Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оперативная полиграфия Казак.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.96 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу реті

  1. Оқытушы берген тесттік түпнұсқа арқылы студент әртүрлі тесттік элементтерді өндіру сапасын бағалау керек. Алынған нәтижені кестеген енгізуі тиіс.

Тест элементінің №

Тесттің таңба №

№1 минималды кегль

№2

R, мм-1

№3 Сызық қалыңдығы, пт

№4 сұр шкала алаңының саны

№5 Плашкаларды өндірудің біркелкілігі

Тік бейне

выворотка

Тік

выворотка

1

Кесте жолдары келесі тәртіппен толтырылады:

№1 мәтінді өндіруді бағалау тік шрифті және вывороткадағы элементтерді лупамен қарау арқылы іске асырылады;

№2 Бірнеше бағытта өлшенген нүктелендіру қабілеті. 20 есе үлкейткіш, өлшегіш лупа арқылы өлшенеді.

№3 Жеке тұрған ұсақ элементтерді өндіру қабілетін бағалау. Кестеге біркелкі бейнедегі немесе вывороткадағы сызықтың минималды қалыңдығы енгізіледі.

№4 Сұр шкаланы өндіруді бағалау. Жай көзбен немесе денситометр көмегімен анықталған шкала алаңының саны, қалыңдығы енгізіледі.

№5 Плашканың тығыздығы мен біртегістігін бағалау (жай көзбен.)

Пайдаланылатын құралдар:

Өлшегіш лупа, тесттік түпнұсқа, денситометр.

2 тәжірибелік жұмыс

Цифрлық бейне сапасына цифрлық фотокамераның түсіру режимдерінің әсері

Жұмыс мақсаты

Жедел полиграфиядағы цифрлық бейнеге қойылатын негізгі талаптармен танысу. Цифрлық фотокамераның арнайы функцияларының алынған цифрлық бейнені түсіру режимінне әсерін оқып, үйрену.

Жұмыстың мазмұны

  1. Цифрлық фотоаппаратттың функционалды мүмкіндіктерімен танысу.

  2. Әртүрлі түсіру режимдері цифрлық бейнедегі ұсақ бөлшектер мен түс өндіруге әсерін бағалау.

  3. Тиімді түсіру шартын таңдау.

Теориялық негіздемесі

Жедел полиграфияда уақытты қысқарту мен бейнені басуға дайындау да уақыт шығынын азайту қажеттігі жиі кездеседі. Цифрлық бейне қазіргі кезде жарнамалық өнімдерде, тағы да басқа акциденттік басылымдар дайындауда маңызды роль атқарады. Өнімдердің техникалық сипаттамаларын жарнамалау сияқты кішігірім форматты суреттерді қажет ететін өнімдерде цифрлық камераларды (ЦФК) пайдалану арқылы жылдам бейнелерді алуға болады. Бұл бейнелерді сканерлеуге, оны қосымша өңдеуге қажетті уақытты қысқартады.

ЦФК келесі талаптарға сай болуы керек: цифрлық бейненің нүктеленуі жеткілікті мөлшерде болуы (көлденең және тік бағытта, пикселмен), цифрлық бейне анық және түстің бұзылуы болмауы.

Цифрлық фотокамераның құрылымдық тетіктері мен жұмыс істеу принципі.

1 . Обьектив. ЦФК жарықсезгіш датчигіне бейнені фокустау үшін қолданылады. Оның ең негізгі көрсеткіші: фокусты арақашықтық. Кәдімгі пленкалық камерада фокустық арақашықтық көрсетіліп тұрады. Ал қазіргі заманауи ЦФК-да фокустық арақашықты өзгертіп отыруға болады.

2. Зарядты байланысты жартылайөткізгіш құрал (ЗБЖҚ) датчигінің матрицасы. Ол – жарықты түрлендіргіш болып саналады. Яғни, обьективтен фокусталған аналогты сигналды электрлік сигналға, одан кейін аналогты электрлік сигналдарды цифрлыққа түрлендіреді.

3. Процессор (DSP). Цифрлық ағынмен келген бейнені сығып, оны JPEG, TIFF, GIF немесе RAW форматтарына айналдырады. Цифрлық бейне біршама уақыт жедел жадыда сақталады да, одан кейін ауыспалы ақпарат сақтаушыға (SmartMedia, CompactFlash карталары, т.б.) ауысады.

4. Сұйықкристалды экран (LCD-экран) екі негізгі функцияны орындайды. Бірінші, жадыда сақталған ақпаратты көру. Екінші, оптикалық бейне іздегішті сыңарлау .

ЦФК-ны көмегімен алынған бейне сапасы: «цифрлық бөліктің», яғни, (жарықсезгіш ПЗС датчиктің сапалы жұмысы, түс тереңдігі, шуыл деңгейі, нүктелендіру, аналогты-цифрлық түрлендіргіш жұмысының сапасы, бейне сақталған файл форматы) және «оптикалық бөлік» (обьектив) қасиетіне байланысты. Одан басқа цифрлық бейне сапасына цифрлық аппараттың функционалды мүмкіндіктері әсер етеді Ол аппараттың оптикалық бөлігінің тиімді жұмыс режимін таңдауға (экспозицияны өлшеу, фокустеуді таңдау, ұшқынды пайдалану), цифрлық бөлігінде (нүктелендіру, сенсордың сезімталдығы, бейне контрастылығы және ақ түс балансын келтіруді) таңдауға байланысты.

ЦФК-ның техникалық сипаттамасы. (Kodak EasyShare M1073 IS цифрлық фотоаппаратының негізінде). Kodak EasyShare M1073 IS цифрлық фотоаппаратының матрицасы 10.2-мегапиксельді, максимальды нүктелендіруі 3680х2760, максимальды фокустық қашықтығы 96 мм.

Сенсор: Жұмыс аймағы - 10 мегапиксель, максимальды нүктелендіруі: 3680x2760 dpi, сенсор өлшемі : 1/2.33 дюйм, сенсор типі- CCD, Жарықсезгіштігі min- 80, max-1000, түстік сүзгіші : RGB

 Объектив: түрі встроенный, оптикалық зум: 3 Цифрлық зум: 5 Фокустық арақашықтық: min-32*, max: 96* .

Фокустеу: фокустеу режимі: 60 см – шексіздік, Макро түсіру: 10 см.

Экспозиция: Экспозицияны өлшеу жүйесі: матрицалық, орталықтандырылған, Экспозицияны басқару: ± 2 EV, қадамы 1 /3 EV , ұстау уақыты: max- 4 сек., min-1/2000 сек., Ақ түс балансы: авто, алдын-ала орнату, автоматты, жартылайавтоматты (күндізгі жарық, қыздыру шамы, люминесценттік)

Түсіру: Максимальды нүктелендіру: 3680x2760, минимальды нүктелендіру: 1280x960 Бейнені жазу форматы: JPEG/EXIF v2.21, Видеоны жазу форматы: QUICKTIME MOV Motion JPEG, видео нүктелендіру: 640x480, Түстік режим: түрлі-түсті (жоғары, табиғи, төмен), сепия, ақ-қара.

 Бейнеіздегіш: дисплей диагоналы: 2.7", нүктелендіру: 230000

 Ұшқын: түрі- Встроенная, максимальды жұмыс арақашықтығы: 3 метра м.

 Есте сақтау: Встроенная: 32 Mb, Сыртқы: SD/SDHC

 Коммуникациялар: USB Видеошығу Аудиошығу;

 Қосымша: қоректендіргіш түрі (батарея) түрі: Li-Ion, Маркасы: KLIC-700, габариті 92 мм х23 мм х 57 мм