірістік процесске қолдану талабына толықтай жауап береді. Олар форманы дайындау қарапайымдылығы, басу формасының арзандылығы, ауыстыру бекіту, приладкаға, басқада көмекші жұмыстарға уақыттың аз кетуі, қарапайымдылығы, жоғары өнімділігі арқылы сипатталады.